Дәріс сабақтар тізімі
ЫЛЫМ ТАРИХЫ ЖӘНЕ ФИЛОСОФИЯСЫ
Құрастырғандар: ф.ғ.д., доцент А.К.Абдина, магистр А.Ғ. Ғаппасова
Пікір жазғандар:ф.ғ.д., профессор Ғ. Т. Телебаев
ф.ғ.д., доцент К.А. Медеуова
ПОӘК аннотациясы: Оқу-әдістемелік кешен С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің кредиттік технология бойынша оқитын магистранттарға арналған. «Ғылым тарихы және философиясы» атты пәнді кредиттік технология бойынша оқитын магистранттарға оқытудағы мақсат, ғылыми білімнің құрылымымен, ғылыми зерттеулердің тәсілімен, ғылыми теориялар және заңдармен таныстыру, дүниетанымдық көзқарасты кеңейту, ғылыми зерттеулер және олардың қорытындыларына сай келетін ғылымилықтың сындарлығы және талаптары жайлы түсініктер қалыптастыру. Қазіргі ғылымның әдіс - тәсілдерін білу өзіндік ғылыми шығармашылық жұмыстың қажетті талабы болып келеді және шынайы ғылымды жалған теориялардан ажыратуға мүмкіндік береді. Магистранттар өз кәсіби қызметтерінде кездестіретін философиялық-дүниетанымдық, танымдық, логика-әдістемелік сұрақтарды сараптауда қажет болатын білімдерді, қабілеттерді меңгеруі тиіс.
Философия кафедрасының отырысында 2016 жылдың «__» ______________ қарастырылған, №__ хаттама
Гуманитарлық факультетінің әдістемелік комиссиясының отырысында 2016 жылдың «__» ____________ қаралып, басылымға ұсынылған, №__ хаттама
Мазмұны
Кіріспе............................................................................................................... | |
Пән бағдарламасы (Силлабус) ....................................................................... | |
Дәріс материалдары.......................................................................................... | |
Семинар материалдары.................................................................................... | |
МӨЖ материлдары........................................................................................... | |
Қорытынды бақылау сұрақтары..................................................................... | |
Глоссарий.......................................................................................................... |
Әдебиеттер тізімі.............................................................................................. 63
Кіріспе
«Ғылым тарихы және философиясы» атты пәнді кредиттік технология бойынша оқитын магистранттарға оқытудағы мақсат, ғылыми білімнің құрылымымен, ғылыми зерттеулердің тәсілімен, ғылыми теориялар және заңдармен таныстыру, дүниетанымдық көзқарасты кеңейту, ғылыми зерттеулер және олардың қорытындыларына сай келетін ғылымилықтың сындарлығы және талаптары жайлы түсініктер қалыптастыру.
Қазіргі ғылымның әдіс-тәсілдерін білу өзіндік ғылыми шығармашылық жұмыстың қажетті талабы болып келеді және ақиқат ғылымды жалған теориялардан ажыратуға мүмкіндік береді.
Магистранттар өз кәсіби қызметінде кездестіретін философиялық-дүниетанымдық, танымдық, логика-әдістемелік сұрақтарды сараптауда қажет болатын білімдерді, қабілеттерді меңгеруі тиіс.
Пән мақсаты:
- ғылыми танымды салыстырмалы-тарихи және философиялық-әдістемелік сараптаудағы пәнге интегративті сипаттама;
- ғылыми білімнің құрылымы және функциялары ғылыми танымның әдістемесін және философиясын зерттеу объектісі ретінде;
- ғылыми таным әлем жайындағы жаңа білімдерді алу, практикалық түрде пайдалану және тарату іс-әрекеті ретінде;
- ғылыми таным табиғаты ғылыми танымның философиясы және әдістемесінің негізгі сұрағы ретінде.
Пән міндеті:
- ғылым философиясы және әдістемесінің қорытындысын және негізгі идеяларын зерттеу;
- ғылыми зерттеу ерекшелігін білу;
- ғылыми танымды зерттеудің философиялық-әдістемелік мәселелері;
- түпнегіздермен, шет ел және отандық ғылым әдістемешілерімен сараптамалық жұмыс жасау;
- өзіндік және сыни ойлау қабілетін қалыптастыру.
Күтілетін нәтижелер. «Ғылым тарихы және философиясы» пәнін меңгеру нәтижесінен магистрант ғылыми таным құрылымы мен қызметтері, өз кәсіби аумағында ғылым әдістері жайында алған білімдерін қолдана алу қабілетіне ие болуы; идеологиялық, діни, саяси құрылымдарды ғылыми концепциялардан ажырата алулары тиіс. Қазіргі таңдағы ғылымның әдіс тәсілдерін білу жеке ғылыми жұмыстың қажетті шарты болып табылады және шынайы ғылыми құрылымдар мен жалған білімдерді ажыратуға мүмкіндік береді.
Магистранттар өз кәсіби орталарында туындайтын философия-дүниетанымдық, гносеологиялық, логика-әдістемелік сүрақтарды табысты талдауға қажет білімдерді игерулері тиіс.
1. Оқытушы туралы мәлімет:
Лектор: ф.ғ.д., доцент Абдина А.К.
Кафедрада отыратын уақыты – кафедра кестесі бойынша.
2. Пән туралы мәлімет:
Пән: Ғылым тарихы және философиясы
2 кредит, соның ішінде: дәрістер -15 с., практика - 15 с., МОӨЖ - 15 с., МӨЖ - 45 с.
Оқу уақытын бөлу
Семестр апталары | Барлы ғы | |||||||||||||||
Дәрістер | ||||||||||||||||
Практика | ||||||||||||||||
МОӨЖ | ||||||||||||||||
МӨЖ | ||||||||||||||||
Барлығы |
3. Пререквизиттер:
«Ғылым тарихы және философиясы» курсын оқып үйрену үшін магистрантта философия тарихы және теориясы, гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдары және мамандандырылған пәндерден білімі болуы тиіс.
4. Постреквизиттер:
Ғылым тарихы мен философиясынан алған білімдері магистранттарда ғылыми білім әдістемесінің қалыптасуын мүмкін етеді, ғылыми–зерттеу іс-әрекетінің дағдыларын дамытады.
5. Курстың қысқаша мазмұны:
«Ғылым тарихы және философиясы» пәнін зерттеу мақсаты кредиттік технология бойынша оқитын магистранттарды ғылыми білім құрылымымен, ғылыми зерттеулер тәсілдерімен, ғылыми теориялар мен заңдылықтар қызметерімен таныстыру; дүниетанымдық көзқарастарын кеңейту; ғылыми зерттеулер және олардың нәтижелеріне сай келетін талаптар мен ғылымилық критерийлері жайында түсініктерді, сонымен қатар, ғылым тарихын зерттеу негізінде ғылыми ойлау стилін қалыптастыру болып табылады.
Зерттеу пәні:
- ғылыми танымның философиялық-әдістемелік және салыстырмалы-тарихи талдау пәнінің интегративті сипаттамасы;
- ғылыми білімнің құрылымы мен қызметтері ғылым философиясы және әдістемесінің зерттеу объектісі ретінде;
- ғылыми таным әлем туралы жаңа білімдерді іс жүзінде иемдену, қолданау және тарату әрекеттері ретінде.
- ғылыми таным табиғаты философия және ғылыми таным әдістемесінің негізгі сұрағы ретінде.
Пән міндеттері:
- ғылым философиясы және әдістемесінің негізгі идеялары мен нәтижелерін зерттеу;
- ғылыми зерттеу ерекшелігін білу;
- ғылыми таным зерттеулерінің философиялық-әдістемелік мәселелері;
- түпнегіздермен, шет ел және жергілікті ғылым әдістемешілерінің классикалық еңбектеріне талдау жұмыстарын жүргізу;
- жеке және сыни ойлауға жәрдемдесу.
Күтілетін нәтижелер. «Ғылым тарихы және философиясы» пәнін меңгеру нәтижесінен магистрант ғылыми таным құрылымы мен қызметтері, өз кәсіби аумағында ғылым әдістері жайында алған білімдерін қолдана алу қабілетіне ие болуы; идеологиялық, діни, саяси құрылымдарды ғылыми концепциялардан ажырата алулары тиіс. Қазіргі таңдағы ғылымның әдіс тәсілдерін білу жеке ғылыми жұмыстың қажетті шарты болып табылады және шынайы ғылыми құрылымдар мен жалған білімдерді ажыратуға мүмкіндік береді.
Магистранттар өз кәсіби орталарында туындайтын философия-дүниетанымдық, гносеологиялық, логика-әдістемелік сүрақтарды табысты талдауға қажет білімдерді игерулері тиіс.
Пәнді меңгерген соң магистрантар міндетті:
A. Біліп түсіну: негізгі эпистемологиялық үлгілерді, рационалдылық түсінігінің трансформациялану сипаттарын; ғылымға дейінгі, ғылыми және ғылымнан тыс таным формалары мен тәсілдерін, танымның қазіргі тәсілдерін.
B. Білуі: ғылыми-зерттеу жұмыс барысында туындайтын және терең кәсіби біліктілікті қажет ететін сұрақтарды құрауы және шеше алуды; зерттеудің қажет тәсілдерін таңдай білуді; нақты зерттеу негізінде бар тәсілдерді өзгерте алу және жаңа тәсілдерді құрастыруды.
С. Ғылыми зерттеу және педагогикалық жұмыс жүргізуде әдіс және әдістемелік білімдерді қолдану қабілетіне ие болулары қажет.
D. Нақты бағытта кең білімді қажет ететін ғылыми-зерттеулік және ғылыми-педагогикалық әрекеттерді жеке өткізе алу қабілетіне ие болуы тиіс.
E. Әлеуметтік гуманитарлық және жаратылыстану білімдері әдістемелік негізінде қазіргі теория мен практика ақиқатын түсіну және талдай алуы тиіс.
Курс мазмұны
Дәріс сабақтар тізімі
№ | Тақырыптар атауы | Көлем, сағат | Әдебиет | Ағымдық бақылау, балл |
Кіріспе "Ғылым тарихы және философиясы" курсының пәні. Ғылыми білімнің даму заңдылықтары. Ғылым компоненттері әлеуметтік институт ретінде. Мәдениеттегі ғылымның орны және ролі: сциентизм және антисцеинтизм. Ғылым феномені айырықша талдау пәні ретінде: интернализм мен экстернализм. | Н.Ә.: 1-8, 12,13, 16-19, 23-25 Қ.Ә.: 6, 9, 13, 15 | 50/100 | ||
Ғылымның дүниетанымдық негіздері Мәдениет жүйесіндегі ғылым. Ғылыми танымның ерекшеліктері. Ғылым дамуындағы философияның дүниетанымдық ролі. Ғылымның адамның рухани шығармашылығының басқа да түрлерімен ара-қатынасы. Ғылым және өнер. Ғылым және дін. Ғылымның гуманисттік көкжиектері. | Н.Ә.: 1-8, 11-13, 16-19, 22-25 Қ.Ә.: 6, 7, 14, 15 | 50/100 | ||
Ғылымның атқаратын қызметтері Шынайы білімді өндіру мен көбейту - ғылымның басты қызметі ретінде. Ғылымның жалпы қызметтері. Ғылымның әлеуметтік қызметтері. Ғылымның қоғам қажеттілігіне тигізетін әсері. Ғылым және қазіргі заманның жаһандық мәселелері. Ғылым және қазіргі білім беру жүйесі. | Н.Ә.: 1-8, 12,13, 16-19, 23-25 Қ.Ә.: 11, 13, 24 | 50/100 | ||
Көне әлемдегі, орта ғасырдағы және Қайта өрлеу заманындағы ғылымның туындауы мен қалыптасуы Ежелгі мәдениеттердегі адамның әлемге қатынасы мен дүниені түйсінуінің ерекшеліктері және алғығылым. Антикадағы ғылыми-зерттеу бағдарламалары. Орта ғасырдағы араб-мұсылман ғылымы. Орта ғасырлардағы Батыстағы ғылыми таным. Коперниктың әлемдік гелиоцентрлік жүйесі. Эксперименталды тәсіл туындауының алғышарттары. | Н.Ә.: 1, 3, 13, 16, 19, 24 Д.Л.: 12, 14, 17, 19 | 50/100 | ||
Жаңа еуропалық ғылым – ғылым дамуының классикалық кезеңі Жаңа кезеңдегі ғылымның қалыптасуы. Ғылымның әлеуметтенуі және институциализациясы. Ғылымдағы тәсіл мәселелері. Ғылымның рационалды және эмпирикалық тәсілдері (Рене Декарт және Френсис Бэкон). Исаак Ньютонның әлемнің механикалық бейнесі. Неміс классикалық философиясы және классикалық ғылым. | Н.Ә.: 1, 3, 13, 16, 19, 24 Қ.Ә.: 7, 8 | 50/100 | ||
Ғылым тарихы мен философиясының классикалық емес және постклассикалық емес даму кезеңдерінің негізгі концепциялары мен бағыттары Ғылым концепциясы: ғылым философиясы мен әдістемесіндегі негізгі бағыттар. Неокантшылдықтың эпистемологиясы: баден және марбург мектептері. Ғылым философиясындағы позитивисттік дәстүр. Позитивизм, эмпириокритицизм және неопозитивизм. Постпозитивизмнің әдістемелік концепциялары. Постмодернизм және ғылым. Қазіргі ғылымның амбиваленттық сипаты. | Н.Ә.: 1, 3, 7, 10, 11, 14, 15, 20-23 Қ.Ә.: 7, 8, 11, 13, 14, 24 | 50/100 | ||
Ғылыми танымның құрылымы мен деңгейлері. Ғылым әдіснамасы Ғылыми білім күрделі дамушы жүйе ретінде. Ғылыми білім түрлерінің көпбейнелілігі. Эмпирикалық және теоретикалық деңгейлер, оларды айыру критерийлері. Ғылыми тәсіл түсінігі. Әдіс және әдіснама. Ғылыми зерттеулер көпбейнелілігінің әдістері. Диалектика, жүйелі бағыт және жүйелі анализ. Синергетикалық парадигманың қалыптасуы. | Н.Ә.: 1-7, 12, 13, 23-25 Қ.Ә.: 9, 14, 17, 25 | 50/100 | ||
Ғылым кәсіп ретінде. Ғылым идеалдары мен шарттары Ғылым - кәсіп және шығармашылықтың ерекше түрі ретінде. Ғылыми қауымдастықтың шарттары және құндылықтары. Универсализм, коллективизм, риясыздық және ұйымдасқан скептицизм ғылыми этостың сипаты ретінде. Қазақстандағы ғылым. Қазақстан Республикасындағы ғылымның басым бағыттары. | Н.Ә.: 1, 2, 4-6, 8, 12, 14, 15, 20-24 Қ.Ә.: 7, 8, 11, 13, 24 | 50/100 | ||
Ғылымның философиялық негіздері және әлемнің ғылыми бейнесі Философиялық идеялар ғылымның онтологиялық постулаттары, ғылыми ізденістің гносеологиялық нормативтері және аксиологиялық мақсаттары. Әлемнің ғылыми бейнесі түсінігі. Әлемнің ғылыми бейнесінің тарихи түрлері. Жаһандық эволюционализм қазіргі әлемнің ғылыми бейнесі ретінде. Космологиядағы антропты принцип. | Н.Ә.: 1-3, 6-9, 14-18, 20-25 Қ.Ә.: 4, 20, 21 | 50/100 | ||
Ғылыми дәстүрлер және ғылыми революциялар Дәстүрлер қарым-қатынасы және жаңа білімнің туындауы. Ғылыми революциялар ғылым негіздерін қайта қарау. Ғылыми революциялар типологиясы мәселелері. Жаһандық революциялар және ғылыми рационалдылық түрлерінің ауысуы: классикалық, классикалық емес және постклассикалық емес ғылым. | Н.Ә.: 1-10, 14, 15, 20-25 Қ.Ә.: 8, 11, 13-15, 20, 24 | 50/100 | ||
Жаратылыс және техникалық ғылымдардың тарихы мен философиясы Жаратылыстану және техниканың дамуы. Жаратылыс ғылымдарының жіктелуі. Физика жаратылыстану ғылымдарының іргетасы ретінде. Биология және қазіргі әлемнің эволюциялық бейнесінің қалыптасуы. Математикалық әдістер және ғылыми білімнің қалыптасуы. Қазіргі техника философиясының негізгі мәселелері. | Н.Ә.: 1-7, 9, 13, 16-19, 22-25 Қ.Ә.: 1-3, 9-11, 16, 18-20, 22-25 | 50/100 | ||
Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдардың тарихы және философиясы Философия ғылыми білімдердің интегралды түрі ретінде. Әлеуметтік-гуманитарлы топтамадағы ғылыми пәндердің қалыптасуы. Әлеуметтік-гуманитарлы ғылымдар феномені және оның өркениеттілік мағынасы. Әлемдік ғылыми қауымдастықтағы әлеуметтік ғылымдар. | Н.Ә.: 1-3, 8, 10, 11, 14, 15, 20-24 Қ.Ә.: 5, 6, 15, 16, 21 | 50/100 | ||
Қазіргі жаһандық өркениеттер дамуының философиялық мәселелері Қазіргі жаһандық өркениет және оның ерекшеліктері. Өркениеттердің тарихи концепциялары және олардың ғылыммен өзара байланыстары. Өркениеттік дамудың дәстүрлі және техногенды типтері және олардың негізгі құндылықтары. Қазақстандық өркениеттік бірегейліктің қалыптасуы. Ғылымның жаһандық контексті. | Н.Ә.: 1-8, 22 Қ.Ә.: 4, 20, 21 | 50/100 |