XIX ғасырдағы қазақ философиясы. ШоқанУалиханов ЫбырайАлтынсарин Абай құнанаев
белгілі ойшысы-ШоқанУалихановШ-ң ойынша, халықты қанаудан құтқару үшін билікті жою керек, сонда ғана халық бақытты болады. Қазақ еліндегі тәртіпті өзгертудің жолдарын іздеді.Ш-ң себептілік заңдылығын құптайтындығы, себепсіз құбылыс болмайтынына кәміл сенетіндігібайқалады.Ш. сыртқы дүниенің санадан тыс ө-р сүретіндігін, оның объе-к заңдыл-ға бағынатындығын мойындайтын ф-қ көзқарас.өз халқ-ң артта қалушылығын жоюдың бірден-бір жолы ағартушылықта деп сенді.
50. ЫбырайАлтынсарин – Қазақстанда зиялы мектептің негізін салушы. Алтынсариннің демократиялық және гуманистік идеялары. Саясатқа ат салысқан тұңғыш ұстаз-Ы Алтынсарин халықты дүниеге "дұрыс көзқараспен" қарауға тәрбиелеуді өзінің нег-і мақсаты етіп қойған.Ы-й мектепте бала оқыта жүріп, қазақ даласында басқа да жаңа мектептер ашумен айналысты.Тек білім, ағартушылық қана бұқара халықты билеп-төстеушілердің қысым қыспағынан құтқара алады деп, барлық күш-жігерін олардың білімін көтеруге арнаған.
51. Абай Құнанбаевтың ағартушылық және демократиялық көзқарастарының қалыптасуы. Абай Чернышевскийдің, Добролюбовтың шығ-н оқып, зерттеді, о-с рев.-демократ-ң озық ойы о-ң дүниетаны-ң қалыптасуына үлкен ықпал етті Қ-қ далас-ң ғұлама ойшылы-А Құнанбаев қазақ халқ-ң мүддесі үшін күресте татулық,бірлік-керектігіне назар аударды.Ол а-м-ң "ақыл, ғылым, қайрат" арқылы жоғары дәрежеге көтеріліп, асқақтайтындай қоғамның прогрестік дамуын аңсады.Негізі А\ң ф\қ шығ\ы жоқ,бірақ прозаларында сапалы ойшылдық пікірлер бар.
52. Абай шығармаларындағы философиялық және әлеуметтік-этикалық ойлар Абай Құнанбаевтыңф-қ ойлары терең және жан-жақты.А-ң пік-ше,құдай әлемнің алғашқы себебі немесе түпнегізі. Құдай әлемді жаратты,сонан соң ол оның дамуына араласпайды, яғни әлем өзіндік заңдарына сүйеніп дамиды Таным, А-ң пік-ше, - адам тіршілігінің маңызды мақсаты мен жанының бірден-бір қажеттілігі;әр адам еңбекқор, әділетті және гуманды, адал, мейірімді болуы керек.
Қазақ философиясының көрнекті өкілі – Шәкәрім Құдайбердиев. Ол арнайы философиялық трактат «Үш анықты» жазған. Өзінің рухани ұстаздары Шоқан, Абай, Ыбырайға қарағанда грек, европа философиясының тарихын тереңірек біліп, оған баға беріп, өзіндік ой қорытты. Шәкәрім өте білімді адам. Ол Батыс пен Шығыстың мәдениетін жетік білген.
«Үш анықта» белгілі, белгісіз көптеген ғалымдардың аттары келтірілген. Бұл ғалымның іздену аясының кеңдігін дәлелдейді.
Шәкәрім философия тарихында маңызды екі бағыт, екі түрлі дүниетанымдық ұстаным бар екенін дұрыс түсінген. Мұның өзі үлкен жетістік.
«Тіршілік туралы адам арасында көптен бері айтылып келе жатқан екі түрлі жол бар. Бірі, дене өлсе де жан жоғалмайды, өлгеннен соң да бұл тіршілікке тіпті, ұқсаматын бір түрлі өмір бар. Сондықтан жалғыз ғана дүние тіршілігінің қамын ойламай, сол соңғы өмірде жақсы болудың қамын қылу керек дейді. Мұны ақырет - өлгеннен соңғы өмір жолы дейді. Енді бірі, бұл әлемдегі барлық нәрсенің бәрі өздігінен жаралып жатыр, оны былай қылайын деп жаратқан иесі жоқ, һәм өлген соң тірілетін жан жоқ дейді»1 – деп жазды Шәкәрім «Үш анықта».
Ғалым идеализм, материализм демесе де соларды анықтап отырғаны түсінікті. Осы екі ұстанымды түсіндіре отырып, ақыр аяғында Шәкәрім өзінідік концепция ұсынады.
Оның пікірінше, бірінші ақиқатты жаратушы мен жанның мәңгілігін мойындайтын сенім, яғни діни ақиқат құрайды.
Екінші ақиқат – сезімдік қабылдаулар мен рационалдық ойлауға сүйенетін ғылыми ақиқат.
Үшінші ақиқат – бұл жан ақиқаты, оның субстанциалдық негізі - ұждан. Адам жақсы өмір сүру үшін таза еңбекке, ұждан ақылға, шын жүрекке сүйенуі тиіс.
Әлихан Бөкейханов[өңдеу]
Әлихан Бөкейханов
Екі ғасыр арасында қазақтың ұлттық санасының оянуына үлкен әсер еткен тұлғаның бірі — Әлихан Бөкейханов. Ол қазақ хандарының тікелей ұрпағы, ұлт-азаттық қозғалыстың жетекшісі, қазақтың алғашқы саяси партиясының басшысы, қазақтың бірінші ұлттық үкіметі — Алашорданың көсемі еді. Әлихан Бөкейханов сан қырлы қоғамдық қызметтерімен бірге қазақтың рухани мәдениетін алғашқы зерттеушілердің қатарында танымал. Ол Абайдың шығармашылығы туралы түңғыш мақаланы жариялады, қазақ эпосы мен фольклоры жөнінде әлі күнге дейін ғалымдарды өзінің ой тереңдігімен таң қалдыратын еңбектер жазды. Солардың ішіндегі құндысы — 1899 жылы «Түркістан ведомое тыларында» жарияланған «Қырғыздың «Қобыланды» аңызындағы әйел» атты еңбегі еді. Әлиханның бұл жерде көтеріп отырған мәселесі бұрынғы қазақтың рухани мәдениетінің бай мұраларына байланысты. Аталған аңызда мұсылмандық дін мен ежелгі тәңірілік түсініктердің қарым-қатынасы, көшпелілер мәдениетіне тән ана мен әйелді қастерлеу, ел намысын пендешіліктен жоғары қою т.б. мәселелері талқыланады. Шексіз сахара қазақ мәдениетін көптеген жылдар бойы сыртқы жаулардан қорғаштап, өзіндік ерекшеліктерін сақтауға себебін тигізді. Дүлей далада тек жүз бен руға бөлінген тұтас қауым ғана өмір сүре алатын еді. Қысқаша айтқанда, Әлихан мен Міржақып, Ахмет Байтұрсынов пен Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов пенСұлтанмахмұт Торайғыров секілді алаштың арыстары өз күресінде халқының ғасырлық мұрасынан қашанда күш-қуат алып отырды.
3 Тәжікова К. «Ислам; дүниетаным, идеология, саясат». Алматы, 1996. 100 б.
1 Левшин А.И. Описание киргиз – кайсакских орд и степей. СПб. 1837, ч.3 с.148.
1 Шәкәрім «Үш анық» Алматы, «Әлем» Алматы – 1991,19 б.