Философияның пәні.

Заң факультеті

Философия және саясаттану кафедрасы

БЕКІТЕМІН

Ұйымдастыру жұмысы, әлеуметтік

және студенттік сұрақтар бойынша

проректор, п.ғ.д.,профессор

____________ М.Ж. Мальтекбасов

«_____» ______________2015 ж.

Философия пәнінің

ОҚУ – ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

Мамандықтар: барлық мамандықтар үшін

Оқу формасы: күндізгі, сырттай (ҚОТ)

Талдықорған 2015 ж.

Оқу-жұмыс бағдарламасы типтік оқу бағдарламасына сәйкес және МЖМБС негізінде университеттің барлық мамандықтарына ф.ғ.к., доцент К.Н.Аликенова кұрастырған.

_____________________

(оқытушының қолы)

Философия және саясаттану кафедрасының отырысында қарастырылды.

«____ »_______________ 2015 ж. № хаттама

Кафедра меңгерушісі А.Н. Калханова

«_____»__________ 2015 ж. № хаттама

Заң факультетінің әдістемелік бюросы мақұлдаған.

Әдістемелік бюроның төрайымы __________ А.Б. Жүніспаева

ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ

  Философияның пәні
Философияның пәні, мақсаты және кызметтері
  Философия тарихы
Ежелгі дүние философиясы. Қазақтардың алдыңғы философиясы. Ежелгі Шығыс философиясы. Антика философиясы
Ортағасырлық Шығыс және Батыс философиясы
Қайта Өркендеу дәуірі философиясы
Жаңа дәуір философиясы
XVIII ғасырдағы Европаның Ағартушылық философиясы
Классикалық неміс философиясы
XVIIIғ.соңы - XXIғ. басындағы философия
Қазақ философиясы
  Дүниені философиялык түсіну негіздері
Болмыс - онтологияның орталык категориясы
Даму принципі: диалектика және синергетика
Танымның мүмкіндіктері мен шекаралары. Ғылыми таным ерекшеліктері
  Философия ізденіс және даму жолында
Философиялық антропология
Әлеуметтік философия
Қазіргі заманның жаһандык мәселелерін философиялық пайымдау

ПӘННІҢ МАЗМ¥НЫ

Кіріспе

«Философия» пәнін окытудың мақсаты:

- студенттердің бойында дүниенің танудың ерекше формасы болып
табылатын философия, оның негізгі бөлімдері, мәселелері және оларды зерт-теудің өзінің болашақ кәсіби қызметімен байланысты әдістері туралы басты түсініктерді қалыптастыру;

- студенттерді ұлы ойшылдардың философиялык мәтіндерімен таныстыру және оларды сыни түсіну дағдыларын калыптастыру;

- өз ойларын логикалық түрде баяндай білуді, философиялык пікірталасты сауатты жүргізуді және қазіргі заманның өзекті мәселелері бойынша өзіндік көзқарасын дәлелді түрде қорғай білуді дамыту;

- қазақстандык патриотизмді қалыптастыру;

- болашақ маманның қазіргі күрделі де өзгермелі заманда көзқарастык және рухани бағдарға ие болуына ықпал ету.

«Философия» пәнін оқытудың міндеттері:

- философияның тарихи даму кезеңдерін зерттеу;

- қазақ халқының қайталанбас философиялық дүниетанымымен таныстыру;

- философияның негізгі бөлімдері мен даму ағымдарын, оның
рационалдылығының формаларының трансформацияларын қарастыру;

- ғылыми танымның қазіргі заманғы әдістері туралы білімді игеру;

- болашақ мамандардың бойында философиялық-көзқарастық және
әдістемелік мәдениет негіздерін қалыптастыру.

Философияның тарихи дамуының кысқаша очеркі.

Дүние және ондағы адамның орны туралы дәстүрлі-мифологиялық түсініктің дағдарысы және философияның пайда болуы. Философия - адамның ақыл-ой арқылы өзіндік анықталуының жаңа типі. Ежелгі дүние философиясы. Қазақтардың алдыңғы философиясы. Ежелгі Шығыс: Үнді, Қытай, Египет және Вавилон философиясы. Біздің дәуірімізге дейінгі VI ғасырдың бірінші жартысы: мифология мен көне грек ғылымының әсерінің негізінде антикалык философияның туындауы. Ортағасырлық философия және дін. Қайта Өркендеу дәуіріндегі философиялык ой және өнер. Жаңа дәуір философиясы және ғылыми білімді негіздеуге талпыныс. Ағарту дәуірі: дін мен теологияны философиялық сынау, ақыл-ойды коғамдық прогресстің козғаушы күші ретінде түсіну. Классикалық неміс философиясы. Марксизм философиясы: тарихты материалистік түрғыдан түсіну талпынысы. ХҮШ-ХХІ ғасырлардағы батысевропалык философия: философиялық бағыттардың көптүрлілігі. Қазақ және орыс философиясындағы адам, ұлт және отан тағдыры мәселелері

философияның пәні. - student2.ru философияның пәні. - student2.ru НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Философияның пәні.

Наши рекомендации