Ндіріс көлеміне қарай шығындардың динамикасы: өзгермелі, тұрақты, жартылай өзгермелі, жартылай тұрақты шығындар.

Бухгалтерлік басқару есебінің мақсаты басқару шешімдерін, яғни келешекке арналған шешімдерді қабылдауға қажетті ішкі пайдаланушылар үшін ақпаратты дайындау болып табылады. Күтілетін шығыстар мен кірістер туралы түрлі мәліметтер ұсынылуы тиіс. Бұл үшін мынадай шығындар бөліп көрсетеді:

a) өзгермелі, тұрақты, шартты-тұрақты - өндіріс (сату) көлемінің өзгеру әсеріне байланысты;

b) бағалауда есепке қабылданатын және қабылданбайтын шығындар;

c) қайтарымсыз шығындар (өткен кезең шығындары);

d) жүктелген шығындар (немесе кәсіпорынның пайдалана алмаған пайдасы);

e) жоспарланатын және жоспарланбайтын шығындар;

f) өсетін және шекті шығындар мен кірістер. Өзгермелі шығындар өндіріс көлемі өзгергенде пайда болады, оның көлеміне тура сайма-сай өзгереді. Олар ұйымның іскерлік белсенділігіне байланысты өндірістік емес сипатта болады. Тұрақты шығындар уақыттың белгілі бір кезеңі ішіндегі өндірістің (өндірістік қызмет) әр түрлі ауқымы үшін өзгеріссіз қалады. Жартылай өзгермелі шығындар. Бұған тұрақтылар да, өзгермелі құрамдас бөліктер де кіреді. Мысалы, материалдық-техникалық қамтамасыз ету материалдық-техникалық қамтамасыз етуге жоспарланған (тұрақты) шығындардан тұратын жартылай өзгермелілерден құралады, олар өндіріс көлеміне тікелей тәуелділікте болатын өзгермелі шығындар мен кез келген өндіріс көлемінде жүзеге асады.

Өндіріс шығындарының элементтері, шығындардыңң пайда болу орындары, жауапкершілік орталықтары және шығындарды орталықтары бойынша топтастыру.Өндіріс шығындары – бұл өнімді өндіруге кететін шығындар. Экономист пен бухгалтер оларды әртүрлі есептейді. Бухгалтер – шығындарды фирманың өндіріс факторларын сатып алуға кететін нақты шығындары ретінде анықтайды. Олар бухгалтерлік құжаттарда көрсетіліп айқын түрге ие болады. Айқын шығындар (бухгалтерлік немесе сыртқы) – бұл сырттан алынған ресурстар үшін төленетін ақшалай төлемдер. Бұған кіретіндер: жалдамалы жұмысшыларға төленетін еңбекақы, шикізаттар мен материалдарды төлеу, көліктік, қаржылық және заң қызметтері үшін төлемдер. Кез келген фирманың негізгі міндеттерінің бірі – ол шығындарды азайтудың жолдарын іздестіре білу.

Өндірістегі нақты шығындар есебі мен өзіндік құнды калькуляциялау қағидаттарыӨзіндік құнды калькуляциялаудың процестік жүйесі біртекті немесе шамамен ұқсас, бірдей өнімді сериялап немесе жаппай өндіретің, не болмаса үздіксіз өндірістік циклі бар өндірісте қолданылады, Шығындардың процестік калькуляциясын процесс деп аталатын өндірістік кезеңнің жеке бөлігін әрбір өндірістік бөлімше орындауын көздейтін технологиясы бар кәсіпорындар да қолданады.Өндіріс шығындарын процестік калькуляциялауды сондай-ақ әр түрлі бұйымдарды жасайтын кәсіпорындар өндірістің барлық процесін тұрақты қайталанатын операцияларға бөлуге болатын жағдайда қолдана алады.Процестік тәсіл көбіне өнеркәсіптің кен өндіруші және энергетика салаларында қолданылады.Бұл салалар өндірістің жаппай түрімен, өнімнің шектеулі номенклатурасымен, өлшеу мен калькуляциялаудың ортақ белгілерімен, бітпеген өндірістің мүлдем жоқтығымен, не болмаса, шамалы мөлшерімен сипатталады.

Ндірістік есептің маңызы: өндіріс шығындарының есебі, шығындардың жиынтық есебі, өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау.

Басқару есебі жүйесінде өзіндік құнды жасау, қалыптастыру тәртібі тым реттелмеген. Бұл өзіндік құн салық салу мақсаты үшін емес, басқарушының шығындар жайлы толық түсінігі болуы үшін есептеледі. Сондықтан бұл есеп жүйесінде өзіндік құн шоттарының әр түрлі тәсілдері қолданылуы мүмкін. Кәсіпорын үшін өз шығындарын басқару мүмкіндігі болуы, өзіндік құнға ықпал ете алуы өте маңызды, яғни өзіндік құнның құрылымы туралы анық сенімді ақпарат қажет. Дәл осындай ақпарат бухгалтерлік басқару есебі жүйесінде пайда болады. Жоспарлы және нақты өзіндік құн болады. Жоспарлы өзіндік құнның есебіне ондағы кезең жоспарында қарастырылған өнімді дайындауға кәсіпорынның ең көп шамада мүмкін өнімге іс жүзінде нақты жұмсалған қаражаттың мөлшерін сипаттайды.Есеп жүйесіндегі өзіндік құнның өнім бірліктер калькуляциялау деп атаймыз. Өндірістегі шығындарды есепке алудың және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың қарапайым әдісі біртекті өнім шығаратын кәсіпорында (су электр станциялары, кен, көмір, мұнай мен газ өндіретін кәсіпорындар)пайдаланады. Оларда әдетте аяқталмаған өндіріс болмайды және шалафабрикаттарды өзі өндіреді. Бұл әдістің мәні бүкіл шығарылған өнімге кеткен шығындарды есептеуден тұрады. Өнім бірлігінің өзіндік құнын тікелей есептеу жолымен шығарады, яғни шығын деңгейін өндірістің натуралды көлеміне немесе шартты – натуралды көрсеткішіне жай бөлу арқылы табады. Кейбір салаларда шығындар (мысалға, көмір өндірісінде) әрбір технологиялық процесс бойынша есептелінуі мүмкін.

Өндірістік есептің мәні мен мақсаттары.Өндірісті ұйымдастыру – белгіленген мерзімде, бекітілген ккөлемде және сапамен ақшалай, материалдық және еңбек ресурстарын үнемді жұмсауды қамтамасыз ететін өндіріс процесінің құраушы элементтерінің өзара байланысы және жалғасы деп түсінуге болады. Өндірісті ұйымдастыру өзіне мыналарды енгізіеді:

- еңбекті ұйымдастыру, яғни жұмыс күшін орналастыру;

- материалдарды ен жартылай фабрикаттардың қозғалысы, олардың көлемін анықтау;

- жедел жоспарлау;

- техникалық бақылау;

- қызмет көрсетуді ұйымдастыру;

- өндіріс барысын жедел реттеу.

Жалпы өндірісті ұйымдастыру алғашқы құжаттармен рәсімделеді. Өндіріс шығындарының есебініе сонымен қатар, өндіріс технологиясы әсер етеді. Өндіріс технолгиясы дегеніміз - өнімді өндірудің нақты тәсілдерін айтамыз. Өнім өндіру тәсілдерін, олардың әртүрлігіне өнеркәсіп өндірісінде қарамастан екі үлкен топқа бөледі: өндіруші және өңдеуші. Өндірушіге: кен, көмір, мұнай, газ, балық, орман дайындау және т.б. Бұларды шикізат пен негізгі материалдар шығыны болмайды. Яғни, өндірілген бір өлшем өнімнің өзіндік құнын жұмсалған шығындар мөлшерін алынған дайын өнімінің көлеміне бөлу арқылы анықтайды. Тек көмір өндірісінде жердің бетіне шығыарылған көмірдің өзіндік құны анықталады.

Өндірістік есептің шоттар жүйесі, олардың сипаттамасы.Егер өндіріске жұмсалған шығындар есебінің жүйесін өнімнің (жұмыстың, көрсетілген қызметтің) өзіндік құнына шығындарды толық қосу тұрғысынан қараса, онда шығындарды толық, толық емес, шектеулі енгізу жүйесін бөлуге болады.

Толық емес өзіндік кұнды жасау тәсілі "директ-костинг", ал толық өзіндік құнды - "абзорпшн-костинг" деп атайды.Шығын түрлері бойынша тікелей және жанама шығындар бөлінеді. Тікелей шығындар пайда болған сәтінде нақтылы қандай түр мен өнім көлеміне қатысты екендігі белгілі шығындар. Шикізат пен материалдар, негізгі жұмысшылардың (яғни, осы өнімді дайындаумен тікелей шұғылданатын жұмысшылардың) еңбекақысы осындай шығындарға мысал болып табылады.Бұл кезенде тікелей шығындардың шығарылатын өнім түрлері бойынша бөлінуін қамтамасыз ету үшін аналитикалық есепті осылайша ұйымдастыру ерекше маңызды. Бұған екі түрлі амалмен - тапсырыстық және бөлістікпен жетеді. Есепте шығындар объектісіне бірден жатқызылуы мүмкін тікелей шығындар:

1) тікелей материалдық шығындар;

2) еңбекті өтеудің тікелей шығындары;

3) еңбекті өтеуден аударымдар.

Тікелей материалдық шығындарда өндіріске жұмсалған негізгі материалдардың нақты өзіндік құны болады.

Өндірістік қалдықтар есебі.Шикізаттар мен материалдар шығындарынан пайдаланылған қалдықтардың құны шығарылады.Қалдықтар дегеніміз- өнімдерді өндіру процесінде пайда болатын , өзінің талап етілетін қасиетін толық немесе бөлшектеп жоғалтатын, соған байланысты шығынды көбейте отырып, пайдаланылатын немесе тікелей бағыт бойынша пайдаланылмайтын шикізаттардың, материалдардың, шалафабрикаттардың, жылу өткізгіштердің және басқа да материалдардың ресурстар түрлерінің қалдықтары.Жинақтау және пайдалану мүмкіндігі бойынша қалдықтарды –қайтарылатын, кәсіпорынның өзінде қолданылатын немесе басқа жаққа сататын және қайтарылмайтын болып бөлінеді.Бухгалтерлік есепте оларды пайдалану немесе сату мүмкін болатын бағамен бағаланған қайтарылатын қалдықтар ғана көрсетіледі.Қайтарылмайтын қалдықтар бағаланбайды. Қайтарылатын қалдықтардың саны оларды қоймаға өткізетін накладнойлардың негізінде анықталады.

Німнің (жұмыс, қызмет) өзіндік құны – ұйым қызметінің сапалы көрсеткіші. Өзіндік құн құрамы мен түрлері.

Өзіндік құнды калькуляциялаудың процестік жүйесі біртекті немесе шамамен ұқсас, бірдей өнімді сериялап немесе жаппай өндіретің, не болмаса үздіксіз өндірістік циклі бар өндірісте қолданылады, Шығындардың процестік калькуляциясын процесс деп аталатын өндірістік кезеңнің жеке бөлігін әрбір өндірістік бөлімше орындауын көздейтін технологиясы бар кәсіпорындар да қолданады. Шығын есебі мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың қарапайым тәсілінің төрт нұсқасы бар.

Бірінші нұсқа. Тікелей және жанама шығыстарды барлық шығарылған өнімнің шығындарына белгіленген баптар бойынша есепке алынады. Өнім бірлігінің өзіндік кұнын барлық өндірістік шығындардың дайын өнімнің саны бөлумен анықтайды. Бұл өндірісте бітпеген өндіріс, жартылай өнімдер (полуфабрикат) мен дайын өнімнің кұрамдас бөлігі (гидростанция, құм, балшық, қазу) болмайды.

Екіншісі - дайын өнім мен бітпеген өндіріс арасындағы шығындарды бөлуді қажет (мысалы, ағаш дайындаушы өнеркәсіптің өнделмеген ағаштың 1м өзіндік құнын калькуляциялаған кезде) ететін жерде, бітпеген өндірісі бар кәсіпорындарда қолданылады.Үшінші - бір уақытта өнімнің бірнеше түрін шығаратын немесе қазып шығаратын: жылу мен электр энергиясын шығару; мұнай мен газ өндіру; балықтың сан түрін шығаратын кәсіпорындарға қолайлы. Мұндай жағдайларда шығындарға тұтастай кәсіпорын бойынша, яғни қарапайым тәсілмен есепке алады, ал өнімнің өзіндік құнын қисындастырылған әдіспен калькуляциялайды. Мұнай мен газды өндіргенде энергетикалық шығындар, амортизация, бұрғылардың жерасты жабдықтарын, жөндеуді, қабаттың берерін артыруға, мұнайды айдау мен сақтауға жұмсалатын шығындарды тікелей белгі бойынша мұнайға, ал газ жинау тасымалдау шығыстарын газға жатқызады. Қалған шығыстарды мұнай мен газ арасында кәсіпорынның орташа келісімді бағалары бойынша бағалау мен жалпы өндіруге сайма-сай бөлінеді.Төртінші нұсқаны шығындар есебін процестер немесе бөлістер бойынша бұл процестер немесе бөлістердін өнімнің (жартылай өнімнің) өзіндік құнын анықтамай жүргізетін кәсіпорындарда қолданады. Бұл вариантты химия өнеркәсібінде, құрылыс материалдары өнеркәсібі орындарында қолданады. Бұл жерде шығын есебі мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың қарапайым және бөлістік тәсілдері үйлеседі. Өзіндік құнды капькуляциялаудың процестік тәсілі біртекті немесе шамамен алғанда ұксас, бірдей өнімді сериямен немесе жаппай өнім өндіретін, не болмаса үзіліссіз өндірістік циклі бір технологиялық процестерде қолданылады. Шығындарды процестік калькуляциялауды технологиясы әрбір өндірістік бөлімшенің өндірістік процестің жеке бөлігін орындаудың және өнімнің бір операциядан өңдеу шарасы бойынша басқасына жылжуын қамтитын субъектілер қолданады. Соңғы бөлімше өндірісті аяқтайды және өнімді дайын өнім қоймасына тапсырады. Белгілі бір уақыт кезеңі ішіндегі шығындарды тапсырады орындауга қажетті уақыт ішінде емес, есепті кезең ішіндегі бұйымдарға қатыссыз, өндірістік бөлімшелер бойынша жинактап қорытады. Әрбір бөлімше үшін «Бітпеген өндіріс» жеке шоты ашылады. Мұндайда есепті кезеңнің басы мен соңындағы бітпеген өндіріс шартты түрде біткен өнімдерге қайта, есептеледі.

Өнімнің өзіндік құнын басқару негізі ретіндегі өндірістік есеп.Өзіндік құнды калькуляциялаудың процестік жүйесі біртекті немесе шамамен ұқсас, бірдей өнімді сериялап немесе жаппай өндіретің, не болмаса үздіксіз өндірістік циклі бар өндірісте қолданылады, Шығындардың процестік калькуляциясын процесс деп аталатын өндірістік кезеңнің жеке бөлігін әрбір өндірістік бөлімше орындауын көздейтін технологиясы бар кәсіпорындар да қолданады.Өндіріс шығындарын процестік калькуляциялауды сондай-ақ әр түрлі бұйымдарды жасайтын кәсіпорындар өндірістің барлық процесін тұрақты қайталанатын операцияларға бөлуге болатын жағдайда қолдана алады.Процестік тәсіл көбіне өнеркәсіптің кен өндіруші және энергетика салаларында қолданылады.

Бұл салалар өндірістің жаппай түрімен, өнімнің шектеулі номенклатурасымен, өлшеу мен калькуляциялаудың ортақ белгілерімен, бітпеген өндірістің мүлдем жоқтығымен, не болмаса, шамалы мөлшерімен сипатталады.Жинақтай келгенде шығарылатын өнім бір уақытта шығын есебі объектісі мен калькуляциялау объектісі құны есепті жыл ішіндегі жиынтық шығынды бұл кезенде өндірілген өнім санына бөлініп есептеледі.Біртекті өнім шығаратын жерде өндіріске шыққан шығындардың негізгі мөлшерін калькуляцияның барлық баптары бойынша оңай анықтауға болады. Көптеген кен өндіретін және қайта өндеу өнеркәсібі орындарында жай тәсілді нормаға сай тәсілмен біріктіреді, осылайша өндіріс шығындарын бақылауды күшейтіп, өндіріс барысында шығындардың нормадан ауытқуын анықтайды. Көптеген кәсіпорындардың жұмыс тәжірибесі кәсіпорындарда нормаға сай тәсілдердің элементтерін өндірісті қарапайым ұйымдастырумен бірге қолданудағы дұрыстығы мен озықтығын дәлелдеді.

Өнімнің өзіндік құнын, табысты анықтау, запастарды бағалау үшін өндірістік шығындардың жіктелуі.Егер өндіріске жұмсалған шығындар есебінің жүйесін өнімнің (жұмыстың, көрсетілген қызметтің) өзіндік құнына шығындарды толық қосу тұрғысынан қараса, онда шығындарды толық, толық емес, шектеулі енгізу жүйесін бөлуге болады.Толық емес өзіндік кұнды жасау тәсілі "директ-костинг", ал толық өзіндік құнды - "абзорпшн-костинг" деп атайды.Шығын түрлері бойынша тікелей және жанама шығындар бөлінеді. Тікелей шығындар пайда болған сәтінде нақтылы қандай түр мен өнім көлеміне қатысты екендігі белгілі шығындар. Шикізат пен материалдар, негізгі жұмысшылардың (яғни, осы өнімді дайындаумен тікелей шұғылданатын жұмысшылардың) еңбекақысы осындай шығындарға мысал болып табылады.

Бұл кезенде тікелей шығындардың шығарылатын өнім түрлері бойынша бөлінуін қамтамасыз ету үшін аналитикалық есепті осылайша ұйымдастыру ерекше маңызды. Бұған екі түрлі амалмен - тапсырыстық және бөлістікпен жетеді.Өнімді негізгі де, қосалқы өндіріс те ("басқа жаққа шығару" деп аталады) шығара алады. Сондықтан тікелей шығындар негізгі өндіріс бойынша да, қосалқы бойынша да, 90 "Негізгі өндіріс" және 92 "Қосалқы өндіріс" бөлікшесініңшоттарында жиналады. Және де екі жағдайда есептің қай түрін қолдану жөнінде катаң талап жоқ. Басқаша айтсақ, қажет болса, негізгі өндіріс бойынша бөлістік әдіс, ал қосалқы бойынша - тапсырыстың және керісіншесі қолданылуы мүмкін. Бұл жердегі ой, қисын (логика) қарапайым: негізгі және қосалқы өндіріс әр түрлі салаларға (мысалы, негізгі өндіріс - машина жасау, қосалқы өндіріс - қазандың) жатуы мүмкін, есеп әдістің де, дәл осы салаға ең қолайлысы қолданылуы керек.

Наши рекомендации