Поль Брэгг деген кiм? Оның iлiмiнiң ерекшелiгi неде?
Жер бетiндегi ғұлама данышпандар аспандағы жұлдыздарға ұқсайды. Жерде де, суда да жұлдыздарға қарап жол табуға болады. Жұлдыздар көрiнбесе жолаушылар адасуы мүмкiн.
Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.)
Шетел әдебиеттерiнде «табиғаттанушы», «табиғатпен үндесушi» деген сөз тiркестерi жиi қолданыла бастады. Табиғи тағамдармен тамақтанатындарды осылай деп атайды. Олар осылай өздерiнiң қазiргi қорапталған, консервiленген, жансыздандырылған, құрамында көмiртегi өте көп ет, май және тәттi тағамдар өнiмдерiне наразылықтарын бiлдiредi.
Бұлай тамақтануға алғашқы қарсы шыққандардың бiрi Поль Брэгг. Брэгтiң ең атақты кiтабы «Ашығу кереметi» (Чудо голодания) батыста көптеген миллиондаған даналармен басылып, көпшiлiктiң сүйiп оқитын оқулық кiтабы болып, қолдан-қолға тимей таралды.
Кiтаптарының, лекцияларының, басылымдарының ең тамаша жарнамасы Брэгтiң өзi, жеке тәжiрибесi және өмiр сүру қағидасы болды. Ол 90 жасында күштi, шапшаң, иiлгiш, шыдамды, қысқаша айтқанда қылшылдаған бозбала сияқты болатын.
Поль Брэгг күнделiктi 3...5 шақырымға жүгiрдi, тауға шықты, көп малтыды, теннис ойнады, биледi, жаяу ұзақ жүрiп, гантель, гирь көтердi, серфингпен (тақтайдың үстiне тұрып алып толқында сырғанау) шұғылданды. Жұмыс күнi 12 сағатқа созылды, бiрақ шаршауды, ауруды бiлмедi, әрқашанда сергек, тың, өмiрге құштар және адамдарға көмектесуге дайын тұратын.
Поль Брэгг 1976 жылы 95 жасында Флорида жағалауында суда сырғанап жүргенде алапат толқын басып кетiп, қайғылы қазаға ұшырады. Оны 5 баласы, 12 немересi, 14 шөбересi және мыңдаған iзбасарлары жоқтады. Сарапшы –паталоганатомдар тексергенде оның жүрегi, қан тамырлары және басқа iш құрылыс мүшелерi өте жақсы, керемет жас баланыкiндей болған. Брэгг бiр сөзiнде «менiң тәнiм жас мөлшерiн бiлмейдi» – деп айтқан.
Поль Брэгг денсаулықты түзеу негiзiне дұрыс тамақтану жүйесiн басшылыққа алған, еттi мүлдем жемеген, балықты өте сирек пайдаланған. Өзiнiң жүйесiнде ашығу бағдарламасына көп көңiл бөлдi. Шоғырланып қалған улардан, қалдықтардан, маңқадан, тұздан ағзаны тазалау үшiн: аптасына бiр тәулiк, 3 айда бiр қабат апталық ашығу бағдарламасын ұстауды ұсынды, ашығу кезеңiнде тек таза буланған су ғана (дистилированный) iшу керек деп үйреттi.
Қазiргi адамдар, тамақ iшкiсi келмесе де, күнiне бiрнеше рет тамақтануды әдет еткен, созылмалы гастритiнiң салдарынан болатын қобалжуды «аштық» деп қабылдайды. Осы әдеттi өзгертудiң түкте қиындығы жоқ, тек санаң тәнiңдi басқарса болғаны.
Брэгг таңертең мүлдем тамақ iшпеген, адам өзiнiң тамағын денелiк күш қуат жұмсап барып iшуi керек, қазақша айтсақ: «Таңғы ас Тәңiрден», – деп есептеген. Оған күнiне екi мезгiл тамақ iшу жеткiлiктi болған.
Адам баласына ғажайыпты армандау тән қасиет! Тамақтың, дене шынықтырудың, дұрыс тамақ мәзiрiнiң, тыныс алудың, ашығудың нақтылы мүмкiншiлiктерiн бiлмей, олар ғажайыпты өздерi түсiнбейтiн айдаладан iздейдi.
Поль Брэгг: «Табиғаттың ұлы заңдарымен өмiр сүрудiң еш қиындығы жоқ. Аурудан азап шегiп, мезгiлсiз қартайғандар, тез жазылу мен жасарудың жолын армандайды. Есiңiзде болсын: денсаулықты еңбектенсең ғана табасың! Оны сатып алуға болмайды, ешкiмде оны сiзге сатпайды. Мен табиғат заңдылықтарын зерттеймiн, бұзбаймын, нәтижесiнде денiм сау және өте қуаттымын. Табиғи тамақтану, ашығу арқылы өзiңдi-өзiң тазалау жолдары, дене шынықтыру – қартаймайтын, солмайтын, әр күнiңiзге шаттық силайтын өмiрге алып келедi».
«Адам ата мен Хауа ана заманынан берi ең маңызды мәселе – адам ғұмырын ұзарту. Бiр де бiр адам баласы өлiм тырнағынан қашып құтылған емес, бiрақта белгiлi тамақтану және тазалық ережесiн сақтап өз өмiр жасыңды ұзартуға болады. Әрқайсың осыны: ең алдымен өзiң үшiн, туған туыс пен достарың үшiн және өзiңнiң елiң үшiн жасауға мiндеттiсiң. Әр адамның өзiнiң денсаулығын, өзiнiң тәнiн жетiлдiрудiң денсаулықтары жақсы қалыпта табиғи жасын жасаудың қоғам үшiн зор маңызы бар. Әр адам 120 жыл не одан көп өмiр сүруге мiндеттi және осыған толық құқысы барына мен сенемiн. Денсаулықты сатып алу мүмкiн емес, оны өзiңнiң тiкелей еңбегiң арқылы ғана табасың. Тек қана өзiңнiң табанды еңбегiң ғана шексiз денсаулық пен қуатты ұзақ ғұмыр сүрушiлердiң қатарына алып келедi. Мен өз денсаулығымды өз еңбегiммен ғана таптым. Менде ауру, шаршау деген болмайды және денем болбыр, бопау емес, жылдың 365 күнiнде саумын. Осы нәтижеге сiз де жетесiз! »
Өзiнiң сауықтыру жүйесiнде, Брэгг дұрыс тамақтануға зор мән берген. Оның көзқарасының негiзi мынада болған: күнделiктi қолданатын тамақтың 60 пайызы шикi көкенiстер мен жемiстерден құралған. Қалған бөлiгiне таңдау мүмкiншiлiгi кең ауқымда, бiрақта өндiрiсте химиялық әдiспен өңделген тамақтардан аулақ болу қажет. Тамақ неғұрлым табиғи түрде болғаны жөн, тұзы мен рафинадталған қаныты, жасанды қоспалары неғұрлым аз мөлшерде болғаны дұрыс. Брэгг бiржақты болмаған, егер адам ет жеуге үйренсе жей берсiн, бiрақ аптасына 3-4 қабаттан артық емес. (кейбiреулер сияқты күнiне 3-4 қабат емес). Ол шұжық (колбаса), консервi, қуырылған, тұздап қақталған және майлы еттi пайдаланбауды ұсынған. Жұмыртқаны аптасына 2...3 рет қана жеудi жөн деген. Ересек адамдардың сүт, кiлегей, iрiмшiк, сары май, малдың майларын көп қолданбауын жақтаған. «Аурулардың 99 пайызы дұрыс тамақтанбаудан зардап шегедi. Адамдар өздерiнiң денелерiнiң қаншалықты ласталғанын түсiнбейдi, дұрыс тамақтанбағандықтан ағзасы улы заттар, шырыш пен маңқаға, кiр-қоқысқа лықа толы екенiн сезбейдi», – деп жазады Брэгг. Тағы айтады: «Ашығу белгiлi бiр аурудың емi емес, ашыққанда ағза өзiнiң өмiрлiк қуатын тазалауға және сауықтыруға жұмсайды. Ашығудың арқасында ағза өзiн- өзi емдеп жазады».
21 сәуір, бейсенбі. Ашығуымның 4-ші тәулігі. Таңғы сағат 7-00
Әркімнің ниетіне лайық Алла оған рақым, шапағат етпеген болса, ол ең зиян тартушы пенде.
Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.)
Салмағым 91, 0 кг. Бір тәулікте 1,5 кг салмақ жоғалттым. Түні бойы кіші дәретке барған жоқпын.
Сол қолымның қан қысымы 138/93. Пулсь – 68;
Оң қолымның қан қысымы 136/103 Пульс – 72;
Қан құрамындағы қанытым (сахарный диабет) –
Сағат 11-де балды ыстық суға қосып аузымды аштым. Соңынан кешке дейін 3 литр «Таң» сусынын іштім. Алдында қуатым жоғалып әлсіреп кетіп едім, осыларды ішкеннен кейін қуатым қалпына келді. Бірер сағаттан кейін ішім өтті. Ішім кешке дейін өтіп толық тазаланғандай күй кештім. Өзімді жақсы сезінемін.
22 сәуір, жұма. Ашығуымның 5-ші тәулігі. Таңғы сағат 7-30
Жеу үшін өмір сүрмеу керек, өмір сүру үшін жеу керек. Тамақ көп болған сайын, ауру да көбейеді. Бенджамин Франклин
Салмағым 94, 4 кг. Бір тәулікте 3,4 кг салмақ қостым. Түні бойы кіші дәретке бардым. Ішім әлі өтуде.
Сол қолымның қан қысымы 138/93. Пулсь – 68;
Оң қолымның қан қысымы 136/103 Пульс – 72;
Кешке дейін 3 литр «Таң» сусыны мен ыстық суға бал араластырып іштім. Ішім өтіп тазалану жалғасуда. Өзімді жақсы сезінемін.
Бүгіннен бастап «Тяньши» өнімдерін қарқынды түрде ішіп жатырмын. Мырыш, хитозан, икан, балалар кальциі. Осы өнімдерді алдында 500 долларға ішкенмін. Нәтижесінде аяқтарымны қан тамырлары қалпына келді (варикозное расширения сосудов). Сондай-ақ, өкшемнің жарылғаны жойылып, сусамыр ауруының салдары – аяққа ұйып қалған қандар кетті.
23 сәуір, сенбі. Ашығуымның 6-шы тәулігі. Таңғы сағат ......
Қомағай да ашқарақ болып жүрме, тамағыңа пышақ тақағандай тәбетіңді бөге.
Сүлеймен пайғамбар (ғ.с)
Салмағым 96,2 кг. Бір тәулікте 1,4 кг салмақ қостым. Түні бойы кіші дәретке бардым. Ішім әлі өтуде.
Сол қолымның қан қысымы 142/104. Пулсь – 62;
Кеше кешкі 22-де ұйқтауға жаттым. Ұйқым тамаша. Өзімді жеңіл сезінемін. Бұрын 4-ші қабатқа жақтауды ұстап шығушы едім, қазір жеңіл желе-жорта шығатын болдым. Қан қысымым қалпына түсіп келеді. Осыны өзім бар болмысыммен сезінемін.
24 сәуір, жексенбі. Ашығуымның 7-ші тәулігі. Таңғы сағат ......
Інжілде мынадай сөз бар: «Ар ұятыңа қарай жаза немесе силық аласың. Өлшеміңе қарай сыбаға аласың».
Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.)
25 сәуір, дүйсенбі. Ашығуымның 8-ші тәулігі. Таңғы сағат ......
Тәннің ләззаты – саулығында,
Жанның ләззаты – білімінде
Фалес
26 сәуір, сейсенбі. Ашығуымның 8-ші тәулігі. Таңғы сағат ......
Тамақты тарта жесең санаңды ашады, көп жесең ұйқы басады.
Ф.Бэкон
27 сәуір, сәрсенбі. Ашығуымның 9-шы тәулігі. Таңғы сағат ......
Жасы үлкендермен сұқбаттасып, ғұламалардан ақыл сұрап, дәрігерлермен араласып тұрыңдар.
Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.)
28 сәуір, бейсенбі. Ашығуымның 10-шы тәулігі. Таңғы сағат ......
Дене қимылындағы жаттығулар дене қуатын қалай нығайтса, ойлап жаттығу да ақыл қуатын солай нығайтады.
А.Н.Радищев
29 сәуір, жұма. Ашығуымның 11-ші тәулігі. Таңғы сағат ......
Тән сезіп, құлақ естіп, көзбен көрмек,
Мұрын иіс, тіл дәмнен хабар бермек.
Біреуінен мидағы ой хабар алып,
Жақсы, жаман әр істі сол тексермек.
Шәкәрім
30 сәуір, сенбі. Ашығуымның 12-ші тәулігі. Таңғы сағат ......
Шақтап жесең – рахат көресің,
Көп құнықсаң – кіріптар боласың.
Ильяс Низами
1 мамыр, жексенбі. Ашығуымның 13-ші тәулігі. Таңғы сағат ......
Біздің бақытымыздың оннан тоғызы денсаулығымызға байланысты.
А.Шопенгауэр
2 мамыр, дүйсенбі. Ашығуымның 14-ші тәулігі. Таңғы сағат ......
Қанағат – табиғаттың одақтасы және денсаулықтың сақшысы.
Абуль Фаради
3 мамыр, сейсенбі. Ашығуымның 15-ші тәулігі. Таңғы сағат ......
Пенде өз істеген күнәсына өкініп, қынжылған сәтте, ол ғапу етіп өтінбесе де Алла оның күнәсын кешіріп жібереді.
Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.)
4 мамыр, сәрсенбі. Ашығуымның 16-шы тәулігі. Таңғы сағат ......
Дене шынықтыру жаттығуларымен шұғылдансаң, дәріге пысқырып та қарамайсың.
Ибн Сина
5 мамыр, бейсенбі. Ашығуымның 17-ші тәулігі. Таңғы сағат ......
Жеңдер, ішіңдер, бірақ ысырапшылыққа, бос мақтаншылыққа жол бермеңдер.
Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.)
6 мамыр, жұма. Ашығуымның 18-ші тәулігі. Таңғы сағат ......
Әдемілік – азат жанның және мықты денсаулықтың жемісі.
Л.Шеффер
7 мамыр, сенбі. Ашығуымның 19-шы тәулігі. Таңғы сағат ......
Ынта – иманнан. Ынтасыздық – екі жүзділіктің салдары.
Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.)
8 мамыр, жексенбі. Ашығуымның 20-шы тәулігі. Таңғы сағат ......
Басында жан мен дене екі басқа,
Жан шыдап тұра алмайды қозғалмасқа.
Дене сауыт сықылды жанның орны,
Оған да күту керек бұзылмасқа.
Шәкәрім
2011 ЖЫЛҒЫ АШЫҒУЫМА ДАЙЫНДЫҚТЫҢ АЛҒАШҚЫ 3 КҮНI
11 қаңтар, сейсенбі. Ашығуыма дайындықтың I-ші тәулігі
Таң алдында түс көрдім: Жүгері егістік алқабында жап-жасыл 1,5 метр жүгері балаусасы арықшалармен суғарылып жатыр. Судың түсі мөп-мөлдір, тап-таза. Су арықшалармен біркелкі ағып сіңіп жатыр.
Өзімді сезінуім онша емес. Денем ауырлап, жалқаулық, енжарлық басып алды. Таңғы сағат 9-00. Салмағым – 94,4 кг, яғни 20 кг артық! Қан құрамындағы қанытым – 224, бұл да екі есе артық! Сол қолымның қан қысымы – 157/105: Қан тамырымның 1 минуттағы соғуы – 95: Оң қолымның қан қысымы – 165/104: Қан тамырының 1 минут соғуы – 94;
Ескерту: Мен қан құрамындағы қанытымды, салмағымды, қан қысымымды, қан тамырымның соғысын, салмағымды Германиядан алып келген аппараттармен тексеріп жүрмін.
Түстен кейін 1 шиша «Қазақстан» коньягін ішіп алдым. Шөлдегенде «Таң» сусынына су қосып 3 л астам шалап іштім.
12 қаңтар, сәрсенбі. Ашығуыма дайындықтың II-ші тәулігі
Өзімді сезінуім жақсы. Денем жеңілдеп, жүрісім ширақ. Қалаға барып «Книготорг»-тан 3000 теңге ақшамды алып, қайтар жолда «Алтын орда» базарынан 6 шиша «Таң» сусынын сатып алдым.
Сағат 15-30. Салмағым – 95,2 кг, яғни кешегіден 0,8 кг артық! Қан құрамындағы қанытым – 224; әлі екі есе артық! Сол қолымның қан қысымы – 162/105: Қан тамырымның 1 минуттағы соғысы – 91: Күні бойы ішім өтті, себебі ыстық суға бал, лимон қосып іштім. Артынан ішім кепкенше «Таң» сусынына жасалған шалап іштім.
13 қаңтар, бейсенбі. Ашығуыма дайындықтың III-ші тәулігі
Күні бойы духовкаға пісірген қант қызылшасы, алма, картошка жедім. Шөлім қанғанша ыстық суға бал, лимон қосып, артынан шалап іштім. Күндізгі 16-00: Салмағым – 94,4 кг, яғни 20 кг артық! Қан құрамындағы қанытым – 224, бұл да екі есе артық! Сол қолымның қан қысымы – 158/106: Қан тамырымның 1 минуттағы соғуы – 83: Оң қолымның қан қысымы – 161/104: Қан тамырының 1 минут соғуы – 78;
Бүгін де ішім сарылдап өтуде. Ішегімді өстіп тазалап жатырмын. Бүгінгі күнім аштыққа дайындық. Нақ ашығуға әлі кіріскен жоқпын.
Й мүміндер! Сендерге бұрынғыларға парыз қылғандай ораза парыз қылынды. Әрине сақсынарсыңдар. (183) Санаулы күндерде. Сонда сендерден кім ауру немесе жолаушы болса, басқа күндерде төлер. Және сондай ораза күш келетіндер, (кәрі не аурулар) бір міскіннің тамағын төлесін. Сонда кім ынтығып артық хайыр қылса, ол өзіне жақсы. Білсеңдер сендер үшін ораза ұстауларың тағы жақсы. (184) Рамазан айы сондай бір ай, ол айда адам баласына тура жол және (ақ пен қараны) айыратын дәлел түрінде Құран түсірілді. Сендерден кім рамазан айында болса, ораза ұстасын. Ал біреу науқас не сапарда болса, басқа күндерде санын толтырсын. Алла (Т. ) сендерге оңайлық қалайды, ауыршылық қаламайды. Сендерді тура жолға салған Аллаға шүкірлік етулерің үшін санын толтырыңдар, әрі Алланы ұлықтаңдар.
ҚҰРАН КӘРИМ, қазақша мағына және түсінігі. 2 – Бақара сүресі, 182, 183, және 184 аяттар. 28 бет. (Аударған Халифа Алтай)
79. Саған келетін барлық жақсылық Алла тарапынан. Болып жатқан барлық жамандық өз ниетіңнен. (Мұхаммед Ғ.С.) біз сені адамдарға елші қылып жібердік. Осыған Алла куәгер.
Смысловой перевод СВЯЩЕННОГО КОРАНА на русский язык. Первое издание. Р. 2009-Х. 1430. Перевод с арабского Кулиева Эльмира. Сура «ан-НИСА» («Женщины») стр. 107 Сура 4. Часть 5. ГРАС кувейт-халдйе п.я. 17012 код 72451. (Орысшадан аударған Әсет Мұқашбеков)
Мұсылман адамдарға жақын жүреді, адамдар да оған жақын қарым-қатынаста болады. Ондай қарым-қатынас жасамайтындарда жақсылық болмайды. Өзгелерге пайдасы көбірек тиетін кісі – адамдардың ішіндегі жақсылары.
Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.)
12). Пенде қайыр-садақа беріп, адамгершіліктің есігін ашса, Алла оның мал-мүлкіне береке береді. Егер ол қайырсыздың есігін ашса, Алла оның атағын өшіреді. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.)