Жіберу жұмыстарына арналған Магнитті рамкалық УКВ антенналар байланысы.
Жоғарыда УКВ «баспа» антенналарын таратөыш ретінде қолдану бойынша көптеген тәжірибелер жүргізілді. Бірақ артқы жағынан «баспа» тұзағын қою арқылы каоксиалды кабель мен «баспа» магнитті рамкалық антеннамен біріктіру қиын болып шықты. Сондықтан да рамканы таратқышқа қосу үшін магнитті рамканың классикалық қосу әдісі пайдаланылды. Бұған каоксиалды кабельден жасалынған тұзақ пайдаланылды. Бұл байланыс түрі 33-суретте көрсетілген. Осы байланыс түрінің конструкциясын толығырақ қарастырайық. Байланыс тұзағы 1 магнитті рамка тарапынын 2 болжалданған болатын. Таратушы антеннаның фидер ұзындығы 3 байланыс тұзағынан бастап есептегенде 8 сантиметрге тең болды. Баспа платада бірнеше беткейлік қабаттар 4 жасалынды. Каоксиалды кабель платаға хомут 6 арқылы бекітілді. Тәжірибе нәтижесі көрсетіп тұрғандай жоғары жиілікті дроссельдерді бұл антеннада қолданудың аса қажеттілігі доқ.
33-сурет. Тәжірибелік жіберуші магнитті рамкалық УКВ антенналарындағы тұзақ байланысы.
Байланыс тұзағының периметрінің бастапқы мәні магнитті рамканың периметріне қатысты алғанда 1/3 қатынасын құрды. Антенна байланыстары байланыс тұзағының периметрінің өлшемдерін өзгерту арқылы жүзеге асты. Бұл үшін антенна аз габаритті ауыстырғыш станцияға жалғанды. Сонымен қатар бұл станция төменгі жиілік көзіне қосылған болды. Байланыс электромагнитті өрістің кернеу индикаторы бойынша жүзеге асырылды. Толық настройкаланған 144 МГц жиілік диапазон аралығында жұмыс жасайтын антеннаның жіберу жолағы 800кГц-ті көрсетті. Магнитті рамкалық антеннаның жіберу жолағының дәрежесі электромагнитті өрістің кернеулігінің төмендеу дәрежесімен апнықталды.Электромагнитті өріс кернеулігін өлшеу үшін [8] әдебиетте көрсетілген арнайы құрылғылар қолданылды.
Магнитті антеннаны жұмыс барысында тексеру. MMANA программасы 33-суретте көрсетілген антеннаның күшеюі –5– 7-dBi шегінде болатындығын көрсетті. Жіберуші магнитті антенналарға жасалған сынақтар ашық жердегі оның жұмысы 1/8λ физикалық ұзындыққа ие болатын винтті антеннаның жұмысымен эквивалентті болатындығын көрсетті. Әрине, бұған қарап штатты бұдыр антенна осындай аз күшейту мәніне ие екен деп тұжырымдауға болмайды. Тек қана тәжірибеде белгілі себептер бойынша олар осылай бірдей дәрежеде жұмыс жасайды. Темірбетонды ғимараттар арасымен өткізілгенде магнитті антенналар 1/4λ ұзындыққа ие болатын бұдыр антенналармен тең дәрежеде жұмыс жасайды. Магнитті антенналарды таратқыш ретінде қолданғанда магнитті құрамның қатты сәулеленуінен ол қабылдағыштың өзіне каскадтардың жұмыс дәрежесінің төмендеуіне алып келетін нысаналар шығаруы мүмкін
Магнитті рамкалық УКВ диапазонының антенналармен тәжірибелер жүргізгісі келетін мамандар үшін 34-суретте көрсетілген резонансты жиіліктің және квадратты магнитті рамкалық антенналардың графигі көрсетілген. Мұндағы магнитті рамкалық антенналар диаметрі 2 миллиметр болатын мысты өткізгіштен және көлемі 5 сантиметр болатын квадраттардан құрастырылған. Антеннадағы конденсатордың төзімділігі 1000-ға тең болады. 35 сурет осы антеннаның конструкциясын көрсетеді. Бұл график MMANA программасының көмегімен есептелінген. Бұл барлық шығындарды бірден есептеу мүмкін еместігіне және рамка элементтеріне тығыз байланысты. Паразитті сиымдылықтар рамканың резонансты жиілігінің төмендеуіне алып келеді.
34-сурет. Магнитті рамкалық антеннаның 5 сантиметр болатын квадраттарының параметрлері.
35 сурет. УКВ диапазондағы магниттелген квадратты рамкалы антенна
Графиктен көргеніміздей, конденсатордың сыйымдылығынан тәуелділігі, мұндай рамка 70 тен 170 МГцке дейінгі аралықтағы жұмысты қамтамасыз етеді. Нақты рамкалы модельдермен істелінген тәжірибелер осы тұжырымдаманы дәлелдеді. Магнитті антенналардың байланысы үшін байланыс тұзақтары қолданылды. Төменгі жиілікте жұмыстардың кішкентай күшеюіне қарамастан антенналар радио таратулар мен телекөрсетілімдерде сапалы қабылдауды жүзеге асырды. Паразитті сыйымдылықтардың әсерінен болатын 190МГцтен жоғарыда реальды магнитті рамкалар, теория жүзінен рамка өте жоғары жиіліктерге қарастырылғанына қарамастан, жұмыс істемеді.
Рамканың коаксиальды кабельмен байланысы үшін жоғарыда көрсетілген байланыстың барлық түрін, байланыс тұзағы арқылы байланыс, гамма немесе омега байланыс, конденсатор арқылы рамканы өңдеу байланысы арқылы пайдалансақ болады.