Абстракциядан нақтылыққа өрлеу тәсілін қай нақты ғылымдардың қалыптасу тарихынан айқын көруге болады.
Абстракция ( лат. Abstraction дерексіздену) бүтіннің бір жағы, бөлшегі, біржақтылық., қарапайымдылық, дамымағандық
Нақтылық ( лат.concretus қоюланған біте қайнасқан) көпжақтылық күрделілік дамығандық тұтастық
Абстракциядан нақтылыққа қарай өрлеу санада тұтас обьектіні теориялық жағынан жаңғыртудың тәсілі болып табылады, ал нақты ғылым танымды өрістетудің , ұғымдардағы обьектіні жүйелі түрде бейнелеудің жалпыға бірдей формасы болып табылады. Абстракция - жеке мақсатқа қатысты ақпаратка жұмылдырылған және басқа ақпаратты ескермейтін көзқарас.Абстракция(лат. abstractio) - шартты немесе «идеал» денелерді қарап, нақты дененің қосалқы қасиеттеріне көңіл аудармай оңайлатылған схема арқылы олардың терең негізін, мәнін таный білетін әдіс. Абстракты ойлау алуан түрлі құбылыстарды түсінуге, олардың заңдылықтарын ашуға көмектеседі.
Ғылыми таным – танымның ең жоғарғы пішімі. Ғылыми таным рационалдық сипатының басымдылығымен сипатталатын өте күрделі құбылыс. Ол негізінен ұғымдар жүйесі, теориялар, заңдар сияқты басқа да ойлау процестерінің түрлері арқылы айқындалады. Әрине, мұнда сезімдік танымның рөлі де жоққа шығарылмайды, алайда ол ғылыми танымның теория ауқымында жанама, екінші рөл атқарады. Ғылыми таным құбылыстар мен процестердің ішкі әмбебаптық байланыстары мен заңдылықтарын эмпирикалық білім мен ақыл-ойға табан тіреп, рационалды түрде сараптау арқылы бейнелейді. Мұндай сараптау ұғымдар жүйесі, ой қорытындысы, заңдар, категориялар мен принциптер сияқты жоғары дәрежедегі асбстракциялар жүйесі арқылы іске асады. Ғылыми танымның ең маңызды міндеті – мейлінше ақиқатқа жету, оның мазмұнын жан-жақты ашу. Осы міндетті іске асыру үшін ғылыми танымның көптеген тәсілдері кеңінен пайдаланылады, оларға: абстракциялау, идеализациялау, синтез, дедукция, асбстрактіліктен нақтылыққа өрлеу, тарихилық және логикалық әдістер жатады. Ғылыми танымның маңызды ерекшелігі – оның өзіне бағытталғандығы немесе ішкі ғылыми рефлексия ретінде калыптасуы; яғни, ол тек таным процесінің өзін, оның пішімдері мен әдіс-тәсілдерін, ұғымдар жүйесін зерттейді;
Азіргі ғылымдағы эфир, кварк сияқты ұғымдар қай мағынада өмір сүреді: ешуақытта бақыланбайтын реалдылық ретінде ме; әзірше көрінбейтін реалдылық ретінде; немесе ойдағы шартты конструкция ретінде ме? Философиялық талдау
Меніңше, эфир, кварк дегендер ойдағы шартты конструкция деп түсінемін. Не үшін бұлай түсінемін, өйткені жарықтың толқындық теориясы бойынша жарық әлемдік эфирде тоналады. Алғаш Гюгенс - Френель тұстарында, эфир ерекше серпімді орта деп ұйғарылып, кейін Максвелл теория шыққан. Эфир электромагниттік толқындар, әрі жарық толқыны да таралатын орта деп саналды. Эфирді бар деп болжау эфирдің қасиетін, эфир мен кәдімгі дененің бір біріне әсер ету сипатын тәжірибе жасап зерттеуді қажет етті. Алдымен мөлдір денелер қозғалғанда олардың ішіндегі эфир бірге қозғала ма, яғни лоар эфирді ілестіре ме, ілестірмейді ме, соны анықтау қажет болды. Осыны анықтау үшін француз физигі Физо тәжірибе жасады, бірақ ол тәжірибе нөлді көрсетті, яғни эфир жоқ. Кейіннен белгілі физик А. Майкельсон қозғалмайды деп саналатын эфирге қатысты жердің қозғалысын анықтамақ болып, интерференциалық тәжірибе жасады. Майкельсон тәжірибесінен куткен нәтиже шықпады. Яғни эфир жоқ бұл тек ойдағы шартты конструкция ретінде қалып қойды. Кварккв келетін болсақ, тәжірибе бұны да нақты көрсете алмай отыр, кейіннен шыққан теориялар оның өзі бірнеше боліктерден тұрады деп айтылып жүрді. Бұл Зенон антиномиясына сәйкес келіп тұр.
36. Ақиқат бар ма: объктивті реалдылық ретінде; немесе анықтама бойынша берілетін шартты конструкция ретінде; немесе жоқ па? Философиялық талдау. Ақиқат – танымның негізгі мақсаты. Өйткені таным процесіндегі субьтінің белсенділігіне байланысты қалыптасқан жаңа білім зерттеліп отырған обьектіге сәйкес келуі немесе келмеуі керек. Осыған орай ғылым мен философияда ақиқат проблемасы алға тартылады. Ақиқат мәселесі күмәнсіз, яғни шынайы және адекватты білім мәселесі. Ақиқат дегеніміз не? Аристотель өзінің “Метафизикасында” ақиқатты бізді қоршаған дүниедегі заттар мен құбылыстардың адам сананһсында бейнеленуі деп түсінді. Шын мәнінде, ақиқат дегеніміз субьект пен обьект арасындағы өзара байланыс негізінде жүріп жататын әлеуметтік- тарихи процесс. Абстрактілі ақиқат жоқ, ақиқат барлық жағдайда нақты. Ақиқаттыңтнақтылы обьекті жөніндегі барлық түсінікте рдің, абстракциялардың синтезінде, бірлігінде. Қазіргі идеалистер ақиқаттың ғылымға қарсы бірсыпыра өлшемдерін айтып жүр. Бұлардың қатарына:Мах пен Авенариус сияқты эмпириокритиктер-ң “ойды үнемдеу” принципі (не үнемді болса сол ақиқат); У.Джеймс пен Д.Дьюн атты прогматиктердің қолайлылық пен пайдалылық принципі (пайдалы, тиімді болатын теория – ақиқат теория); А.Пуанкаренің, Э.Леруаның конвенционализм принципі шартты келісімге не сай келсе – сол ақиқат, пікірлерлердің қиқаттығы тек тілдің қалай болса солай таңдап алынған ережелерін сақтаумен ғана байланысты деп есептейді неопозитивистер. Позитивистердің пікірінше, “болмыс”, “материя”, “сана” жəне т.б ұғымдарға, абстрактылық ойлауға сүйенетін дəстүрлі философия енді жарамсыз, себебі, тек тəжірибе немесе ғылыми эксперимент арқылы тексерілген позитивті, жағымды білім ғана ақиқат. «Ақиқат дегеніміз - субъективтілік. Философия таңданудан немесе танымға деген құштарлықтан емес, күйзелістен басталады» -деген Къеркегор Өмір сүрген адам азап шегу мен уайым-қайғыдан қашып құтыла алмайды, тіпті олар өмір сүруге қажетті нəрселер деп тұжырымдады. Ал Бэкон “екі ақиқат” теориясын ұсынады.Философия ақыл-ойға жүгініп, ол əлсіздік танытқанда теологияға да арқа сүйесе, артық болмайды. Бірақ олар бір-бірінің ісіне араласпауы қажет. “Ақиқат беделдің емес, уақыттың туындысы”.Декарт :Ақиқат деп ақиқат екені күмəнсіз нəрсені ғана қабылдау қажет. Асығыстық пен нанымға орын болмауы тиіс, тек ақылға айқын, нақты тұжырымды ғана қабылдау керек. Картезиандық рационализмнің бұл принципін интуиция ұғымын білдіреді. Декарт бұл қасиетті табиғи, бірақ сезімдік емес, интеллектуалдық сəуле деп түсінеді біз анық қабылдайтын нəрселердің бəрі ақиқат, бірақ олар ақылымыз арқылы, ойымыз арқылы қабылданады. «Ақиқат дегеніміз ғылымға тең философия, ақиқат адам жанының тұңғиығында.” дейді Томас Аквинат. Августин ақиқатқа жету үшін жаны тап-таза, ашық, айқын болуы тиіс. Адамды Құдай сезімдік дүниенің соңғы “рационалды жануары” ретінде жаратқан, оның жаны өлмейді,мəңгілік, ол өлетін болса, ақиқат та өледі.Аристотель : “Ақиқаттың тұңғиығына жете алмайды .Ақиқаттың қайдан шыққанына ұялатын ештеңе жоқ, ол тіпті біз танымайтын, білмейтін алыс елдерден болса да. Ақиқат іздеген адамға ақиқаттың өзінен жақсы ештеңе де жоқ, ақиқатты менсінбей, оны айтқан немесе бізге жеткізгендерге жоғарыдан қарауға болмайды: ақиқатпен ешкімді төмендету мүмкін емес, керісінше - ақиқат кез-келген адамды нұрландырады”.Бердяев: “Ақиқат еркіндікте жəне еркіндік арқылы танылады”. “Ақиқатқа - аллаға ұласуға жетеді. Ақиқатқа жету қиын, бірақ оған ұмтылу, нəпсіні тиып, бойында аллаған махаббат пен имандылық қалыптастыру” - əрбір мұсылманның міндеті дейді Йассауи. Аквинат: “Философия – барлық ақиқаттың негізі болатын ақиқат (Құдай) туралы ілім”.