Негізгі сұрақтары
- Марксизм философиясы
- ХІХ ғасырдағы идеалистік ілімдер: иррационализм, өмір философиясы
1. Марксизм философиясын жасаушылар неміс ғалымдары Карл Маркс (1812-1883) және Фридрих Энгельс (1820-1895) болды.
Шығармалары: Карл Маркс«Фейербах туралы тезистер», «Капитал», «1844 ж. экономикалық-философиялық қолжазбалар» Фридрих Энгельс«Табиғат диалектикасы», «Анти - Дюринг», «Маймылдың адамға айналу процессіндегі еңбектің рөлі», «Семьяның, жеке меншіктің және мемлекеттің шығуы» Маркс, Энгельстің бірлесе жазған еңбектері«Коммунистік пратияның монифесі», «Святое семейство», «Неміс идеологиясы».
Марксизмнің пайда болуына алғышарттар:
- оларға дейінгі материалистік философия: Демокрит, Эпикур, Бэкон, Локк, Гоббс, француз ағартушылығы, Фейербахтың атеистік-материалистік философисы;
- ғылыми жаңалықтар: материя мен энергияның сақталу заңы, эволюция теориясы, клетка құрылымының ашылуы,
- әлеуметтік-таптық қайшылықтар: 1848-1849 жж. революция, 1871 Париж коммунасы
Марксистік философия материалистік сипатта. Екі бөлімнен тұрады: диалектикалық материализм және тарихи материализм.
Тарихты материалистік тұрғыдан түсіндірген. Оның мәні:
- қоғам дамуы өндірістік қатынасқа негізделеді (өз еңбегін сату, материалды өндіріс, үлестіру);
- өндірістік қатынастар мен өндіргіш күштердің деңгейі мемлекет пен қоғамдық институтардың, қоғамдық қатынастардың базисі;
- мемлекет пен қоғамдық институтар қоғамдық қатынастар экономикалық базиске қатысты қондырма рөлін атқарады;
- базис пен қондырма бір-біріне өзара ықпал етеді;
- базис пен қондырманың типіне байланысты қоғамдық-экономикалық формациялардың түрлері пайда болады.
Қоғамдық-экономикалық формациялардың түрлері:
1. алғашқы қауымдық құрлыс
2. Құл иеленші қоғам;
3. Феодалдық қоғам;
4. Капитализм
5. Социалистік (коммунистік) қоғам.
- экономиканың, материалды өндірістің, өндірістік қатынастардың деңгейі мемлекеттің тағдырын, тарих барысын анықтайды.
Марксистік философияның негізгі ұғымдары: өндіріс құралдар; жаттану; қосымша құн; адамды адамның қанауы.
Марксистік философияның диалектикалық материализмінің мәні:
- философиняң негізгі сұрағы болмыс пайдасына шешіледі. Болмыс сананы анықтайды;
- сана - өзіндік мән емес, материяның өзін-өзі бейнелеу қасиеті ретінде түсіндіріледі;
- материя – тоқтаусыз қозғалыс пен дамуда болады;
- Құдай жоқ – ол адам қиялының жемісі;
- Материя мәңгі және шексіз;
- Дамудың маңызды факторы – практика. Адам қоршаған дүниені және өзін-өзі өзгертеді;
- Даму – диалектика заңдарымен жүзеге асады. Олар: қарама-қарсылықтардың өзара ауысу заңы, сан өзгерістерінің сапа өзерістеріне ауысу заңы, терістеуді терістеу заңы.
2. ХІХ ғасырдағы бейклассикалық идеалистік философияның2 бағыты бар Олар: иррационализм, өмір философиясы.
Иррационализм –табиғатағы логикалық байланыстардың болуын, қоршаған дүниені тұтас және заңды деп қабылдауды терістеп, Гегель диалектикасын және ондағы даму идеясын сынады.
Иррационализмнің басты идеясы – қоршаған дүниенің тұтастығы, ішкі заңдылығы жоқ, ақыла емес аффектіге, ерікке бағынады, әлем түйдектелген хаос деп түсіну.
Иррационализмнің көрнекті өкілі Артур Шопенгауэр (1788-1860) – волюнтаризмдінегіздеуші. Волюнтаризм – қоршаған дүниедегі басты қозғаушы күш – ерік (воля) деп санайтын философиялық ағым. «Дүние ерік және қабылдау ретінде»атты шығармасында логиканың жеткілікті негіз заңын тұжырымдады. Онда философия материалистер сияқты объектіге де, идалистер сияқты субъектіге де емес, сананың акті болып табылатын қабылдауға сүйенуі қажет.
Субъективті қабылдаудың құрылымы күрделі емес, ол:
- тікелей таным;
- рефлективті таным;
- интуиция
арқылы іске асады.
Шопенгауэр философиясының орталық ұғымы –ерік.
- Ерік – абсолютті бастама, барлық мәнді анықтауға және оған ықпал етуге қабілетті идеалды күш;
- Ерік – тіршілік негізінде жатқан космостық күш;
- Ерік сана негізінде жатады және заттардың ең жалпы мәні болып табылады. Әр адманың еркі әрекетерін анықтайтыны сияқты, бүкіл әлемдік ерік – дүниедегі сыртқы құбылыстардың пайда болуы мен заттардың қозғалысына себепші болады;
- өлі табиғаттың да «бейсаналық», «қалғып жатқан» еркі бар;
- дүние – еріктің жүзеге асуы.
Шопенгауэрдің адам тағдыры мәселесінде пессимистік сипатта болды. Адам табиғатқа ғана емес, өзіне-өзі билік ете алу мүмкіндігіне сенбеді. Адам тағдыры бүкіләлемдік хаосы тізбегінде өтеді, бүкіләлемдік қажетілікке бағынышты. Жеке адам еркі қоршаған дүние еркіне бағынышты. Осындай ойларыменол өмір философиясының пайда болуына әсерін тигізді.
Өмір философиясыныңөзекті ұғымы – адам үшін басты және шынайылық - өмір ұғымы. Өмір философисыныңнегізін салушыФридрих Ницше (1844-1900).Оның ойыншанша, философиясының мақсаты – адамның қоршаған дүниеге бейімделіп, өзін барынша жүзеге асыруына көмектесу.
Қоршаған дүние мен өмір негізінде ерік жатыр. Ницще адам еркін бірнеше түрге болді:
1. өмірге деген ерік;
2. адамның өз ішіндегі ерік;
3. басқарылмайтын бейсаналық ерік – аффектілер;
4. билікке ерік.
Ницще еріктің соңғы түрі «билікке ерікке» көп көңіл болді, ол адамның бәріне тән. «Билікке ерік» табиғаты бойынша өзін-өзі сақтау инстинктіне ұқсас.
Вильгелм Дильтей (1833-1911)қоршаған дүниенің көптүрлігі мен адам өмірінің бірігейлігі туралы идеяны ұстанды. Гегель философиясын сынап, «ойлаудың» орнына «өмір» ұғымын қоюды ұсынды.
Өмір – адамның дүниедегі болмысының тәсілі.
Өмірдің белгілері:
1. тұтастық;
2. көптүрлі рухани бастамаға ие;
3. жоғарғы дүниемен ажырамас бірлікте.
Дильтейдің пікірінше, философия өмірді, оның барлық көріністерін айрықша құбылыс ретінде қарастыруға тиіс.
Дильтейдің пікірінше, тарих – прогреске апаратын айқын және заңды процесс емес, жеке адамды ғана емес, тұтас халықтарды иірімге тартатын хаос, кездейсоқтар тізбегі. Тарих барысын өзерту мүмкін емес.
Серен Кьеркегор (1813-1855) Данияның философы. Еңбектері: «Немесе немесе», „Үрей мен қалтырау", „Ажалға бастайтын ауру". Ол Гегель философиясын сынға алды. әсіресе оның рационализмінің өз шегіне жетіп, панлогистік дәрежеге көтерілді. Гегель бойынша болмыс – ойлаумен тең, ал ақыл-ойдың шеңберінен шығатыннның бәрі ақиқат емес. Кьеркегор оған үзілді-кесілі қарсы тұрып, болмысты жүйелеу мүмкін емес.
Кьеркегордың тағы бір қарсылығы адамды объект ретінде қарап зерттеу. Оның ойынша адам – рухтың басшылығымен өмір сүріп жатқан жан мен тәннің бірлігі, ол – рух. Ал рух – ойлаумен тең емес, яғни ой логика заңдарына тәуелді емес.
Философияның негізгі мәселесі адамның өмірі, өзіндік санасы, ішкі рухани өмірі. Кьеркегор бойынша „Шындық – ол ішкі дүние. Менің өз Меніме деген қатынасым". Адамның ішкі өмірі объект бола алмағандықтан танылмайды. Оны тек тебіреністер арқылы ұғынуға болады. Сондықтан Кьеркегор адамның ішкі өмірін бейнелейтін жаңа катигорияларды ендірді. Олар. өмір сүру, үрей, сәт, шешім, шектілік және шексіздік, зардап шегу, қайталау, түңілу, өкіну, кінә және күнә, қайта туылу.Осы ұғымдар арқылы адам ішкі тебіреністерін беруге болады.
Кьеркегордың анықтауынша, өмір сүру дегеніміз – ол тебірену, зардап шегу, соның шеңберінен шығуға бағытталған адамның еркі. Өмір сүру – адамның алындағы мүмкіндіктердің біреуін ерікті түрде таңдау, өзінің қайталанбас болмысын іске асыру, тобырға ұқсамау, одан бөліну, ішкі шектелген мен шексіздіктің арасын таңдау, соған байланысты үрей, шешім және секіріс. Шешім еш нәрсеге байланысты емес, ол тылғаның ерікті таңдауымен байланысты. Мұндағы секіріс Гегельдегі пікірінен өзгеше – ол ешбір нәнекерлікті талап етпейді, ол – зерденің шеңберінен шығып, кететін рухтың іс-әрекеті.
Кьеркегорда адам өмірінің үш сатысы көрсетілген, олар: эстетикалық – тікелей сезімдікпен байланысты саты; этикалық– адам өміріндегі ізгілік саты, эстетикалықта адам өзін-өзі қанағаттандыруға тырыса, этикалықта жалпылықты жүзеге асыруға тырысады. Екеуінің арасынан үлкен қайшылықтар пайда болады. Адам моралдық жағынан алып қарағанда өзіне-өзі жеткілікті пенде бола алмайды. Оның себебін, Августин сяқты, адамның туа күнәлігінен көреді. Бұл арада „немесе, немесе" принципі таңдау мәселесін шеше алмай, адам өмір сатысының үшіншісіне секіріс жасауға тырысыды. Бұл саты – дінисаты. Адамдардың ғылыми танымның кереметігінен өз өмірінің мәнін, рухани тебіреністерінің мәселелерін ұмытқан, осы сатыда адам сол мәселелерге қайта оралады. Діни сатыда Құдаймен сұхбатқа түсіп, өз күнәларын мойындап, өзін-өзі табады.
Шопенгауэр Артур (22.2. 1788, Гданьск – 21.9.1860, Майндағы Франкфурт) – неміс философы, идеалистік бағыттың өкілі. Негізгі шығармасы “Ерік және түсінік ретіндегі әлем”. Шопенгауэр диалектика мен тарихилыққа, әсіресе, Гегельдің панлогизміне қарсы шығып, И.Кантқа бет бұрып, кантшылдықты платонизммен және волюнтаризммен ұштастырды. Шопенгауэр философиясының негізгі арқауы, жан-жақты бастама принципі – ерік. Ол үшін ерік – абсолютті бастама, бүкіл дүниедегі бар заттар мен құбылыстардың түп-тамыры, қайнар көзі мен түп негізі. Шопенгауэр шынайы философия материалистердің іліміндегі объектіден немесе идеалистердің іліміндегі субъектіден басталмайды, сананың алғашқы сатысы түсініктен басталуға тиіс дейді. Шопенгауэр ілімінде “дәйекті негіз заңы” объектінің формасы болады және ол болмыс заңы (кеңістік пен уақыт), себептілік заңы (материалдық дүние), логиканынң негіз заңы (ғылыми таным) және мотивация заңы (адамның әрекетке ынталануы) болып төрт түрде көрініс табады. Шопенгауэр философиясы өз заманында ескерілмей тек 20 ғасырдың орта кезінде таралып, иррационализмнің дамуына әсер етті.
Шопенгауэр нақылдары[өңдеу]
Шопенгауэрден көптеген дана сөздер қалған, соның бірнешеуі:
" 1. Ақымақ уақытты қалай тез өткізуді ойлайды. Ақылды адам уақытты қалай тез пайдалануды ойлайды. 2. Кішпейілдік - қабілеті шақты адам үшін адалдық; қабілеті асып-тасыған адам үшін жасандылық. 3. Өте дөрекілік танытқан адам бейне өзінің бүкіл шапанын шешіп тастап, алдымызда тыр-жалаңаш тұрғандай күй кешеді. 4. Топас-тоғышар байып кетсе адамдық қасиеті одан сайын кемиді. 5. Байлық теңіз суы секілді, ішкен сайын шөлдейсің. Атақ-даңық та сондай нәрсе. 6. Адамның адамға жамандығында басқа себеп жоқ, бәрі де қара ниет, жаман ойдан туады және барлық тіршілік арасында тек адам ғана себепсіз жамандық жасайтын, ерекше болмыс. 7. Өмірдің шолақ және тым қысқа екенін танып жету үшін өмірдің ұзақ сапар жолын басып өтесің. 8. Тіршілік қашанда бір түрлі тіл арқылы бізге мәлім ақиқатты ұсынады. Егер біз оны басқаша қабылдасақ, онда біздің өмір сүруіміз қауіпке ұшырайды. 9. Өмір енді бір мағынада шыраққа ұқсайды: оған жақындаған сайын оны көру қиын. Өмір сұлулығын танығымыз келсе алысырақ тұрып күзетейік. 10. Адамның бет келбеті оның аузына қарағанда әлдеқайда көп шындықты айтады. Маңыздысы, ауыз адамның идеясын айтса, бет пішіні оның идеясының мән-мағынасын айтады. 11. Күнделік өмірде кездесетін мағынасыз дөрекілік пен зіл тұншығыс және нәпсінің қайталанбалы ажырғысы адамды көркемөнер мен философияға талпындырады. 12. Өмірдің қас жауы - қайғы мен зерігу. 13. Жеке адам иен аралдағы Робинзон Крузо секілді дәрменсіз. Тек басқалармен бірлескенде ғана үлкен істерді тындыра алады. 14. Қартайғандағы ең зор бақыт - өзінің бүкіл жастық жігерін ұлы іске арнағанын еске алу. 15. Кітапты тым көп оқыған сайын мида қалатын нәрселер азаяды. Кітапты ойланбай оқи беру миды шимай-шатпақ жазылған қара тақтаға айналдыру деген сөз. 16. Тек кітаптан алатын білім болады, ол бейне жасанды аяққа, балауыз мұрынға, жапсырған теріге ұқсайды. Ал, дербес ой жүгірту арқылы алған білім біздің табиғи екі аяғымыз секілді, тек сол ғана шындап өзіміздікі. 17. Адам қашанда жаратылыс көрсеткен тәжірибе үлгісі бойынша өмір сүреді. 18. Адамның ақымақтығы өз денсаулығына әлдебір сыртқы нәрселерді айырбастап алуы. 19. Бір адамның өз әзірлігі қанша толық болса, басқаларға жалынуы сонша азаяды, айналасына арқа сүйемейді, әлдекімге тәуелді болмайды. Сондықтан парасаты асқан адам ешқашан жұртқа ұнамайды. 20. Адам жалғыздықта ғана өзіне қайтады, жан дүниесіндегі бар байлығы өзіне ашылады. Ондайда, әдемі киіміне қарамастан тоғышардың бейшара көңілі өксік атады, ал есіл адамдар иен қағырда жүрсе де құлазуға ұшырамайды. 21. Ақыл кейде ерікті жетелегендей көрінеді, бірақ ол бәрібір қожайынның барғысы келген жеріне жол бастаушы ғана бола алады. Ерік дегеніміз көзі өткір ақсақты арқалап алып жол басатын құдіретті де, қуатты соқырға ұқсайды. 22. Нәпсі аңсары дегеніміз нәсілге (түрге) пайдалы құндылықты өз жеке басына да пайдалы деп есептейтін алдамшы сезім. Нәсілдік мақсат орындалғанда елес құштарлық сейіледі де, жеке өзінің нәсілге алданғанын сезіп құлазиды. Нәсілдік әрекет, мысалы ұрықтандыру орындалғанда босау мен әлсіреу пайда болады, көп санды жәндіктер дереу өледі. 23. Барша халық, бүкіл әлем көзіне әрқашан елес, сағым секілді көрінбесе, ондай адамда философияға қабілеті жоқ. 24. Дүниедегі роза гүлдерінің бәрінде тікен бар. Егер қолыңды жаралаудан қорықсаң, роза гүлінің хош иісін иіскей алмайсың. 25. Тіршілік дегеніміз аңсар. Аңсар қанағаттанбаса қайғы-мұң туылады. Аңсар қанағаттанса зерігу-жалығу туылады. Өмір қайғы мен зерігудің арасында тынымсыз тербелген маятникке ұқсайды. Шаттық дегеніміз қайғыдан зерігуге, не зерігуден қайғыға ауысып бара жатқандағы уақыттық қасқағым сәт қана. 26. Жаман кітап - рухани идеямызды бүлдіретін улы дәрі. 27. Айнаға басқа адамның көзімен қарау мүмкін емес. Адамның өздік санасы ондайда "анау тұрған басқа адам емес, менің Менім" дегенді күбірлеуден жалықпайды. 28. Біздің денеміздегі кейбір мүшелер миымыздан да ақылды. 29. Ұсақ адамдар ұлылардың кемшілігі мен қателігіне қуанады. 30. Парасаттылар өз өмірінен лаззат алады, бос уақытын дұрыс игереді. Ақымақтар бос қалуға төзбейді. Бос уақыт оларды зеріктіреді. Сондықтан олар пайдасыз ойынмен көңіл аулап, уақыттық рахатқа салынады. 31. Адам істеуге тиістіні істей алады, бірақ қажетсінгенінің бәрін ала алмайды. 32. Егер әлдекімнің шын сөйлегеніне күдіктенсең, онда өтірік болса да оған сенген қалып таныт. Ондайда ол одан сайын өзіне сеніп, жүректі түрде тіпті де зор өтірік айтып, өз бетпердесін (маска) өзі ашатын болады. 33. Кітап оқу басқалардың миымен ат жарыстыру; ойланып-толғану өз атыңмен өзің зымырау. 34. Күту жалқаулардың сылтауы, жалқаулықтың жасырынбақ ойнауы. 35. Өмір алғашқы 40 жылда бізді оқулықпен оқытады, сосын кейінгі 30 жылда соған түсініктеме берумен болады. 36. Ойлау мен сөйлеудің арасында біраз қашықтық бар. 37. Өмір сахнасындағы патша, уәзір, қолбасы, әскер, қызметші және басқалар сыртқы ерекшелік жағынан ғана бір-бірінен өзгеше, ал, түрлі образдардың мәні бірдей: жұрттың бәрі әлденені аңсаған және өз тағдырынан алаңдаған актер. 38. Баянды нәрсе байлық емес, адамдық қасиет. 39. Аузына сары су толған адамға есіл шарап та дәмсіз сезілетіні секілді мінезі жаман адам көңілді істі де көңілсіздікке айналдырады. Тіршіліктің бақыты мен қайғысы басқа түскен істің бақ, не сор болғанынан емес, қайта біздің оған қалай бетпе-бет келуімізге, қалай сезінуімізге байланысты. 40. Кім болса да, кездескен адамыңның азаматтық құны мен адамдық құрметіне объективті баға берме. Оның сұрқия ерік-ниетіне де, алдамшы да, қисынсыз ақыл-көзқарасына да назар аударма: алдыңғысында сен оған өшігесің, кейінгісінде сен оны менсінбейтін боласың. Қайта сен оның кешірмесіне, жолыққан ісіне, қажетсінуіне, абыржуы мен қайғысына назар аудар. 41. Ақылды адамдардың жалғыздықты ұнататын себебі, олар ақымақтардың даңғаза тірлігінен қашады. " |
- делінеді. [1]
Волюнтаризм - [лат. voluntas - ерік] - ерікті қоғам дамуы мен оны санаға, қоғам заңдылықтарына қарсы қою және оны қоғамдық дамудың шешуші факторы ретінде мойындаудан шығатын идеология мен психологияның, саясат пен тәжірибенің мәні. Жеке субъективті қалауын және еркін шешімдер басшылыққа алатын, саяси мақсатқа жетудің шынайы мүмкіндіктері мен объективті факторлармен санаспайтын субъекті қызметінің сипаты. В. теорияда саясаттағы субъективтік бағытқа, ал саясат пен тәжірибеде - авторитаризмге, бонапартизмге, тоталитаризмге тән.[1]