Глоссарий. Тапсырманы орындау критерийлері – бағалау балына әсер ететін жағдайлар
Тапсырманы орындау критерийлері – бағалау балына әсер ететін жағдайлар
1.Көлемі – 20-25 термин. Әрбір терминнің мағынасын нақты түсіндіру.
2. Терминдерді жазғанда алфавиттік ретін қатаң сақтау.
3. Терминдердің барлық мағынасын жазу керек..
4.Формат А4, шрифт Times New Roman, кегль 14, интервал 1,5.. Параметрлер: сол жағынан- 30мм, оң жағынан – 10мм, жоғары және төмен жағы – 20мм.
5. Уақытында өткізу. Белгіленген уақытынан кеш өткізген жағдайда баға 1 балға төмендейді.
6. Тапсыру мерзімі: 2 апта
7. Бағалау өлшемдері:СӨЖ бағалау шкаласы бойынша (орындау критерийлеріне сәйкес)
8. Әдебиет:
1. Иманқұл Н. Философия әлемінде: болмысы мен тарихы. Алматы, 2006
2. Г.Ж. Нұрышева. Философия тарихы. Алматы, 2005.
3. Г.Ж. Нұрышева. Философия. Лекциялар курсы. Алматы, 2006.
4. Ғабитов Т. Философия. Алматы, 2006.
5. Бегалинова К.К., Альжанова У.К. “История философии”А., 2010
6. Ғабитов Т. Философия. Алматы, 2006.
7. Кішібеков Д., Сыдықов Ұ. Философия. Алматы, 2005.
8. Қ. Әбішев. Философия. Алматы,1999.
9. А.Құлсариева. ХХ ғасырдағы батыс философиясының тарихы. Алматы, 2001.
10. Хасанов М.Ш., Петрова В.Ф., Джаамбаева Б.А. Философия. Алматы, 2012.
11. Антология. Батыс философиясының антологиясы. А., 2002.
12.Философский энциклопедически словарь. М.1998 г.
13.Философиялық сөздік. Алматы, 1996.
9. Бақылау:
1. Маркстік философия дамуының кезеңдерін атап берініз.
2. «Адам-дүние» мәселесе маркстік философияда қалай шешіледі?
3. Жатсыну деген не?
4. Тарихты материалистік тұрғыдан түсіндірудің мәні неде?
5. Маркстік философиядағы жатсынудың формаларын атап беріңіз?
1. № 10 тақырып, аталуы:Позитивистік философияның қалыптасуы.(О.Конт, Г.Спенсер, Авенариус, Мах)
2. Мақсаты:онтологиялық ( метафизикалық) философияны зерттеген,
философия мен ғылымды байланыстырған, философияның дүниетанымдық мәселесін болжаған, яғни философияның басты мәселесінен бас тартқан Х1Х ғасырдың 30-жылдарын дамыған позитивистік философия туралы білім алу және оны бекіту. Бұл жағдайда алғашқы екі кезеңді талдау керек: О. Конт пен Г. Спенсер позитивизмі және Авенариус пен Мах позитивизмі. Студентке философиядан оқу - әдістемелік құралмен жұмыс істеуді үйрету, тақырып бойынша терминдерді түсіндіру, өз бетімен үй тапсырмаларын орындау, тақырып бойынша бақылау сұрақтарына жауап беру арқылы алынған білімді бекіту және кеңейту.
3.Тапсырмалар: берілген тапсырманың құрамы келесі жоспарға сәйкес келу керек;
Кіріспе:
1) Позитивизмнің алдыңғы философиядан ерекшелігі.
2) Конт және Спенсер позитивизмінде философия және ғылымның арақатынасы мәселесі.
3) Эмпириокритицизмдегі ғылым мен философия мәселесі.
Қорытынды – философия дамуы үшін позитивизмнің маңызы.
4. Орындау түрі: эссе, реферат, презентация, тесттер құрау, рольдік ойындарға арналған сценарий.
5. Орындау өлшемдері:
Тапсырманы орындау критерийлері – бағалау балына әсер ететін жағдайлар: