Жырау-жыршылық өнер
Жырау – эпикалық жырдың авторы, әрі орындаушысы.Жыршы – сол жыраулардан қалған шығармаларды орындаушы. «Жырау» мен «жыршы» сөздерінің түбірі бір. «Жыр» деген сөз екі мағынаны білдіреді:
1) түркі тілдес халықтарда кездесетін 7-8 буындық поэтикалық құрылым;
2) осы құрылымда орындалатын эпикалық жанр. 7-8 буындық өлшем суырып-салмалыққа ыңғайлы болғандықтан ақындық пен жыршылық өнерде жиі қолданылады.
Жыршы халық арсынан шыққан қарапайым орындаушы ғана болса, жырау, керісінше, жан-жақты қызмет атқарған дарынды тұлға. Жыраулар ханның «оң қолы», кеңесшісі болған, ол бүкіл халықтың мүддесін қорғаған. Өмірдің қиын-қыстау кездерінде халықтың алдына шығып өткен замандағы батырлардың ерлігін мысалға келтіріп жырлаған, сол арқылы халыққа ақыл-кеңес беріп,ерлік пен бірлікке шақырған. Кей кездерде жыраулар әскери қолбасшы да болған.
Жырау өнерінің дамыған кезі – 14-15 ғасырлар. Бұл қазақ тарихында хандықтарының қалыптасқан кезі. Көптеген жыраулардың есімі сол заманнан бері тарихта сақталған, олар Асан қайғы, Қазтуған, Бұхар жырау, Базар жырау, Қашаған, Мұрын жырау, Майлықожа және тағы басқалары.
Жыраулар мен жыршылар жан-жақты дамыған өнер иелері. Әсіресе, олардың суырып-салмалық шеберлігі, есте сақтау мүмкіншілігі, актерлық дарыны мен музыкалық қабілеті зор. Эпикалық шығарманың орындау тәсілі – әуендетіп айтылатынжыр (речитатив). Орындау кезінде жыршылар эпостың сюжетіне, кейіпкерлердің мінез-құлқына қарай орындау мәнері мен музыкалық әуендерді өзгертіп отырады. Кей кездерде, эпостың мазмұнына сәйкес көңіл айту, жоқтау, сыңсу сияқты ғұрыптық әндерді де қосып отырған.
Қазақ эпосыбатырлар жыры және тұрмыс-салт(немесе лирикалық) жыр болып екіге бөлінеді. Батырлар жырында көбінесе негізгі кейіпкердің ерлігі баяндалады. Алпамыс, Қобыланды, Ер-Тарғын, Қамбар батыр сияқты кейіпкерлер өз отанын жаудан қорғаған, елін басқыншылардан азат еткен тұлғалар. Батырлар жырықиялы ертегілерге ұқсас болып келеді, олардың мазмұндары бір жүйемен өрбиді: екеуінде де бір ұлға зәру болған шал мен кемпірдің баласы қиялы түрде дүниеге келеді; ол бала күн сайын емес, сағат сайын өсіп ер жетеді; батырдың сенімді көмекшісі болады (қалыңдығы, әйелі немесе тұлпары); соның көмегімен қиын жұмбақтарды шешеді немесе тапсырмаларды орындайды; нәтижесінде мұратына жетеді. Эпоста батыр нар, арыстан, жолбарысқа теңестіріледі, жалғыз өзі сан алуан жауды жеңеді.
Негізгі кейіпкердің батырлығы, жаумен соғысуы лирикалық эпоста да кездеседі, бірақ тұрмыс-салт эпосының негізгі тақырыбы батырлық емес, кейіпкерлердің бір біріне деген сүіспеншілігі, өзара махабаты, шынайы сезімдері («Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу», «Сұлушаш», «Мақпал қыз» эпостары).
Аса көлемді эпикалық шығармаларбірнеше күн бойы орындалған. Тыңдаушылардың назарын ұстау үшін эпостың алдында немесе бөлімдерінің арасында терме, толғау, арнау, өсиет, мысал, нақыл сөз сияқты кіші-гірім шығармалар орындалып отырған. Бұл шағын шығармалардың мазмұны көбінесе философиялық түрде болып келеді. Зерттеушілер оларды эпосқа дейін пайда болған, және соның негізін қалаған жанр деп есептейді. Бірақ, бұндай шығармалар кәзіргі кезде де шығып жүргені белгілі. Кәзір олар, көбінесе, эпостан бөлек, жеке шығарма ретінде орындалады.
Күрделі эпос пен шағын эпикалық шығармалардың тақырыптары, мән-мағынасы бірдей болып келеді. Олардың негізгі мазмұны – жастарға тәлім-тәрбие, үлгі-өнеге беретіннақыл сөз, философиялық ой-тұжырымдар. Бұл шығармаларда жалған дүние мен мәңгілік өмір, жақсылық пен зұлымдық, адам өмірінің құндылығымен мақсат-міндеті сияқты тақырыптар қозғалады. («Равновеликость, равноценность краткой песни (толғау, терме, өсиет, нақыл сөз, т.б. – П.Ш.) и длительного сказания объясняется тем, что грандиозность последнего соизмерима и тождественна философской углубленности малых жанров. В песне как бы происходит сжатие пространственно-временных параметров сказания, оно как бы «свернуто», -деп жазады А.Құнанбаева.[2])
Эпикалық жанрлар дәстүрлі қоғамда жеке тұлғаның мінез-құлқын, жалпы дүниетанымын қалыптастыруға бағытталған. Бұл шығармаларда атадан балаға мирас болып келген халықтыңрухани байлығы, әлеуметтік тәжірибесі жинақталған. Сондықтан жырау-жыршылықтыкөркем өнер деп қана қоймай, оны өзіндік философия, дәстүрлі этика, халықтыңдүниетанымы мен тарихы, әлеуметтік өмірдің үлгісі деп қарастырған жөн.
Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Жырау мен жыршы деген кім? Белгілі жыраулардың есімін ата.
2. «Жыр» деген сөз не мағынаны білдіреді?
3. Эпостың қандай түрлері болады?
4. Шағын эпикалық жанрлар дегеніміз не, оларды атап бер.
5. Батырлар жыры мен лиро-эпикалық жырдың мазмұны қандай?
6. Эпостың дәстүрлі қоғамдағы рөлі.
Тақырып
Ақындық өнер
Ақын деп музыка мен поэзияны қатар алып жүретін, суырып-салмалық қабілеті зор өнер тұлғасын айтамыз. Ақынның негізгі шығармашылық саласы – айтыс. Соған қоса, ақындар бұрынғы кезде кейбірәдет-ғұрыптарды, мысалы, бет ашар, той бастар, ас беру рәсімдерін атқарған.
«Ақын» сөзінің шығу тегі мен мән-мағынасы туралы зерттеушілердің пікірлері әр-түрлі. Кейбіреулері оны «әнші» деген мағынаны білдіретінпарсы тіліндегі «ахунд» сөзінен шығарса, басқалары суырып-салма мағынасында айтылатын «ағын» сөзімен байланыстырады. Соңғы кезде зерттеушілер «ақын» сөзін көне түркі тіліндегі «жабыл, бас сал, жарыс» сияқты мағыналармен ұштастырады. Қалай болғанда да, келтірілген анықтамалар біріне бірі қайшы келмейтіні анық.Олар кәзіргі кезде қалыптасқан ақын бейнесін жан-жақты толықтыра түседі.
Ақын өнерінің қалыптасу кезін зерттеушілер (мысалы, Е.Турсынов, А.Кунанбаева) жыраулық өнер пайда болғанға дейінгі ертерек заманға жатқызады. Оған дәлел ретінде келесі деректерді келтіреді:
1) Ақындықөнер еркектер мен әйелдергебірдей ортақ, сондықтан ақындық өнердің қалыптасу кезеңін патриархаттық қоғамға дейін орын алған матриархаттық дәуірге жатқызуға болады. Ал жыраулық өнер тек қана еркектердің құзырында болған, сондықтан ол патриархаттық қоғамның туындысы.
2) Ақын өз руының мүддесінқорғаған, жырау болсабірнеше рулардан құрылған тайпаныңнемесе бүкіл халықтың жанашыры болған. Рулық ұйым – тайпалық бірлестікқалыптасқанға дейінгікөне заманның әлеуметтік құрылымы.
3) Ақын дәстүрлі әдет-ғұрыптарға қатысады, солардың кейбіреулерін(мысалы, бет ашар, ас беру рәсімін) өткізеді. Жырау әдет-ғұрыптар мен рәсімдерді атқармайды.
4) Ақындық өнер көне заманның діни нанымы – тотемистік көзқараспен байланысты. Әр ақынның өз пірі болған. Мысалы, Жамбылдың пірі арыстан болса, Сүйінбай ақынның пірі көк бөрі. Айтыс кезінде пірілері ақындарды қолдап жүреді. Жыраулық өнерде аң-жануарлар әлемімен байланысты тотемистік көзқарас жоқ.
5) Ақындық өнердің ертеректе қалыптасқандығын дәлелдейтін ең басты көрсеткіш – айтыс. Алғашқы заманда үйленетін қыз бен жігіт екі рудың өкілдері ретінде арнайы түрде музыкалық-поэтикалық сайысқа түсетін. Айтыс кезінде олар өз руын мадақтап, қарсыласын, керісінше, кемітуге тырысқан. (Осы туралы А.Құнанбаева былай дейді: «Айтысы в отдельных своих чертах сохраняют древние черты, которые отражены в преимущественном восхвалении достоинств своего рода и умалении таковых в другом; отсутствие практики состязания между членами одного рода; обширная типология жанров айтыса, ориентированная на участие в нем молодежи брачного возраста; допустимость ритуальной грубости, оскорбительной и невозможной вне рамок айтыса».[3])
Айтыс – екі адамның диалогы, суырып-салма түрінде өтетін жарыс. Айтыстың мақсаты – қарсыласын өткір сөзбен, астарлы оймен, дәл тауып айтылған теңестіру сөздер мен бейне сипаттамалары арқылы жеңу. Жарыс көпшіліктің алдында өтеді, сондықтан айтыскерлердіңжеңімпаздарынанықтайтын – сол көрермендердің өзі. Бұрынғы кезде жеке адамның тағдырынемесе ру аралық дау-дамайлар да айтыс арқылы шешілген.
Әрине, айтыс барысында негізгі назар сөздің мағынасына бөлінеді, ал музыкалық әуен болса, ол мәтінді әрлеп, безендіріп тұратын көмекші құрал ретінде қабылданады. Дегенмен, әсем әуен, оны нақышына келтіріп орындау, ақынның көркем дауысы тыңдармандарға үлкен әсер етіп, сөздің мән-мағынасын жеткізуге үлкен септігін тигізеді.
Ақынның суырып-салмасы табан астынан шығатын сөздер тізбегі сияқты болғанымен, белгілі бір жүйе бойынша өрбиді.Ол үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім –ақынның бастауы. Бұнда ақын жоғарғы дыбыстарды созу арқылы өз дауысының зорлығын, әсемділігін көрсетеді, сол арқылы тыңдармандардың назарын аударады. Бұл туралы ұлы Абай былай деген:
Көбінесе ән басы келеді ащы,
«Кел, тыңда!» деп өзгеге болар басшы.
Осындай кіріспеден кейінәуендетіп айтылатын (речитативтік) негізгі бөлімде ақын өзінің барлық өнерін, суырып-салмалық шеберлігін қарсыласына жаудырады.
Соңғы, қорытынды бөлім – «оу», «ей», «игигай», «даридай» сияқты одағай сөздерге айтылатын қайырма. Одағай сөздердің мағынасы болмағандықтанқайырмада алдыңғы шепкемузыка тілішығады. Бұнда тыңдармандардың назары әсем әуенге аударылады.
Бұрынғы кезде әр ақынның жеке әуені, сарыны болған. Кейбір сарындар өзінің әсемділігінің арқасында ел арасына тарап,жеке ән ретінде танымал болған(мысалы, Нартай ақынның әуені,Иса Байзақовтың желдірмесі, т.б.).
Кәсіби ақындармузыкалық аспаптарды (домбыраны, сырнайды) жақсы меңгерген, өйткені табан астынан шығатын суырып-салмаға аспаптың тигізетін көмегі зор. Айтыс кезінде өлеңнің 7-8 буындық өлшемі 11 буынға ауысып отырады. Соған байланысты өлеңнің әуені де өзгеріп тұрады. Бұндай кездерде аспаптың көмегінсіз орындау қиын түседі, кейде тіпті мүмкін болмайды. Аспаптың рөлі әсіресе шумақтардың арасында орындалатын қайырма кезінде байқалады. Осындай аспаптық қайырмаларда ақынкелесі шумақта айтатын ойын, оның сөздерін алдын-ала жобалап алады. Сондықтан музыкалық аспаптажақсы ойнау – кәсіби ақындарға қойылатын талаптардың бірі.
Дауысы әсем ақындардың репертуры да кең болған. Бұндай ақындар суырып-салма айтысымен қатар, халық әндерін, сал-серілердің шығармаларын, жырау-жыршылардың толғаулары мен термелерін орындап танымал болған.
Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Ақын деген кім, бұл сөздің шығу тегі неде?
2. Ақындық өнердің көнелігін дәлелдейтін деректер.
3. Айтыс деген не? Ақынның суырып-салмасы немен ерекшеленеді?
4. «Сарын» деген не?
Тақырып