Сұрақ: Шапағаттың қандай түрлері бар?

Жауап:

1. Ең үлкен шапағат, бұл Пайғамбарымыздың Қияметте есеп-қисаптың басталуы үшін және сұрақ-жауапсыз Жәннәтқа кіретіндер үшін шапағатшы болуы. Бұл шапағат тек Пайғамбарымыз Мухаммадқа ғана рұқсат етіледі.

Дәлел: Әбу Хурайрадан Бухари, Муслим және Әхмәд жеткізген хадисте: «Қиямет күні адамдар ұлы Пайғамбарлардан шапағат сұрайды. Сөйтіп олар шапағат етуін өтініп, алдымен Адамға барады, сонан соң – Нұхқа, сонан соң – Ибраһимге, сонан соң –Мусаға, сонан соң Мәриям ұлы Исаға барады. Және олардың әрқайсысы: «Өзім... өзім...» (яғни мен өзім шапағатқа зәрумін) - дейді, осылайша олар біздің Пайғамбарымыз Мухаммадқа келгенше жалғаса береді. Сонда Пайғамбарымыз : «Мен соған арналғанмын», - дейді. Олар Пайғамбарымызға келіп, былай дейді: «Уа, Мухаммад, сен - Аллаһтың елшісі әрі Пайғамбарлардың соңғысысын. Аллаһ сенің өткен және кейінгі күнәларыңды кешіріп қойған. Раббыңнан біз үшін шапағат сұра, біздің басымызға түскен қиыншылықты көрмейсін бе? Бізге түскен қайғыға назар аудармайсын ба?» Сонда мен тұрып, Аршының астына келіп, Ұлы да құдіретті Раббыма сәжде етемін. Содан кейін Аллаһ мені шабыттандырып, бұрын Өзі ешкімге ашпаған, Оған ғана айтылатын тамаша мадақ сөздерді мен үшін ашады. Одан кейін маған былай деп айтылады: «Ей, Мухаммад! Көтер басыңды! Сұра, сұрағаныңды аласың. Ара түсуді сұра, шапағатшы боласың». Сонда мен: «Ия, Раббым! Үмметім! Үмметім! Үмметім! Үмметім! Үмметім! Үмметім!» - деп айтамын. Аллаһ: «Үмметіңнен сұралмайтындарды Жәннәттың оң қақпасынан кіргіз», - дейді».

Одан кейін Аллаһтың елшісі былай дейді:«Жаным қолында болғанмен (Аллаһпен) ант етемін, Жәннәт қақпаларының арасындағы қашықтық – Мекке мен Хажәр (Йемен), немесе Мекке мен Бусра (Сирия) арасындағы қашықтықтай».

Пайғамбар , сондай-ақ, мына нәрселерде де шапағатшы болады.

2. Жақсылығы мен жамандығы бірдей адамдарды Жәннәтқа кіргізу үшін шапағат ету.

3. Тозаққа үкім шығарылғандарға, Тозаққа түспес үшін шапағат қылу.

4. Жәннәтқа түскендерді, олардың амалдарына қарай берілген сыйлықтарынан да жоғары дәрежеге көтерілуіне шапағатшы болу.

5. Кейбір кісілердің Жәннәтқа сұраусыз кіруі үшін шапағатшы болу.

6. Жазаға лайық болғандардың азабын жеңілдетуге шапағатшы болады. Мысалы, өзінің әкесінің ағасы әбу Талибтың жазасын жеңілдетуге шапағатшы болады. (Муслим).

7. Барлық иман келтіргендердің Жәннәтқа кіруіне рұқсат берілуіне шапағатшы болу.

8. Өзінің үмметінде үлкен күнә істеп, Тозаққа түскендер үшін, олардың Тозақтан шығарылуына шапағатшы болады. Аталған шапағат түріне келетін хадистер мутауәтир (көптеген жолдармен жеткізілген) дәрежесіне жеткен.

Сұрақ: Құлшылық не нәрсеге негізделеді?

Жауап:

Лшылық 2 нәрсеге негізделеді: Аллаһ пен Оңың Елшісіне (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) деген махаббат пен бой ұсыну.

Құлшылық махаббатқа негізделуі қажет екендігіне дәлел: «Адамдардың кейбіреулері Аллаһқа өзгелерді теңдес етеді де, оларды Аллаһты сүйгендей сүйеді. Ал иман келтіргендер Аллаһты артық сүйеді». (әл-Бәқара; 165);

Омар ибн Хаттаб, Аллаһ оған разы болсын, Пайғамбарымызға : «Ең әуелі Аллаһты, кейін өзімді, содан кейін сені жақсы көремін!» - дегенде, Пайғамбарымыз : «Өзіңнен көрі мені артық жақсы көрмейінше, иманың дұрыс болмайды» деді. Біршама уақыт өткеннен кейін Омар: «Ия Аллаһтың елшісі , енді сені өзімнен де артық жақсы көріп тұрмын», - дегенде, Пайғамбарымыз : «Енді дұрыс, Омар!» - деді.

«Оларға ғибадатты нағыз Аллаһқа шынайы ынтамен бір беткей түрде орындаулары, намаз оқулары, зекет берулері әмір етілген еді. Міне осы - тұп-тура дін». (әл-Бәйинә; 5)

Құлшылық сондай-ақ, бой ұсынуға негізделуі қажеттігіне дәлел: «Өздеріңе апат келуден бұрын Раббыларыңа қайтыңдар, Оған бой ұсыныңдар. Кейін жәрдем көре алмайсыңдар». (әз-Зүмәр; 54);

«Әй мүміндер! Аллаһқа мойынсұныңдар және Пайғамбарға мойынсұныңдар, әрі өздеріңнен болған әмір иелеріне де». (ән-Ниса; 59);

«Ізгі амаладар жасап, жүзін Аллаһқа тапсырып, нағыз Ибраһимнің дініне ерген кісіден кім жақсырақ бола алады?». (ән-Ниса; 125)

«... Және Аллаһқа, Пайғамбарға бой ұсыныңдар». (әл-Әнфал; 1)

Наши рекомендации