Жартылайөткізгіштік қорғау құрылғылары.

Ток бойынша шектеулі артық жүктемелерде жартылайөткізгіштік аппараттарды және жүктемені тиристорларға басқарушы импульстерді беруді доғару жолымен қорғауға болады. Тиристорлардың табиғи коммутациясымен айнымалы ток аппараттарында осындай қорғау тәсілімен КЖҚ арқылы өтетін апаттық ток ұзақтығы бір жартыпериод ұзақтығынан аспайды.

жартылайөткізгіштік қорғау құрылғылары. - student2.ru

6.2 суреті. Жартылайөткізгіштік қысқатұйықтағыш.

6.2 схемасында келтірілген тиристорлық қысқатұйықтағыш VS1 и VS2 тиристорларында орындалып,ZН жүктемесіне және жартылайөткізгіштік аппаратқа (ПА) параллель қосылған. Жүктемемен және ПА тізбектес ТА так трансформаторы қосылған, оның екіншіреттік орамынан қысқатұйықтағыштың басқару жүйесіне (СУ) кернеу беріледі. Апаттық жағдайдың пайда болғанында токтың уставка тогына дейін өсуі табалдырықтық органның, мысалы максималды токтың электрондық релесінің іске қосылуына әкеліп, қысқатұйықтағыш тиристорлары қосылады. Нәтижесінде зақымданған бөлік, егер қысқа тұйықталу аппаратта болса, толығымен токсыдандырылады, немесе жүктемедегі тұйықталуда ток едәуір төмендейді. Апаттық токты сөндіру басқа қорғау аппараттарымен – бақымалы сақтандырғыштармен немесе автоматты сөндіргіштермен жүзеге асырылады. Атап өтетіні, тиристорлық қысқатұйықтағышты іске қосу үшін бірнеше микросекунда қажет.

Орғау датчиктері.

Күштік жартылайөткізгіштік аппараттардың қорғау жүйелері электр энергетикасында қолданылатын жалпы ұстанымдар бойынша құрылады. Тек қана тезәрекеттілігіне және уақыт бойынша іске қосылу тұрақтылығына жоғары талаптар қойылады. Сондықтан, жалпы жағдайда олардың құрамында келесі функционалдық тораптардың болуы қажет: ток датчиктері, сигналдароды өңдеу құрылғылары, бақыланатын шаманы эталондықпен (тіректік сигнал) салыстыру құрылғылары, сигналдарды күшейту және көбейту құрылғылары, орындаушы органдар. Қазіргі уақытта шамаларды бақылау функцияларын жүзеге асыру, сигналдарды өңдеу және командаларды өндіру үшін микропроцессорлық жүйелер кеңінен қолданылады.

жартылайөткізгіштік қорғау құрылғылары. - student2.ru

6.3 суреті. Максималды ток датчигінің схемасы.

Ток датчиктері ретінде ток трансформаторлары(электромагниттік, оптоэлектрондық), өлшеу резисторлары және тұйықтағыштары қолданылады. Электромагнитті ток трансформаторлары негізінде орындалған үшфазалы тізбектегі токты бақылаудың қарапайым схемасы 6.3 сур. келтірілген. Апатты ток болғанда R резисторындағы кернеудің түсуі VD стабилитронының тұрақтану кернеуінен асып, ол өткізгіштік қалыпқа өтеді. Соның нәтижесінде VS тиристорының басқару тізбегі тұйықталып, ол қосылады. Тиристор бұл жағдайда орындаушы функциясын (қысқатұйықтағыш) атқарады немесе қорғау орындаушы органы, мысалы тезәрекетті индукциялық-динамикалық автоматты сөндіргіш жетегі, тізбегін қосады.

Әдебиет: қос. 1[174-179], қос.5 [238-248].

Бақылау сұрақтары:

1. Түрлендіргіштердің жиі кездесетін апаттық режимдерін атап өтіңіз.

2. Вентильдерді қандай құралдармен қысқа тұйықталулардан қорғайды?

3. Вентильдерді артықкернеулерден қорғау схемаларын келтіріңіз.

4. Күштік жартылайөткізгіштік аспаптардың қандай ақаулық механизмдері бар және олар немен байланысты?

5.Күштік жартылайөткізгіштік аспаптарды суыту интенсивтілігі жүктеменің рауалы импульсті тогына әсер етеді ме?

6. Тиристордың термоциклшыдамдылығын анықтайтын факторларды атап өтіңіз. Термоциклшыдамдылығы аспап конструкциясына тәуелді ме? Тиристорлар мен диодтарда бірдей болады ма?

7. Күштік жартылайөткізгіштік аспаптар жүктемесінің рауалы тогының өлшемі ретінде не қабылданады?


Наши рекомендации