Теңізсілкіну, цунами деген не және оның салдары қандай?

Жерсілкінулердің айрықша түрлесіне суасты жерсілкінулері, яғни теңізсілкінулер жатады. Теңізсілкінулер туындатқан толқындар цунами деп аталаып, бұл айрықша толқындар апатты салдарларға әкеледі. Цунами теңіз түбі блоктарының қозғалысқа келуінен туындаған жылдам опырылулар кезінде пайда болады. Осындай жағдайда теңізсілкінудің эпицентрінде теңіз түбіне соғылып, қайта жоғары бағытталған және су деңгейінің көтерілуіне әкелетін толқын жаралады

Жірсілкінуді болжау тулары пікіріңіз қандай?

Жерсілкінулерді болжаудың мақсаты – мынадай басты үш мәселені шешу: 1) жерсілкіну қайда, қай ауданда, жер бетінің қандай нүктесінде болады? 2) болашақ жерсілкінудің жорамал қарқындылығы қандай?; 3) жерсілкіну қашан болады? – деген сұрақтарға жауап беру. Бірінші және екінші сұрақтарға жауапты сейсмикалық (зілзалалық) аудандау береді. Оның мәселесі – сейсмикалық белсенді аудандарды бөлу және оларды жорамал жерсілкінулерінің күші бойынша дифференциациялап бағалау. Бұл күрделі мәселе бұрынғы жерсілкінулердің жиілігін және олардың эпицентрі мен гипоцентрінің орналасуын мұқият талдауды, бөлінген сейсмикалық бөлікшелердің геологиялық құрылысы ерекшеліктерін түбегейлі зерделеуді және т.б. қамтиды

Таужыныстардың бастапқы жатыс пішіні деген не, ол қалай сипатталады?

Шөгінді таужыныстардың бастапқы бұзылмаған жатысы олардың жайғасуының бастапқы пішіні деп аталады. Шөгінді қабаттардың бастапқы жатыс пішіні көлбеу жайғасу болып табылады

Шөгiндi жаралымдардың бастапқы элементі – қабат. Қабат деп бiркелкi шөгiндi таужыныстардан тұратын, екi жағынан параллель қабаттылық беттерiмен шектелген, қалыңдығы шамамен тұрақты болатын және үлкен ауданды алып жататын геологиялық дененi айтады. Қабаттың атын көбiнесе оны құрайтын таужыныстар анықтайды. Мысалы, әктас қабаты, құмтас қабаты және т.б. Қабатты астынан шектейтін беттi оның табаны, ал үстiңгiсiн – жабыны дейдi. Қабаттар сериясындағы немесе будасындағы төменгi жатқан қабаттың жабыны бiр мезгiлде үстiңгi қабаттың табаны болады. Қабаттың қалыңдығы оның қуаты деп те аталады. Әдетте қабаттың нақты, тiк және көлбеу қуатын анықтайды.

Таужыныстардың туынды жатыс пішіндері деген не, олар қалай сипатталады?

Қабаттың көлбеу жайғасқан кез келген өзгерулерінің барлығы оның туынды жайғасу пішіндері деп аталады. Қабаттардың өзара орналасуы үйлесімді немесе үйлесімсіз болуы мүмкін. Таужыныстар үйлесімді жатқанда қабаттардың шекаралары іс жүзінде параллель орналасады . Шекараларының осылай орналасуы қабаттар еңіс жатқан кезде де , қатпарланып жатқан кезде де сақталады. Сонымен қатар үйлесімді жатыстың өзіндік ерекшелігіне жастау қабаттардың көнелеу қабаттар үстіне ретімен орналасуы жатады. Таужыныстардың қалыптасуы шөгінділердің біртіндеп төмен батуымен ұдайы түзілуі жағдайларында жүреді.

Дислокация деген қандай құбылыс, оның қандай түрлері бар?

Таужыныстардың бастапқы көлбеу жатысынан ауытқуларының барлық түрi дислокация деп аталады. Дислокациялар пликативтiк және дизъюнктивтiк түрлерге бөленедi.

Шөгінді жаралымдардың бастапқы элементі – қабат. Қабат деп біркелкі шөгінді таужыныстан тұратын, екі жағынан параллель қабаттылық беттерімен шектелген, қалыңдығы шамамен тұрақты болатын және үлкен ауданды алып жататын геологиялық денені айтады. Қабаттың атын көбінесе оны құрайтын таужыныстар анықтайды. Мысалы, әктас қабаты, құмтас қабаты және т.б. Қабатты астынан шектейтін бетті оның табаны, ал үстіңгісін – жабыны дейді. Қабаттар сериясындағы немесе будасындағы төменгі жатқан қабаттың жабыны бір мезгілде үстіңгі қабаттың табаны болады. Қабаттың қалыңдығы оның қуаты деп те аталады. Әдетте қабаттың нақты, тік және көлбеу қуатын анықтайды

Шынайы қалыңдық – қабаттың жабыны мен табаны аралығындағы ең қысқа қашықтық. Тік қалыңдық – вертикаль бойынша қабаттың жабынындағы кез келген нүктесінен жабынына дейінгі қашықтық. Көлбеу қалыңдық – горизонталь бойынша қабаттың жабынындағы кез келген нүктеден табанына дейінгі қашықтық.

Таужыныстардың еңіс жатысы карта мен қимада қалай бейнеленеді?

Наши рекомендации