Ріс. Тақырып. Философия тақырыбындағы адам және табиғат проблемалары.
Сабақтың мақсаты:
Ғылыми танымның мәні мен құрылымын, теориялық сипатын түсіндіру, практиканың маңыздылығын дәлелдеу.
.
Жоспар:
- Табиғат барлық уақытта да адамзаттың өмір сүру ортасы, тіршіліктің қайнар көзі.
- Географиялық орта түсінігі.
- Биосфера, неосфера және экология мәселелері.
- Адам проблемасы философия ғылымының ең маңызды мәселесі.
- Адам өмір сүруінің табиғи – биологиялық алғы шарты.
- Адамның әлеуметтік мәні.
Адам проблемасы философия ғылымымен құрдас десе де болады. Бұдан философияның өзі сонау көне замандардағы ойшылардың адам жөніндегі, оның дүниеде атқаратын қызметі мен алатын орны жөніндегі ой – толғауларынан туғаны дәлел болады. Бір нәрсенің сырын ашып, білу үшін алдымен адам бұл туралы ештеңе білмейтінін түсініп, соны іште де болса мойындау қажет. Біздің білуімізше, философияның мәселесі – бұл сананың, рухтың табиғатқа, материяға, субъективтің (адамның ) ішкі дүниесінің объективтікке (сыртқы дүниеге) қатынасы. Бұдан шығатын қорытынды: адамның сана – сезімі мен ақыл – ойының, тіл мен дүниетанымының және оны өзгерту қабілетінің өзін қоршаған ортаға қатысы қандай, табиғат пен қоғамның адамға, оның ішкі рухани дүниесіне тигізетін әсері қандай – оның бәрі философияның ең түбірлі және түбегейлі мәселелері болып табылыды.
Материяны, табиғатты- алғашқы, сананы олардың туындысы, бейнесі болғандықтан соңғы, деп қарастыратын материалистер ұшін де, рух пен сананы – алғашқы материямен табиғат бұлардың сыртында өмір сүре алмайды, сондықтан да олар соңғы деп қарайтын идеалистер үшін де адамның проблемасынсыз философия жоқ.
Ертедегі атақты Шығыс ойшылдарының көбі алдыңғы тарауларда айтылғандай, өздерінің философия жүйелерінің негізгі өзегі етіп тікелей
адам проблемаларын алған.
Этикалық ілім ретінде дүниеге келген Үндістанның буддизм философиясы өзінің алдына адамды қиналу азабынан құтқаруды мақсат етіп қойды. Егер бұған дейінгі брахманизм деп аталатын діни – философиялық ілім адамның азап шегуін бұрыңғы күнәсі үшін тартатын жазасы, одан құтылудың жалғыз жолы – құдайға қүлшылық етіп, табына білу деп білсе, буддизм, керісінше, өмірдің өзі тек азап шегуден тұрады, бұл дүниеде (сансарда ) одан адамды азат ету құдайлардың қолынан келмейді, азаптан құтылудың бір ғана жолы бар, ол адамның өзіне байланысты: сансардан кету, безіну деп санады.
Платон философиясының өте маңызды бөлімі – адамның арманынан шығатын “Мемлекет” туралы ілім. Дүниедегі бірден – бір әділетті мемлекет қандай болуы керек – философ осыны кескіндеп, бейнелеп беруді өзіне мақсат етіп қойған. Мұндай мінсіз мемлекетті ең ақылды, білімді адам, яғни, Платонның ойлауынша, философ басқаруға тиіс.
Адам проблемаларына Арестотель де ерекше көңіл бөлген. Әсіресе ол философияның “Этика” бөлімінде түгелдей сол проблемаларды қарастырып, оларға тиісті талдау жасады. Арестотельдің айтуынша, мемлекет басындағы заң шығарушының міндеті – азаматтарды жақсы қылықтарға, ізгі ниеттілікке үйретіп оларды тек игілікті істерден ғана дәрежеге жеткізу.Оның “Алтын аралық”деп аталатын моральдық доктринасы адамның жан дүниесінің сырын ашуға бағытталған.Жоғары мінез-құлық қасиеттерінің әрқайсысы біріне—бірі қарсы екі түрлі ұшқары қылықтың аралығы болып табылады.Бұлақтың екеуі де теріс қылықтар.
Дегенмен Аристотель де өз заманына сай ойлайды.Құлдарды ол адамға санаған жоқ,“сөйлей білетін құлдар”деп атады.Құл иесі құлға қайырымды болуы да міндетті емес,өйткені ,ол оның меншігі болып есептеледі,ал баланың әкеге қайырымды болуы міндетті,себебі,әкесіз бала дүниеге келмейді.
Адамның ой-сезімін,мінез-құлқын тәрбиелеп,жетілдіру арқылы оны бақыт жолына салу мәселесіне бірнеше күрделі еңбектерін тікелей арналған орта ғасырдағы Шығыстың ойшыл философы,біздің әйгілі жерлесіміз Эл-Фараби болды.Эл-Фарабидің айтуынша,бақыт-әр адамның көздейтін максаты,үлкен игілік.Сол мақсатқа жетуге мүмкіндік беретін адамда үш түрлі тамаша табиғи қабілет болады: а)ерекше жасаған дене құрылысы;ә)жан құмарлықтары;б)ой-парасаты.
Адамның ақыл – ой құдіретінен туатын іскерлік, белсенділік қабілеттеріне 18 – ғасырдағы француз ағартушылары мен марериалистерінің философиялық ілімінде де ерекше көңіл бөледі. Бұл дәстүр белгілі бір мағынада француздардан 19 – ғасырдағы неміс философиясына ауысты.
Канттың адам проблемасына арналған негізгі принципті - әрбір жеке адамның өз алдында мақсатты нысана ретінде қарау қажеттігі. Бұл оның адам мұддесі жөніндегі ілімінің басты мәселесі болды. Адам деген жүрек жылылығын ол теорияға сүйенген салқын ақылдың бұйрықтарына қарсы қойып отырады.
Табиғатта мақсат жоқ. Мақсат адамның дүниеге келуімен бірге пайда болады. Демек, ол тек адамға ғана тән, бір – бірімен қарым – қатынастағы адамдардан қүралатын қоғамға тән құбылыс. Мақсат жәй ғана ермек үшін немесе сол мақсаттың өзі үшін ойдан шығара салған жасанды бір нәрсе емес.
Адам проблемаларының диалектикалық материализм белгіленген шын гуманистік, ізгілік принципі. Социализм осы принцип негізіне адамның қадір – қасиетін ең жоғары биікке көтеріп, толық еркіндікке, ауқатты өмір сүруіне тарихта бұрын сонды болмаған қолайлы жағдай жасауды өзінің өзекті мақсатына айналдыру керек еді.
Сонымен, ғылыми философияның түсінуінде дүниедегі ең бағалы, асыл байлық – адам. Ол барлық әлеуметтік қозғалыстармен қыймыл әрекеттердің негізі, өлшемі және мақсаты. Жер шарындағы небір ғаламат табыстардың қайнар көзі, ақыл – ой туындыларының құдіретті иесі.
Бұл арада адамның қоғамда алатын орны мен рөлінің сипаттамасын айтып отырмыз. Ал адам дегеніміз өзі кім? Күнделікті өмір көзімен қарағанда бұндай оңай сұрақ жоқ тәрізді.
Философия тарихында берілген анықтамалар көп. Арестотельдің анықтамасы бойынша, адам – қоғамдық хайуан. Басқа хайуандардан адамның айырмашылық – ол қоғамнан тыс өмір сүре алмайды. Орта ғасырдағы катализмнің діншіл философы Фома Аквинский адамды дене мен жанның бірлігі, хайуан мен періштенің аралығындағы нәрсе деп санаған. Жан оның ұғымдарында мәңгілік өлмейтін жақсылық сәулесі болса, ден – ынтымақтық аренасы, жанның ұясы. Сондықтан адамдар өмір бойы сайтандар тұзағынан босануға және құдайдың жарық дүниесіне шығуға ұмтылады.
Философиялық антропологияның материалистік концепциясын ұсынған Фейербахтың айтуынша, жеке – дара, жалғыз өзі ғана өмір сүре алатын адамның болуы мүмкін емес. “Менің” болуымның міндетті шартты- “сенің”болуың, басқалардың болуы. Адамның жануарлар дүниесінен бөлініп шығуының негізгі өмір сүру ортасын өз еңбегімен өзгерту, қайта жасау әдісін, ол үшін еңбек құралын оның ең жабайы түрінен бастап, бірте – бірте жетілдіру жолын меңгеру қабілеті болған. Тек еңбек процесінде ғана адамдар қатысу, байланыс жасаудың қабілеттігін үйренеді. Бара –бара адам еңбегі бүкіл материалдық еңбегі марериалдық және рухани мәдениет дүниесінің жасаушы болып шықты.
Осыларды еске ала отырып адам дегеніміз – еңбек әрекетімен шұғылдана алатын әлеуметтік қатынастар жасайтын, өзара байланыс жасауға толық қабілетті тіршілік иесі деп анықтама беруге болады.
Соңғы аталған екі бөлімнің бір – біріне ауысу мұмкіндігінің адамда негізі бар. Оның мәні мынада: түйсік, елестету, зейін қою, ес сияқты психологиялыққұбылыстар – адамныың сезім мүшелері арқылы мида қалыптасатың сыртқы дүние бейнелері.
Адамның жеке басының қалпын сипаттағанда оның өзң өмір сүретін қоғамдық ортаның әсерімен қалыптасқан ерекшеліктерімен қасиеттері есепке алынады. Бұларға адамның көзілдірік киетіні, аяғында протез болуы, ашушандығы, ақырын сөйлейтіндігі сияқты ерекшеліктері жатпайды.
Таза биологиялық көзқарастың қарсылықтары, негізінен гуманитарлық ғылымдардың өкілдері адам табиғатының әлеуметтік құрамдас бөліктерінің ерекше маңызын баса көрсетуге тырысады.
Адамның биологиялық және әлеуметтік өлшемдерінің өзара диалектикалық байланыстығын, бір – біріне тәуелділігін сөз еткенде еске алатын тағы бір жай бар. Хайуанаттар дүниесінен жаңа ғана бөлініп шыға бастаған алғашқы адамның табиғи биологиялық – физиологиялық қажеттерін қанағаттандыру тәсілдері жағынан тағы бір аңдардан айырмасы көп болмаған.
Кісі дегеніміз – жаңа сапалы, индивидтің өзімен бірге іштен тумаған, белгілі тарихи – мәдени ортада өтетін өмір барысында қалыптасатын әлеуметтік – психологиялық және моральдық қасиеттер қосындылардың иесі, ақиқатты, болмысты тануға және өзгертуге бағытталған жасанпаз әрекет субъектісі. Басқаша айтқанда, ол – қоғамның өмір тәрбиесін бойына сіңіріп, байыған жетілген адам.
Дүниеге көз қарастың әлеуметтік – психологиялық сипаттың ең прогресшіл, бай түрлерін алсаңыз да, егер олар өздеріне күш беріп, шынайы мақсатқа бағыттаушы, іске бастаушы ерік – жігермен қосылмаса жансыз пайдасыз бейне болып қала береді.
Психологтар адамдарды жігерлілер, жігерсіздер деп екі топқа бөлінеді. Жігерлі адам әр қашанда өзінің түрақты қалпын сақтайды, өз алдына емін еркін қызмет жасайды, ұстаған жолынан, қабылдаған шешімімен қайтпауға тырысады. Ал жігерсіз адамның әдетте тұрақтылығы батылдығы жетіспейді. Кімнің болса да жігерін теріс, қоғамның, халықтың мүддесіне қарсы келетін іске емес, адам игілігіне арналған қызметке жұмсағаны маңызды.
Табиғат пен қоғамның арасындағы қарым – қатынастың мән – мағынасы, сипаты қандай, адамдар өзін қоршаған табиғи ортамен қалай байланыс жасайды, олардың бұл ортадағы орны қандай, қоғамның өмір сүруінің және дамуының басты шарты қайсы деген сияқты сұрақтардың философиялық ой – толғамдар жүйесінде ерекше дүниетанымдық маңызы бар.
Адамзат тарихында даму заңдылығын ашып көрсету барысында мынадай әрі бұлтартпайтын өмірлік мысалға жүгінуге болады: адамдар саясатпен, ғылыммен, өнермен, дінмен, т.б. шұғылданбас бұрын ең әуелі тармақтануы керек, үстіне киім, басына пана қажет, ол үшін адамдар еңбектенуі, әрекет жасап, тер төгуі, сол арқылы қажетті материалдық игіліктерді өндіруі қажет. “Аш бала тоқ баламен ойнамайды, тоқ бала аш болам деп
ойламайды” – деп халқымыздың тұжырымдағандай, қарыны аш, киімі жыртық, үйсіз – күйсіз жағдайда адамдар басқа тіршілікпен қалай айналыспақ.
Ал енді өмірге қажетті материалдық игіліктерді адамдар қалай өндіреді, неден жасайды, тиісті бұйымдарды қайдан алады ден заңды сұрақ туады. Әрине, олар дайын күйінде түспейді. Адамдар оны табиғаттан өндіреді, яғни табиғатпен байланыссыз ешқешан өмір сүре алмайды. Адам да, қоғам да – табиғаттың төл баласы, жалғасы. Тіпті, адам ауасыз, сусыз өмір сүре алмайды дейтін болсақ, сол ауа мен судың өзі – жан – жануар, адамзатқа табиғаттың тарту еткен ғажайып сыйы.
Қоғам табиғаттың ұзақ эволюциялық дамудың нәтижесі, басқаша айтқанда, қоғамның пайда болуы – материя қозғалысының жоғары, әлеуметтік түріне көшуі деген сөз.
Бұл жерде мынандай бір заңды сұрақ тууы мүмкін. Табиғатқа, оның өзгеруіне адам ғана емес, жануарлар да ықпал етеді. Ендеше, бұл ретте адам әрекетінің сапалық өзгешелігі неде? Біріншіден, жануарлар да ықпал етеді.
Ендеше, бұл ретте адам болса табиғатты нысаналы түрде өзгертеді, оны өоғам игілігіне қызмет істеуге бағындырады. Екіншіден, жануарлар табиғатпен қарым – қатынас барысында өздерінің дене мүшелерін, яғни тісін, мүйізін, тұяғын, т.б. пайдаланады. Ал адам еңбек құралын қолданады. Ең бастысы – ол оны өзі жасайды. Үшіншіден, жануарлардың әрекені таза биологиялық қажеттерден туындайды, хайуандық сипат алады, ал адам еңбегі әуел бастан – ақ қоғамдық, ұжымдық сипатқа ие, мақсатқа сай жүзеге асырылады.
Адамның ақыл – есі, ой – санасы, өзін өзге дүниеден бөліп қарай алатын, өзінің ішкі дүниесін танып білуге қабілетті, қоғамнан, ұжымнан жарық өмір сүре алмайтын әлеуметтік құбылыс екенін айырамыз. Алдыңғы ұрпақтан қалған мәдени мұраға ие болып, оларды жетілдіріп отыратын қасиеттек адамға ғана тән. Башқаша айтқанда, табиғат барлық уақытта да адамзаттың өмір сүретін ортасы, тіршіліктің қайнар көзі болған және солай болып қала бермек.
Табиғат пен қоғам арасындағы қарым – қатынасты нақты әрі терең түсіну үшін географиялық орта деп аталатын түсінік қолданылады. Бұл ұғымды XIX ғасырдың ортасында француз географы әрі социологы, Париж Каммунасына қатысушы Элизе Реклю кіргізген болатын, одан әрі бұл ұғым Г. В. Плеханов еңбектері арқылы ғылыми әдебиеттен орын тепті.
Географиялық орта өндіріс арқылы халықтардың тарихи дамуының қарқынына әсер етеді. Қолайлы географиялық ортада өндірістің дамына жақсы жағдай болады да, қолайсыз ортада даму процесі көптеген қиыншылдықтар арқылы өтеді.
Алайда географиялық орта өндірістің, жалпы шаруалықтың дамуына қажетті кейбір мүмкіндіктерді ғана дайындайды, ал ол мүмкіндіктерді пайдалану қоғамның өзіне байланысты, оның сүранымдарына, өндіріс құрал – жабдықтарының деңгейіне тәуелді.
Бұл айтылғандардың туындайтын тағы бір маңызды мәселе – географиялық отраны ұқыпты да мақсатқа сай пайдалануда қоғамдық құрылыс сипатты рөл атқарады. Мысалы, антагонистік қайшылығы бар таптық қоғамда географиялық ортаның байлығы қалай болса солай, стихиялы түрде пайданылады дедік. Табиғат қорғау ғаламдық мәселеге айналған соңғы кезде ғана “жау кеткен соң‚ қылышынды тасқа шап” деп, сан соғып, өкініп жатқан жай барлық елдерге де төн болып отыр.
Географиялық ортаның қоғам дамуындағы рөлін асыра бағалауға болмайды. Жоғарыда айтылғандай, ол өндіріс арқылы даму қарқынына ғана әсер етеді. Бұл ретте соцеологияда бағыт (географиялық детерминизм) деп аталатын ағымның кең таралғанын айта кеткен жөн.
Бұл жерде мынандай бір заңды сұрақ тууы мүмкін. Табиғатқа, оның өзгеруіне адам ғана емес, жануарлар да ықпал етеді. Ендеше, бұл ретте адам әрекетінің сапалық өзгешелігі неде? Біріншіден, жануарлар да ықпал етеді. Ендеше, бұл ретте адамболса табиғатты нысаналы түрде өзгертеді, оны қоғам игілігіне қызмет істеуге бағындырады. Екіншіден, жануарлар табиғатпен қарым – қатынас барысында өздерінің дене мүшелерін, яғни тісін, мүйізін, тұяғын, т.б. пайдаланады. Ал адам еңбек құралын қолданады. Ең бастысы – ол оны өзі жасайды. Үшіншіден, жануарлардың әрекені таза биологиялық қажеттерден туындайды, хайуандық сипат алады, ал адам еңбегі әуел бастан – ақ қоғамдық, ұжымдық сипатқа ие, мақсатқа сай жүзеге асырылады.
Адамның ақыл – есі, ой – санасы, өзін өзге дүниеден бөліп қарай алатын, өзінің ішкі дүниесін танып білуге қабілетті, қоғамнан, ұжымнан жарық өмір сүре алмайтын әлеуметтік құбылыс екенін айырамыз. Алдыңғы ұрпақтан қалған мәдени мұраға ие болып, оларды жетілдіріп отыратын қасиеттек адамға ғана тән. Башқаша айтқанда, табиғат барлық уақытта да адамзаттың өмір сүретін ортасы, тіршіліктің қайнар көзі болған және солай болып қала бермек.
Табиғат пен қоғам арасындағы қарым – қатынасты нақты әрі терең түсіну үшін географиялық орта деп аталатын түсінік қолданылады. Бұл ұғымды XIX ғасырдың ортасында француз географы әрі социологы, Париж Коммунасына қатысушы Элизе Реклю кіргізген болатын, одан әрі бұл ұғым Г. В. Плеханов еңбектері арқылы ғылыми әдебиеттен орын тепті.
Географиялық орта өндіріс арқылы халықтардың тарихи дамуының қарқынына әсер етеді. Қолайлы географиялық ортада өндірістің дамына жақсы жағдай болады да, қолайсыз ортада даму процесі көптеген қиыншылдықтар арқылы өтеді.
Алайда географиялық орта өндірістің, жалпы шаруалықтың дамуына қажетті кейбір мүмкіндіктерді ғана дайындайды, ал ол мүмкіндіктерді пайдалану қоғамның өзіне байланысты, оның сүранымдарына, өндіріс құрал – жабдықтарының деңгейіне тәуелді.
Бұл айтылғандардың туындайтын тағы бір маңызды мәселе – географиялық отраны ұқыпты да мақсатқа сай пайдалануда қоғамдық құрылыс сипатты рөл атқарады. Мысалы, антагонистік қайшылығы бар таптық қоғамда географиялық ортаның байлығы қалай болса солай, стихиялы түрде пайданылады дедік. Табиғат қорғау ғаламдық мәселеге айналған соңғы кезде ғана “жау кеткен соң‚ қылышынды тасқа шап” деп, сан соғып, өкініп жатқан жай барлық елдерге де төн болып отыр.
Географиялық ортаның қоғам дамуындағы рөлін асыра бағалауға болмайды. Жоғарыда айтылғандай, ол өндіріс арқылы даму қарқынына ғана әсер етеді. Бұл ретте соцеологияда бағыт (географиялық детерминизм) деп аталатын ағымның кең таралғанын айта кеткен жөн.
Бір сөзбен айтқанда, географиялық детерминизм қоғамдық дамудағы, әр халықтың тарихындағы өзгешеліктерді географиялық ортаның әсерімен түсіндіруге тырысады, яғни бұл ағым қоғам дамуының басты себебін қоғамның өз ішінен емес, сыртынан іздейді.
Империализм дәуірінде географиялық детерминизмнің жалғасы сияқты кертартпа ағым – “геосаясат” пайда болды. Геосаясат империалистік мемлекеттердің агрессиялық саясатын ақтауға тырысты. Бұл ағымды ұсынған неміс географы Ф. Ратцельдің ойы бойынша, тарихтың қозғаушы күш – “өмірге қажет кеңістік үшін күрес”. Оның пікірінше, тарих
дегеніміздің өзі халықтардың “өмірлік кеңістік үшін” бір – бірімен күресі. Мәселе, “геосаясат” деген сөзде емес. Оны не үшін қолдануда. Өз жерін басқадан қорғау да – геосаясат.
Табиғат пен қоғамның өзара тұтастығы, өзара қарым – қатынасы туралы айтқанда, тек географиялық орта туралы түсінікпен ғана шектелу қате болар еді. Адамның, бүкіл қоғамның өмір сүретін табиғи ортасы, әрине, көп. Ол биосфера деп аталады. Биосфера жер шарының тіршілік тараған аймағы. Оған тірі организмдер мекендейтін, жер қыртысының жоғарғы қабаты, өзендер мен көлдер, теңіздер мен мұхиттар, сондай – ақ атмосфераның төменгі қабаты жатады. Басқаша айтқанда, биосфера – адамдардың тыныс – тіршілігін, өмір сүруін қамтамасыз ететін орта.
Биосфераның құрамына өмімдіктерден, тірі организмдер мен жануарлардан басқа адамның өзі де кіреді, яғни адамзат – биосфераның бір бөлігі. Адамның іс - әрекеті, ғылым мен техника дамыған сайын биосфераның өзгеруі жылдамдай түседі. Ноосфера туралы ілімнің негізін қалаушы орыс ғылымы В. И. Вернадскийдің (1863 – 1945) пікірінше, ноосфера – адамның ақыл – ой өрісі, ойланып істеген әрі дәйекі басқарып отыратын әрекетінің көрінісі, табиғатты жоспарлы, жүйелі әрі саналы түрде пайдалануының, өзгертіп, түрлендіруінің жемісі.
Бұл айтылған мәселелер бүгінде экологиялық проблемалар деп аталып әлемдік сипатқа ие болып отыр. “Экология” деген ұғым гректің “okos – үй, мекен” және logos – ғылым деген сөздерінен құралған. Басқаша айтқанда, экология – табиғат мен қоғам байланысы туралы ғылым. Қысқасы, бүгінгі таңда табиғат қорғау мәселесі, қоршаған ортаның тазалығы үшін күрес дүние жүзі елдерін, халықтарын қамтып отырған “бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығаруды” талап ететін ғаламдық мәселеге айналады. Сондықтан елімізде табиғат қорғау, оның байлығын ұқыпты пайдалану мәселесі мемлекеттік саясат деңгейінде қаралып отырғаны да әбден заңды.
Экологиялық тәрбиені жүйелі негізге қою да – уақыт талабы, экологиялық мәдениетке ие болып, табиғатқа туған анасындай аяулы сезіммен қарау – бүгінгі танда әрбір азаматтың абыройлы борышы.
Тақырыпты пысықтау сұрақтары:
1. Адам және оның болмысы.
2. Адам проблемасының философияда қойылуы.
3. Адамның рухани әлемі, діни және ғылыми тұжырымдар.
4. Табиғат – философия.
5. Табиғат, географиялық отра түсінігі.
6. Экология мәселелері.
№29. Дәріс. Тақырып. Қоғам және оның жүйесі
Сабақтың мақсаты:
Қоғамның адамдар үшін, әлем үшін маңызын түсіндіру, қоғамдық сананы тағы да нақтылау.
Жоспар:
1. Қоғамды зерттеудің методологиялық негізі.
2. Қоғам туралы әр – түрлі көз қарастар, тұжырымдар.
3. Қоғамның тарихи типтері, қозғаушы күштері.
4. Қоғамның жүйесі туралы түсінік.
Қоғам, адам және қоғамдық қатынастар туралы ой – пікірлер, идеялар мен ұғымдар алғашқы қауымдық қоғам дәуірінде – ақ қалыптаса бастаған. Адамдардың алдында қоғам деген не, ол қалай пайда болады, ол қалай дамиды, дамудың көздері мен қозғаушы күштері неде қоғамды құбылыстар мен процестердің байланысы қандай, өзара әсер, себеб, қарым – қатынастар заңдылықтары бар ма деген және басқа да көптеген сұрақтар, ой – пікірлермен идеялар туады.
Қоғамдық құбылыстарды процестерді, тарихты танып білуге, өзгертуде философия тарихында материализммен идиолизмнің арасында ұдайы қарама – қарсы күрес болып келді.
Қоғамның ілгерлеп дамуы, таптардың пайда болуы, ой еңбегімен дене еңбегінің бөлінуі, еңбекші бұқараны қанаудың күшейюі қоғам туралы ой пікірлерді, идеяларды одан әрі дамыта, тереңдете түсті. Қоғамдық өмірге, оның дамуына байланысты көз қараста бұрын идеолизм үстемдік етіп келді. Оның үш түрлі себебтері бар тарихты ғылыми тұрғыдан түсіндіру белгілі бір нақтылы объективтік жағдайлар талабына байланысты туындаған соның рухани нәтежесі еді. Ол қоғамның, философияның, ғылымның жаңа практикалық талабына сәйкес өмірге ойдың жетістіктеріне сүйену арқылы, соның жалғасы ретінде және ғылым, практика жаңалықтарына сүйене отырып, солардың талабына сай қалыптаса бастады.
Тарихты объективтік тұрғыдан түсіну өзінен бұрынғы алдыңғы қатарлы қоғамдық ойдың жәй жалғасы емес, қоғам тану тарихындағы мүлдем жаңа сапалы кезең. Тарихқа объективтік көз қарастың қалыптасуы табиғатты да, қоғамды да қамтитын біртұтас ғылыми – философиялық дүниетанымдық негіз болды.
Қоғамды ғылыми принциптер негізінде зерттеу нәтижесінде оның даму заңдылықтарын ашу барысында әлеуметтік тану саясаттану ілімдері дүниеге келді. Ол ғылымдар адамзат тарихин түсіндірудің кілтің, көзін қоғамның материалдық – экономикалық қатынастар жүйесінен шығарып, оны жан – жатқы терең талап дәлелдеді.
Қоғам заңдары бадырайып көрініп тұрмайды,оларды тікелей байқау, көру, бақылау арқылы қабылдау өте қиын. Осы себебті қоғам заңдарын терең танып – білу арқылы пайдалану онай емес, ол көп күш жұмсап,
зерттеуді керек етеді. Олар абстрактілі ойлау арқылы белгілі болады.
Қоғамды ғылыми тұрғыдан түсінудің басты өзгешелігі – ол алуан түрлі қоғамды қатынастардың байланыстардың ішінен ең бастысын – материалдық - өндірістік қатынастарды бөліп алады.
Қоғамдық болмыс – адам өмірінің, оның іс - әрекетінің қажетті шарты және қайнар көзі. Адам өзінің жасампаздық күш – қуатымен табиғи мүмкіндіктерді шындыққа айналдыру арқылы болмысты өзгертіп отырады. Қоғамдық болмыс – адамзат тарихының даму кезеңдеріндегі әлемметтік практиканың нәтижесі.
Қоғамда тұрлі қатынастар бар. Олардың негізіне алғанда марериалдық және идеологиялық қатынастар болып екіге бөлінеді. Материалдық қатынастар адам санасынан тыс, ой елегінен өтпей – ақ қалыптаса береді. Оған жататындарды ең алдымен табиғатты адам арқылы өңдеу деп айтады.
Қоғамды қатынастардың екінші бір тобы – идеологиялық қатынастар оларға адамды адам арқылы өндеу жатады. Олар саяси, құқылық, марольдық, діни, эстетикалық философиялық қатынастар болып бөлінеді.
Нағыз демократиялық қоғам адамдар бостандығынан, еркіндігінен көрінеді. Бірақ бостандық ойға келгенді жасау емес, қоғам болған соң белгілі тәртіп болады.
Демократияның бір көрінісі либерализм. Ол адам құқығы деген ұранды желеу етіп адам не істесе де берікті болу керек дейді.
Қоғам дамуындағы ерекше заңдар әр – бір жеке – экономикалық формациялардың өзіне тән ерекшелігін көрсетеді.
Қоғамды бір тұрас, тірі әлеуметтік организм деп қараудың негізгі шарты – барлық дәуірлердің әлеуметтік – экономикалық даму типологиясын құру, яғни қоғамдық – экономикалық фармация туралы қғымды тұжырымдауды қажет етті.
Сондықтан тарихты әлеуметтік философия тұрғысына пайымдау, талдау әдісін – біз қоғамдық құылыстардың жалпы теориясымен методологиясы дейміз. Айта кеу керек, қоғамды басқа да толып жатқан нақтылы ғылымдар (әдебиет, заң, тарих, саяси экономия, саясаттану, әлеуметтану, т.б.) зерттейді.
Материалистік философия ілімдерінде адамзат қоғамы ешқашан өзгермейтік, әрқашан өзіне тән құбылыс ретінде қаралып келді. Қоғамдық құбылыстар кездейсоқ, оларға ешқандай заңдылық жоқ деп санаған, не биологиялық заңдылықтарды қоғам өміріне қолданған реттер де кездесті.
Қоғамның тарихи үлгілері бір – бірінен материалдық игілікті өндіру тәсілі арқылы ажыратылады ал қоғамның формацияның саналық ерекшелігі ондағы өндірістік қатынастарға байланысты болады.
Әр бір қоғамдық формацияның негізінде белгілі бір өндіріс тәсілі болады. Өндірс тәсілінің алмасуы қоғамдық формацияның ауысуына бастайды.
Қоғамның қозғаушы күштері туралы мәселенің принципті маңызы бар, Өйткені бұл проблеманы шеше отырып, біз қоғамның ілгері дауының басты қозғаушысы, оның жүргізушісі кім, адамдардың саналы жасампаздық қызметінің басты ынталандырушысы неде, олардың көріністері қандай деген сұрақтарға жауап іздейміз.
Қоғам дамуының объективті қозғаушы кұштері өздерін терең түсінуді, білуді қажет етеді сондықтан олар өздерінің идеологтарын қалыптастырады.
Қоғамның данму процесі, оның жоғары қарай ілгері басуы қозғаушы күштер, қайшылықтар, қарама қарсы күрестер, әлеуметтік өзгерістердің қарқымды секірістері арқылы жүзеге асырылынатын. Бұл арада қозғаушы күштер болып белгілі бір әлеуметтік топтын жыйынтығы да шығады. Бұлар қоғам дамуының прогресшіл мүдделеріне сәйкес нақтылы – тарихи жағдайларға байланысты толғағы пісіп – жетілген қайшылықтарды шешуге бағытталған.
Марериалдық – экономикалық мүдделерден басқа рухани мүддерлерде бар. Рухани мүдделер қоғамның эстетикалық адамгершілік діни мүдделері – оның білімге мәдениетке, оқуға үмтылуы.
Мүдделердің өзгеру негізіне объективті болмыс және адамның материалдық дүниеде өмір сүруі, адам мен қоғамдағы өзгеру барысының бейнесі жатады. Бір мүдделерді қанағаттандыру қоғам дамуында жаңа мүдделерді туғызады. Саондықтан мүдделердің де жоғарлау, өрлеу заңы тарихтың қозғаушы кұшіне енеді.
Қоғамдық болмыс жағдайлары мен мүдделері арасындағы қайшылықтарды шешуде адамдардың ынта – ықыласы, көз қарастары жүзеге асырылады.
Тақырыпты пысықтау сұрақтары:
1. Қоғам көптеген ғылымдардың зерттеу объектісі.
2. Әлеуметтік философияның негізгі принциптері, түсінігі.
3. Қоғам жүйесі, әлеуметтік кеңістік және уақыт.