Зертханалық жұмыс №5

Тақырып: Вольт-амперлі сипаттамалы биполярлық транзисторды алып және оны зерттеу.

Жұмыстың мақсаты: Биполярлық транзистор әрекетінің принципін оқып меңгеру, ВАС (Вольт-амперлі сипаттама) транзисторды алу

Жұмысты орындау тәртібі:

1. 5.5-суреттегідей схеманы Electronics Workbench-те құрастыру керек.Нұсқа нөмеріне сәйкес транзисторды 5.1-кестеден таңдап алыңыз.

а) Екі кернеу бойынша Uкэ=5B коллектор эмиттер база эмиттер Іб (Uбэ) өтудің Вольт-аиперлі сипаттамасы анықталады.База эмиттер Іб кернеуі 0-ден 1В-қа дейін өзгереді.

Тікелей ВАС тармағындағы кернеудің база эмиттер өтуінің өзгеріс қадамын 0.1В деп алыңыз.

б) Тұрақты кернеу Uкэ =0 және Uкэ =5Bбойынша транзистордың Іб-ның Uбэ-ден тәуелділігін анықтайтын графикті алынған нәтижелер бойынша тұрғызыңыз және өткелдің ашылу кезіндегі кернеуі мен коллектор-эмиттер кернеулерінің әр-түрлі мәндері бойынша ВАС ығысу бағытын анықтаңыз.

в) Әр өлшем үшін ток берілудің статикалық коэффициентін есептеңіз.

Зертханалық жұмыс №5 - student2.ru

Сурет 5.5 - Теристордың кіріс сипаттамасына анықтау схемасы

Таблица5.1

Вар- нт Транзистор Вар- нт Транзистор Вар- нт Транзистор Вар- нт Транзистор
BC107 BC107A BC107B BC108
BC108B BC109C BC140-10 ECG6422
BC140-16 BC141-10 BC141-16 BC394
BDB01C BDB01D BF258 BSS71
BSS72 BSS73 BSSS71 BSX20

2.5.6-суретте көрсетілегн схеманы Electronics Workbench-ке құрастырыңыз.Транзисторды нұсқа нөмеріне сәйкес 5.1-кестеден алыңыз.

а) Танзистор типіне қарамай, транзистор базасының тізбегіне өлшемі 100кОм –нан 1МОм-ға дейінгі ток тұрақтандырғыш резисторды енгізеді.Базалық көздің кернеуі ретінде рет-ретімен 0,1 мА;0,5 мА және 1мА-база тогының шамаларын береміз.Базаның әрбір нақты алынған тогы үшін коллектор-эмиттер кернеуі 0-ден 10В-қа дейін өзгереді.Кернеу 1В-тан кем болса,коллектор – эмиттер кернеуінің өзгеру қадамы 0,2В, ал кернеу 1В-тан 10В-қа дейін болғанда қадамы 1В.

б) Алынған мәндер бойынша шығыс ВАС транзистор тобын құрыңыз,яғни тұрақты ток Іб=0,1;0,5;1,0 мА болғанда Ік-ның Uкэ-ға тәуелділігін анықтаңыз.

в) Базаның 0,5 мА тогы бойынша 0,5 В және 5В коллектор – эмиттер кернеулері үшін ток арқылы транзистордын күшею динамикалық коэффициенттерін анықтаңыз.

Зертханалық жұмыс №5 - student2.ru

Сурет 5.6 - Транзистордың шығыс сипаттамасын анықтау схемасы

Бақылау сұрақтары:

1.Схемада биполярлы транзистор қалай белгіленеді?

2.Транзистордың іске қосылуының қандай әдістерін білесіз?

3.Биполярлы транзистордың жұмысын сипаттап беріңіз.

4.Қандай п-параметрлерді білесіз?

5.Биполярлы транзистордың вольт-амперлік сипаттамасының қандай түрлерін білесіз?

6.Шығыс сипаттамаларының типтік және еңіс алаңдары немен сипатталады?

Ұсынылатын әдебиет

1. Пасынков В.В., Чиркин Л.К Полупроводниковые приборы. Учебник для вузов СПб.:Лань, 2003

2. Федотов В.И. Основы электроники М.:Высшая школа,1990

3. Герасимов В.Г. Основы промышленной электроники М.: Высшая школа,1986

4. Гальперин М.В. Практическая схемотехника в промышленной автоматике М.: Энерго-атомиздат, 1987

5. Павлов В.Н., Ногин В.Н. Схемотехника аналоговых электронных устройств М.: Радио и Связь, 1997

6. Пароль Н.В. Кайдалов С.А. Фоточувствительные приборы и их применение: Справочник. М.: Радио и Связь, 1991

7. Булычев А.Л., Лямин П.М., Тулинов В.Т. Электронные приборы. Учебник для вузов. М.: Лайт ЛТД, 2000

8. Титше У., Шенк К.Полупроводниковая схемотехника: Справочное руководство. М.: Мир, 1982

Бақылау тапсырмасы СӨЖ [8, 12]

1.Транзисторлар,классификацилау және тізімдеу.

2.Биполярлы транзисторлардың күшейтпелі қасиеттері.

Наши рекомендации