Азақ философиясындағы экологиялық шарттар
Мемлекет негiзi əлсiз болған сайын табиғи ортаның этникалық қауымдастыққа ықпал ететiнi белгiлi. Ал қазақтың ата тектерiнде жəне қазақтарда да мемлекеттiлiктiң тарихи жағынан əлсiз болғаны белгiлi. Табиғат əрқашан Қазақстан тұрғындары үшiн абсолюттiк жəне мəңгiлiк дүние бастауы, бiрден бiр ақиқат болды. Ол өздiгiнен жаратылған, тiршiлiк етудiң имманенттiк себептерi мен факторларының, белсендiлiк пен эволюцияның негiздерi болды. Адамдарға алғашында табиғат заңдарына мойынсұнып қалтқысыз бағыну ғана қалды. Оның себептерiн түсiнiп жəне соған өз болмысын құрып, табиғат катаклизмаларынан қашқақтап отырды. Табиғат бұл жерде адамдарға тұрмыстың формалары мен əдiстерiн, көшпендiлiктiң немесе егiншiлiктiң таңдауларын белгiлеп беретiн ғалам ретiнде көрiнедi. Көне заманда адамдарды күн сайын рудың немесе тайпаның дүниетанымдық ұстанымына адалдығын дəлелдеп отыруға мəжбүр еттi, өйткенi тiршiлiк етудiң ауыр жəне қатал жағдайлары руластардың əлеуметтiк бағдар мен салттардан бұлтаруына жол бермедi, əйтпесе оларға рудан аластауы, көп жағдайда мұның арты өлiмге апарып соқтыратын едi. Дүниенi сезiну айқындала түстi, дүниенi түсiну айқын əрекеттерге итермеледi, дүниетаным нақты жағдайдан туатын, шын айқын болды. Табиғат дүниенiң аяқталған қалыпты жағдайы, ал адам табиғаттың бiр бөлшегi ғана болды. Алайда, адамзат баласының даму эволюциясының нəтижесiнде еңбектiң практикалық жəне жаңғыртушылық қызметi бiрте-бiрте түсiнiктi бола түстi, сөйтiп табиғи ортаны адам қажетiне бейiмдеп, қайта жаңғырту жүзеге асырылды. Егiншiлiк пайда болады, жинаушылық бау-бақша өсiруге айналады. Үй малдарына шөп шабу iске асады. Табиғи ортаны бейiмдеуден адамдар оны өңдеуге ауысады. Оның ендi бiр формасы аңдарды қолға үйрету болды. Жабайы жылқыны қолға үйрету жабайы мал өсiру мен көшпендiлiкке жол ашты. Бұл сол заманда прогрестiк құбылыс болды. Табиғи ортаны өзгертудiң пайда болуы философиялық көз-қараста адамның айқын мақсатты қызметiн, мақсат қою факторын өмiрге келтiрдi. Мұның өзi адамның табиғаттан бөлiнiп дербес (сущность) тiршiлiк иесi болып қалыптасуының алғы шарты едi. Адамның мақсаткерлiк қызметi объективтiк процестiң шешушi формасы болып табылады. Бiртұтас, бiрақ қарама-қайшылықты процесте ол табиғи заңдылық жəне адамдардың мақсаткерлiк қызметi ретiнде көрiнiс тапты. Тұтас дүние қалпы ендi үнемi адамдардың мақсатты қызметiмен, оның „табиғи бөлшегi” емес, оның əмiршiсi, өзгертушiсi болуға ұмтылған əрекетi нəтижесiнде бұзыла бастады. Əзiрге мұнда ешқандай оғаштық жоқ едi бiрақ көп ғасырлардан кейiн бұл əрекет экологиялық жəне антрапологиялық дағдарысқа əкеп соқтырды. Табиғат əлемi адамдардың мақсаткерлiк қызметiнiң барысында адам əлемiне айналады. Ендi қажеттiлiктiң „темiрдей ерiк-жiгерiн” талап ететiн табиғи заңдылықтар емес, адамдардың ерiктi қызметi шешушi рөл атқарды. Олар сыртқы жағдайлардың детерминациясы сияқты емес, бостандық заңы бойынша əрекет еттi.
Қазақтың ата тегiнiң қоршаған ортаға етенелiгi, қоғамдық өндiрiстiң бiршама төмен дамуы əзiрге бұл адамдардың философиялық көзқарасын тұрмыстық деңгейден тұтынушылық - пайдалылық деңгейiнен асыра алмады. Нəтижесiнде олар бiр-бiрiне жəне өздерiне тоғышарлық көзқараспен қарады. Əйтсе де, қазақтың арғы тегiнiң дүниетанымы төмен болды деп кiнəлап, тым астамдық етпегенiмiз жөн, өйткенi олардың бергенiнiң өзi одан əрi дамуға жағдай жасаған едi.
Өзiнiң табиғатқа көзқарасы қалыптасқаннан бастап, осы күнге дейiн түпкi ипостосия ретiнде қарайтын жəне мəңгiлiк əрi өткiншi емес болмысты бiртұтас дүние деп тани отырып, қазақ халқы өзiнiң этноспен шендесуiне қол жеткiздi, өйткенi оның табиғатқа жақындығы мейлiнше айқын əрi талас туғызбайтын едi. Ғасырлар бойғы эволюция барысында қазақ əрқашан табиғатқа қайта оралып отырды. Бұл оның бiрiншi ажырамас белгiсi болды. Оның тiршiлiгiне тəн екiншi бiр қасиет – оның түп негiзiндегi қайшылық.