Экологиялық құқықтың тарихы және қайнар көздері ұғымы, шығуы

Қазақстан Республикасынң экологиялық заңнамасының даму тарихы бірнеше кезеңнен өтеді.Біздің білетініміздей, жер қатынастары Қазақстанда бұдан көп бұрын,оның Ресей империясының құрамына енуі кезеңінде-ақ дамыған болатын.1917 жылдан кейін Қазақстан аумағында Ресей Федерацйиясының, Түркістан Автономиялық социалистік республикасының жер –құқық нормалары қолданылады.

Қазақстанның экологиялық заңнамасы дамуының бірнеше кезеңі 1922-1957 жылдарының аралығында (1922-1957 ж.ж) басталды. Осы кезеңде Қазақ КСР аумағында табиғат ресурстары қатынастарын реттейтін жекелеген нормативтік актілер қабылданды. Бұл актілердің күші жер құқығы шегінде жүзеге асырылды, бірақ бұл кезеңнің айырықша ерекшелігі жер заңнамасының жүйелігінің және оны қисындауының болмауы дер едік.Осы уақытта іс жүзінде тіпті қоршаған ортаны қорғау мәселелері реттелмейді, күн тәртібіне қойылмайды. Су, орман, тау кен заңнамалары заңның дербес салары ретінде бөліп көрсетілмеді.

Екінші кезең 1958-1981 жылдары аралығындап (1958-1981 ж.ж) басталды. Бұл кезең экологиялық заңнаманың мейлінше серпінді қиысындау процестерімен сипатталады. Қазақ КСР-да осы кезеңде: 1971 жылы–Жер қойнауы туралы Кодекс, 1978 жылы–Орман Кодексі, 1981 жылы «Жануарлар дүниесін қорғау мен пайдалану туралы», «атмосфералық ауаны қорғау туралы» заңдары қабылданды.

Экологиялық саласында заңнаманың алты дербес саласының болғаны танылады: олар – жер, су, тау-кен, орман, фауналық, атмосфералық-ауа заң салалары. Алайда осы қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалар бір-бірінен бөлек қарастырылады, құқықтық реттеудің кешенді әдісі болмады. Бұл 1962 жылы қабылданған «Табиғаты қорғау туралы» Заңның ерекше айқын көрінеді.Ол 20 баптан тұрады, олардың мазмұны мейлінше ресми сипатқа ие болды, мемлекеттік басқару тетігі, жауапкершілік тетігі, табиғи ресурстарды пайдалануға ақы төленетіндігі көзделмеген.Табиғат ресурстары кодекстерінің құқықтық миазмұны шаруашылық жүргізудің социалистік әдістеріне негізделген, мұнын өзі әкімшілік әдістерінің экономикалық әдістерден артықшылығын білдіретінеді.

Үшінші кезеңде (1982-1995ж.ж) бұрынғы Кеңестер Одағының күйреуі мен Қазақстан Республикасының егемендік және тәуелсіздік алу процесі болды.Жана мемлекет нарықтық қатынастарға көше бастады, жаңа экономикаылық институттар қалыптасты «ақылы қызмет», «табиғат ресурстарын пайдаланудың шарттық талаптары» ұғымы енгізілді.Қазақстанда банк қызметін жекешелендіру процесін, бағалы қағаздар нарығын, кредит-қаржы жекешелендіру процесін, бағалы қағаздар нарығын, кредит-қаржы қызметін реттейтін заңнаманың бүтіндей жаңа салалары жедел әзірленіп қабылданыды.Табиғат ресурстарына мүліктік құқықтарды реттеу саласында өзгерістер болды, бұл жер құқығы қатынастары саласынан ерекше айқын аңғарылуда.

Экологиялық құқықтың дамытудың төртінші кезеңі 1995 жылғы 30 тамыздан басталады және қазіргі уақытқа дейін жалғасып келеді.Бұл Қазақстанда нарықтық экономиканы реттейтін заң толық қалыптасқан кезең болды, тәжірбиеге «жерге жеке меншік» институты ензілді, өнеркәсіптің негізгі салаларында жекешелендіру процесі аяқталды. Мемлекеттің экологиялық тәжірибиесіне жаңа экономикаылқ әдістер барған сайын жедел енгізілді, бұл заңда баянды етілді. Осы кезде мынандай маңызды нормативтік актілер- Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар «Жер туралы», «Жер қойнауы мен жер қойнауын пайдалану туралы» «Жарлықтары», қазақстан Республикасының «Қоршаған ортаны қорғау туралы», «ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы», «экологиялық сараптама туралы», «Заңдар қабылданды». Жер, Орман, Су кодекстері, «Атмосфералық ауаны қорғау туралы»,Заң жаңа редакциясында қабылданды.

Қазақстан Республикасының Конституциясы-экологиялық құқықтық негізгі қайнар көзі

1995 жылығ 30 тамызда республикаылқ референдумда қабылданған ҚР конституциясы экологиялық құқықтың негізгі көзі болып табылады, өйткені ол табиғатты қорғау мен табиғат ресурстарын ұтымды пайдалану жөніндегі қоғамдық қатынастарды мемлекеттің реттеуді жалпы құқықтық негіздерін баянды етеді. Бұдан кейінгі барлық заңдар мен заңға тәуелді актілер Конституциясының баптарын орындау үшін, Конституцияда айтылған принциптер негізінде қабылданады.Экологиялық құқыққа қатысты Конституция нормаларының арасында мына нормаларды бөліп көрсетуге болады:

1) ұйымдық –басқару

2) экономикалық

3) әлеуметтік нормалар

Ұйымдық –басқару нормаларына қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты ұтымды пайдалану саласындап оның органдары, лауазымды адамдар арқылы мемлекеттің қызметі мен құзіретін баянды етеін конституцияның нормаларын жатқызған жөн.т.б

Конституциясының жекелеген нормалары қоршаған табиғи ортаны құқықтық реттеу қажеттігін тікелей көрсетеді. Мысалы, 31-бапта былай делінген: «Мемлекет адамның өмір сүруі мен денсаулығына қолайлы айналадағы ортаны қорғауды мақсат етіп қояды».

44-бап Президенттің республиканың мемлекеттік бағдарламаларын бекітуі құқығын баянды етеді

Экономикалық нормаларға табиғат ресурстарына меншік нысанын белгілейтін Конституцияның 6-бабын жатқызған жөн. «Жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғат ресурстар мемлекет меншігінде болады». Жер, су сондай-ак заңда белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде жеке меншікте де болуы мүмкін».

Конституцияның әлеуметтік нормаларына 38-бапты жатқызу керек, онда былай деп белгіленген:«Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға міндетті».

Наши рекомендации