Жаңа философияның қалыптасуы

Таным қабілетін бұлай талдау оның біртұтас бола отырып, ішкі қайшылықты екенін көрсетеді.

Басқа сұрақтарды анықтаудан бұрын ең алдымен, білім қалай пайда болатыны, ғылым қалай қалыптасатынын біліп алу қажет. Канттың пікірінше, ғылым, өнер, мораль адам санасының керемет қабілеттері сезімділік, пайымдаушылық, парасаттылықтың көмегімен қалыптасады.

Кез келген білім тәжірибеден басталады, бірақ онымен аяқталмайды. Өйткені кейбір білімдер адамның танымдық қабілетінен туындайды, сондықтан олар априорлы, яғни тәжірибеден бұрын пайда болады. Тәжірибелі білім жеке, кездейсоқ, ал априорлы білім – жалпы және қажетті. Жаңа философияның қалыптасуын Кант теориялық танымның күрделігімен, қайшылығымен түсіндірген. Теориялық танымның шектілігі әлемнің бірден танылатын құбылыстарға және танылуы қиын «өзіндік затқа» бөлінуімен байланысты. Танымның антиномиялық, қайшылықты табиғаты ойлаудың сезімнің көмегінсіз әлемді біртұтас түсіндіре алмауында.

Мұндай қиыншылықтардың болуы философияға зиянын тигізбейді, бірақ философия танымның ақиқаттығының сыны, оның шегін анықтаушы ретінде дамуы керек.

Априори, апостериори, антиномия, аналитика ұғымдарын кеңінен пайдаланып, Кант диалектика теориясын дамытқан.

Адамның дүниетанымдық мүмкіндігі шектеулі. Ол өзінің танымдық аясынан шыға салысымен шешуі табылмайтын күрделі қайшылықтарға жолығады. Шешімі жоқ осындай қайшылықтарды Кант антиномия деп атады.

Бірінші антиномия – кеңістіктің шектеулігі.

Әлемнің уақыт пен Әлемнің уақытта бастауы

кеңістікте бастауы бар жоқ, шексіз

Екінші антиномия – қарапайым және күрделі

Қарапайым ғана Әлемде қарапайым элемент

элементтер бар. те, одан тұратын зат та жоқ.

Үшінші антиномия – еркіндік пен себептілік.

Табиғи заңдарға бағынатын Еркіндік жоқ. Әлемде бәрі

себеп – салдарлық қатынас табиғат заңдарына сүйенетін

қана емес, еркінлдік те бар себеп – салдарлық қатынасқа

бағынады.

Төртінші антиномия – Құдайдың болуы Құдай жоқ. Бүкіл әлемнің

Барлық болмыстың себебі – себебі болатын абсалютті

Құдай қажетті бастау. бастау жоқ.

Кант «Таза ақылға сын» еңбегінде білімді танымдық – іс - әрекеттің нәтижесі деп, оны сипаттай үш ұғымға анықтама береді.

Апостериорлық білім – тәжірибе негізінде алынатын білім, оны әруақытта пратикада тексеріп отыру қажет, өйткені ол болжамды білім, кей уақытта шындықта ол болмауы да мүмкін.

Априорлық білім – тәжірибеге дейін ақылда о бастан бар білім, оны дәлелдеудің қажеті жоқ.

«Өзіндік зат» немесе «Өзімен өзі зат» - Кант философиясындағы өзекті ұғым. Ол – зат пен құбылыстың ешуақытта ақылмен танылмайтын ішкі мәнін білдіреді.

Адам ақылы көптеген құбылыстар мен заттардың тек бейнесін, сұлбасын ғана тани алады, ал олардың шын мәні белгісіз, танылмайды.

Кант этика мәселелерімен де кеңінен айналысқан. Өзінің адамгершілік жүйесін негіздеуде Кант адамгершіліктің мәні ретінде игілікті ерік болатындығына сүйенген. Ерік моральдық заңмен анықталады. Философ көңіл аударған игілікті ерік пен моральдық заңнан басқа тағы бір маңызды ұғым – борыш ұғымы. И.Кант категориялық императив заңын ұсынды, оның мәні «әрқашан адамды және адамзатты мақсат деп тұтатын қадамдар жаса, адамды құрал ретінде пайдаланба» деген ережеде ашылған. Оған адалдықты, ақкөңілдікті, табандылықты жатқызған.

Кант әлеуметтік философияға да әдеуір үлес қосқан. Ғалым ағартушылар ұсынған адамзаттың тарихи дамуындағы прогресс ұғымын жақтаған.

Канттың пікірінше, адамзаттың іргелі мәселесі – құқықтық, азаматтық қоғамға жету.

Фихте философиясы онтологиялық алғашқы сипаттағы іс - әрекет ілімімен тығыз байланыста. Бұндағы жалғыз субстанция – субъект, мен, таза іс - әрекет. Іс - әрекеттің жоғары принципі – адамгершілік заңы. Маңызды мәселе – еркіндік мәселесі. Еркіндік дегеніміз - жалпы қажеттілікке өз еркіңмен бағыну. Жалпы еркіндіктің негізі – барлық адамдарды жеке меншікпен қамтамасыз ету. Фихте бейсаналық мәселесін де шешуге тырысады.

Ф.Шеллинг шығармашылығында еркіндік философиясы мен өнер философиясы маңызды орын алады. Шеллинг үшін ең маңызды гносеологиялық мәселе – теориялық сана мен практикалық сананың арасындағы қайшылық. Бұл қайшылық шығармашылықтың жоғары түрі өнерде өз шешімін табады.

Гегельдің пікірінше, тарих – бұл адамның адам болу, әлеуметтену үрдісі және адамзаттың өткен жолы. Бұл оған өзін-өзі тану үшін қажетті негіз болып табылады. Сонымен тарих адамға қатысты алғанда сыртқы, онан тыс нәрсе емес, нақты тірі адамдар онда өмір сүретін, болатын, ойлайтын, сезінетін нәрсе. Адам тарихи өзіндік даму нәтижесі болғандықтан, осы алғышарт негізінде тарихты зерттеумен айналысады. Гегельдің түсінігінше тарих рефлексия үрдісі сияқты, оның барысында адам белгілі бір негізге келіп тоқтайды. Бұл рефлексия дамудың диалектикалық заңдарына бағынады.

Егер Гегельге дейінгі ойшылдар тарихты қателіктер мен адасушылықтар тарихы деп есептесе, Гегель салыстырмалы шындық ұғымын енгізе отырып, ақиқатты салыстырмалы шындықтарды анықтау және олардың даму үрдісі деп есептеп, ақиқаттың осы түсінігінсіз ғылымның мүмкін болмайтындығын айтады.

Гегельдің ойынша жоғары ақиқатты философия ашады, өйткені ол өзінің жеке даму жолына рефлексия жасай отырып, болмыстың шынайы мәніне қол жеткізеді. Ал өнерге, дінге, ғылымға келер болсақ, олар бізді ақиқатқа тек қана жақындатады. Тек философия, Гегельдің түйіндеуінше, болмыстың шынайы картинасын беріп, әлем негізін игереді. Ал әлемнің негізі болмыс пен ойлаудың бірегейлігі болып табылады. Ол «Логика ғылымында» (1812-1814) болмыстың идеалды негізі мен оның өзіндік даму тәсілдерін ашады. Гегель бойынша дамушы ойлау – мәнділіктің нақты негізі. Ақыл-ой танымының құралы – ұғым. Ұғым қозғалысы қайшылықтар арқылы жүзеге асады. Қоғам қозғалысы үрдісінің өзі қарапайымнан күрделіге қарай жүріп, абстрактылыдан нақтылыға, бүтіндікке немесе категориялар жүйесіне шығуымен сипатталады. Білім жүйесін қалыптастыруға септігін тигізетін логика формасы диалектикалық логика болып табылады. Диалектикалық логика, — деп түйіндейді Гегель, әлемді қарапайым тұрғыда бақылаудан оның мәнін ғылыми түсінуге дейін көтерілуге мүмкіндік береді.

Фейербах философиясы өзінің қайталанбас ерекшелігімен байқалады. Фейербахтың дүниетанымы жаңа бағытқа, яғни материалистік бағытқа бет бұрды. Ол адамның сезімін, сезімдік танымын өте жоғары қойып, оның ішінде сүйіспеншілікке айырықша мән берді.

Фейербахтың философиялық эволюциясы Гегельдің адамның мән-мағынасына, оның өзіндік санасы арқылы түсіндіруіне сын айтудан басталады. Гегельдің философиясына жасалған бұл сын Фейербахтың жалпы идеализмнен бас тартқанын көрсетеді. Фейербах идеализмнің дінмен етене байланысын түсіне білген.

Фейербахтың антропологизмі бірінші кезекте адам проблемасын, оның ең басты бірден-бір және әмбебап пәні ең жоғарғы өлшемі. Бірақ, Фейербах адам мәселесінде толық материалистік көзқарас жүргізе алмады. Оның түсінігінше, адам – жеке индивидке тән абстракты жай ғана биологиялық тіршілік етуші.

Таным теориясында Фейербах эмпиризм мен сенсуализмді жақтады да, агностицизмге қарсы шықты. Бірақ ол ойлаудың дүниетаным процесіндегі ролін, мәнін жоққа шығарған жоқ, объектіні сипаттағанда осы субъектімен, яғни адамның ісімен байланыстыруға тырысты, адамның дүниетанымы мен оның ой-санасы туралы туралы бірталай құнды пікірлер айтты. Қорыта айтқанда Фейербах бұрынғы материализмнен, оның жай сезім арқылы берілетін тұрпатынан шығып кете алмады. Фейербахтың антропологизмі адамды табиғаттың қарапайым бөлігі деп қарастырады. Оның шеңбері табиғатпен шектелген яғни төменгі жағынан немесе табиғаттың материалистік, жоғарғы жағынан немесе табиғаттың материалистік, жоғарғы жағынан, яғни қоғамның идеалистік түсінігін береді.

Дін мәселесіне қатысты бұл ойшылдың өзіндік көзқарасы болды. Дін-көзқарас, дүниетаным ретінде анықталды. Ол дінді бүкіл адамзат мәдениетімен, әдебиетімен және философиямен тығыз байланысты деп қарады. Мұндай пікір бұрын соңды ашық айтылмаған. Бірақ, сол кездегі саяси әлеуметтік жағдайдың қайшылықтарын шеше алмағандықтан, Фейербахтың көзқарасы және оның дүниетанымы көптеген түсінбеушіліктерге байланысты өзінің тар өрістілігін көрсетті.

Дегенмен, классикалық неміс философиясы – адамзаттың мәдени-философиялық дүниетанымында ерекше орын алатын, аксиологиялық сипаттағы ерекше ілім.

Орытынды

Бұл ерекшелік философиялық ой дамуының тікелей діни-теология-лық шеңбері ішінде, христиандық діни ілімнің апологетикасы төңірегінде өрбуімен сипатталады. Ортағасырлық батысеуро-палық философияның қалыптасуы мен дамуына Муций Фе-ликс, Тертуллиан, Ориген сияқты апологеттер, неоплатонис-тер және Аврелий Августин өздерінің интеллектуалдық ықпал-дарын тигізді. Рим шіркеуі Әулие Августинді (375—383) сенім мен ақылдың үйлесімділігі тұрғысынан христиандық діни ілімді негіздеудегі орасан зор сіңірген еңбегі үшін «әкей» ретінде мойындаса, көптеген батыстық зерттеушілер оны «батыстық ортағасырлық мәдениеттің ұлы сәулетшісі» дейді. Аврелий Ав-густин өзінің «Құдай қаласы туралы» еңбегінде атақты фор-муласын — «сгесіо иі ІтІеШуат, іпІеШсІо иі сгедат» (үғыну үшін сенемін, сену үшін ұғынамын) формуласын негіздейді. Бұл «ақыл мен сенімнің өзара бірін-бірі толықтыру принципі» V— XV ғасырлар аралығын қамтитын Батыс Еуропаның бүкіл ор-тағасырлық философиялық ойының ең негізгі дүниетаным-дық кредосына айналды.

Наши рекомендации