Ілімі және бағыты

Ф КГМА 1-8-22/02

МУ «Организация

Методической работы в

Соответствии с ГОСО

Года» от 4.07.07

Арағанды Мемлекеттік Медицина Академиясы

Азақстан тарихы және әлеуметтік – саяси пәндер кафедрасы

Дәріс

Тақырыбы: : «Антикалық мәдениеттегі философия. Антикалық философияның даму кезеңдері».

Мамандығы: «051301 – Жалпы медицина»

Пән:«Философия»

Курс:2

Уақыт (ұзақтығы) :50 минут

Арағанды – 2008 ж

Кафедраның мәжілісінде талқыланып және бекітілген

Хаттама №_____ «_____»__________2008 ж.

Кафедра меңгерушісі: О.К. Никитина

· Тақарыбы: «Антикалық мәдениеттегі философия. Антикалық философияның даму кезеңдері»

· Дәріс мақсаты : Студенттерді антикалық философияның қалыптасуы мен дамуының мәдени әлеуметтік контекстісімен, оның негізгі даму кезеңдерімен, сонай – ақ әрбір кезеңде қарастырылған басты мәселелерімен таныстыру.

  • Дәріс жоспары:
  1. Көне грек философиясының қалыптасуы мен дамуының мәдени - әлеуметтік контексті.
  2. Антикалық философияның даму кезеңдері: Сократқа дейінгі Сократтан кейінгі (классикалық) және римдік – эллинистік.
  3. Антикалық философияның қарастырған басты мәселелері: философиялық ізденістердің эпистемиологиялық бет бұрысы, саяси - әлеуметтік ізденістер, білім және құзырлық (Платон), білім алу жолдары (Аристотель), жеке басты қамсыздандыру жайлы философиялық ізденістер және т.б.
  4. Антикалық философияның сипатты белгілірі мен өзіне тән ерекшеліктері және барлық батыс – еуропалық философияға, дүниетанымдық бағдарларының адамның мәдени және саяси - әлеуметтік белсенділігінің қалыптасуына әсері.

· Дәріс тезистері:

Антикалық философияның сипатты белгілері мен өзіне тән ерекшеліктері:

- бұл философияның гүлденуінің материалдық негізгі полистердегі экономиканың дамуы (сауда – саттық қолөнердің қалалық орталықтар);

- көне грек философиясы материалдың өндірістен алшақтағасын философтар өзбетінше қоғамның рухани және саяси өмірін басқаруға талапкер топқа айналады.

- бастапқы кезеңдерде көне грек философиясы мифология мен тығыз байланыста болды;

- көне грек философиялық ортаңғы мәселесі Ғарыш бәрі ортасы Космоцентризм (Ғарыш алдындағы үрей және оған табыну), материалдық дүниенің пайда болуы, қоршаған орта жолдағы құбылыстарға деген қызығушылық , және түсіндіру;

- кейінгі кезендердегі космоцентризм мен антропоцентризм араласуы;

- құдайлардың өмір сүретіндігіне деген сенім;

- көнегрек құдайлары табиғаттың құрамдас бөлімі және адамдарға жақын болады;

- адам табиғаттан бөлінген жоқ, оның құрамдас бөлімі болды.

Антикалық мәдениет деп көне грек және рим мәдениетін айтады. Антика сөзін латын тілінен қазақшаға аударғанда «ежелгі» деген мағына береді, басқа батыс елдері мәдениетінен айырып қарау үшін, грек, рим мәдениетін олармен қатар қоймау және оның батыс мәдениетінің қалыптасуындағы рөлін айқындау үшін атаған. Ф. Энгеліс «Грек, рим мәдениеті қалаған іргетассыз, Еуропаның болуы да мүмкін емес еді» деп жазған болатын. Әрине, грек, рим мәдениетінің құрамында грек, рим философиясы да бар. Өйткені қайсыбір елдің болмасын мәдениетінің қандай деңгейде екендігін білгіміз келсе, сол елдің, халықтық философиясына үңілеміз. К. Маркстің дәл тауып айтқан сөзімен айтатын болсақ, «философия – мәдениеттің тірі жаны» болып табылады. Философия әрқашанда болмыс пен, білімнің түпкі негізін, мәдениеттің негізгі жағдайларын сөз етіп, бұл ретте ойлаудың бар мүмкіндіктерін іске асыруға тырысып отыратын сияқты.

Б.э.д. VII- VI ғасырларда эллада полистерінде (қала - мемлекет) қолөнер, сауда, ақшалай – заттық қатынастар жоғары қарқында дамып, осы себептердің негізінде өзіндік талап – мүделері ерекшеленген әлеуметтік топтар пайда болады. Евпатридтердің билігінің орнына мемлекеттің тирандық, кейінрек келе, құлдық демократия түрлері дүниеге келеді. Азаматтардың қоғамда алатын орны шығу тегі байланысты болмай, олардың мүмкіндік жағдайларымен байланыстырылды. Осы себептер ой еңбегі мен дене еңбегінің бөлінуіне, осы негізде таза зиялылар, қауымының пайда болуына, әртүрлі әлеуметтік топтардың талап – мүдделеріне сай саяси - әлеуметтік, философиялық көзқарастардың қоғамдық сана ретінде қалыптасуына әкеліп, соқты. Ескеретін жай көне грек философиясы материалдық өндіріс процесінен тысқары болды, ал философтар өзбетінше физикалық еңбекке тартылмаған қоғамды рухани және саяси басқаруға талаптанған өзбетінше топқа айналды.

Антикалық философияның даму кезеңдері. Сократқа дейінгі кезең (б.э.д. VII – VI ғ.ғ.) – «Сократқа дейінгі» - философтар қызметімен байланысты: Милет мектебі, Гераклит, пифогоршылдар, элия мектебі, атолистер. Сократқа дейінгілердің негізгі айналысқан мәселелері – бұл табиғат , ғарыш, барлық тіршіліктің бастамасын іздеу.

Философиялық ойлану әдістері - өздерінің жеке көқарастарын көркем сөздермен мәлімдеу, оларды догмаға айналдыру.

Ілімі және бағыты

Милет мектебі 1) Фалес (б.д.д. шамамен 625-547ж.ж.) 2) Анаксимандр (б.д.д. шамамен 610-540ж.ж.) 3) Анаксимен (б.д.д шамамен 585-525ж.ж.) Бұл мектеп Милет қаласының атымен аталған. «Барлығы неден пайда болды?» 1) Су 2) апейрон (белгісіз, шексіз субстанция, бөліктері өзгереді, тұтас ешқандай өзгермейді, оны сезіммен қабылдау мүмкін емес, бірақ ақыл – ой арқылы игеруге болады.) 3) ауа.
Эфестік Гераклит (б.д.д. шамамен 530-470ж.ж.) Эфес қаласынан шыққан философ. «Барлығы неден пайда болды?» жауап: от болмыс субстанциясы, барлық айналымдарда өзгеріссіз қалады; ол сонымен қатар барлық процестермен күйлердің негізінде жатқан бір объективтік – логикалық заңдылықты (диалектиканы) анықтауға тырысты. (Бір түскен өзенге екінші рет түсе алмайсын), «Бәрі ағын сияқты, бәрі өзгереді» - диалектиканың негізін салушы.  
Пифагор (б.д.д. 576-496ж.ж.) және оның мектебі пифагоршылдар. «Барлығы неден пайда болды?» Жауап: сандар – барлық заттардың, ғарыштың негізі.
Элей мектебі Ксенофан (б.д.д. 565-470ж.ж.) Зенон (шамамен б.д.д. 510-430ж.ж.) «Барлығы неден пайда болды?» Жауап – болмыс. Элей мектебінің негізгі қағидалары – түйсінген денелердің барлығын нақтылық пен қабылдауға болмайды, керсінше, олардың бәрінде өздерін ақыл – ой арқылы негіздеуге болатын мүмкіндіктері болуы шарт. Себебі, тек қана түсіндіруге болатын заттар ғана нақтылы өмір сүреді. Қарама – қайшы пікірлерге сыймайтындар жоқ. Олай болса, нақты шындық пен түсіндіре білудің арқасындағы қарама – қайшылық – біз қолданып жүрген ұғымдардың деңгейлерінің жеткіліксіздігінің салдары. Бұл пікір ешқандай талқылауды керек етпейді.
Атомистер. 1) Левкипп (шамамен б.д.д. 500-440ж.ж.) 2) Демокрит (б.д.д. 460-370ж.ж.) 1) Аристотельдің айтуынша Левкипп Парменидтің (элей мектебі) пікірімен келісуге тырысқан – сезімдік тәжірибемен материалдық денелердің қозғалысын мүмкін еместігі туралы. Левкипп ғылым айналысына жаңа ұғымдар: абсолюттік бос қуыс, осы босқуыста атомдардың қозғалуы: механикалық қажеттілік ұғымы. 2) Атомистік ілімнің негізін қалаушылардың бірі. Ол екі бастаманы: атомдар және бос кеңестік мойындайды. Атомдар, яғни бөлінбейтін бөліктер, өзгермейді: олар мәңгі, үнемі қозғалыста болады және бір – бірінен тек пішіні, үлкендігі, орналасқан кейпі мен тәртібі арқылы айырмашылықта болады. Атомдардың бірігуінен денелер пайда болады, атомдардың құлауы денелердің жойылуына әкеледі.

2) Классикалық кезең (б.д.д. V – IV ғ.ғ. – көне грек философиясының гүлдену уақыты). Бұл кезеңге софистердің ағартушылық – философиялық қызметтері, Сократтың философиялық ойлануы, Платон және Аристотель философиясы жатады.

Философияның зерттеу предметі ғарыш ғана емес, адам, қоғам, мемлекет.

Классикалық кезеңнің философтары табиғат пен ғарыш мәнін түсіндіруге тырысты, бұл мәселені терендете түсті:

- алғашқа бастаманы іздеуге аса назар аударған жоқ.

- табиғат пен ғарышты жасауда құдайлар мен идеялардың қатысы болды.

- мәннің пайда болуы туралы идеалистік көзқарасты алға тартты (Платон – «таза идея» ілімінің авторы), шынайы дүниенің негізгі мәні идеялар, ал сезімдік заттар дүниесі олардың салдары, көшірмесі, елесі ғана.

- материализм мен идеализм арасындағы пікір – таластың бастаушысы болды.

- адам, қоғам, мемлекет мәселелеріне қызығушылық танытты; көніл аударды.

- догматикалық – декларативті философиялық ойлану әдісінен диалогтық – дәлелдемелеу әдісіне көшті.

- логиканың дамуына үлкен үлес қосты.

- Практикалық ағартушылық – философиялық қызмет жүргізді. (Софистер және Сократ).

Ілім және бағыт

Софистер: Гиппий, Антифонт. 1) Протагор (шамамен б.д.д. 480-410ж.ж.) 2) Горгий (шамамен б.д.д. 483-410ж.ж.) Даналық – бұл білім, қажетті және пайдалыны дәлелдей білу немесе қабілет. Софистика – шешендік өнері, пікір – таласта, дұшпанды қандай да болмасын айла – тәсіл мен жеңіп шығу, оған берілмеу, философиялық ойлану риторикасы.   1) Көне грек философы, көрнекті софист, Протагордың «Ақиқат» атты еңбегі, «Адам барлық бар заттар мен жоқ заттардың өлшеміші» деген сөзден басталады. Бұл жерде адам деп жеке адамды айтады және осыдан қандайда болмасын білімнің, құндылықтардың, заңдар мен әдет – ғұрыптардың салыстырмалығы түсіндіріледі. 2) Ол әйгілі триаданың иесі. 1) дүниеде ешнәрсе жоқ ; 2) егер ол бар болса, оны тану мүмкін емес; 3) Егер оны тану мүмкін болса, оны пайымдау, түсіндіру мүмкін емес.
Сократ (шамамен б.д.д. 470-399ж.ж.) әйгілі көне грек философы, «Сократ философияны көктен жерге түсірді (Цицерон), философияны түпкілікті өзгертушу» (Карл Маркс) Азаматтарды сауаттандырумен, білімді таратумен айналысқан, адам мәселесінің мәңгілік сұрақтарына жауап іздеді, маевтика әдісін ашты, бұл әдіс қазірдің өзінде де білім саласында қолданылады; көркем сөзбен мәлімдеумен емес, ақиқатты еркін пікір – талас арқылы табатын диалогтық әдісті енгізді. Сократ әдісі – бұл диалектика, пікір – талас өнері ретінде түсіндірілетін (күмәндану, ирония, майевтика, индукция, дефиниция).
Платон (427-347ж.ж.б.д.д.) – идеалист – философ, Сократтың шәкірті, объективтік идеализмнің негізін салушы. 30 – дан астам философиялық диалогтардың авторы.   Платонның пікірінше, шын болмыс ақылмен ғана білуге болатын денесіз идеялар әлемі. Әр идея өз алдына мәнгі және өзгермейді, ол өзіне өзі тән. Идеялардың саны көп, бірақ шексіз емес. Әлемде қанша бір тектес, ұқсас заттар, қатынастар, процестер көп болса, сонша идеялар бар. Идеялар бір – біріне бағынышты немесе ортақ бір идеяға бағынышты болады. Жоғарғы идея – абсолютті жақсылық немесе әлемдік ақыл – ой.
Аристотель (б.д.д. 384-322ж.ж.)- көне грек философы және ғалымы – энциклопедист, логика және басқа да көптеген ғылым саласының негізін салушы. Платонның денесіз форма (идея) ілімін сынға алады; заттар идеясы сол заттың өзінің ішінде де болады. Материя – бұл материал, зат: а) түрсіз және анық емес зат, ә) бұл «заттың неден тұратыны» Материя – бұл заттардың алуан түрінің пайда болу мүмкіншілігі; ол енжар (пассивті) және инертті; белсенді фактор- бұл форма. Формалардың барлық формасы – Құдай, бірақ барлық жерде өмір сүрмейді, өйткені адамға ақыл – ой берілген.
  Аристотельдің адам тәрбиесі мәселесіне өзіне дейінгі ойшылдарға қарағанда айрықша көніл бөлді. Ол адамның жан – жақты мәдени және рухани дамуына ерекше ықпал ететін өнер деп атап көрсетті. Әсіресе өнерлердің ішінде Аристотель трагедияны ерекше бөліп алып, оның адамдарға тигізетін әсерін бағалады. Трагедия демосқа (демос грек тілінде «халық») жақын тұрады. Өйткені демос – бұл күш, саяси шындық, одан ешқайда кете алмайсың. Аристотель өнер және оның түрлері арқылы адамгершілік пен парасаттылықты қалыптастыруға болады деп есептеді.

3) Римдік – эллинистік кезең (б.д.д. IIIғ. – б.д. VI ғ.) киниктер философиясының және басқа «сократтық» мектептердің, стоялықтар, скептиктер, эпикур философиясының таралуымен сипатталады. Бұл кезеңде антикалық философиялық ойдың құлдырауы байқалады: римдік - эллинистік кезең философиясында өзінің тереңдігі мен мазмұны бойынша классикалық кезең – орын тапты; христиандық философия қалыптаса бастайды. Басты философиялық мәселелер – мораль және адам еркіндігі, таным мәселесі, ғарыш құрылымы, ғарыш пен адам тағдыры, Құдай және адам қатынастары сұрақтары.

Римдік – эллинистік кезеңнің айрықша белгілері:

- антикалық моральдық және философиялықтар дағдарысы;

- құдай және тағы басқада жоғарғы табиғи жаратылыстар алдындағы қорқыныштың, оларды сыйлаудың төмендеуі;

- бұрынғы беделді сынау.

- өз - өзінен физикалық және рухани сүйеніш іздеу;

- шындықтан шешімге келуге деген талпыныс.

Ілім және бағыт

1) Эпикур (б.д.д. 341-270ж.ж.)- көне грек философы Афинада б.д.д. 306 жылы «Эпикур Бағы » деп аталған философиялық мектептің негізін қалады, эпикур Демокриттің атоистік ілімін қабыл алды. 2)Ізбасары Тит Лукреций Кар (Ежелгі Рим). 1)Индивидтің бағытты өмірге қол жеткізуінің қажеттігі мен мүмкіндігі туралы идеяны негіздеу және дамыту: құдай және өлім алдындағы қорқыныш сезімінен айырылу; (мен бар жерде өлім жоқ, ал өлім келгенде мен жоқ боламын) өз түйсігін басқара білуді үйрену. Ләззаттің, рахаттың жоғарғы формасы – атараксия. 2) «Заттар табиғаты туралы» (б.д.д. I ғ.) дастанында мәңгі өлмес құдайлардың болуын жоққа шығарады. Ол әлемнің, адамның пайда болуын және адам қолымен жасалғанның бәрін ғылыми жолмен дәлелдеуге тырысты. Оның пікірі бойынша табиғат атомдардан тұрады. Атомдар бір – бірімен қосылып, аспан денелерін, жерді, тірі затттардың, адамдардың жанын құрайды. Ол денемен бірге өлетін жаннның өмір сүретінін теріске шығарады.
Стоицизм көне (Зенон, Кеманф, Архесипп); ортаңғы (Посидония, Панэредий); кейінгі (кештеу) (Эпиктет, Сенека, Марк Аврелия) Логика (тамыр), физика (ағаш) және этика (жеміс) ғылымдарының мәселелерін зерттеді. Барлық тіршілік ететіндер – алдын – ала анықталған: барлық оқиғалар табиғаттағы және қоғамдағы қатаң заңдылыққа бағынады, ол қайталанбас қажеттілік ретінде болады. Стоялық ойшылдар өзінің логикасында, физика мен этикасында табиғатты, яғни сезімдік материалды, ғарышты субъекті ретінде қарап, ол арқылы адамды түсінуге ұмтылды. Өйткені табиғат көркем түрде жаратылған. Ендеше адам да ешбір бүлінбей , идеалды түрде шебердің қолынан шыққандай, өзінің мәнін айқара ашып, күнделікті күйбең өмірдің лас жағанан тазаланып шығуы керек. Сондықтан ол ешбір қайғыны, ауыр азапты басынан кешірмей, тыным жайбарақат өмір сүруге тиісті.
Скептицизм (Скептикттер): Элидадан шыққан Пирон (б.д.д. 365-275ж.ж.) Секст Эмпирик (б.д.д. 200-250ж.ж.) Скептиктер (грек тілінде «қараймын», «зерттеймін», «күдіктенемін») ағымыда адамның ішкі дүниесін, рухани өмірін өзгерткен көптеген ойларды қамтыды. Бұл философияның негізгі адамның ойы арқылы айналадағы дүниеге кеңінен көз салу, оны жақсылап көріп алу, өткен жолымызға қайта қарау және танымның жетістігіне сын көзбен шолу арқылы оны қайта бағыттау. Скептиктер көне дәуірдегі диалектика мен софистиканы ұштастырады. Әлемдегі бар ұнамды , оң құбылыстарға талдау жасай отырып, скептик тек қана қарама – қайшы пікірлер арқылы емес, оларды шындық немесе шындық емес – исостения , екендігіне толық теңдік қатынас ретінде, адамға феноменнің өзі заттар құбылыс екендігін алғаш рет тауып ашып көрсетті. Скептиктің өмірлік бағдары – игілікті ақыл – ой, есті мағынаға әдеттену.

Қорыта айтқанда стоялықтар – Аристотельді, эпикуршілдер Демокритті, скептиктер элей мектебі мен софистерді Платонды әрі қарай ілгері жалғастырушылар болды. Бұл ағымдар – стоялықтар, эпикуршілдер және скептиктер – философия тарихында бір – бірімен үнемі жауласып өткен топтар. Алайда, олар адам өмірінің негізгі мақсатын бақыт деп білді. Сондықтан олар адамның бақытқа жетуінің жолдарын өзінше көрсетіп беруге барынша ат салысты.

Антикалық философия барлық батыс – еуропалық философияға күшті әсер етті. Антикалық философияның бастысы мынадай жетістіктерін атап өтуге болады:

- философияда екі бағыт – идеалистік (Платон) және материалистік (Демокрит), екі бағытта алма кезек ауысып басықтық танытты: сократқа дейінгі кезеңде материалистік, классикалық және римдік – эллинистік кезеңде – теңдей ықпалы болды, қазіргі уақытта да, материализм мен идеализм қатар болуда;

- философияның негізгі сұрағы «Қайсысы алғашқы ? материя немесе сана?» қалыптасты;

- еуропалық философияның негізгі қағидалары: ойлау, ойды жеткізу еркіндігі, тұлғаның еркін дамуы, философиялық білімдердің дамуы теологиялық негізде ғана емес, ғылыми негізде дамуы қаланды.

- Келешек жетістіктері философиялық тұрғыдан негізделді: заттардың атомнын құрылымы, математикалық және басқа да ғылымдардың негізі.

· Иллюстриялы материалдар: Дәріскердің өзі дайындаған кестесі, «Антикалық философияның даму кезеңдері».

· Әдебиеттер.

Негізгі:

  1. Антология мировой философии В 4-х т. М., Мысль 1969-1972
  2. Платон Соч. В 3-х т. М., 1970 2т.
  3. Сенека Луций Анний Осчастливой жизни // Римские стоики М., 1970

Қосымша:

  1. Алтай Ж., Қасабек А., Мұхамбетәли Қ. Философия тарихы. Алматы 1999
  2. Домбровский А. И. Сад Эпикура. М., 1967
  3. Нысанбаев Ә., Әбжанов Т. Философияның қысқаша тарихы. Алматы, 1999
  4. Маковский А. Досократики Часть вторая Казань, 1915
  5. Томсон Д. Первые философи М., 1967

· Бақылау сұрақтары (кері байланыс)

1. Антикалық философияның пайда болуының алғы шарттары?

2. Грек және Рим философиясы мен мәдениет арақатынысы туралы не айтасыз?

3. Эпикуршілдер, Стоялықтар, Скептиктердің бақыт туралы түсіндірмесімен келісесіз бе?Сіз өзіңіз бақыт деген қалай түсінесіз? Бақытқа барлық адамдардың қолы жете ме?

4. Антикалық философияның жетістіктері мен кемшіліктері неде?

5. Антикалық философиясың тарихы маңызы, жалпы осы философия туралы қандай ой түйдіңіз?

Наши рекомендации