Философияның әдістері.
Философия - гуманитарлық, жаратылыстану, техникалық сияқты барлық ғылымдардың әдістемесі болып табылады.
Әдістеме– таным әдістері мен олардың жиынтығы туралы ілім.
Әдіс – бұл практикалық және теориялық әрекет принциптерінің жүйесі.
Өзінің зерттеу пәні бар білімнің әрбір саласы өзінің объектісінің мәнін түсінуден шығатын ерекше әдістерді қолданады.
Философиялық әдістердің ерекшелігі - олардың жалпылығы, әмбебаптығы. Бұл әдістер ақиқаттың жалпы жолын көрсетіп, барлық жерлерде қолданылады. Мұндай әдістерге мыналар жатады: диалектика, салыстыру және салыстырмалы-тарихи әдіс, анализ және синтез, индукция және дедукция, абстракциялау және т.б.
Сонымен қатар герменевтика, эклектика, софистика сияқты таза философиялық әдістер бар.
Диалектика – шындықты және оның барлық элементтерін бір-бірімен өзара байланыста, қозғалыста, дамуда, жан-жақты қарастыратын философиялық әдіс.
Салыстыру – заттар мен құбылыстардың айырмашылықтары мен ұқсастықтарын табу.
Салыстырмалы тарихи әдіс – қоғам мен табиғаттың даму заңдылықтары мен діни сенімдерінің, халықтың, тілдің генетикалық ұқсастығын анықтауға мүмкіндік береді.
Анализ- бұл затпен құбылысты құрайтын бөліктері мен жақтарын ойша ыдырату.
Синтез – анализ арқылы ыдыратылған элементтерді бірыңғай тұтастыққа ойша біріктіру.
Абстракциялау – бір затты оны басқа бір затпен байланысынан үзіп алып, заттың бір қасиетін оның басқа бір қасиетінен бөліп алып, ойша дерексіздендіру.
Индукция – ойлаудың жекеден жалпыға, бөліктерден бүтінге қарай өрлеу процесі.
Дедукция – ойлаудың жалпыдан жекеге, бүтіннен бөліктерге қарай өрлеу процесі.
Герменевтика – (грек тілінен «түсіндіремін») – мәтіннің (тексттің) объективтік және субъективтік негіздемелерін ескере отырып, оның мәнін анықтауды мақсат ететін түсіндірудің немесе ұғынудың өнері мен тероиясы.
Эклектика - (грек тілінен «таңдаймын») – әртүрлі, көбінесе қарама-қайшы көзқарастардың, теориялық негіздемелердің тоғысуы.
Софистика – пікір таластыру кезінде қисынсыз пікірлерді, софизмдерді, яғни сырттай ғана дұрыс болып көрінетін амалдарды саналы түрде қолдану.
Тестер:
1. Философия (ежелгі грек тілінен аударғанда):
А) даналыққа құштарлықC) болмысқа құштарлық
B) танымға құштарлық D) құндылыққа құштарлық
2. Адамның өзіне және қоршаған ортаға деген көзқарастар жиынтығы:
А)антропология C) гносеология
B) дүниетаным D) онтология
3. Мифологиялық дүниетанымның негізі:
А) пікір C) қиял
B) сенім D) сана
4. Діни дүниетанымның негізі:
А) пікір C) қиял
B) сенім D) сана
5. Философиялық дүниетанымның негізі:
А) пікір C) қиял
B) сенім D) сана
6. Дүниеде алғашқы материя пайда болды, - деп есептейтін көзқарас:
А) идеализм C) материализм
B) пантеизм D) антропоцентризм
7. Дүниеде алғашқы сана, рух пайда болды, - деп есептейтін көзқарас:
А) идеализм C) материализм
B) пантеизм D) антропоцентризм
8. Дүниеде жалғыз бір түпнегіз, бір субстанция бар, - деп есептейтін көзқарас:
А) идеализм C) дуализм
B) монизм D) плюрализм
9. Дүниеде екі түпнегіз, екі субстанция бар, - деп есептейтін көзқарас:
А) идеализм C) дуализм
B) монизм D) плюрализм
10. Дүниеде көп түпнегіз, көп субстанция бар, - деп есептейтін көзқарас:
А) идеализм C) дуализм
B) монизм D) плюрализм
11. Дүниені жан-жақты, өзгерісте қарастыратын философиялық әдіс:
А) анализ C) диалектика
B) синтез D) метафизика
12. Затты, құбылысты оның элементтеріне, бөлшектеріне абстракті ойлау арқылы бөліп қарастыратын философиялық әдіс:
А) анализC) диалектика
B) синтез D) метафизика
13. Заттың, құбылыстың элементтерін, бөлшектерін абстракті ойлау арқылы біріктіріп қарастыратын философиялық әдіс:
А) анализ C) диалектика
B) синтезD) метафизика
14. Диалектикаға қарама-қарсы философиялық әдіс:
А) анализ C) диалектика
B) синтез D) метафизика
15. Заттардың, құбылыстардың ұқсастығын және ерекшеліктерін белгілеп қарастыратын философиялық әдіс:
А) абстрактілеу C) диалектика
B) салыстыруD) метафизика
16. Бір затты басқа заттардан абстракті ойлау арқылы бөліп алып қарастыратын философиялық әдіс:
А) абстрактілеуC) диалектика
B) салыстыру D) метафизика
17. Жекеден жалпыға ауысу процесін қолданатын философиялық әдіс:
А)эклектика C) индукция
B) дедукция D) софистика
18. Жалпыдан жекеге ауысу процесін қолданатын философиялық әдіс:
А) индукция +C) эклектика
B) дедукция D) софистика
19. Мәтіннің мәнің түсінуге арналған әдіс, не болмаса талдау теориясы:
А) индукция C) герменевтика
B) дедукция D) софистика
20. Дауда жеңіске жетуді мақсаттайтын философиялық әдіс:
А) индукция C) герменевтика
B) дедукция D) софистика
Бақылау сұақтар:
1. Дүниеге көзқарас дегеніміз не?
2. Діндік көзқарастың негізгі қасиеттері?
3. Философиялық көзқарас дегеніміз не? Басқа тарихи көзқарастардан айырмашылығы неде?
4. Философиялық білімнің құрылымы неден тұрады?
5. Философия дүниені өзгерте ала ма? Болса, қалай?
6. Философияны ғылымға келтіруге бола ма?
Әдебиеттер:
1. Серіқалиұлы З. Дүниетану даналығы.- Алматы, 1994.
2. Тұрғынбаев Ә. Философия – Алматы, 2001.
3. Философиялық сөздік. – Алматы, 1997.
4. Философия хрестоматиясы. – Алматы, 1986.
5. Абишев К. Философия. Учебник для студентов вузов и аспирантов. – Алматы, 2000.
6. Алексеев П.В., Панин А.В. Философия: Учебник для вузов. – М., 2003.
7. Чанышев А.Н. Начало философии. – М., 1985.
8. Радугин А.А. Философия: Курс лекций. – М., 1995.
9. Энгельс Ф. Людвиг Фейербах и конец классической немецкой философии. // Маркс К., Энгельс Ф. Соч. Т.21. Гл. 2.
10. Сартр Ж.П. Экзистенциализм – это гуманизм // Сумерки богов. – М., 1990.
11. Мамардашвили М.К. Как я понимаю философию? М.. 1990.
12. Лосев А.Ф. Дерзание духа. М. 1988.
13. Серік Мырзалы. Философия. – Алматы, 2009.