Антикалық ғылымның бастапқы кезеңі
Ертедегі Шығыстың ғылымға қосқан үлкен үлестеріне қарамастан, заманауи ғылымның түпнұсқасы Ежелгі Грекия болды. Дәл осы жерде әлем туралы ұғымды дамытатын теориялық ғылым пайда болды. Заманауи ғылым өзінің пайда болғаны үшін кімге қарыздар екенін жақсы біледі. Бұл туралы келесідей ғылымдардың атаулары айғақ бола алады: математика, механика, физика, биология, география және т.б., грек тілінен алынған, грекиядан шыққан ғылыми терминдер (масса, атом, электрон, изотоп және басқалары), грекиялық әріптерді формулаларда қолдану және ғылыми әдебиеттерде сақталған грек ғалымдарының есімдері: Фалес, Пифагор, Демокрит, Аристотель, Архимед, Птолемей, Евклид және басқалары.
Аристотельдің айтуынша ежелгі Грекияда адамдар ғылыммен қажет болған соң ғана емес, ғылымға деген қызығушылық болғандықтан және «танымның қуанышын» сезініп айналысқан дейді. Алғашқы ғалымдарды философтар деп атаған, яғни «даналықты сүюшілер» деген мағынаны білдіреді. Грекиялық қоғамда даналық мұғалімдері қажет болды, осыған орай ғалымдар мен мұғалімдік мамандықтары пайда болды.
Платон академиясы мен Аристотель лицейі әлемдегі алғашқы оқу – ғылыми мекемелердің бірі болып, қазіргі жоғары мектептердің бастамасы болды. Ежелгі Грекияда бірте – бірте тар шеңберлі мамандықтар пайда бола бастады: инженерлер, дәрігерлер, астрономдар, математиктер, географтар және тарихшылар.
Сонымен, Ежелгі Грекияда жүйелі ғылыми зерттеулер, ғылыми білім беру, ғалым – мамандар мен ғылыми ақпараттар пайда болды.
Грекиялық ғылым қарқынды политехникалық және экономикалық өмір ахуалында туындады. Ол Шығыс елінен келе жатқан сауда жолдарынан шыққан.
Грек ғылымының негізін салушы Фалес Милетский (шамамен б.э.д. 624-547 ж.ж.) және басқа да Ионийстік мектептің өкілдері: Анаксимандр (шамамен б.э.д. 610-546 ж.ж.), Анаксимен (шамамен б.э.д. 585-525 ж.ж.) барлық заттардың материалдық негізі жайлы және барлық заттар осы негізден дамитыны жайлы идеяны ұсынған. Фалес мұндай негізді су деп санаса, Анаксимандр – «апейрон», Анаксимен – ауа деп санады. Сонымен, әлемді ештеңеден құдіретті күшпен жасау жайлы діни ұсыныстарға қарсы грек ойшылдары мәңгілік идеяларын, диалектикалық даму идеясын және әлемнің жасалмайтынын ұсынды.
Иоництердің материалистік түсініктерімен қатар философияда Пифагор (шамамен б.э.д. 580-500 ж.ж.) және оның шәкірттері дамытқан идеалистік бағыт пайда болды. Пифагордың жеке тұлғасын аңыздар тұманы басқан. Көптеген ғылымның және философияның тарихшылары Пифагорды аңыз адам деп санаған. Бірақ дәл сол Пифагор жайлы биографиялық жинақтар жеткілікті көлемде сақталған. Пифагор аристократиялық әулеттен шыққан, өзінің шыққан тегін мифтік Гераклдан алған. Ол Самос аралының тұрғыны, аристократтардың саяси күресіне және аристократия жағындағы демократияға қатысқан. Сосын ол Италияға қашып кетіп, сол жақта құпия одақ құрған. Саяси күресте одақ құлатылып, ал Пифагор қуғында жүріп өмірден өткен. Бірақ пифагорлық мектеп өзі қайтыс болған соң да өз жұмысын жалғастыра берді. Филолая, Сократ, Аристарх және Самосскийдің есімдері мектеппен байланысты.
Пифагор философиясының орталық пункті – әлемді басқаратын сияқты сандардың құдіретті рөлі жайлы оқыту болды. Олар кез келген затты, әлемдегі кез келген құбылысты сандармен түсіндіруге болады деп жорамалдады. Әрине пифагорлықтардың сандық көзқарастарының маңызы жайлы идеясында табиғатта рационалдық дән бар: сандық талдау, математикалық қатынастар табиғатты сипаттаудың ғылыми негізін құрайды. Пифагорлықтардың маңызды сіңірген еңбектерінің бірі – Жердің шар тәріздес екендігін және оның қозғалысын ұсынғандықтары болды.
Сонымен, ғылым дамуының алғашқы кезеңінде – ақ әлемнің құрылуы мен шығуы жайлы, қозғалыстың себебі жайлы, табиғаттағы сандық көзқарастардың (қатынастардың) рөлі жайлы терең сұрақтар қойылды. Осы сұрақтарға жауап беру мақсатында ертедегі ғалымдар табиғаттың теориялық талдауларына, әлемнің ғылыми көрінісінің дамуына негіз салды. Бұл алғашқы әрекеттерде көп аңғырттық, қияли өтіріктер болды және де ғылыми болжамды тексеру болмады және тәжірибелер мен математикалық талдауларды ұсыну болған жоқ. Бірақ материяның мәңгілік екендігі жайлы, жаратылыстанудың себебінен әлемнің дамуы жайлы нақты идеялар айтылған және Ғаламның алғашқы үлгілері жасалды. Әлемнің пайда болуы, құрылуы жайлы діни және мифтік ұсыныстардың орнына ғылым келді.