Декарт бойынша «Мен ойлап тұрмын, сондықтан, мен бармын.» Осы принциптің интерпретациясын талдаңыз.
Р. Декард – Құдайдан өзге созылмалы болмысты да, ойлаушы болмысты да мойындайды. Жалпы еуропалық рационализмнің негізін қалаушы Рене Декард болды. Оның ойынша адам өмір сүруінің жалғыз күмәнсіз айғағы ойлау болып табылады және ол мынадай негіздеуші тезистен келіп шығады: «Мен ойлаймын, демек, өмір сүремін». «Ой-парасат ғасыры» деп аталған XVII ғ адам жөніндегі философиялық мәселелердің қойылысын жаңа сатыға көтереді. Табиғаттың терең құпия сырларына көз жүргіртіп, неше алуан машиналар ойлап шығару арқылы өндіргіш күштердің жаңа сапасымен өркендеуіне кең жол ашқан адамның ақыл-ойы өзінің теңдесі жоқ жасампаз күшін еріксіз мойындатқан дәуір. Сол заманың әйгілі философтары Бэкон, Гоббс, Декарт, Спиноза, олар адамның ерекшеліге де, рухани күші де, оның ақылы мен ойында, ойлау қабілетінде деп біледі. Адамныің тіпті өмір сүруінің ең басты белгісі осы қасиетте деп таныды. Француз философы Р.Декарттың «мен ойлап тұрмын, сондықтан, мен бармын» деген қанатты сөзінің мәні де, міне осында.
Зенон антиномиялары мен нақты ғылымдардағы шексіздік мәселелерінің арасындағы байланысты және шешу жолдарын көрсетіңіз.
Жалпы шексіздік дегеніміз-объективті дүниенің бір-бірімен тығыз байланыстағы қарама-қарсы жақтарын білдіретін категориялар.
Нақты ғылымдарда шексіздік мәселесінің түсінігі ғылыми білімнің прогресіне байланысты үздіксіз жетіле береді. Ғылым тарихында алдымен шексіздіктің сан жағына баса назар аударылып, математикада зерттеледі. Ғылымда шексіз үлкендік немесе шексіз кішілік қаншалықты үлкен не кіші екендігіне назар аударылады.
Ал Зенон антиномиясында шексіздік тіптен қызық. Зенонның көптікті теріске шығаруға арналған дәлелдемелері: шексіздік көп бірліктерден тұрады,бірақ ол мүмкін емес делінген. «Егер Дүние көп болса, онда қажетті түрде, олардың саны өздеріне тең. Бірақ олар шексіздікке кетеді, өйткені екі дүниенің ортасына тағы бір дүниені, олардың екі ортасына тағы да екі дүниені орналастыруға болады, яғни бұл да шексіздікке кетеді. Олай болса, тек біреу ғана бар, ал шексіздік жоқ»-деген.
Ал ғылымда шексіздік пен шектіліктің қарама-қайшы бірлігі шексіздікті материя қозғалысының қасиеттері мен заңдарындағы жалпыға ортақ және абсалютті ашу арқылы танулы мүмкін етеді. Санның сапаға, соңғының санға өтуі қозғалыс арқылы жүреді, ал оның өзі кеңістік пен уақытты талап етеді. Олай болса, қозғалыс – бүкіл болмыстағы дүниенің өмір сүру тәсілі болып шығады да, кеңістік пен уақыт - қозғалыстағы дүниенің формасы ретінде қаралуы тиіс.
Жалпы түрде қозғалысқа қысқаша анықтама беруге болады – ол Дүниедегі қайсыбір өзгеріс, байланыс, іс-әрекет. Әрине, мұндай анықтаманың мазмұн жағынан тұрпайы екенін де жасыруға болмайды. Бүкіл философия тарихындағы ізденістер оның аса қиындығын көрсетеді.
Қарапайым тәжірибенің нәтижесінде сонау көне заманда- ақ ойшылдар Дүниенің ағым екенін, бір нәрсе дүниеге келіп, екіншісі кетіп жатқанын байқаған. Тіпті ұлы Гераклит қозғалыстың астарында қарама-қарсылықтың күресі жатыр деп меңзеген. Сонымен қатар, Парменид пен Зенон оған қарсы шығып, қозғалыстың ішкі сырын ашуға мүмкін еместігін дәлелдеуге тырысқан. Мысал ретінде Зенонның "Садақтан атылған оқ қозғалмайды",- деген апориясын (aporіa,- грек сөзі,- қиындық, шешімі жоқ,- деген мағна береді) келтіруге болады. Зенонның ойынша, атылған оқ әрбір сәтте кеңістіктің бір бөлігінде тұрақтайды, келесі сәтте – келесі орында, оны әрі қарай шексіз жалғастыра беруге болады. Ал тұрақтауға тұрақтауды қосқанда қозғалыс шықпайды, яғни, ол - жоқ.
Көне заманда стихиялық диалектиканың негіздері Шығыс пен Батыста бірдей қалыптаса бастады. Дүние – ағым, өзен,- деді Гераклит. Қытай данасы Лао-цзы болса, қарама-қарсылықтың бір-біріне өтетінін айтып қана қоймай, одан өмірге керек қағидалар шығарды. "Қиындықты жеңу үшін жеңілден баста, ұлылыққа жету үшін кішіден баста, бақытқа жету үшін бақытсыздықтан өту керек (әйтпесе, бақытты екеніңді қайдан білесің)…" т.с.с. Грек топырағында ұлы Сократ алғашқылардың бірі болып ой қайшылықтарын зерттей бастаса, Элеялық Зенон қозғалысты қалайша ой арқылы беруге болатындықты зерттеді…