Бақылау сұрақтары

1. Ф.Ницше мәдениеттегі дионистік және аполлондық бастаулар туралы.

2. П.Сорокиннің әлеуметтанымдық концепциясы

3. Н.Данилевскийдің, О.Шпенглердің, А.Тойнбидің оқшау мәдениет және өркениет теориялары.

4. Бүкіләлемдік тарих және мәдениет (И. Гердер, К. Ясперс).

Негізгі әдебиет

1.Мырзалы С. Философия. 2008 ж.

2. Ғабитов Т. Философия. 2004 ж.

3.Кішібеков Д., Сыдықов Ұ. Философия. А., 2006.

Осымша әдебиет

1. XX ғасырдағы мәдениет философиясы. ӘФМ,Т.17. А.,2007.

2. XX ғасырдағы тарих философиясы. . ӘФМ,Т.16. А.,2007

3.Философиялық антропология. Дін философиясы.мәдениет философиясы. / Қазақ халқының философиялық мұрасы. 20 томдық. Т.19.Астана , 2006

ГЛОССАРИЙ

Абстракциялау -дерексіз ойлау әдісі, зерттеу объектісінің маңызды қырын ойша бөліп алып, қарастыру.

Агностицизм- дүниені танып білуге болмайды деп санайтын көзқарас.

Ақиқат– философияның негізгі категорияларының бірі, білімнің шындыққа сәйкестігі.

Аксиология- құндылықтар туралы ілім.

Антропология – адам туралы ілім.

Антропоморфизм- адам қасиетін табиғатқа телу.

Антропоцентризм- дүние орталығы адам деп санайтын көзқарас.

Антропосоциогенез – адам қоғамының шығуы.

Архетип – К.Г. Юнг(неофрейдист) іліміндегі ұжымдық бейсаналық ұғымы.

«Асқан адам» - Ф.Ницшенің(иррационалист, «өмір » философиясының өкілі) іліміндегі билікке еркі күшті, осы жолда үлкен жетістіктерге жеткен адам.

Атрибут – бөліп алуға болмайтын, біте-қайнасқан қасиет.

Болмыс – дүниедегі барлық материалдық, идеалдық заттар мен құбылыстар жиынтығы.

Волюнтаризм– дүниенің негізі ерік- жігер деп санайтын көзқарас.

Герменевтика – Қазіргі заман философиясындағы бағыт, негізін қалаған Гадамер, негізгі мәселесі- қолжазба, мәтіндерді талқылау, түсіндіру.

Гносеология– таным туралы ілім.

Гилозоизм – дүние түгел жанды деп санайтын көзқарас.

Гуманизм – адамгершілік, адамға құрмет туралы көзқарастар жүйесі.

Дао – Ежелгі қытай философиясындағы даосизм бағытындағы дүниенің түпнегізі, «жол», «тағдыр», «заң» деген мағына береді.

Дүниегекөзқарас(дүниетаным)- тұтас дүние және ондағы адамның орны туралы түсініктер жүйесі.

Диалектика - жалпы даму туралы ілім, грек тілінен аударғанда «әңгіме айту өнері, дауласу» деп аталады. Болмыс пен танымның калыптасуы мен дамуы туралы философиялык ілім және осы ілімге негізделген ойлау әдісі. Философия тарихында диалектиканың бірнеше түсініктері берілген: болмыстың үнемі калыптасуы және құбылмалылығы туралы ілім (Гераклит); диалог өнері, пікірталас арқылы шындыққа жету (Сократ), абсолют идеяның даму заңдылығы (Гегель), материалистік диалектика (Маркс); негізгі заңдары мен категорияларын алғаш тұжырымдаған Г. Гегель.

Детерминизм – Құбылыстардың себепке тәуелділігі туралы көзқарас , детерминант- себеп.

Деизм– Құдай дүниені жаратады, бірақ қоғам өміріне араласпайды деп санайтын ағартушылық көзқарас.

Дедукция – ойдың жалпыдан жекеге қарай жылжуы.

Дуализм- дүниенің бір-біріне тәуелсіз материалдық,идеалдық қос бастамасы бар екенін мойындайтын көзқарас.

Жэнь- Ежелгі қытай философиясындағы конфуцийлық бағыттың адамды сүю, құрметтеу дегенді білдіретін ұғымы, текті адамның бес жақсы қасиетінің бірі.

Жерұйық-қазақ философиясындағы төл категориялардың бірі, Қорқытқа қатысты мәңгі өмірі бар жер дегенді білдірсе, Асанқайғыға қатысты географиялық жағдайы өмір сүруге аса қолайлы жер дегенді білдіреді.

Заман -қазақ философиясындағы төл категориялардың бірі, бір кезеңде өмір сүріп отырған қоғамның негізгі тарихи ерекшелігін қамтитын ұғым.

Заң- заттар мен құбылыстар арасындағы тұрақты байланысты білдіретін ұғым.

Идеализм – дүниенің түпнегізі идея деп санайтын көзқарас.

Инь-Ян - Ежелгі қытай философиясындағы(даосизмдегі) дүниенің қарама-қарсы бастаулары, инь- қараңғы, пәс, әйелдік бастау, ян- жарық, белсенді, еркектік бастау.

Индукция– ойдың жекеден жалпыға қарай жылжуы.

Иррационализм– дүниені танып-білуге ақылдың шамасы жетпейді деп мойындайтын көзқарас.

Инсан камил – араб мұсылман философиясындағы «жетілген адам».

Карма - Үнді мифологиясындағы адам тағдырының негізі.

Креационизм- дүниенің жаратылғандығы(Құдай жаратқаны) туралы көзқарас.

Қоғамдық болмыс - қоғамның материалдық өмірі .

Қоғамдық-экономикалық формация – марксизмдегі адамзат тарихының даму сатылары: алғашқы қауымдық, құл иеленушілік, феодалдық, капиталистік, коммунистік.

Логика -ойлау, қисынды ойлау жүйесі.

Логос –грек сөзі , оның мағынасы әртүрлі: ілім, сөз, есептеу, қатынастарды аяқтау; Гераклит философиясында заң ұғымына жақын.

Материализм– дүниенің түпнегізі тек материя деп мойындайтын көзқарас.

Менталитет-діл, ұлттық мәдениетке қатысты құбылыс.

Метафизика- грекшеден аударғанда физикадан соң жүретін деген мағына береді. Аристотель философиясында болмыстың ең жоғарғы бастамасы, түпнегізі туралы ілім . Аристотельдің өзі оны бірінші философия, теология деп атаған.18 ғ. бастап онтология деген терминмен толықтырылды.Метафизика әрі диалектикалыққа қарсы ойлау әдісі болып та табылады.

Мифология– грекшеден ауд.: аңыз, әңгіме, шежіре, аңыз туралы ілім.

Мокша – Үнді мифологиясындағыбұл дүниедегі азаптан құтылып,дүниежүзілік рухқа қосылуға мүмкіншілік алу.

Монизм -дүниенің түпегізі біреу ғана деп санайтын көзқарас.

Монотеизм- бірқұдайлық дін.

Парадигма -грекшеден ауд.: үлгі; парадигма біріншіден, қатаң ғылыми теория, екіншіден , көпшілік мойындаған, ғылыми қауымдастыққа мәселені қою және шешу үлгісін көрсететін ғылыми жетістік. «Парадигма » ұғымын айналымға енгізген Т.Кун.

Плюрализм –болмыстың көп бастамасы бар деп санайтын көзқарас.

Политеизм –көп құдайға табынушылық.

Рационализм –танымның көзі ақыл-ой деп мойындайтын көзқарас.

Релятивизм –«бәрі салыстырмалы » деп санайтын, ештеңенің абсолюттілігін мойындамайтын философиялық ілім.

Реализм -«жалпы» шын өмір сүреді деп мойындайтын көзқарас, ортағасырлық философиядағы бағыт.

Субъективтік идеализм -болмыстың түпнегізі жеке адамның сана, сезімі деп мойындайтын көзқарас.

Скептицизм -эллинизм кезеңіндегі этикалық мектеп; дүниені танып- білуге күмән келтіру, білімнің субьективті екенін мойындау; ешқандай соңғы тұжырым жасамауға, ақылды үнсіздік сақтауға шақыру; көрнекті өкілдері: Пиррон, Секст Эмпирик т.б.

Софистика –Ежелгі грек жерінде қалыптасқан гуманистік бағыт, шешендік өнерге ақылы баулитын мектеп; көзқарасындағы негізгі сипаты – релятивизм; оң жағы – философияға этика, саясат, логика , риторика мәселелерін енгізуі; көрнекті өкілдері: Протагор, Горгий, Гиппий, Критий, Продик, Алкидам.

Стоицизм –эллинизм кезеңіндегі этикалық мектеп; негізін қалаған Китиондық Зенон. Негізгі идеялары: адамның микрокосм ретінде әлемдік заңға бағынатыны, тағдырға мойынсұну керектігі.

Суфизм –исламның діни – мистикалық бұтағы, 8-9 ғ.ғ. пайда болған; Ақиқатты мистикалық интуиция арқылы тану туралы көзқарас; көрнекті өкілдері: әл- Газали, Омар Хәйәм, Ахмет Яссауи т.б.

Сенсуализм –танымның көзі түйсік, сезім мүшелері арқылы алынатын мәлімет деп мойындайтын көзқарас.

Синергетика -грекшеден ауд.: қатысу, көмектесу; өте күрделі, спонтанды, бірсызықсыз дамитын жүйелерді зерттеу әдісі.

Томизм –Ф.Аквинскийдің ілімі.

Теоцентризм –теологиялық орталықтық, ортағасырлық философияның басты сипаты, Құдай-абсолют, дүниенің кіндігі деп түсіну.

Объективтік идеализм –болмыстың түпнегізі деп руханиды санайды, бірақ заттардың адам санасына тәуелсіздігін мойындайды(субъективтік идеализмнен айырмашылығы).

Онтология –болмыстың мәні туралы ілім.

Эмпиризм –танымда жетекші рөлді тәжірибе атқарады деп санайтын көзқарас.

Эстетика – сұлулық туралы ілім.

Этика - әдеп, мораль, ізгілік туралы ілім.

Ұсынылатын негізгі әдебиет(оқулықтар мен оқу құралдары)

1.Ғабитов Т. Философия. А.,2004.

2.Алтай Ж., Қасабек А. Философия тарихы. А., 2006.

3.Кішібеков Д., Сыдықов Ұ. Философия. А., 2006.

4.Мырзалы С. Философия. А., 2008

5. Иманқұл Н. Философия. А.,2007

6. Тұрғынбаев Ә. Философия. А.,2005

Осымша әдебиет

1. Ежелгі Шығыс философиясы./ӘФМ. 20 томдық. Т.1. А.,2006

2.Антика философиясы. ӘФМ.20 томдық.Т.2. А;2006.

3.Аристотель философиясы. . ӘФМ.20 томдық.Т.3. А;2006.

4.Абай. Шығармалар.Алматы, 1996

5. Мифология: құрылымы мен рәміздері. Құраст.:Наурызбаева З., Нұрпейісова Ш. А.,2005.

6.Әл-Фараби мен Ибн- Сина философиясы. . ӘФМ,Т.4 . А.,2006

7. Идрис Шах. Суфизм. М., 1999.

8.Ортағасырлық діни философиясы. . ӘФМ,Т.5 . А.,2006

9. Жаңа дәуір философиясы. . ӘФМ,Т.6. А.,2006

10. Жаңа дәуірдегі француз философиясы. . ӘФМ,Т.7. А.,2006

11. Кант пен Гегель философиясы. . ӘФМ,Т.8. А.,2006.

12. Рысқалиев Т. Даналық пен түсінік үлгілері.Философия тарихына шолу.А.,1999.

13.Орыс философиясы. . ӘФМ,Т.12. А.,2006

14.Ғ.Есім.Қазақ философиясының тарихы. А., 2006

15.Қазақ халқының философиялық мұрасы.20 томдық. А.,2007

16.Шәкәрім. Шығармалар. А.,2001

17. Қондыбай С. Арғықазақ философиясы. 1 кітап. А.,2004

18. Сегизбаев О.А.Казахская философия XV-начала XX века.А.,1996.

19.Классикалық емес батыс философиясы. . ӘФМ,Т.13. А.,2006

20.Өмір философиясы . ӘФМ,Т.9. А.,2006

21.Ғылым және техниканың батыстық философиясы. . ӘФМ,Т.10. А.,2006

22.Өмір сүру философиясы. ӘФМ,Т.11. А.,2006.

23.”Ашық қоғам философиясы”. ӘФМ,Т.14. А.,2007

24.Постмодерн философиясы. . ӘФМ,Т.15. А.,2007

25.XX ғасырдағы тарих философиясы. . ӘФМ,Т.16. А.,2007

26. XX ғасырдағы мәдениет философиясы. ӘФМ,Т.17. А.,2007.

27.Ғ.Есім.Саяси философия. А.,2007.

28. Адаева Г. Қазақ халқының дәстүрлі дүниетанымы: гендерлік қырлары.А.,2008

Наши рекомендации