Менеджер және оның іс- әрекетінің бағыты

Менеджер дегенсөздің өзі бізге ағылшын тілінен келген: бір нәрсені реттеу, бір нәрсені меңгеру, бассшылық ету деген сөз.

Менеджменттің ешбір жүйесі менеджерсіз қызмет ете алмайды. Ағылшынның «to manage» деген сөзінен шыққан және басқарушы, меңгеруші, әкімшілік деген ұғымды білдіреді.

Менеджер деген сөздің өзі бізге ағылшын тілінен келген: бір нәрсені реттеу, бір нәрсені меңгеру, басшылық ету деген сөз.Мәселен тек ғылыми ізденістермен шұғылданатын зерттеуші менеджер емес. Алайда, егер ол зертттеуді ұйымдастыруға қатысатын болса, онда ол, әрине, менеджер. Ауруды тек емдеп қана қоймай, емхана меңгеретін дәрігер жөнінде де осыны айтуға болады.

Менеджер – еңкең тараған кәсіптің бірі. Бұл – басқарумен, экономикамен шұғылданатын, заң және басқа да мәселелерді жақсы білетін кез келген адам. Әр елде менеджерге түрліше анықтама береді. Мәселен, американдықтардың түсінігінше, мұндай адамдардың міндетіне өзіне бағынатын белгілі бір қызметкерлердің нақтылы жұмыстарын ұйымдастыру жатады.

Еуропалықтардың пікірінше, менеджер қазіргі тәсілдерді басшылыққа ала отырып, нақты жұмысты ұйымдастыратын адамдар.

Менеджер» - бұл жауынгер, оның үрейленуге және қателесуге қақысы жоқ, өзінің жеке мүддесін фирма мүддесіне бағындыра білуге, өзінің жанұясы- фирмасының гүлденуі үшін күресуге әзір болуы тиіс.

Менеджер табиғатына П. Друкер сипаттама берді. Оның пікірінше, менеджер арнайы екі міндетті атқарады және бұл міндеттер іскер кәсіпорын жұмыскерлерінің ешқайсысында жоқ.

Менеджердің бірінші міндетіне- қолда бар ресурстармен «нағыз тұтас» өндірістік бірлік құру. Менеджердің екінші міндетіне- кез келген шешімді қабылдап, іс- әрекетке кіріскенде бүгінгі талапты ескерумен қоса кәсіпорынның болашағы туралы да ойланып- толғануы жатады.

И.Н. Герчикова : Менеджер- бұл нарық жағдайындағы фирма қызметінің нақты түрлері бойынша шешім қабылдау саласындағы өкілетті және тұрақты қызмет атқаратын жетекшісі немесе басқарушысы.

Сонымен, менеджер – бұл нарықтық бәсеке жағдайындағы фирма алдында тұрған міндеттерді жүзеге асыру үшін барлық жұмысшыларджы ұйымдастыруға қабілетті, еңбекті басқару саласында ғылыми білімі бар адам.

Қазіргі өнеркәсіп корпорациясында басқару қызметкерлерін үш топқа бөлуге болады:

Топ менеджмент-басқарудың жоғарғы буыны. Бұған диреторлар кеңесі төрағасын, президент, аға вице- президент, фирмалар вице-президенттері жатады. Жоғарғы басқару қызметкері компанияның жалпы стратегиясын жасаумен, болжаумен, және ұзақ мерзімдік жоспарлаумен, кадр саясаты мәселелерін шешіп, сыртқы кәсіпорындармен байланыс орнатумен шұғылданады.

Мидле менеджмент- өндіріс бөлімшелері мен функциялық қызметтің ортаңғы меңгеруші басшылары, зауыт директорлары, олардың орынбасарлары. Бұлардың міндеті қабылдаған шешімді жүзеге асыру.

Ловер менеджмент – басқарудың төменгі буыны, төменгі басшылар- цех жетекшісі, өндірістік учаске бастығы, мастерлер, функциялық қызметтегі секторлар мен топтардың басшылары- жұмысшылар мен қызметшілерге тікелей басшылық етеді.

Басқару міндеттерінің күрделілігі мен сипатына байланысты кәсіпорын менеджменті бірнеше деңгейге бөлінеді:

- менеджменттің жоғары деңгей (топ management) кәсіпорынның мақсатын, стратегиясын және жұмыс жоспарын анықтайды. Жоғарғы деңгейді әдетте «жалпы» менеджмент деп есептейді.Себебі, ол кәсіпорынды жалпы басқаруға және максималды пайда табуға бағытталған;

- мнеджменттің орташа (midle management) деңгейі кәсіпорынның функционалды қызметін басқаруға арналған,сондықтан да ол «функционалды» менеджмент деп аталады.Функционалды менедж- мент техникалық және технологиялық жаңалықтарды енгізумен ақпарат және нарықты басқарумен байланысты.

- менеджменттің төменгі деңгейіне (lover management) алғашқы буындағы жетекшілерді жатқызады.Олар кәсіпорын қызметкер- лерінің жұмысын тікелей ұйымдастыруды және жоспардың орын- далуын, өнім өндіру графигі мен оның өткізілуін қамтамасыз етеді.

Менеджер табиғатына П.Друкер сипаттама берді. Оның пікірінше, менеджер арнайы екі міндетті атқарады және бұл міндеттер іскер кәсіпорын жұмыскерлерінің ешқайсысында жоқ.

Менеджердің бірінші міндетіне –қолда бар ресурстармен «нағыз тұтас» өндірістік бірлік құру. Бұл жағынан алғанда менеджер оркестр дирижеріне ұқсас. Алайда дирижердің қолында композитор жазған партитура болады да, ол оны тек түсіндіріп берумен ғана шектелетін болса, «менеджер -әрі композитор, әрі дирижерлік міндетті атқарады».

«Өндірістік бірлікті» құру міндетін шешу үшін менеджерге бүкіл әлсіз буындарды жою, барынша дамытуды қамтамасыз ету, ұйымдық мәселелердің барлық күшті жақтарын, бірінші кезекте адам ресурстарын пайдалану үшін тырысуына тура келеді. Кәсіпорынның күнделікті іс-әрекеті менеджердің көз алдында әрдайым елестеуі, қол жеткен нәтижелер барынша үйлестіріліп отыруы тиіс. Дирижер оркестрді қалай тыңдай білсе, менеджер де әрдайым тыңдай білуі, кәсіпорынның, сондай-ақ нарықтық жағдайлардың жалпы іс-әрекетін қадағалай білуі тиіс.

Менеджердің екінші міндетіне -кезкелген шешімді қабылдап, іс-әрекетке кіріскенде бүгінгі талапты ескерумен қоса кәсіорынның болашағы туралы да ойланып-толғануы жатады. Әрбір менеджерге, деп атап көрсетеді Друкер, өзінің басқару міндетіне жатпайтын көптеген істерді атқаруына тура келеді.

Алайда барлық менеджерлер үшін олардың қызмет орнына қарамастан, ортақ қызмет міндеті болады.

Біріншіден,менеджер іскер кәсіпорынның мақсатын орындайды, сол мақсатын орындау үшін не істеу керектігін ойластырады, адамдарға нақты міндеттер жүктей отырып, оны жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.

Екіншіден,менеджер-ұйымдастырушы. Ол жұмыстарды жүйелеп бөледі, қажетті ұйымдық құрылымды құрады, басшы жұмыскерлердің тиісті құрамын іріктейді және т.б.

Үшіншіден,менеджер көтермелеу шараларын қамтамасыз етіп адамдармен тығыз байланыс орнатады. Ол ұжымды өз ісіне жауапкер- шілікпен қарайтын адамдардан құрады: бұл үшін қолда бар барлық мүмкіндікті –сыйлық беру, марапаттау, жоғары қызметке тағайындау шараларын пайдаланады. Менеджер ұжымдағы барлық адамдармен тіл табысып, тұрақты байланыс орнатады.

Төртіншіден,менеджер ұйымның іс-әрекетін талдайды, нормалау- ды белгілейді, кәсіпорында жұмыс істейтін барлық адамдардың жұмы- сын бағалайды.

Бесіншіден,менеджер адамдардың қызмет жағынан кемелденіп жоғарылауын қамтамасыз етеді. Адамдардың мамандығының жетілді- руі, қызмет жағынан жоғарылап не төмендеуі де ұжым бірлігінің ны- ғаюы не берекесізденуі де менеджер жұмысына байланысты.

Әрбір менеджер –деп тұжырымдайды Друкер, -өзіне есе берсін, мейлі бермесін, жоғарыда аталған қызметтердіміндетті түрде атқаруы тиіс. Бұлардың барлығы жақсы атқаруы да, жаман атқару да мүмкін, бірақ ол әйтеуір орындауы қажет. Мұндағы бір жайт, осы аталған қыз- меттердің әрқайсысы жеке элементтерден құралған жиынтық нышанда болып саналады. Сонымен, қорытындылай келгенде менеджер жұмысы күрделі кешен болып саналады және де қызметтің әрбір түрін орындау үшін алуан түрлі сапа мен бірлікті қажет етеді.

Менеджер алдында тұрған барлық проблемаларды біле бермейді, сондықтан да «бесаспап данышпан» болуы дамүмкін емес. Оның арна- йы еңбек құралы, атап айтқанда ақпараты болады. Менеджер адамдар- ды жұмысқа ынталандырады, бағыттайды және ұйымдастырады. Оның бірден бір құралы –жазбаша немесе ауызша сөзі немесе цифр тілі. Ме- неджердің жұмысы техникаға, есептеу операцияларына немесе өнім сатуға қатысты болғанына қарамастан, оның жұмысының тиімділігі тыңдау және оқу, айту және жазу қабілеттеріне байланысты. Ол өз ойын басқа біреулердің санасына жеткізе білуі, сондай-ақ басқа адамдардың да пікірін айқындай алуы тиіс.

Менеджерлік шеберліктің маңызды жайтттарының бірі – келіссөз жүргізе білуі - әріптесінің мүддесін өз мүддесіне сәйкестендіре білетін өнер болуы тиіс.Мұның өзі әсіресе қарамағындағы адамдарға әкімшілік билік жүргізе алмайтын басшылар үшін де, сондай-ақ сырттан шикізат жеткізушілермен қарым-қатынас орнату үшін де аса қажетті жағдай. Келесі онжылдықтарда нағыз компаниялар көп жағдайда маклерлік фирмаға ұқсайтын болады.

Гринхалдың пікірінше, келіссөзді ойдағыдай жүргізе білу шеберлігі төрт кезеңнен тұрады:

- өз ұйымының мұқтажы мен өз қызметкерлерінің мүддесі үшін немесе өзінің келісім жасайтын адамдар арасында тепе-теңдік қарым-қатынас орнату қажет;

- өзің келісім жүргізетін жақты ұнататындығыңды, оның ескеретінді- гіңді білдір;

- келісім кезінде қайшылық туа қалған жағдайда айқын позиция ұста. Мұндайда «Мен бұған келісе алмаймын», -деп айтуды үйрен және де не себепті келісе алмайтыныңды айқын түсіндір;

- өзіңізбен әңгімелесіп отырған адамның басқа мәдени дәстүрде тәр- биеленуі мүмкін екендігін ұмытуға болмайды.Проблеманы шешудің американдық жолы – бірден бір дұрыс жол деп ойлауға болмайды. «Әңгімелесушіге өктемдік айту – келісім жүргізудің тұрпайы әдісі. Біз адамдарды ұзақ мерзімдік іскерлік қарым-қатынас орнатуға үйретеміз».

Хейстің пікірінше, менеджердің тікелей міндеті – жұмысшыларды эксперимент жүргізе білуге, өндірістің тиімді тәсілдерін іздестіруге ықпал ету.Ол жұмысшыларды баулудың бақылау тәсілі ретінде қызметкерлерді басқа кәсіпорындар мен сауда көрмелеріне жіберіп отыруды, сатып алушылармен кездесу өткізуді және де мүмкіндігіне қарай жарыс ұйымдастыруды ұсынады.

О.С.Виханский мен А.И.Наумовтың айтуынша менеджерлер басқа адамдардың есебінен жұмыстың орындалуын қамтамасыз ететін адамдар. Сонымен қатар, менеджер тек басқару бойынша ғана маман емес, сонымен бірге ол персоналдық немесе кәсіпорынның қызметіне жауапты адам.

«Менеджмент» кітабының авторы И.Н.Герчикова менеджердің келесідей анықтамасын береді. Менеджер – бұл нарық жағдайындағы фирма қызметінің нақты түрлері бойынша шешім қабылдау саласындағы өкілетті және тұрақты қызмет атқаратын жетекшісі немесе басқарушысы.

Сонымен, менеджер – бұл нарықтық бәсеке жағдайындағы фирма ал- дында тұрған міндеттерді жүзеге асыру үшін барлық жұмысшыларды ұйым- дастыруға қабілетті, еңбекті басқару саласында ғылыми білімі бар адам. Яғни, ол тек жай ғана басқарушы болмай, алдын-ала болжай алатын, адамдарды ұйымдастыратын, олардың іс-әрекетін үйлестіріп, бақылай білу керек. Қысқаша айтқанда, басқарушылық еңбек саласында маман болғаны дұрыс.

Қандай да бір фирма болмасын жұмысына кірісетін жаңа менеджерге фирманың жоспарлы бағдарламасын жасап беруі керек.Ол жоспарды мына сауалдарға: «не істеу?» «қалай істеу?» «қашан істеу керек?» нақты жауап болғаны жөн.Жоспарды жасау – бұл тек ғана алғашқы қадам.

Егер менеджер көздеген нәрсені көп жоспарлап және белсенділік танытып орындамаса, ең жақсы және әбден белгіленген жоспардың өзі қағаз жүзінде қалып қоюы мүмкін.

Жетістікке жету үшін ол өзінің қарауындағылармен белсенді әрі мақсатты бағытта жұмыс жасауы керек. Бұл жұмыстағы басты мақсат әрбір жекелеген адамның «өз кілтін» таба білуде.Жетістікті бағалай отырып, оның бел- гілеген нәрсені артық әрі өте жақсы орындаудағы ынтасын және творчество лық қалыпын барынша қолдау қажет.

Жұмыс барысында менеджер өз ұжымындағы ресми емес басшыны табуға тиіс және оның іс-әрекетін зорлық-зомбылықсыз жалпы істің пайдасына бағыттауы қажет.

Нарық жағдайында менеджер нартәуекелділікке бел бууы және оны басқара білуі де керек.Менеджер үшін нартәуекел болатын саланы таба білу өте қажет, оның болатын мүмкіндігінің дәрежесін бағалап, алдын-ала шаралар қолдануы керек. Бұл жағдайда менеджерге мынадай сипаттар- батылдық, іс-қимылдың стандартты еместігі, тәуелсіздік, экспериментке жақындығы, парасатты есеп, көп қырлы қабілеттілік және жағдайды тез бағалап, оның өзгергендігіне жедел реакция жасау, түпкі нәтижені нақты бағалау тән бол- ғаны дұрыс.

Менеджердің осындай кең спектрлі қызметті қолдануы оның басқаруда жоғарғы тиімділікке қолын жеткізеді яғни, кәсіпорын жұмысының жоғарғы нәтижелілігі, алдыменен пайда табу жағдайы ескеріледі.Нарық жағдайында пайда алға қойған міндеттерге жетудің түпкі мақсаты болып табылады.

Басқару жөніндегі ағылшын консультанттары М.Вудкок пен Д.Фрэнсистің «Басыбайлықтан босанған менеджер» (1981ж.) кітабында алдағы онжылдықта басқару үшін менеджерлерде мынадай дағдылар мен қабілеттер болуы тиіс деп есептейді:

Наши рекомендации