Арнайы тапсырмаға байланысты балл қою сызбасының мазмұны
Азақстан тарихы 10-сынып
Емтихан жұмысы 1
ҮЛГІСІ
БАҒАЛАУ КЕСТЕСІ
Ең жоғары балл: 96
HOK/02
Бұл балл қою сызбасының ішіне жалпыланған және арнайы тапсырманың балл қою сызбаларының мазмұны кіреді. Олар үміткер жауабының толық сапасын бағалау мен әділ әрі лайықты балл қою үшін қатар пайдалануы тиіс..
Жалпыланған балл қою сызбасы үміткердің жауабын әр бағалау міндетіне қатысты жан-жақты тексеру үшін қолданылуы тиіс. Әр сұрақтың астында қажетті бағалау міндетінің шеңберінде балл алу үшін атқарылатын жұмыстың сипаттамасы кесте ретінде берілген. (мысалы, үміткерлер БМ1 бойынша 5 және 6 балл алу үшін ‘анықталған мазмұнды білу мен түсінушіліктің жоғары деңгейін көрсету қажет’). Жалпыланған балл қою сызба мазмұны бойынша бағалау баллдардың орташа көрсеткішінен басталады. Үміткер жауабына нақты балл беру үшін жалпыланған балл қою сызбасының мазмұны әрқашанда арнайы тапсырманың балл қою сызбасымен қатар қолданылуы тиіс.
Арнайы тапсырманың балл қою сызбасыныңмазмұнын әзірлеуші емтихан парағының сұрағына қатысты құрастырады. Ол әр сұраққа қатысты арнайы материалды, сонымен қоса балл қою бойынша нұсқаулық пен мысалдарды қамтамасыз етеді. Әрі қарай мысалдар баллдар қоюды стандарттау жиналысынан кейін қосылуы тиіс. Дегенмен, үміткердің ықтимал жауаптарының кең өрісі болғандықтан, Қазақстан тарихы пәнінің балл қою сызбасы әр жауапты қамтуы мүмкін емес. Емтихан қабылдаушылардың өздері кез келген уақытта кәсіби тұрғыдан пайымдап, жауапқа әділ әрі лайықты балл берілгенін қадағалау тиіс.
1 (a) 1900 жылдан бастап Қазақстанның демографиялық саясатын анықта анықта. [9]
БМ1 – 9 балл
Арнайы тапсырмаға байланысты балл қою сызбасының мазмұны
БМ1Білім алушылар Қазақстандағы демографиялық саясатының бағыты мен 1991 жылдан бастап көшіп-қону мен ауып кетумен қоса қандай өзгерістер болғанын анықтау тиіс. Демографиялық саясаттың стратегиялық бағыты, сонымен қатар арнайы топтар мен аймақтар қалай әсер етілді жайында хабардар болу керек. Берілген ақпарат талапқа сай және тиянақты болуы тиіс. Орта деңгейдегі жауапта үш түрлі басты өзгеріс келтірілуі тиіс, барлық сұрақтар анық камтылмаса да, түсінгендігі айғақ болуы тиіс.
Жалпыланған балл қою сызбасы мазмұны
БМ1 Білім мен түсінушілік |
7-9 балл Белгілі бір мазмұн бойынша терең білім мен түсінік |
4-6 балл Белгілі бір мазмұн бойынша жеткілікті білім мен түсінік |
1-3 балл Белгілі бір мазмұн бойынша болмашы білім мен түсінік |
0 балл Белгілі бір мазмұн бойынша еш білім мен түсініктің жоқтығы |
(b) 1900 жылдан бастап Қазақстандағы демографиялық өзгерістердің себептерін түсіндір. [15]
БМ1 – 9 балл
БМ2 – 6 балл
Арнайы тапсырмаға байланысты балл қою сызбасының мазмұны
БМ1 1900 жылдан бастап Қазақстандағы демографиялық өзгерістердің және олардың неліктен пайда болғаны мен ауқымы білімі болады. Бірнеше уақыт кезеңінде демографиялық өзгерістердің кем дегенде үш негізгі себебі анықталуы тиіс. Бір уақыт кезеңіне жасалынған сілтемелер (мысалы, 1991 жылдан кейін) төменгі деңгейдегі жауапқа тең болады деген сөз.
БМ2 Білім алушы қандай себептер мен олардың маңыздылығын нақты білетінін көрсететін анық түсіндірме келтіріледі. Себептерге көп көңіл бөліп пайымдау жоғары деңгейдегі жауапқа сай болады.
Жалпыланған балл қою сызбасы мазмұны
БМ1 Білім мен түсінушілік | БМ2 Дағдылар мен талдау |
7-9 балл Белгілі бір мазмұн бойынша терең білім мен түсінік | 5-6 балл Белгілі бір мазмұн бойынша тиянақты талдау мен бағалау |
4-6 балл Белгілі бір мазмұн бойынша жеткілікті білім мен түсінік | 3-4 балл Белгілі бір мазмұн бойынша жеткілікті талдау мен бағалау |
1-3 балл Белгілі бір мазмұн бойынша болмашы білім мен түсінік | 1-2 балл Белгілі бір мазмұн бойынша болмашы талдау мен бағалау |
0 балл Белгілі бір мазмұн бойынша еш білім мен түсініктің жоқтығы | 0 балл Белгілі бір мазмұн бойынша талдау мен бағалау жоқтығы |
(c)‘Демографиялық өзгеріс Қазақстан тарихына 1900 жылдан бастап үлкен әсер етті.’ Қаншалықты осымен келісесің? [24]
БМ1 – 9 балл
БМ2 – 15 балл
Арнайы тапсырмаға байланысты балл қою сызбасының мазмұны
БМ1 Қазақстан тарихына демографиялық өзгерістің 1900 жылдан бастап үлкен әсері туралы білімін егжей-тегжейлі көрсетеді. Төңкеріске дейінгі жағдай, сонымен қатар 1917 жылдан кейін өзгерістерге әкелген факторлар айтылып өтуі тиіс. Орта деңгейдегі жауапта демографиялық өзгеріс туралы біршама білімін көрсетіп, оның әсері туралы қанағаттанарлықтай білімін көрсетеді.Бірақ бұл жерде тек бір уақыт кезеңіне назар аударылады, қалғандары шектеліп қамтылады. Барлық негізгі өзгерістер тізіп келтіруі маңызды емес, ақпараттың ұқыпты берілгені өте маңызды. Төмен деңгейдегі жауапта демографиялық өзгеріс пен оның әсері туралы шектеулі мәлімет беріліп, олардың қалай және неліктен әсерлі болғаны туралы түсінігі баршылық. Жауап көбінесе сипаттама түрінде беріледі.
БМ2 Көңілін осы сұраққа жұмылдырып, бейнелі түрде жауап береді. 1900 жылғы жағдайына талдау жасалынады және сол уақыттан бері болған өзгерістің ауқымы мен пайда болу себебі және оның Қазақстанға тигізген әсері пайымдап қарастырылады. Орта деңгейдегі жауапта сұрақтың ‘орасан’бөлігіне көңіл аударылып, жауаптың барынша шынайы тепе-теңдігі сақталған. Нық жауап берімесе де, фактілерді білгені өте маңызды. Басында сипатталып берілгенмен, жауап тұспалданып тұрса, онда ондай жауапқа 6 немесе 7-ден артық балл қойылмайды. Төмен деңгейдегі жауаптарда жауап өте шектеулі. Тұспалдау еш жоқ, жалпы сипаттама берілген. Сұрақтың ‘орасан’ бөлігі еш талданбаған.