Экологиялық төлемдер мен алымдарды алу және есептесу тәртібі. Экологиялық сақтандыруды құқықтық реттеу.

ҚР ЭК-нің 102-бабына сәйкестабиғи ресурстардың жекелеген түрлерiн пайдаланғаны үшiн бюджетке төленетiн мiндеттi төлемдер Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленедi. Жер, Су, Орман кодекстерінде және өзге де саладық нормативтік актілерде тиісті табиғи ресурстар үшін төлемдер туралы баптар бар, олар да Салық кодексіне сілтеме жасайды.

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы N 210-П қолданысқа енгізілген «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кдзақстан Республикасының Кодексі (Салық кодексі) салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді белгілеу, енгізу және есептеу тәртібі мен төлеу жөніндегі билік қатынастарын, сондай-ақ салық міндеттемелерін орындаумен байланысты мемлекет пен салық төлеушілер арасындағы қатынастарды реттейді.

Атап айтқанда, экологиялық төлемдерге келетін болсақ, онда ҚР Салық кодексінің 60 және 62-баптарына сәйкес құқықтық қатынастардың осы саласында мынадай салықтар мен төлемдер көзделген:

1. Экспортталатын мұнай шикізатына, газ конденсатына салынатын рента салығы;

2. Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнаулы төлемдері.

3. Жер салығы.

4. Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы.

5. Жер бетіндегі көздердің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы

6. Қоршаған ортаға эмиссиялар үшiн төлемақы

7. Жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы.

8. Орманды пайдаланғаны үшін төлемақы.

9. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы.

ҚР Салық кодексінің «Экспортталатын шикі мұнайға салынатын рента салығының» 9-1 бөліміне сәйкес шикі мұнайды экспортқа өткізетін жеке және занды тұлғалар, өнімді бөлу туралы келісімшарттар жасасқан жер пайдаланушыларды қоспағанда, экспортталатын шикі мұнайға салынатын рента салығының төлеушілері болып табылды. Бұл жағдайда рента салығын салу объектісі экспортқа өткізілетін шикі мұнайдың, газ конденсатының көлемі болып табьшады.

ҚР Салық кодексінің 10-бөлімі - «Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу»,өндірумен байланысты емес мұнай операциялары мен жер асты құрылыстарын салу мен пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу жөніндегі салық қызметінің ерекшеліктерін реттейді және:

1) үстеме пайда салығын;

2) жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдерін: бонустарды: (қол қойылатынын, коммерциялық табуды); роялтиді; өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесін есептеу мен төлеу тәртібін белгілейді.

Үстеме пайдаға салынатын салықтытөлеушілер, өнімді бөлу туралы келісімшарттар бойынша қызметін жүзеге асыратындарды қоспағанда, барлау мен өндірумен байланысты емес жалпы таралған пайдалы қазындыларды және жер асты суларын өндіруге, сондай-ақ жер асты құрылыстарын салу мен пайдалануға, осы келісімшарттар пайдалы қазындылардың басқа түрлерін өндіруді көздемейтін жағдайда, жер қойнауын пайдаланушылар болып табылады.

Үстеме пайдаға салынатын салық объектісі салық кезеңі ішіндегі әрбір жеке келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдаланушының таза табысының бір бөлігі болып табылады.

Өнімді бөлу жөніндегі Казақстан Республикасының үлесі,пайдалы өнімдегі жер қойнауын пайдаланушының үлесін шегере отырып, Қазақстан Республикасы мен жер қойнауын пайдаланушы арасында бөлінуге тиісті пайдалы өнімнің жиынтық құны ретінде анықталады.

Өнімді бөлу туралы келісім шарт шарт болып табылады, оған сәйкес келісім-шарт аумағында ақылы негізде пайдалы қазбаларды өндіруге және өзінің есебінен осыған байланысты жұмыстар жүргізуге құқық беретін шарт болып табылады.

ҚР Салық кодексінің 12-бөліміне – «Жер салығына»сәйкес жер салығы:

1)меншік құқығын, тұрақты жер пайдалану құқығын, өтеусіз уақытша жер пайдалану қүқығын куәландыратын құжаттар;

2) жер ресурстарын баскару жөніндегі уәкілетті орган әр жылдың 1 каңтарыңдағы жағдай бойынша берген жерлердің меімлекеттік сандық және сапалық есебінің деректері негізінде есейтеледі.

ҚР Салық кодексінің 81-тарауына сәйкес мемлекеттің жер учаскелерін өтемін төлеп (жалға) уақытша жер пайдалануға бергені үшін жер учаскелерінпайдалану төлемақысы алынады. Жер учаскесін өтемін төлеп уақытша жер пайдалануға алған жеке және заңды тұлғалар төлемақы төлеушілер болып табылады.

ҚР Салық кодексінің 82-тарауына сәйкес жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғамы үшін төлемақыжер үсті көздерінен суды ала отырып немесе оны алмай, арнаулы су пайдаланудың барлық түрлері үшін алынады. Қүрылыстарды, техникалық құралдарды немесе құрылғыларды қолдана отырып, жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдалануды жүзеге асырушы жеке және заңды түлғалар төлемақыны төлеушілер болып табылады.

ҚР Салық кодексінің 84-тарауына сәйкес жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшінтөлемақы табиғи еркін жағдайда мекендейтін жануарларды табиғи ортадан айырғаны үшін алынады. Жануарларды ен салу және сақина салу мақсаттары үшін үстап алып, кейіннен табиғи ортаға жіберген кезде төлемақы алынбайды.

Жануарлар дүниесінің мынадай санаттары:

аңшылық объектілері болып табылатын жануарлар түрлері;

балық аулау объектілері болып табылатын жануарлар түрлері;

сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген жануарлар түрлері;

өзге де шаруашылық мақсаттарда пайдаланылатын жануарлар түрлері (аңшылықтан және балық аулаудан басқа) үшін төлемақы белгіленеді.

Бюджетке төлемақы сомаларын төлеу банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асырушы ұйымдар арқылы аудару не жануарлар дүниесін басқару жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінде ақшаны қолма-қол төлеу арқылы жүргізіледі.

ҚР Салық кодексінің 85-тарауына сәйкес орманды пайдаланғаны үшін төлемақыорманды пайдаланудың мынадай түрлері үшін алынады:

1) ағаш дайындау;

2) шайыр және ағаш шырындарын дайындау;

3) қосымша ағаш ресурстарын (қабықты, ағаш көгін және басқаларын) дайындау т.б.

ҚР салық кодексінің 86-тарауына сәйкес ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін өтемақы Қазақстан Рес-публикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтарын ғылыми, мәдени-ағарту, оқыту, туристік, рекреациялық және шектеулі шаруашылық мақсаттарда пайдаланғаны үшін алынады.

ҚР ЭК-нің 101-бабына сәйкес қоршаған ортаға эмиссиялар үшiн төлемақы Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленедi.

Табиғат пайдаланушылар экологиялық рұқсатта айқындалған нормативтер шегiнде жүзеге асыратын қоршаған ортаға эмиссиялар үшiн төлемақы Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн ластаушы заттардың және қалдықтар түрлерiнiң тiзбесiне сәйкес алынады.

Қоршаған ортаға эмиссиялар үшiн төлемақыны есептеу әдiстемесiн қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган бекiтедi.

Қоршаған ортаға эмиссиялар үшiн төлемақы ставкаларын облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi органдары Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiткен базалық ставкалардан төмен болмайтындай және шектi ставкалардан жоғары болмайтындай етiп белгiлейдi.

Қоршаған ортаға эмиссиялар үшiн төлемақы бойынша салықтық мiндеттемелердi атқару табиғат пайдаланушыны қоршаған ортаға келтiрген залалды өтеуден босатпайды.

Төлемақы ставкаларын уәкілетті органның келісімімен облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергілікті өкілді органдары жыл сайын белгілеп отырады, бірақ ол қоршаған ортаны қорғау саласындағы өкілді орган жасаған есеп-қисаптан аз болмауы керек.

Экологиялық сақтандыруды құқықтық реттеу:

Нарықтық экономика, өндіріс, азаматтар мен шаруашылық жүргізуші субъектілер үшін оның маңыздылығын ескере отырып, сақтандыру нарығының қызмет аткаруын қамтамасыз ету мақсатында сақтандыру қызметі мемлекетгік реттеуді көздейді және кеңінен пайдаланады. Шаруашылық қызметінің кез келген саласындағы табиғи зілзалалардың, әр түрлі күтпеген оқиғалар мен қатерлердің жайсыз зардаптарын жою сақтандыру ұйымдарының есебінен болған кезде, нақ сол кезде мемлекет те сақтандыруды дамытуға мүдделі болады, өйткені материалдық нұқсанның орнын толтыру үшін мемлекеттік бюджеттің қаражаттары салынады.

ҚР ЭК-нің 107-бабында экологиялық сақтандыру мақсаты мен түрлері көзделген.

Үшiншi тұлғалардың өмiрiне, денсаулығына, мүлкiне және (немесе) авариялық ластануы нәтижесiнде қоршаған ортаға келтiрiлген зиянды өтеу экологиялық сақтандырудың мақсаты болып табылады.

Мiндеттi экологиялық сақтандыру Қазақстан Республикасының мiндеттi экологиялық сақтандыру туралы заңына сәйкес жүзеге асырылады. Шаруашылық және өзге де қызметтiң экологиялық жағының қауiптi түрлерiн Экологиялық Кодекс және Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.

Ерiктi экологиялық сақтандыруды жеке және заңды тұлғалар өздерiнiң еркiн бiлдiруiне қарай жүзеге асырады. Ерiктi экологиялық сақтандырудың түрлерi, талаптары және тәртiбi сақтандырушылар мен сақтанушылар арасындағы шарттарда айқындалады.

Міндетті экологиялық сақтандырудың объектісі шаруашылық қызметінің экологиялық жағынан қауіпті түрлерін жүзеге асыратын жеке немесе занды тұлғалардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігі болып табылады.

Экологиялық жағынан қауіпті түрлерімен айналыстын жеке немесе заңды тұлғалардың қызметіне шарт жасалмаған міндетті экологиялық сақгандыруға жол берілмейді. Мұндай шарт сақтанушы мен сақтандырушы арасында үшінші түлғаның пайдасына жасалады, олардың мүліктік өзге де мүдделеріне жеке және заңды тұлғалар шаруашылық қызметінің экологиялық жағынан қауіпті түрлерін жүзеге асыру кезінде зиян келтіруі мүмкін.

Міндетті экологиялық сақтандыру шарты жазбаша нысанда жасалады және сақтанушы мен сақтандырушы арасындағы келісім болып табылады, ол бойынша сақтандыру жағдайы туындаған кезде сақтандырушы сақтандыру сомасы шектерінде үшінші тұлғаға сақтандыру төлемдерін жүргізуге міндеттенеді, ал сақтанушы сақтандыру сыйлығын төлеуге міндеттенеді, оның мөлшері шаруашылық қызметінің экологиялық жағынан қауіпті түрлерін жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғалардың жауапкершілігінің міндетгі экологиялық сақтандыру шартындағы тараптардың келісімі бойынша белгіленеді.

Сақтандыру жағдайын, сондай-ақ оған келтірілген залалды дәлелдеуді сақтандырушы мойнына алады. Сақтанушы сақтандыру төлемін төлеуден бас тартқан жағдайда, сақтандыру реті сақтандырушы келтірген зиянды өтеу туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап туындаған деп есептеледі.

Жәбірлеушінің жазбаша, немесе нотариалдық куәландырылған сенімхаты арқылы ресімделген шағымы бойынша төлем қоршаған ортаны, денсаулығын және (немесе) мүлкін қалпына келтіру жөнінде қызметтер көрсеткен (көрсететін) адамға тікелей жүзеге асырылуы мүмкін.

Экологиялық сақтандыруды жүргізу кезінде өндірістік объектілерде сақтандыру жағдайының нәтижесінде қоршаған ортаға ықтимал зиянды бағалау үшін, сондай-ақ экологиялық ортаның нормалары мен ережелерін, экологиялық талаптарды сақтандырушының сақтауын бағалау үшін экологиялық аудиттің қызметтері тартылуы мүмкін.

Сөйтіп, міндетті экологиялық сақтандыру - бұл қоршаған ортаның авариялық ластануы нәтижесінде үшінші адамның өміріне, денсаулығына (немесе) мүлкіне зиянкелтіру салдарынан туындайтын міндеттемелер бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершілік туындаған кезде жеке немесе занды тұлғалардың (сақтандырылған) заңды мүдделерін мүліктік қорғау жөніндегі кешенді катынастар.

Ерікті сақтандыруды олардың ерік білдіруіне карай жеке және занды түлғалар жүзеге асырады. Су қорын пайдалану және қорғау саласындағы ерікті сақтандырудың түрлері, шарттары мен тәртібі сақтандырушы мен сақганушы арасындағы келісімдермен анықталады.

Өзін- өзі бақылау сұрақтары:

Наши рекомендации