Табиғат және қоғам
Біздің мемлекетіміздің табиғи ортасының үш негізгі ерекшелігі бар.
Біріншіден — Қазақстан сияқты үлкен мемлекет үшін табиғат жағдайы соншалықты әр түрлі емес. Қазақстан аумағы түгелдей бір климаттық белдеуде орналасқан. Ландшафтарының (биік таулы белдеуді есептегенде ) 2/3 бөлігін құрғақ су жетіспейтін шөлді жерлер алып жатыр. Қоңыржай белдеудің басқа ландшафтарына қарағанда органикалық заттарды және оттекті аз бөліп шығарады .
Екіншіден — үлкен аумақты алып жатқан жерде экологиялық процестерді реттеуші нысан (ірі орман массивтері ) жоқ.
Орман атмосфераға оттекті ең көп мөлшерде шығарады, ал батпақтармен бірігіп көміртегінен көп жұтатындар.
Сондықтан да табиғи ортаны табиғи жолмен тазарту қабілеті өте төмен. Одан бетер қабілетінің төмендеуіне себепші табиғи ландшафтарының бұзылуы.
Үшіншіден — Қазақстан аумағының 80%-ы шөлейт, шөл және тау сияқты табиғаттың нәзік кешендері алып жатыр. Бұл жерлер антропогенді процеске сезімтал, тез бұзылып баяу қалпына келеді. Сондықтан да мемлекетіміздің табиғаты өте сезімтал. Бұл жерлерде табиғатты пайдаланудың ұрымтал технологиясын қолданған дұрыс. Сонымен бірге табиғи ортаның қалпына келуіне әр түрлі қалдықтарды игеруіне мүмкіншілік жасау керек.
Адамзат көптеген жылдар бойы жерді уақытша пайдалану деген ұғыммен өмір сүрді. Оның ертең де керек болатынын білсе де білмегендей тіршілік етті. Нәтижесінде осындай шаруашылықтың жүргізілуінен мемлекетімізде экологиялық тұрғыдан қолайсыз жағдайлар туындады.
Қалдықтар жиналуда оның көлемі сапасыз минералды шикізаттардан ұлғаюда. Әсіресе улы (токсикологиялық) қалдықтар (1997 жылмен салыстырғанда 2008 жылы 2 есеге көбейді).
Қалпына келген табиғи ресурстар тиімсіз игерілуде. Ауыз су тасымалдану барысында қажетті судың 6 - 10 есе шамасында ысырап болуда.
Жерді тиімсіз пайдалану нәтижесінде жарамсыз жер көлемі ұлғаюда, яғни биологиялық өнімділік төмендеуде. Табиғи шөлдер (саздақты, құмды , сортаң, тастақты) мемлекетіміздің 1,8 млн км2 жерін алып жатыр. Оның көлемі антропогенді процестердің әсерінен жыл сайын ұлғаюда. Бұл процесс қуаңшылық аудандардың ауыл шаруашылығына және өнеркәсіпке игерудің нәтижесі. Малды тұрақты бір жерде ұзақ жаю, шабындық жерді дұрыс суғармау, егінді дұрыс салмау, жер жыртуда ауыр техниканы пайдалау алдағы уақытта жерді жарамсыз жағдайға алып келеді. Тұрақты даму жолында
Экономика мен қоғам дағдарыстан шыққаннан кейін табиғи ортаны қорғауға және қалпына келтіруге мүмкіншілік туды. Оған себепші 2004 - 2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігі концепциясы. Негізгі міндеті табиғи ортаны біртіндеп қалпына келтіру. Оған жету үшін заңнамаларды, экономиканы және қоғамды экологиямен байланыстыру. Қазіргі күні мемлекетті дамытудың барлық заңында және бағдарламасында міндетті түрде экологиялық талаппен норма көрсетілген. Оны іске асыру үшін әрбір жеке адам бойында экологиялық мәдениеттілікті қалыптастыру керек.
Экологиялық мәдениеттілік - жалпы мәдениеттіліктің құрамдас бөлігі . Ол 4 түрлі компонент арқылы қалыптасады. Осыған республикамыздың экологиялық білім беру жүйесі негізделген.
Экологиялық шешімін таппаған проблемалар бір жылда емес ондаған жылдардан бері жинақталған. Оларды бір сәтте шешу мүмкін емес. Дегенмен д е қоғам бұл бағытта шешуші қадамдар жасауда. 2007 жылы табиғатты қорғау нысандары мен табиғи ресурстарды тиімді пайдалану құрылысына 2001 жылмен салыстырғанда 3,5 есе артық қаржы бөлінді. Қалдық заттарды игеру, Арал маңын қалпына келтіру, халықты таза ауыз сумен қамтамасыз ету, жарамсыз жерлермен күресу, орман желектерін қалпына келтіру сияқты ірі жобалар іске асуда. Ерекше қорғауға алынған аймақтардың саны және ауданы күннен-күнге ұлғаюда.
Бұндай көп салалы бағдарламаларды қабылдауда Қазақстан жалғыз емес, басқа елдермен біріге отырып, табиғатты қорғаудың дүниежүзілік бағдарламаларына қол қойып, оның белсенді мүшелерінің біріне айналды.
Экологиялық проблемаларды шешуде негізгі рөлдердің бірін экономикалық - әлеуметтік және физикалық география атқарады. Бұл ғылымдардың қоржынында табиғат пен қоғам туралы білімі, оны зерттеудің жаңа әдістері жеткілікті. Осы білімдердің негізінде табиғатты тиімді пайдалану, экологиялық дағдарысты болдырмау және мәдени ландшафттарды ұйымдастыру жолдары жоспарланады.