Сананы материяға, жаны энергияға теңейтін бағыт дұрыс па? Философиялық талдау.

Философияның негізгі мәселесі осы пәннің терең табиғатынан шығады. Дүниенің біртұтастығын, бірлігін ой-өрісімен қамту үшін біз бірнеше сұраққа жауап беруіміз керек. Ол – Дүниенің алғашқы негізгі субстанциясы неде? (substantіa – латын сөзі, -негізінде, астында жатқан).

Екінші жағынан, бұл Дүниені ең шегіне жеткен жалпылық тұрғысынан алып қарағанда, онда біз екі-ақ құбылысты табамыз - оның бірі материя (materіa – латын сөзі, -зат) – табиғат заты, екіншісі – сана – адамның ішкі жан-дүниесі, рухы.

Жалпы айтқанда, жоғарыда көрсетілген үш ұғымда Дүниені зерттеудегі негізгі үш идея берілген. Ол – Дүниенің бірлігі, екіншіден – оның заттық субстраты (substratum - негіз), үшіншіден – адамның өз ішінен табатын материалдық емес рухани тебіреністері.

Келесі ерекшеліктері – бұл ұғымдардың метафизикалық табиғаты, - яғни оларды жеке ғылымдардағы ұғымдар сияқты тәжірибе арқылы тексеру мүмкін емес, өйткені, олар бүкіл әлемді өз мазмұнында қамтуға бағытталып, бүкіл адамзат тәжірибесінің сыртына шығып, тек болжамдық мағнаға ғана ие болады.

Олай болатын болса, қайсыбір философиялық ағым, қалай дегенде де, бұл ұғымдардың ара-қатынасын өзінше анықтамай әрі-қарай бір қадам аттай алмайды.

Егер Дүниенің субстанциясы материя деген пікірге келсек, онда философияда материалистік ағым пайда болады.

Керісінше, субстанция дегеніміз жеке адамның жан-дүниесі, я болмаса Дүниежүзілік абсолюттік идея, рух т.с.с. деп болжамдасақ, онда философияда идеалистік ағым пайда болады.

Егер Дүние субстанциясының екі ажырамас – материалдық және рухани - жағы бар деген көзқараста болсақ, онда біз философияда реализм бағытын тудырамыз. Тек қана бұл ұғымды Орта ғасырлардағы схоластикалық философияның жалпы ұғым жөніндегі реализмінен айыруымыз керек.

Философияда сирек кездесетін ағымдардың бірі – Дүние субстанциясы екеу – материя және рух және олар бір-біріне тәуелсіз деген пікір. Мұны алғаш рет философия тарихында француз философы Р.Декарт айтқан болатын. Мұндай көзқарасты біз дуализм бағытына жатқызамыз. (dualіs – латын сөзі, -екі жақтылық).

Ал жоғарыдағы үш Дүниеге деген көзқарас монистік бағытта болмақ. (monos – грек сөзі, -біреу).

Дүниеге деген материалистік көзқарас әлемдегі болып жатқан барлық құбылыстарды дене, я болмаса сол материалдық заттардың қасиетттері ретінде қарайды. Сонау көне заманнан бастап осы уақытқа дейін материалистік философиядағы ағым (жаратылыстану ғылымдарының жетістіктеріне сүйене отырып) материя жөнінде әртүрлі пікірге келгенменен жоғарыдағы көрсетілген көзқарастан тайған жоқ.

ХХ ғасырда жаратылыстану ғылымдарының дамуы, капиталистік қоғамның әлеуметтік саяси қайшылықтарының өршуі маркстік материализмінің дүниеге келуіне әкеліп соқты. К.Маркс пен Ф.Энгельс Дүниеге деген материалистік көзқарасты қоғам өміріне дейін көтеріп біртұтастық материалистік ілімнің негізін қалады. Сана, рухани өмірді түсіну үшін олар философияға бейнелеу теориясын енгізді. Материяның ең жалпы қасиеті – бейнелеу, осы арқылы тарихи материя үне бойы даму, күрделену үстінде. Адамның санасы – бейнелеудің ең биік идеалды түрі,- деген пікір айтып, мидағы болып жатқан неше-түрлі бұлдыр көмескі үрдістердің өзі адамдардың материалдық болмысынан шығады,- деген пікірді олар “Неміс идеологиясы² деген еңбектерінде ашық айтты.

Сонымен қатар, марксизм адам санасының өзін тудырған материалдық үрдістерге белсенді кері әсерін тигізіп, оны жетілдіретінін мойындады.

50. К. Поппер бойынша «Кез келген теория эксперимент арқылы жалғанға айналатын гипотеза.»

К.Поппер ғылымның дамуындағы верификация принципiнiң жеткiлiксiз екенiн көрсетедi. Ғылымның дамуындағы пайда болған ешқандай теория “соңғы ақиқат² емес, күндердiң бiр күнiнде ол терiске шығарылуы мүмкiн. Олай болса, ғылымдағы қағидалардың терең табиғаты - олардың болжамдығында, қателiк кету мүмкiндiгiнде. Оны ол фаллибилизм (қателiк) дейдi. Ғылымдағы бiлiмнiң дамуы негiзiнен алғанда неғұрлым әртұрлi гипотезалардың көбiрек ұсынылуымен бiрге оларды фальсификациялаумен (терiске шығаруға тырысу, оған қарсы бағытталған пiкiрлердi ұсыну) байланысты. Сонда ғана ғылым дүниетану жолында тереңдей түседi.

Өзiнiң жалпы Дүниеге деген көзқарасында ол “Үш әлем² теориясын ұсынады. Олар: физикалық әлем, яғни бiздi жағалай қоршаған дүние. Келесi - ментальдық әлем (Платонның “идеялар әлемiне ұқсас). Үшiншi әлем - адамзат жеткен шынтуайтты өмiр сұретiн бiлiм әлемi (Орта ғасырдағы Ибн-Роштың адамзат интеллектiне ұқсас).

К.Поппердiң ойынша, философия ғылым емес, өйткенi, оның негiзгi қағидаларын фальсификациялауға болмайды. Бiрақ, ол адамға өмiрдiң мән-мағнасын ашып, сондағы адамның алатын орнын көрсетуге тырысады. Сол үшiн ол философияны биiк бағалайды.

Өзiнiң әлеуметтiк философиясында К.Поппер адамзат тарихында ешқандай заңдылықтар болған емес деген пiкiрге келедi. Осы тұрғыдан ол марксизмдi, әсiресе “коммунизм² идеясын қатты сынға алады.

К.Поппердiң идеялары И.Лакатосқа зор әсерiн тигiздi. Ғылымның тарихи дамуын зерттей келе ол “ғылыми зерттеу бағдарламасы² атты танымдық методологияны ұсынады. қайсыбiр кемелiне келген ғылымда өне бойы жаңа теориялар пайда болып бiр-бiрiн ауыстырып жатады. Ал оның өзi сол ғылымдағы қабылданған “зерттеу ережелерiмен² тығыз байланысты. Олардың бiреуi (оң эвристика) болашағы бар зерттеу жолдарына сiлтесе, келесiлерi (терiс эвристика) қай зерттеу жолдарынан аулақ болу керек екенiн көрсетедi.

Қайсыбiр “ғылыми-зерттеу бағдарламасының² iшкi бұзылмайтын “қатты өзегi² болады - оған iргетасты терiске шығарылмайтын қағидалар ғана кiредi. Ал оны қоршап тұрған “қорғайтын шеңберге² келер болсақ, ондағы гипотезалардың негiзгi функциясы - бағдарламаның өзегiн қорғау болып табылады. Бiрақ гипотезалар фальсификацияланып жартылай, я болмаса толығынан жоққа шығарылуы мүмкiн. Онда оның орнына жаңа гипотеза келедi.

Наши рекомендации