Жомарттық шапағаты 3 страница
122. Пұшпағы қанамаған бедеу әйел жуынып-шайынып тазаланып алған соң, әулие адамдардың қабырына барып тәу етіп жалбарынса, сүйегі жарылып, бала көтереді деп ырымдайды.
123. Қазақ дос-жаранына, туыс-туғанына сары түсті заттарды тарту-таралғыға ұсынбайды. Сары түс — дерттің белгісі, сары ауру жабыстырады, жазылмас дертке ұрындырады деп жориды.
124. Қазақ беталды жер шұқымайды, жер қазбайды. Бұл қылық өлім шақырады, ажалды хабарлайды деп, жаман ырымға балайды.
125. Әкесі тірі адам төрге шықпайды, бас ұстамайды. Бұлай істесе әкесі өледі деп ырымдалады.
126. Қазақ салтында от жаққан орынды баспайды. Отта кие бар. Бұлай істегенде оттың киесі атады деп, тыйым салады.
127. Қазақ ұғымында аспан денелерінің де өзіндік қасиеті бар деп есептеледі. Мысалы, көктен жұлдыз ақса — адам өлгені деп жориды.
128. Ауа райының құбылысы да әртүрлі ырыммен парықталады. Күн тұтылса — мұсылманға, Ай тұтылса — кәпірге көрінеді, патшалары өледі деп жориды.
129. Жанып тұрған шырақты үрлеп сөндірмейді, бір затпен басып өшіреді. Үрлеп өшірсе — бақ таяды, бақыт сөнеді, адам ұмытшақтық дертіне тап болады деп ырымдайды.
130. Түн ішіңде біреудің үйіне кіргенде «ассалаумағалейкүм» дсп сәлем бермейді. Тек «Кеш жарық» деп кдна тілек айтады. Өйткені, кейде сайтан түн ішінде періште бейнесіне еніп төрде отырады дейді. Соны абайламай сәлем беріп қалған жағдайда сол адамнын аузы қисайып, ақыры ауырып өледі деп жориды.
131. Әдетте қазақ түйені басқа ұрмайды. Өйткені түйенің басында жылды бастайтын бақыты тұрады деп жориды.
132. Түнде әйел заты суға бармайды. Әйел жаны нәзік әрі қорқақ келеді. Су жануарларын көргенде жын деп ойлап, шошынып қалады деп есептеледі.
133. Асқа сойылған малдың етінен үй иесі дәм татпай тұрып қан-жынын итке жегізбейді. Адал малдың етін иман айтып жемей тұрып, қан-жынын ит жесе, адал несібе арамданады, ас дәмі бұзылады деп ырымдалады.
134. Көктемде алғаш күн күркірегенде үйдің іргесіне ақ төгіледі. Бұл ақ мол болсын деген ниеттен туған ырым.
135. Жайшылықта түндікті бақанмен тіремейді. Себебі, өлім шыққан үй ғана осылай істейді. Жақсы күнде жаман ырым жасалмауы керек деп ұйғарылады.
136. Тұңғыш баланы алыс сапарға той жасап аттандырады. Тойға үлкен-кішінің бәрі жиналады. Бала үлкеңдерден бата алсын, жолы ашылсын, маңдайы жарылып қуансын, сапарға жарқын жүзбен аттанса, ғұмырлық сапары да сәтті болады деп ырымдалады.
137. Жаңадан келіп, қоныс қонғандарға ауыл ерулік береді. Қоныс құтты болсын айтады. «Көрші ақысы — тәңір ақысы» деген сөз бар. Ерулік бермесе, дән қусырайды, босаға сөгіледі, жер жериді деп ырымдалады.
138. Құрықтың ұш жағын жоғары көтермейді. Онда малдың аяғы көктен келіп, орта ойылған жұт болады деп ырымдалады,
139. Жолаушы сапар шегіп келе жатқанда жол бойында тұмсығы жолға қарап аттың не түйенің қу басы жатса, жол ақ, оң болады деп ырымдалады. Ал, керісінше жатса, жолаушы аттан түсіп, қу бастың тұмсығын жолға қаратын қойып кетеді.
140. Қазақта сейсенбі күні алыс сапарға аттанбайды, үлкен іс бастамайды. Себебі, бұл ауыр күн болып есептеледі. Бас зеңіп тұрады деп ырымдалады.
141. Тырнақпен шаш бейсенбі, жұма күндері алынуы тиіс. Түнде тырнақ пен шашты алмайды. Себебі, адамның жаны түнде тырнаққа ілініп тұрады екен. Ал түнде шаш алу бас алумен бірдей деп жорылады.
142. Тамақты тек кана оң қолмен жеу керек. Сол қолмен жеген ас сіңімді болмайды деп ұйғарылады.
143. Шалбарды, ыштанды, дамбалды отырып кию керек. Бұл — ибалылықтың нышаны, құтты өмірдің қалпын бейнелейді. Түрегеп тұрып кию — жаугершілікті, қанды қырғын соғысты елестетеді. Сондықтан, мұндай теріс әрекеттен аулақ болу керек.
144. Түнде беті ашық қалған асты жемейді. Себебі, мұндай ас бұзылады, айниды. Асқа сайтан сарыды деп ұйғарылады.
145. Таңертеңгісін жол үстінсн алғаш кезіккен әйел еркектің оң жағынан өтпеуі керек. Бұлай істесе, ердің жолы бөгеледі, бақыты шайқалады, қырсыққа ұрынады деп ырымдалады.
146. Жаңа босанған әйел қырық күнге дейін қолын суық суға малмауы керек. Салқын заттарға қол тигізбеу керек. Жаңа туған нәресте суық жүрек, тасбауыр болып өседі деп ырымдалады.
147. Жаңа туған сәбидің кіндігін киелі әйелге немесе жасы үлкен парасатты кемпірлерге кестіреді. Себебі, «Нәресте кіндік шешесіне тартады» деген сенім бар. Ауру-сырқат немесе жарымжан әйейдер кіндік кессе, бала соған тартып кетеді деп ырымдалады.
148. Нәресте туғанда кіндігін ай балтамен кесіп, таза жіппен байлайды. Кіндік кескен балтаны пайдаланбай, сақтап қояды. Кіндік үш-төрт күнде түседі. Ұл баланың кіндігін «үй күшік болмасын, далада өскен батыр болсын» деп, қырдан асырып лақтырып жібереді. Ал, қыз баланың кіндігін «үйдің құты болсын» деп, от басына ошақтың түбіне көмеді. Бала оқымысты болсын деген ниетпен кітап арасына сақтап қоятын да, ат құлағында ойнасын деген тілекпен, аттың жалына байлап қоятын да дағды бар. «Тілегімізді кіндік кескен жерден, кіндік қаны тамған жерден бер» дейтін сөз осындай ырымдардан қалған.
149. Жаңа босанған әйелге ақ сарыбас қой сойып, ақ тілеу айтып, қалжа жегізеді. Себебі, туыттағы тері шықпаса, ана мен баланы қырық түрлі қырсық шалады, қалжа жемеген әйеддің баласы ынжық болады деп ырымдалады.
150. Бала емізіп отырған әйел омырауын басқа кісілерге көрсетпеуі тиіс. Баланы қалқалап отырып емізеді. Бұл кезде сөйлемейді. Себебі, басқаның көзі омырауға түссе — емшегі ісінеді, сыздауық шығады деп ырымдалады. Ал сөйлесе бала шашалып, қолқасы қабынады да, ауруға шалдығады.
151. Қалжаға сойылған койдың омыртқасын тазалап мүжиді де, тобылғы шыбыққа өткізіп, есіктің бас жағына іліп қояды. Онысы — баланың мойыңы тез бекісін дегені. Ал қалжаға жиналган әйелдердің бәрі де омыртқа етінен ауыз тиюге тиіс. Ең соңында кіндік шешесі қырнап мүжиді де, есік маңдайшасының төбесіне іліп қояды. Әйелдер осы омыртқа етінен ауыз тисе, бала көтереді деп ырымдалады.
152. Жөргектен шығарып, иткөйлек кигізген сәбиді бесікке кез-келген әйел салмайды. Бұл қызметті бойы таза, инабатгы жөн білетін, ел жұртқа сыйлы, үбірлі-шүбірлі бәйбіше орындайды. Баланы бесікке саларда таза темірді немесе сол үйдегі кысқашты, темір көсеуді отқа қыздырып, бесіктің арқалығынан бірнеше жерді қариды. Бұл жын-шайтан өлсін, балаға пәле-жала жабыспасын дегені.
Сонан сон әйелдердің біреуі: «Бала қырандай алғыр болсын» деп, бүркіттің тұяғын бесікке байлайды. Тағы біреуі бесіктің екі жағынан қылыш жарқылдатып: «Жау жүрек батыр болсын» десе, үшіншісі бесіктің екі жағынан қамшы үйіріп: «Тақымынан тұлпар кетпесін, бәйге бермес шабандоз болсын» деген тілек айтады. Сонан соң бесіктің түбск орнататын тесігінен тәтті тағамдар төгіп: «бала тышты» деп, төгілген дәмді алып шығады. Оны той дәмінің сарқыты ретінде балаларына апарып береді. Бұл сәбидің ырзыгы тасып, қонағы көп, мерейі үстем, достарына сыйлы, ашық қол болсын дегені. Осыдан кейін үйдегі әйелдердің бәрі үнсіз отырып, баланы әзірленген бесікке салады. Ешкім үн шығармайды. Себебі, сөйлеп қойса, бала жылауық, өскенде өсекші болады деп ырымдалады.
153. Каз тұрып, апыл-тапыл жүре бастаған баланың тұсауы салтанатты түрде кесіледі. Бұл «Тұсау кесер тойы» деп аталады. Баланың аяғы ала жіппен тұсалып, байланады да, оны сол ауылдың желаяқ, жылпың, қадірлі кісілердің бірі кеседі. Сонан кейін сәбиді әрі-бері жетелеп жүргізеді. Тұсауы кесілетін баланың қалтасына тәтті тағамдар, күміс тиындар сыкап салынады. Тұсауы кесілген соң тойға келгендер мұны таратып алады. Тұсау кесілмесе — бала сүріншек болады, үлкейгенде топ ауруына шалдығады деп ырымдалады.
154. Бостан-бос тасты шықылдатпайды. Бүйтсе — қасқырдың тісі қышиды, қорадағы, өрістегі малға шабады. Мал шығыны көбейеді деп ырымдалады.
155. Баланы сьтыртқымен, көсеумен ұрмайды. Бұлай істегенде балаға пәле жабысады, қырсық шалады деп ырымдалады.
156. От басында отырған қарияның орнына кез-келген адам отыра бермейді. Кейбіреуіне қарияның кәрі тиеді. Жарымжан, дімкәс адам болса, ауыруы асқынады деп ырымдайды.
157. Жаңа түскен келіннің бетін ашканда, жыр айтушы ақын оң қолымен ашады. Жеміс ағашына немесе тобылғы сапталған қамшының сабына қызыл торғын орамал байлап, сонымен ашады. Онысы: «Келіннің беті айдай жарық болсын, жемісті ағаштай ұрпағы көп болсын» деп ырымдалады.
158. Жауырынды мұжып болған соң, етек жағын жарып, ашып тастайды, өйтпесе жол бітеледі, жол азабы көбейеді, жол тұйыққа тірелді деп жориды.
159. Қазақ үш әйел тастаған еркекті жақтырмайды. Оның қолынан балаларына дәм татырмайды. Жамандығы бастарына келеді деп ырымдалады.
160. Тай мініп, өзінің сүндет тойына шақыра келген баланың қолына тәтті ұстатып, тайының жалына шүберек байлал: «Жол болсын, той құтты болсын!» деп жол көрсетеді.
161. Қызына құда түсе келген адамның тілегін қабыл еткенде жағалы шапан кигізеді. Оны «шеге шапан» дейді. Бұл құдалық баянды болсын деген ниет.
162. Шыр айналып соққан құйынды көргендс «тфә! тфә!» деп, жерге үш рет түкіреді. «Таздың үйіне бар, таздың үйіне бар» деп, құйынды қуады. Өйткені, құйын соққан жерде жын жүреді, жын соққан адамның аузы-мұрны қисаяды деп есептейді.
163. Отырған адамды айналуға балаға да, басқаға да рұқсат етпейді. Олай істесе, әлгі адамның ауру-дерті болса, соны айналған кісіге көшеді, барлық сиқыры қонады, жұқпалы дерті жабысады, соның салдарынан бақытсыздыққа душар болады деп ырымдалады.
164. Біреудің ұл баласы жоқ болса, әйелі қыз туа берсе, ол соңғы туған қызына «Ұлбосын, Ұлтуған...» деген секілді тілеу аттар кряды. Онысы — келесі балам ұл болсын деп ырымдаған.
165. Баласы тоқтамай өле берген немесе түсік тастай берген әйел бір баланы аман-есен туа қалған жағдайда жеті әйелдің бұтының арасынан өткізіп алып, оған Жетпісбай деген ат қояды. Онысы ғұмыр-жасы ұзақ болсын, артынан өзіндей ұл мен қыз өрби берсін деп ырымдаған.
166. Қазақ үйірлі жылқысынан біреуге мал ұстап берген кезде, сол жылқының жалынан бір тал қылды жұлып алады да, қылға сол жылқының сілекейін жағып, қалтаға салып сақтап қояды Бұл — «сілекей сірне» деп аталады. Онысы — әлгі жылқымен бірге ырыс кетпесін деп ырымдаған.
167. Қазақ біреуге өзінің киім-кешегін берсе, бір түймесін не бір бауын үзіп алып қалады. Онысы — басымдағы бағым түймемен немесе баумен бірге кетпесін дегені. «Таудай талап бергенше, бармақтай бақ бер» деген сөз бар. Бұл сөз осындай ырымнан шыққан болуы да ықтимал.
168. Егер сататын жағдай болып қалса, аттың жүгенін, түйе мен сиырдың бұйдасын, бүркіт пен сұңқардың томағасын, иттің қарғы бауын алып қалуы шарт. Өйтпссе, бұлар сиқырмен басқа бейнеге айналып, жүгенді, бұйданы, томағаны, қарғы бауды алып қалуды талап етіп, маза бермейді деп ырымдалады.
169. Қазақ әйелдері өзінің әдейілеп басына салып жүрген арнаулы жаулығын басқаларға бермейді. Олай етсе басымдағы бақ басқаға көшеді деп ырымдалады.
170. Қазақ жорыққа аттанған кезде «аттан түс», «атты байла» деген сөздерді тіке айтайды. Жамандыққа бастамасын деп, сол мағынаны білдіретін, қон, бекіт, кір деген сияқты сөздерді қолданады. Жорыққа аттанғанда өлең айтпайды, жыламайды. Саптыаяқты жолдыаяқ деп, мінгені байтал болса — ат деп атайды. Жорыққа байтал мініп барса, жол болмайды деп есептейді. Байтал жорық көлігі емес, құлындайтын, сауылатын мал.
171. Үйге тамақ шайнаған қалыппен кіруге болмайды. Ал, тамақ шайнап шығу — жақсылықтың нышаны. Қазақ: «Дұшпанның үйіне жеп кір, достың үйінен жеп шық» дейді. Біреудің тамақ шайнап кіріп келе жатқанын байқаса, үй иесі оның аузындағысын босағаға төктіреді. «Қан түкір» деп, жамандыққа балап назаланады.
172. Қонақ келгенде есікті үй иесінің өзі ашады. Ал қонақ шығарда есікті үй иесі ашпайды, қонақтың өзі ашып шығады. Қонақ үйге келгенде құт бірге кіреді деп жориды. Қонақ кетерде үй иесі есік ашып берсе, құт та әлгі кісімен ілесіп кетеді деп ырымдалады.
173. Қазақ ұғымында, үкі — қасиетті құс. Үкінің үлпілдек жүні, басы, сирағы және қауырсынын жын-сайтаннан қорғайды деп, төсектің басына, бесікке, бас киімге қадайды.
174. Тіл тиюден, көз сұғынан сақтану үшін «Есек тас» деп аталатын белгі тас тағылады. Сонда көз сұғы, тіл зары тасқа тиеді деп ырымдалады.
175. Қазақ жын-сайтан бурадан және кірпікшешеннен қорқады деп жориды да. Үйдің бір қолайлы тұсына бураның бас сүйегін, кірпінің түрпісін іліп қояды.
176. Қазақ үйінде ыдыс-аяқты шақылдатпайды. Онда ырыс үркеді. Дім шамданады, бақ жоламайды деп ырымдалады.
177. Қазақта «ақты телміртпе» деген сөз бар. Алдыға қойылған айран, сүт, қымыз секілді тағамдарды көп тостырмай, тез ішу керек. Ақ көп телмірсе, аққа адам да телміріп, зарығатын болады деп ырымдалады.
178. Қазақта: «Сыйға — сый, сыраға — бал» дейтін сөз бар. Жігіт жағы құдаларды есік көрсетуге шақырады. Мұндағы мақсат — қалыңдықтың барлық туыс-туғандарын күйеуге таныстыру, өз ел-жұртын, дәулеті мен сәулетін көрсету. «Өлі-тірісіне» бір мал аталады. Бұл — әруақ разы болсын дегені. Егер өлі-тірісіне мал аталмаса, келін ауруға шалдығады деп есептейді.
179. Қазақта шын көңілмен, адал ниетпен құдаласып, қонақ болып отырғанда табақ тартар алдында құйрық-бауырды араластырын турап, үстіне айран құяды да, құдаларға асатады. Бүл асатудың әзілге ұласатын жағы да бар. Алайда адал ниет те қабысып жатады. Айран араластыруы — тілек ақ болсын, іші-бауырымыз араласан мың жылдық құда боламыз деп ырымдағаны.
180. Қазақ бір үйге алып барған өзінің сыбағасынан өзі жемейді. Онда әйелі қыз табады деп ырымдайды. Ұдайы жаугершілікке ұшырай берген қазақ елді қорғайтын ер азаматты көксегендіктен ұл баланы ерекше тілейді.
181. Қазақта түн ортасында қораздың шақыруы теріске жорылады. Ондай қораздың басын кеседі де, жерге көміп тастайды. Өйтпесе, адам өлімге ұшырайды деп есептейді.
182. Жаңа түскен келіннің бала көтеріп, жерік болғанын сезсе, қайын енесі ағынан жарылып, «төсек той» жасап, көршілерін де қуантады. Жиналғандар төсекке теңге, қыран құстың қасиетті саналған дене мүшелерін іледі. Жастығының астына пышақ жастап қояды. Онысы бала аман-есен жарық дүниеге келсін. Тіл-көзден аман болсын дегені.
183. Жас жұбайлардың алғаш жататын төсегі — «Ақ некенің ақ төсегі» деп аталады. Енесі мен жеңгелері төсекті аршамсн аластайды, иіс су себеді. Төсекті бұлай аластамаса, жын-сайтан жабысын, неке бұзылады деп жориды.
184. Қазақ мойынға жіп салмайды. Өйтсе сайтан есінен тандыра аздырып, өзін-өзі білмей буынып өледі деп ырымдайды.
185. Төрдін төбесіне түлкінің, қасқырдың, аюдың және басқа жыртқыш аңдардың терісін іліп қоймайды. Өйтсе — бақ тұрмайды, үйді үрей билейді. Үй іші жыртқыш аңдарға толып тұрғандай сезіледі деп, жамандыққа жориды. Әсіресе, жас отаулар иелерінің бұлай істеуіне тіпті болмайды.
186. Қазақ қыздары үйдегі қонақтың қарсы алдына келіп, талтайып отырмайды. Мұндай қылық қызды ұятсыз іске ұрындырады, бақытсыздыққа душар етеді деп ырымдайды.
187. Қазақ тартылған табақпен қоса ұсынылған бас келгенде оң құлағын сол үйде отырған қонақтардың ішіндегі балаға береді. Онысы — бала сөз тыңдайтын, тілазар емес, елгезек, жақсы болып өссін деп тілегені.
188. Қонақтың пышағы немесе бәкісі дастарханмен бірге жиналып кетсе, қайтарып берілмейді. Қонақ ет турағанда пышағын өзі сүртіп қынына салып алуы керек. Егер дастарханмен бірге жиналып кетсе, қонақ үндемейді, пышағын сұрамайды. Сұраса: «Қырық пышақ боп өштеседі» деп жориды.
189. Қатар тартылған екі табақтың адамдары түгел ет турап алуға пышақ сұрап алса, етті турап болған соң, пышақты құры қайтармайды, пышақтың ұшына май шаншып беріп, алғыс айтады. Өйткені пышақ — ердің қаруы. Ақ май сол ниетті білдіреді.
190. Қазақ: «Ай құлақтанса — аяғыңды сайла, күн құлақтанса — күрегіңді сайла» дейді. Онысы — Ай қораланса күн жылы болады. Ай шалқасынан туса — қатты аяз болады. Ай қырынан туса — күн жылы болады деп жориды.
191. Біреудің атынан ғайбат сөз айту — қазақта жантүршігерлік жаман ырым. Ғайбат айту — кешірілмес күнә. «Ердің ғайбатын айтпа, қайратын айт» дейтін нақыл бар.
192. Қазақ суға түкірмейді, Ағынды суды беталды бөгемейді. «Дәм татқан құдығыңа түкірме» деген нақыл сондай ырымдардан қалған.
193. Қазақ шығып бара жатып, есікті қатты серіппемейді. «Қайта кірер есігіңді қатты серіппеме» деген де нақыл бар. Өйткені бақ есік пен төрде қатар тұрады. Есікті қатты серпісең, үйден бақ қашады деп ұйғарады.
194. Қазақ казан-ошақты теппейді. Ондай істегенде аяқ дертке шапдығып, кем болады. «Қазанның қарасы, ошақтың киесі атады» деп есептейді.
195. Қазақ жаңа туған нәрестені «не деген сұлу» немесе «неткен семіз» деп айтпайды. Бұлай айтып калған болса, жерге үш рет түкіреді. «Жағыңа жылан жұмыртқаласын», «Аузыңа қара қан толсын» деп, бір дегдар әйел аузын жаптырады.
196. Қазақ үйінде қазан құр тұрмайды. Тым болмағанда бір қалақ май тамызып қояды. Бұл «қазан қаңсымасын» дегені. Қазан толы болса, уайым жоқ.
197. Қазақ қайыршыға түске дейін ғана садақа береді. Жұма және бейсенбі күндері де қайыр садақа таратады. Себебі, түстен кейін жиналған мал-мүлікті бытыратпайды. Бәрі де түске дейін жиналады. Егер осы жинапған мүліктен біреуге берсе — ырыс кетеді деп ырымдайды.
198. Қазақта қолды жуып болған соң, сілікпейді. Қайта суды сорғытып барып, орамалмен сүртеді, Жуған қолды сілку — жаман ырым. Бүйткенде су иесі Сүлейменнің киесі атады, сонын салдарынан бастау көздері бітеледі деп жорылады.
199. Қазақта айдалада жалғыз кетіп бара жатып, түнге қалса, мұсылмандардың моласындағы мазарғга түнеп шығады. Таңертең әруақтарға бағыштап құран оқып аттанады. Жалғыз адамды түнде әруақтар қорғайды деп жорылады.
200. Қазақтар жәйбарақат кезде бас бармақты тістемейді. Қаралы күн, құсалы түн өткізіп, өзегі талған адамдар ғана солай істейді. Ешбір себепсіз бұлай істеу — жамандық нышаны деп жорылады, оған қатаң тыйым салынады. Қатты өкінгенде ғана бармақ тістейді.
201. Қазақ көкке, шаңыраққа қарап түкірмейді. Көк тәңірі атады. шаңырақ киесі соғады деп ұйғарылады.
202. Қазақ аяқ киімінін табанына қарамайды. Аяқтың баспайтын жері жоқ, аяқ киім де таза емес. Былғанышты көрсе — көз ұшынады деп есептейді. Ал аяқ киімінің табанына қарай қалған күннің өзінде үш мәрте түкіреді. Онысы — көзім ұшынбасын, аяғым ақсамасын дегені.
203. Қазақ салтында жаңа түскен жас келін көрші ауылға алғаш қыдыра шыққанда, үлкен енелері оған «итаяғыңа сал» деп сақина, білезік, жүзік секілді заттар ұсынады. Келіншек тұңғышын босанып, нәрестені алғаш шілде суына шомылдырғанда ыдысқа осы заттарды салады. Нәрестені шомылдырып болған соң әйелдер бұл заттарды бөліп алып, балаға ақ тілеу тілейді. Онысы — нәресте сараң емес, жомарт, қайырымды болсын дегені.
204. Қазақта нәрестенің иткөйлегін шешкен күні яғни қырқынан шығарғанда ауылдағы әйелдер жиналады. Иткөйлекті шешкен соң, оған тәтті түйіп, иттің мойнына байлап жібереді. Ауыл балалары сол итті қуып жүріп ұстап алып, тәттіні бөлісіп алады. Иткөйлекті ырым деп, баласы жоқ әйелге береді. Онысы — барлық адамды қуантатын бала көп болсын дегені.
205. Қазақта балаға кекіл қояды. Шашын тегіс ұстарамен қырып тастайды да, маңдайына бір шөкім шаш қалдырады. Жиегін тегістеп қояды. Ол кекіл деп аталады. Кекіл баланы ажарландырады. Соған орай баланы еркелетеді. Аттың да маңдайындағы бір шоқ түгін кекіл деп атайды. Кекіл баланы тіл көзден, сұқтан қорғайды, пәле-жаладан қағады деп есептеледі.
206. Қазақта көз тиеді, сұқ өтеді, тіл батады деген ұғым бар. Кейбіреулерді «сұқ көзді, сұқ тілді» деп сескенеді. Көз сұғы — жақсы адамға, жас балаға, жүйрік атқа, қыран құсқа, сұлу қызға, қайсар батырға, қайратты палуанға тиеді деп нанады. Сондықтан ас пен тойларда палуандарды, жүйрік атты көптің көзінен тасада ұстайды. Онысы — тіл мен көздің сұғы тимесін дегені. Біреу жас келінге немесе сәбиге сұқтана қараса, «көзің тиеді, қара жерге түкір» деп, жерге түкіртеді. Көз тисе «сұқ-сұқ» деп, тіл тисе «тфә-тфә» деп, ерекше мақтаса «тілің тасқа» деп қайырым айтады.
207. Қазақ жас келінге, жаңа туған балаға, тағы басқа ерекшеліктерге алғаш көрген сәтте көрімдік сұрайды. Бұл — дүние құмарлық емес, сол жаңа нәрселердің елге таныла беруі үшін айтылған тілек. Көрімдік байғазы да емес. Көрімдік жас адамға, жақсы атқа, құсқа сұралады. Байғазы бала немесе жастар жаңа киім кигенде көңілін аулап беріледі.