Айта Өркендеу Дәуіріндегі өнер және ғылым
Қайта Өркендеу ғылымы негізінен үлкен екі ошақта шоғырланды:
1)университеттер мен мектептер — схоластикалық пайымдау басымырақ, тәжірибе-эксперимент аз; 2) суретші, сәулетші, мүсіншілер шеберханасы — өмірдің өзі өнерді ғылыммен, әсіресе, математикамен ұштастыруға итермелеп отырды.
Қайта Өркендеу Дәуірі ойшылдарының көбі ғылым мен өнердің бірне- ше саласын бір басына жинаған тұлғалар ретінде белгілі болды. Солардың бірі — Леонардо да Винчи (1452-1519). Классикалық білім алмаса да, өз бетімен көп оқыды, антика ілімін жақсы таныс болды, өнер туындыларын жасау процесінде ұлы суретші, ойшыл ретінде қалыптасты. Оны қазіргі жаратылыстану ғылымының пионері деп атайды. Мысалы, сол кездің өзінде-ақ ол танк, парашют, шлюз идеяларын және тағы басқа идеяларды ойлап тапты. Философиялық ойлары өз заманынан озық еді. Арнайы философиялық шығармалар жазбағанымен жазба кітапшалары философиялық ойларға толы болды.
1) Леонардо да Винчи таным процесіндегі тәжірибенің рөліне аса мән берді. Тәжірибе арқылы өтпейтін ғылымдар адасуға ұшырайды деп есептеген оның ойынша ақиқатқа жеткізетін бақылау мен қабылдау емес, тәжірибе ғана: «Даналық — тәжірибенің қызы». Леонардо да Винчи соны мен бірге теорияның ролін де бағалады: «Ғылым — әскер басшысы, тәжірибе — солдаттар». Ең басты ғылым — математика деп түсінді.
2) Адам өнері мен табиғат арасындағы байланысты Л.Винчи адамның пайдасына шешеді. Адам табиғатсыз ештеңе жасай алмайды, бірақ табиғаттың қарапайым материалдарынан күрделі заттар жасауға қабілетті.
3) Адам және Құдай мәселесінде Л.Винчи адамды Құдайға мейлін жақындатты: «Өнерге байланысты айтсақ, біз Құдайдың немересіміз деп айта аламыз».
4) Л.Винчи өнерді шындықты танып-білу құралы ретінде қарастырды, себебі ғылым заттар дүниесінің сандық жағын зерттесе, өнер сапалық жағын көрсетеді дейді және өнердің бастысы — сурет өнері, ол ғылымнан жоғары деп түсінеді.
— Николай Коперник (1473-1543) — поляк астрономы және философ Өркендеу дәуірінде астрономия жақсы дамыды; оның себебі теңіз сал сының дамуы еді. Астрономия ғылымын тереңдеп зерттеген Коперникт басты еңбегі: «Аспан сфераларының айналуы». Негізгі идеясы: Аристель-Птолемей теориясын терістеу немесе дүниенің гелиоцентрист жүйесін ашу:
1) Жер дүниенің қозғалмайтын орталығы емес, ол өзінің өсімен ай-наладық
2) Дүниенің ортасы — Күн, Жер осы Күнді айналады;
3) Ай Жердің серігі.
Коперник ашқан жаңалықтар дүниенің жаңа бейнесін қалыптастыру деген талпыныс еді:,
«Дүние шексіз, ол жер субстанциясы және аспан субстанциясы болып бөлінбейді, яғни, жер мен аспанды теологиялық қарама-қарсы қою деген жоқ
«Жер аспан денелерінің біреуі ғана, қозғалыс заңдылықтары Жер үші де, басқа планеталар үшін де бірдей. Қозғалыс планеталардың бәріні қалыпты жағдайы».
«Денелер өздігінен қозғалады, қозғалмайтын Күш беруші деген жоқ’
«Құдай әлемдік механизмді жаратушы, бірақ оның кейінгі ісіне ара- ласпайды».
«Дүниенің абсолюттік шегі де жоқ».
Коперниктің осындай революциялық жаңалықтарын Джордано Бруно жалғастырды (1548-1600). Оның философиясының басты категориясы Unо, Біртұтас, Жеке. Unо — болмыстың космостық иерархиясының жоғарғы басқышы емес, ол болмыстың себебі және заттар болмысының Бруноның түсінігі бойынша, әлем біртұтас, шексіз, қозғалыссыз. Әле жаратылған емес, ол мәңгілік өмір сүреді және жойылып кете алмайды жойылмайды. Онда өзгеріс пен қозғалыс үздіксіз жүреді, бірақ оның ~ қозғалмайды, себебі, өзін өзі толығымен толтырады. Біртұтаста минимум мен максимум, құдай мен табиғат сәйкес. Қарама-қарсылықтар мен заттардың көптүрлілігінде үзіліссіз қозғалыс жүреді, ол заттардың үне өзгеруіне әкеледі. Бруно Әлем дегеніміз Құдай, ол шексіз, дүниенің ортас Күн емес, Күндер көп, олар планеталармен бірге өз орбиталарымен жүріп отырады дейді. Осы шексіз, ішкі күштерді отырады дейді. Осы шексіз, ішкі күштерді қозғалысқа түсіріп отыратын универсум ғана жалғыз. Ол жеке заттардан түрады, олар пайда болмайды және жоғалмайды, бір-біріне бөлінеді және бір-бірімен бірігеді. Бруноның дуниедегі барлық нөрселердің жаны бар деп есептейді.
Оның пайымдауынша, адам универсум қозғалысының зандарын зерт-теп, оларға сай омір сүруге тырысса, Қүдайдың талаптарын қанағаттандыру үшін сол жеткілікті. Табиғи зандарды танып-білу адамгершіліктік іс. Бруно адамның ақыл-ойына шексіз сенеді, сезімдік танымды төмен бағалайды, себебі шексіздік ақыл-ойдың объектісі ғана, ол сезімнің объектісі бола алмайды. Бруноның кағидалары:
«Сенім жабайы, дорекі халықтарды басқару үшін қажет».
«Философиялық дәлелдер қарапайым халықтарға емес, біздің пайым-дауларымызды түсінуге қабілетті дана адамдарға арналған».
Галилео Галилей (1564-1642) – итальяңдық Ренессанстың дамуын аяқтаушы. Оның ғылымижызметін екі бағытқа болуге болады:
1) механика принциптерін, денелердің қозғалысын зерттейтін ғылымды — динамиканы дамытты. Денелердің еркін қүлауы заңы, жылдамдық пен үдеу туралы түсініктер табиғаттың таза, физикалық, объективті заңы туралы үғымды қалыптастырды
2) астрономия саласындағы ғылыми ізденістері — айдың бетін зерттеді, күннің бетінен дақтар тауып, Венераның фазаларын, Юпитердің серіктерін, Сатурнның айналасындағы жарық құбылыстарын анықтады.
Галилейдіц бұл ізденістері аспан дүниесі туралы схоластикалық түсініктерге қатты соққы болды, олар аспанды эфирден түратын тылсым дүние деп түсіндіріп келген болатын. Енді оның бәрі теріске шықты. Күннің бетіндегі дақтар Бруноның гелиоцентристік идеясын, Күннің оз осін айналатынын, жұлдыздар шоғы Әлемдегі шексіз дүниенің растығын дәлелдеді. Бұл жаңалықтарды қоштаушылар да, оларға қарсы шығушылар да, әрине, мол болды. Галилейдің механикалық заңдары Коперниктің теориясын ғылыми түрде негіздеді. Шіркеудің өте-мөте қарсы шыққаны осы еді. Коперниктің еңбектеріне тиым салынып, Галилей ескерту адды, бірақ ізденістерін жалғастыра берді.
Қайта Өркендеу Дәуіріндегі әлеуметтік-саяси философия Ағылшын гуманисі Томас Мор (1478-1535) — Эразм Роттердамскийдің Досы, әйгілі «Утопия» еңбегінің авторьі. Латын тілін жақсы меңгерген, заң мектептерінде білім алып, мүғалімдік және адвокаттық қызметтер атқарған. Еңбегін бағалаған қоғамдастары оны парламент палатасына сайлады. Батыл саяси көзқарастары үшін 1535-жылдың 6-шілдесінде жазаға тартыл-Ды (басы кесілді).
Мордың «Утопия» еңбегі мемлекеттің ең жақсы құрылымы туралы пайымдауға арналған. Утопия деген термин грек тілінен алынған, «жер бетінде жоқ жер» дегенді білдіреді. «Утопияның» бірінші бөлімінде Мор Англиядағы капитал қорының қалыптасуының алғашқы кезеңдерін су реттейді: қоғам мүшелерінің барлық мүшелері баюды ғана көздейді жәні мемлекет атын жамылып, өз құлқынының қамын ойлайтын байлар мем- лекеттің сорына айналады.Кітаптың екінші бөлімінде осындай мемлекетке қарама-қарсы мемлекет туралы баяндалады, Бұл бөлімнің мазмұнынан Інжілдің, Платонның «Мемлекет» еңбегінің, Эразм Роттердамскийдің христиандық гуманизмінің әсері сезіледі.
Қоғамдық өмір — Мор индивидуализмге қарсы, жеке меншік болмауы тиіс, қоғамда өмір сүріп отырған адамдардың бәрі тең.
Мемлекет басшысы — терең ойлы философ, кіршіксіз таза адам болуы қажет, «Жақсы нәрсе де, жаман нәрсе де басшыдан тарайды». Осындай адам — қиялдағы аралды жаулап алып, өз Утопиясын құрған Утоп. Қоғамда ақша жоқ, алтын тек қажетсіз нәрселерді жасауға ғана басқа елдермен қарым-қатынаста және соғыста қолданылады.
Ой еңбегі мен дене еңбегі. Мор «дене еңбегін» жоғары бағалайды, ол адамдардың бәрі үшін міндетті, ауыл шаруашылығы еңбегіне қоғамның әрбір мүшесі кемінде екі жылын арнауы тиіс, себебі еңбек өмірлік қажеттілік қана емес, моральдық қажеттілік. Ол алты сағатқа созылатын еркін еңбек. Ой еңбегі Платондағыдай дәріптелмейді, бірақ онымен айналысатын ең дарынды адамдар. Утопиялықтар еңбектен шаршап, зорықпайды, қолдары босағанда өздерін рухани дамытады.
Дін. Утоп дінді Христос дүниеге келерден 144 жыл бұрын тағайындады. Мор жалғыз Жаратушы Құдай бар, жан мәңгілік деп тұжырымдайды.’ Сонымен қатар, әр түрлі наным- сенім болуы мүмкін, адамдар бір-бірінінің сенімін, атеистерді де сыйлауы керек деп есептейді. Дінді сақтаушы — сай-ланатын дінбасылар, олар өте таза, адамгершілікті интеллектуалдылықтан да жоғары қояды.
Томмазо Кампанелла (1568-1639) — философия, жаратылыстану мәсе-лелерін әлеуметтік мәселелермен байланыстыра білген, Испания монар-хиясына қарсы күрескен, сол үшін 30 жылдай түрмеде отырған монах. Басты еңбегі — «Күн қаласы».
Кампанелла гипозоизм (барлық нәрсенің жаны бар) идеясын универ- сумға қолданады: «Әлем — үлкен тірі мақұлық, біз оның ішінде құрттар секілді өмір сүреміз, теңіз — жердің тері».
«Күн қаласы» еңбегінде қоғамды қалай өзгерту туралы ойларын ба- яндайды. Тапробану аралындағы (шамамен Цейлон, қазіргі Шри Ланка) бакытты қоғам туралы Генуя теңізшісі әңгімелейді. Бүл аралда адамдар қоғамдастыққа бірігіп, Құдайға емес, адамның ақыл-ойына бағынатын мемлекет құрады. Мұнда жеке меншік жоқ, еңбек жақсы ұйымдастырылған, адамдар төрт сағат қана жұмыс жасайды, бай, кедей болып бөлінбейді.
Мемлекетті басқарушы — Платонның мемлекетіндегідей аристократия, бірақ философтар емес, маман аристократтар, қабілетті болып жаратылған. туғаннан жолы болғыш адамдар. Олардың ең ақылдысы — Метафикик. немесе, Күн деп аталады. Ол мемлекет басшысы, барлық ғылымдардан жан-жақты хабардар. Оның үш көмекшісі бар: Күш-Куат — әскери істерді, Даналық — ғылымдарды басқарады, Махаббат — тамақ, бала тәрбиелеумен айналысады. Олардың да көмекшілері бар (Грамматика, Логика, физика, Саясат, Этика, Экономика, Астролог, Астроном, т.б.) Елді басқару ісімен қырық адам айналысады, бірақ айына екі рет халық жиналысында басшылар ауыстырылып отырады, олардың өздері де талантты адамдарға өз орындарын босатуы тиіс. Басшылық әділ жүзеге асырылуы тиіс, ағайыншылық деген болмау керек. Балалар жеті жасынан бастап ғылымдарды зерттей бастайды және ой еңбегін дене еңбегімен ұштастырады. Дін философияға, білімге тәуелді, ең басты дінбасы — Метафизик.
Никколо Макиавелли (1469-1527) — Флорентия республикасындағы кедей заңгердің отбасында дүниеге келгендіктен университеттік білім алуға мүмкіндігі болмаса да, латын тілін игеріп, ежелгі классиктердің еңбектерін жақсы игерді, жас кезінен бастап саясат және мемлекет мәселелеріне ден қоя бастады. Республика Үкіметінде қызмет атқарып, сая-сатқа белсене араласқан Макиавелли 1512 жылы республика құлаған соң қуғындалды, оның өз елі Италияны көркейтпек болған жоспарлары жүзеге аспады. Саяси қызметтен аластатылған жылдары жазған еңбектері оның есімін адамзат тарихында қалдырды, олардың арасындағы ең белгілісі -«Билеуші» («Государь»). Бұл еңбек сол кездегі реалды әлеуметтік қажеттіліктен туындады, мемлекет проблемасы Макиавелли үшін академиялық, жәй ғана қызықты мәселе емес, ұлттық феномен, антикалық философтар қарастырған мінсіз мемлекет теориясын жалғастыруға талпыныс еді. Оның ойынша, адамдар табиғатынан қатігез. алдауға бейім, мансапқор, мемлекет олардың осы жаман қасиеттерін шектеп, тәртіп орнату үшін қажет. Мемлекет басшысы меншік иелерінің өкілі болуы керек. Мемлекетте өмір сүруші адамдар қабылданған ережелерге саналы түрде бағынғанда ғана қоғамда заңдылық болмақ. Көп нәрсе басшы-билеушіге байланысты деп түсінген Макиавелли мемлекет қайраткері ұстауға принциптерді талдайды. Ең бастысы, билеуші реалды саяси өмір талаптарын ескере отырып басқаруы тиіс, бар күші мен құралдарын басты мақсатқа -біртұтас, қуатты мемлекет құруға жұмсауы қажет. Осы мақсат дана билеушінің өмірінің мәні
болуға лайық, себебі, мемлекет адам рухының жоғарғы жетістіктерінің бірі. Бұл мақсатқа жету үшін құралдың кез-келп түрін пайдалануға болады, әйтпесе ол биліктен айырылады, қарсыластырынан жеңіледі. Макиавеллидің әйгілі «Мақсат құралдарды ақтайды («Цель оправдывает средства») қағидасы осылайша пайда болды.
Қайта Өркендеу Дәуірі философиясы туралы қорыта айтсақ бұл кезең — адам еркіндігін, жасампаздығын, шығармашылық қуатын. табиғатпен бірлігін жырлаған, дүниенің құрылымы, қоғам мен адамның мәні туралы жаңа ғылыми түсінік-идеялар, болжам-үлгілер ұсынылғаг адамзат ойының табысты кезеңі.
Дәріс