Славянофилдер мен батысшылар ағымы
«Алтын Орда» мемлекетінен ез дербестігін алып, Мәскеу княздігінің Шығыс жақтағы жерлерге лап берген кезінде орыс халқының «ұлылығы», «артта қалған» Азия халықтарын право-славиелік дінге енгізу, орыс тілін, мәдениетін үйрету негізінде Дүниежүзілік цивилизацияның шеңберіне тарту идеясына негізделген «Мәскеу - үшінші Рим»деген философиялық көзқарас пайда болды. Мұндай идеялар ғасырлар өткен сайын шыңдалып, орыс халқының ерекше өзіндік болмысы мен мәдениеті, философиялық ой-пікірі бар деген славянофильдік(славяндықты сүю) ағымды тудырды.
Екінші бағыттағы ойшылдар Ресей монғол-татар бодандығында екі ғасырдан артық болып, басқа Еуропа елдерінен қалып қойды, сондықтан орыс халқы Батыс өткен тарихи жолды қайталап,
олардан тәлім-тәрбие, өнеге алуы керек деген ойда болды. Бұл бағыттағы ойшылдарды «батысшылар»деп атай бастады. Осы екі ағым арасындағы күрес өзінін шиеленісіне XIX ғ. ортасында жетті Ақырында, большевиктер бұл шиеленісті «батысшылардың» пайдасына шешті. Алайда бұл екі ағым арасындағы астыртын күрес әрі карай жүре берді.
Кеңес Одағы тараған уақытта Ресейдің алдында «Біз кімбіз және калай қарай дамуымыз керек?» деген сұрақ тағы да дүниеге келіп, аз уакытта тағы да «батысшылардың» пайдасына шешілді. Бірақ либерализм жолы әлеуметтік құрылымда аз өте бай топпен қатар, негізгі халықтың қайыршылануына әкеліп,. XXI ғ. басында саяси элитаның ауысуына, «мемлекетшілдердің» билікке келуіне себеп болды. Бұлардың көзқарастарының «славянофилдерге» жақынырақ екенін, сонымен қатар олардың Батыс тәжірибесін (әсіресе жаңа технологияларды) де игеру қажеттігін білетінін айтып өткен жөн сияқты. Ресей тарихына жасаған қыскаша экскурс осы елдегі философиялык ой-өрісті жете түсінуге мүмкіншілік бере ме деген ойдамыз.
Енді әңгімені нақтылай келе «батысшыларға»келер болсақ, бүл ағымның негізін қалаған П.Я.Чаадаевболды. Оның ойынша, Еуропа елдері қоғамның материалдық жэне рухани жағынан да кемеліне келген, орнықты, тәртіпті. Еуропа құндылықтарына ол отбасы ошағына берілгендікті, парыз бен жауапкершілікті, азаматтык еріктікті қорғауды т.с.с жатқызады. Ресейге келер болсақ, онда зорлыкка негізделген күшке табыну, соның нәтижесінде барлық адамдардың құлға айналуы, тұлғаның абыройын таптау т.с.с. дөрекі нәрселерді көреміз. Мұның негізгі себебін П.Я.Чаадаев Ресей халқының дінді «бишара Византиядан» алып, Еуропаның католиктік бірлігінен шығып қалғанынан көреді. Ресей Еуропа халықтарының тарихи тәжірибесін игеріп, олардың жіберген қателіктерін қайталамай, өзінің болашағын ағарған зерденің негізінде құруы керек.
П.Я.Чаадаевтің көзқарасы Ресейдің біршама зиялыларына зор әсерін тигізіп, «батысшылар» тобының қалыптасуына әкелді. Оларға А.И.Герцен, Н.П.Огарсв, Т.Н.Грановский, В.Г.Белинский т.с.с.жатқызуға болады.
В.Г.Белинский Еуропаға сүйсіне табынғандай карап, былай деп жазды: «Еуропаның бір жылы Азияға бір ғасыр, Еуропаның бір ғасыры Азияға мәңгіліктей. Барлык ұлылык, асылдык, адами-руханияттылык Еуропа топырағында бәйшешектей гүл жарып. өзінің тамаша жемістерін берді. Өмірдің көп келбеттілігі, ер мен әйел арасындағы тазалық, әдет-ғұрыптың нэзіктілігі, ғылым мен өнердің дамуы, табиғаттың бисаналық күштерін бағындырып игеруі, материяның жеңіліп, рухтың көкке карай өрлеуі, адамның кісілігін сыйлап, оның құқтарын бұлжытпай сақтауы... – бәрі де Еуропа өмірінің дамуының нәтижелері» - деп қорытады В.Е.Белинский. Әрине, ол бүгінгі Батыс руханиятын көрсе, мүмкін мұндай көзқараска түзету енгізер ме еді, кім біледі?
«Батысшылар» Ресейді «византиялық-православиелік» ноқтадан құтқару керектігін, тұлғалар өз таңдауының негізінде іс-әрекет жасау мүмкіндігін алуы жөнінде біршама терең ойлар айтты. Бірақ олар Батыс Еуропа халықтары цивилизацияның бүкіл адамзаттық құндылықтары мен нормаларын іске асырды деген жалған ойда болды.
Славянофилдер қарама-қарсы бағытта болды. Олардың ойынша, Орыс мәдениеті православиелік діннің шеңберінде дамуы керек. Олар «патшанікі - патшаға, Құдайдікі - Құдайға» деген қағиданы ұстады. Яғни мемлекет тек кана коғамды сырттай өзгерте алады, ал ішкі жаңару - православиелік халықтық мәдениетгің ісі. Тек ішкі рухани жаңарудың негізінде ғана ізгі коғамды орнатуға болады. И.В. Киреевский мен А.С. Хомяков Еуропадағы ағартушылық өзінің ішкі мұмкіншілігін сарқыды, онда техникалық алға өрлеу рухани токыраумен қатар жүріп жатыр деген көзқараста болды,
Қоғамды реформалаудағы негізгі мәселелердің бірі - Ресей қоғамы жекеліктің,я болмаса қауымдастықтыңнегізінде даму керек пе? - деген сұрақка жауап ретінде олар соңғыны таңдады. Қауымдасып өмір сүру - Ресей халқының табиғатына тән нәрсе. Қауымдастықтың шеңберінде ғана рухани бірлік бар. Қоғамның дамуының негізінде бақталастық, көре алмау т.с.с. емес, керісінше, адамды сүю, достық, өзара көмек беру жатуы қажет. «Біз сүйіп сенеміз, олай болса, өмір сүреміз»деген нақыл сөздің астына әрбір славянофил өз қолын қойған болар еді.