Рта ғасыр мен Қайта өрлеу дәуіріндегі саяси ұғымдар.

Саяси ой тарихында орта ғасырлардағы феодалдық қоғамның орны ерекше. Батыс Еуропада феодализм мың жылдан артыққа созылды (V—XVI ғасырлар). Бұл дәуірде рухани өмірде дін түгелдей үстемдік етті. Христиан діні феодалдық қоғам көзқарасының өзегі, біртұтас христиан мәдениетінің негізі болды. Бұл заманда христиан дініне көп еңбек сіңірген Аврелий Августин(354—) еді. Ол христиан фәлсафасының негізгі қағидаларын зерттеп, жетілдірді. Оның саяси көзқарастары "Құдай қаласы туралы" деген еңбегінде баяндалған. Августин барлық әлеуметтік, мемлекеттік және құқықтық мекемелер мен заңдарды адамның күнәсінің нәтижесі деп санады. Оның ойынша, құдай адамға еріктің еркіндігін береді, яғни ол өз бетімен (күнәһар болып) немесе құдай жолымен . Христиан дінінің саяси теориясын жасап, шыңына жеткізген монах Фома Аквинский (1225—1274) болды. Оның саяси көзқарастары "Билеушілердің басқаруы туралы", "Теологияның жиынтығы" деген еңбектерінде қаралды. сақталуы шарт. Жоғарғы сословиеге бәрі бағынуы тиіс. Фоманың ойынша, билік құдайдың құдіретімен орнайды. Сондықтан патшалык билік жоғары діни билікке бағынуы керек, оның түсіндіруінше, аспанда құдай, жерде Рим папасы билеуі тиіс. Осыған ұқсас саяси көзқарас мұсылман дінінде де орын алды. Ислам саяси билік дін басыларының қолында болуын көздеді. Құранның талабы бойынша қай мұсылман болмасын Аллаға, оның өкіліне және билік иесіне бағынуы тиіс. Қайта өрлеу дәуірінің көрнекті өкілі буржуазиялық саяси ғылымның негізін салушы Никколо Макиавелли (1469—) болды. Оның атақты шығармалары "Патша", "Тит Ливийдің бірінші онкүндігі жөнінде ойлар", "Флоренцияның тарихы". Макиавелли діни көзқарасқа қарсы болды. Шындықтың белгісі сенім емес, тәжірибе деп білді. Ол мемлекет деген атауды ғылымға, әдебиетке бірінші боп кіргізді. Мемлекетті билік жүргізуші мен оған бағыныштылардың қарым-қатынасы деп ұқты. Ол республикалық мемлекетті, еркіндікті, тендікті қалады. Мемлекет ерікті болса ғана қуатты, абыройлы бола алады. Патша рақымсыз, сараң, опасыз, қаһар болмай, қайырымды, адал, қамқоршыл, мырза болуға тырысуы керек.

арксистік саяси идеялар.

ХІХ ғасырдың бірінші жартысыңда капиталистік өндіріс әдісінің қарқынды дамуы, буржуазиялық қоғамның тап қайшылықтарының шиеленісуі, пролетариаттың тез өсуі және оның тарихи күрес майданына шығуы марксизм теориясын тудырды.

Карл Маркс (1818—1883) философия мен саяси экономия саласыңда екі жаңалық жасады. Біріншісі — тарихты материалистік тұрғыдан түсіну. Оның мәні мынада. Өндіргіш күштер мен өңдірістік қатынастардың бірлігі болып табылатын материалдық тұрмыстық өндіріс әдісі қоғамдағы әлеуметтік саяси және рухани процестерді туғызатыңдығын дәлелдеді. Капиталистік құрылыстың өндіргіш күштері үздіксіз дами отырып, өңдіріс құрал-жабдықтарына жеке меншікке негізделген буржуазиялық өңдірістік қатынастармен сөзсіз қайшылыққа келеді. Екінші жаңалығы — капиталистік қанаудың сырын әшкерелеген қосымша құң туралы ілім болды. Маркс пен Энгельс капитализмнің орнына соииализм келеді, ол міндетті орындайтын қоғамдық күш — жұмысшы табы деп үйретті. Себебі, пролетариат — буржуазиялық қоғамнын ең революцияшыл, ең ұйымдасқан, ең саналы және интернационалдық табы.Маркс пен Энгельс тап күресі, социалистік революция және пролетариат диктатурасы туралы ілімді жасады. Олар пролегариаттың өзінің меншікті саяси партиясы — коммунистер партиясы болуға тиіс, ол жұмысшы қозғалысына басшылық жасауға тиіс деген қағиданы негіздеді.Маркс пен Энгельстің ізбасары В. И. Лешш (1870—1924) болды. Ол капитализм дамуының империалистік сатысының заңдылыктарын зерттеді. Жаңа тұрпатты партия туралы ілімді жасады және осындай партияның ұйымдастырушысы болды.Ленин Маркс пен Энгельс жасаған социалистік революция теориясын дамьпты. Буржуазиялық-демократиялық революцияның социалистік революцияға ұласуын негіздеді. Социализмнің алдымен бірнеше елде немесе тіпті жеке бір капиталистік елде жеңу мүмкіндігі туралы тұжырымдама жасады (бұған дейін марксистер социализмнің жеке бір елде немесе елдердің шағын тобында жеңуі мүмкін еместігі, дүниенің дамыған елдерінің көпшілігіңде социализмнің бір мезгілде жеңуінің міндеттілігі туралы тезиске сүйенген болатын).Ленин әр түрлі елдердің капитализмнен социализмге өту түрлерінің сан алуан болатыңдығы туралы қағиданы қолдады. Пролетариат диктатурасының мемлекеттік түрі ретінде Кеңестерді ашты. Марксизм-ленинизм коммунизм кезінде мемлекет, саясат болмайды деп ұқты.

6. Қазақ даласындағы саяси ой- пікірлер(Әл Фараби, Ж.Баласағұн, Асан Қайғы, Абай, Ш.Уәлиханов, алашордалықтар )

Қазақ халқының рухани мұрасы да саяси ой-пікірлерге бай. Оның ішінде ең шоқтығы биігі ислам фәлсафасының негізін салушылардың бірі – Әл- фараби. Екінші ұстаз болып танылған. Бабамыз ғылымның сан саласы бойынша 160-тан астам трактаттар жазып, артына мол мұра қалдырды. Саясаттануға байланысты «Рақымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы». Азаматтық саясат. «Бақытқа жету жолдары». «Саясат туралы». Деген еңбектеры бар.Әл-фарабидің ойынша қоғамдағы барлық қиыншылықты жеңетін, бақытқа жеткізетін- ақыл-парасат,адамның ақыл-ойы. Сондықтан адам аянбай, тынбай ғылымды, білімді игеру керек. Әл-фараби басқаруды қайырлы және қайырсыз етіп екіге бөлген. Қайырлы- білімді, мәдениетті басқару халықты бақытқа бастайды, олардың іс-әрекетін, ерік-қасиеін осы жолға бағыттайды. Ал қайырымсыз надан басқаруда теріс әрекеттер мен жаман қасиеттер бой алады. Баласағұн-аты әлемге әйгілі ақын, фәлсафашы, қоғам қайраткері болған. «Құтадғу білік» авторы. Бұл еңбектің ерекшелігі – ол сол кездегі ресми араб тілінде емес, өзіннің анана тілі түрік тілінде жазылғандығы. Жүсіп дәуіріндегі қарахандықтардың жеке өлке билеушілері өзара билікке таласып бастары қосылмады. Сондықтан Құтадғу білікке мемлекетті орталықтандыру, оның бірлігі, мемлекетті басқару мәселелеріне басым көңіл бөлінген. Ол- тек саяси трактат емес, онда өмірдің мән-мағынасына, адамның тағдыры, оның қоғамдағы орны мен рөлі, халықтың мінез-құлқы, салт- санасы, әдеп- ғұрпы және т.с.с туралы көзқарастар жинақталған үлкен шығарма.ол шындыққа бақытқа жетудің адамгершілік жолдарын іздейді. Әділет, ақыл рақымдылықты жырлайды. Өмірде әділ заңды, еркіндікті аңсайды. Асан Қайғы –қазақ халқының рухани мұрасында мәңгілік із қалдырған аты аңызға айналған ақын, жырау . ол алғашқы қазақ хандары Керек мен Жәнібекке ақылшы, жас мемлекеттің жалынды жаршысы, ұраншысы болды. Хан мен қарапайым халықтың арасында игілік түшін талас-тартыс , дау-жанжал туғанда, оны ушықтырып, өрітпей реттеудің жолын , “Ымыраға келу” теориясын ұсынған. Абайқазақ даласында барлық жақсылықтың, жаңалықтын жаршысы болды. Ол адамды ақыл, білім, ерік жоғары дәрежеге көтеріп, асқақтатындай қоғамның прогрестік дамун аңсады. Игілікті, парасатты қоғам орнату Абай еңбектерінің басты бағытының бірі болды. Сондықтан ол барлық адамдарды өзіңді өмірде қалай ұстадың, игілікке, ақылға сыйымды іс істедім бе деп күніне немесе аптасына, тым болмаса айына бір рет өз- өзіне есеп беруге швқырды. Ш. Уалихановоның негізгі мақсаты- халыққа қызмет ету, оның мақсат-мүддесін патша шенеуніктері мен жергілікті байлардың зорлық- зомбылығнан қорғау, қолынан келгенше оның рухани және мәдени өркендеуіне ықпал жасау деп білді. шоқан қоғамның прогресті түрде алға дамуы материалдық әл ауқатты жетілдіруге байланысты екенін терең түсінді. Сондықтан ол экономикалық,әлеуметтік, саяси реформаларға үлкен мән берді. « сот реформасы жайында хат» деген еңбегінде ол: “Біздің заманымызда халыққа етене жақын, ең маңызды, соның мұқтажына тікелей қатысты реформа- экономикалық және әлеуметтік реформа. Ал саяси реформалр экономикалық істерді жүзеге асыратын құрал ретінде көрінбек, өйткені әрбір жеке адам және бүкіл адм баласы қауымдасып өзіннің түпкі мақсаты материалдық әл-ауқатты жақсартуға тырысады.прогресс дегеніміз де осынан сай келеді ”-дейды.

Наши рекомендации