XVIII ғ. Француз материализмі: Жюльен Ламерти, Дени Дидро, Гельвеций, Гольбах

Ламетри Жюльен Офре де (1709– 1751 жж.) - француз философы, дәрігер. Өзінің жаңа емдеу әдісін тәжірибеден өзі өткізу сәтінде қайтыс болған. Негізгі шығармалары: «Жанның табиғи тарихы», «Адам – машина», «Адам – өсімдік», «Эпикур жүйесі» т.б. Радикалды материализм мен механицизмнің жақтасы. Әлем түйсінілетін, ішкі белсенділіктегі, жайылған метерияның субстанциясының тұтастығы деп білді, оны органикалық емес, органикалық, жануарлық (адам да) патшалығы түрінде көрді. Өсімдіктер мен жануарлар арасында аралық тіршіліктілік – зоофиттер өмір сүреді, бұл адамдар мен жануарлар аралығында да бар. Табиғат эволюциясын бейнелей келе, барлық тіршілік иелерінің өзгергіштігін дәйектеп, преформизмді терістейді. Атеизм – көзқарастардың толық моральдік жүйесі, бақытқа жетудің жолы - атеизмді қабылдау деген тұжырымдарын дәйектейді.

Дидро Дени (1713-1784 жж.) - француз философы, ағартушылықтың идеологы, жазушы, өнер теоретигі. Негізгі шығармалары: «Қайырымдылық пен абырой туралы зерттеу», «Философтың ойлары»,«Табиғатты түсіндіру туралы ойлар», «д'Аламбердің Дидромен әңгімесі», «д'Аламбердің түсі», «Әңгіменің жалғасы», «Материя мен қозғалыстың философиялық қағидалары», «Сенеканың өімрі», «Клавдия мен Нерронның патшалық етуінің тәжірибелері», «Физиология элементтері», «Скептиктің бой жазу қыдырысы, немесе Аллеи», «Гельвецийдің «адам туралы» кітабын жүйелі түрде жоққа шығару»; философскиялық романдары: «Рамоның жиені», «Жак-фаталист және оның иесі». Ол 35 томдық энциклопедияны құруда белсенділік танытқан және төңірегіне бірнеше ағартушыларды жинаған. Сондықтан ол «кез-келген уақытта білмнің барлық саласына адамзаттық ақылды кескіндеуді күшейтудің жалпылама бейнесі» мақсатын қойды. Когнитивті оптимизмді қуаттай отыра, «біз түк те білмейміз» деген скептикалық тезистен қашқақтап, адамның әлем туралы бейнелеулері бірте-бірте «адамзат білімінің прогресі» арқасында дәлдікке қарай жақындай түсті десе, онтологиялық ілімдерінде материализмді ұстанды: «Әлемде тек бір ғана субстанция бар – жаратылмаған мәңгі материя». Ол іштей белсенді потенциалды өзіндік қозғалғыштықпен көмкерілген. Еркіндік пен қажеттілік, сенсуализм мен рационализм, туа біткен бейімділік пен тәрбиелік ортаның әсері т.б. тартыстар «парадокстар» болып табылады деп, өзінің тәсілін ол «Парадокстар әдісі» деп атаған.

Гельвеций Клод Адриан(1715-1771 жж.) - француз философы, ағартушылық пен материализмнің көрнекті ірі өкілдерінің бірі, француз буржуазиялық революциясының идеологы. Негізгі шығармалары: «Ақыл туралы», «Адам туралы, оның ақыл қабілеті және тәрбиесі туралы» т.б. Ол әлемнің динамикалық бейнесін былайша ұсынды: адам дүниенің бөлшегі болып табыла отырып, мәңгі өмір сүреді: онда даму мен қозғалыс жүріп отырады, бәрі туады, өседі, өледі, бәрі бір қалыптан екінші қалыпқа өтеді, материя кеңістік пен уақытсыз өмір сүрмейді, материя өзінің дамуының белгілі бір кезеңінде ғана түйсіну қабілетін ие болады деген көзқарастарын дәйектей келе, теизм мен деизмді жоққа шығарады, діннің шығу тегін адамдардың өлімнен қорқуынан, бір адамның өзге адамдарды алдауынан деп түсіндіріп, таным теориясында материалистік сенсуализм ұстанымын қуаттады, агностицизмнің қарсыласы болды, адам – санасы, ұмтылыстары, сезімдері бар тіршілік иесі және қоғамның негізі, адамдардың өзін сақтау мен өмірлік игіліктерге ұмтылуынан әлеуметтік үдерістердің кілтін табуға болады деп түсіндірді

Гольбах Поль Анри(1723-1789 жж.) - француз философы, француз материализмі мен атеизмінің негізін салушылардың бірі, 18 ғасырдағы француз буржуазиялық төңкерісінің идеологы. Негізгі шығармалары: «Табиғат жүйесі немесе физикалық және рухан әлемнің заңдылықтары туралы», «Әшкереленген христиандық», «Қалталы құдай туралы ілім», «Парасатты ой» т.б. Ол әлемнің философиялық бейнесін біртұтастық ретінде ұсынды, бәрі де бір-бірімен өзара байланыста, материя алғашқы, жаратылмаған және жойылмайды, табиғат адам санасынан тыс өмір сүреді және кеңістік пен уақыт бойынша шексіз, материя қандай-ма болмасын бір тәсілдермен біздің сезімдерімізге әсер етеді, қозғалыс материяның өмір сүру тәсілі дей келе, адамды эволюциялық тұрғыдан қарастырды; ол табиғаттың өзіндік әрекетінің өнімі және оның заңдылқтарына толықтай бағынады, оның мәні өзін сақтауға ұмтылу, барлық өмірлік қажеттіліктер мен игіліктерді игеруге талпыныс болып табылады. Қоғамдағы адам еркіндігінің өлшемі тұтастай қоғамның игілігі деп пайымдай отыра, таным ұстанымында агностицизмді, туа біткен идеяларды жоққа шығарады, пікір тумастан бұрын, салыстыру жүреді, сол туа біткен идеялар сияқты болып көрінеді дейді. Ақиқатты танылған зат пен суреттелген сапалардың сәйкестігі деп, практика ұғымының орнына тәжірибені алды. Адамдар тани алмайтын нәрселер әлемде болмайды, кездейсоқтық деп түсінілген құбылыстар олардың шығу себептерін білмегендіктен. Адам қажеттіліктердің құлы, ол өмірінде еркін емес. Гольбахтың пікірінше, қоғамдағы қайшылықтардың шешілуі адам ақылының прогресі мен қоғамдық пікірі болып табылады: «Әлемді пікір билейді», ал тарихты жеке адам жасайды. Қоғамдағы жеке адамдардың бақытты, не бақытсыз болуы, не әскери, не сенгіш, не сараң, не жете түсінбейтін болып шығуы тарихты жасаушыға байланысты. Мәселен, бір ашушаң әйелден, миллиондарды соғыстыру, қайыршылық т.б туады. Адамдар құдайды жасады, құдай адамдарда елес түрінде сақталады деген пікірлерін ұсынды.

Наши рекомендации