Азақстанның өнеркәсібі
ОтынЭнергетика
3. Қазақстанның өсімдік шаруашылығы.
Дәнді дақылдар |
Бйдай |
Жүгері |
Күріш |
4. Арнаулы мал шаруашылық салалары, аймақтары.
ІІ-нұсқа
1. Облыстарды дамуы бойынша топтастыру.
Елдер топшасы | Құрамы | Ерекшеліктері |
Жаңа индустриялы елдер | ||
Жалға пәтер беруші елдер |
2. Қазақстанның онеркәсібі.
Қазақстанның өнеркәсібі
Қара металлургияТүсті металлургия Машина жасау
2. Қазақстанның өсімдік шаруашылығы.
Техникалық дақылдар |
4. Арнаулы мал шаруашылық салалары, аймақтары.
ІІІ-нұсқа
1. Облыстарды дамуы бойынша топтастыру.
Елдер топшасы | Құрамы | Ерекшеліктері |
Плантациялық шаруашылық елдері | ||
Мұнай экспорттаушы облыс |
2. Қазақстанның онеркәсібі.
Азақстанның.
Неркәсібі
Химия өнеркәсібіЖеңіл өнеркәсіпТамақ өнеркәсібі
3. Қазақстанның өсімдік шаруашылығы.
Бау-бақша шаруашылығы |
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
Орта мектебі
Ашық сабақ
Тақырыбы: Қазақстанның көлік кешені
Білімгер: Самбаева Ғалия
Сыныбы: 9 «а»
Тараз 2013
Сабақ№_21_______Күні_25.01.2013ж_Сыныбы____9 «а»_____
Тақырыбы: §21Қазақстанның көлік кешені
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға Қазақстанның көлік жүйесі, салалары, ұзындықтары жөнінде түсіндіру.
Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.
Болжамдап отырған нәтиже:Қазақстанның көлігімен танысқан тұлға.
Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы
Сабақтың түрі: Ашық сабақ
Сабақтың әдісі:1. Сұрақ-жауап. 4. Б.Ү.Ү. кестесі.
2. Әңгіме-дәріс.
3. Кестемен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: Қосымша деректер, оқулық, кескін карта, карта т.б.
Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Сұрақ-жауап.
Қорытындылау.
ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Әңгіме-дәріс.
2. Кестемен жұмыс.
Қорытындылау.
IV. Жаңа сабақты бекіту.
1. Б.Ү.Ү. кестесі.
V. Қорытындылау, бағалау.
VІ. Үйге тапсырма беру.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын дайындатып, зейіндерін сабаққа аударту.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Сұрақ-жауап.
1. Ірі қара шаруашылығы?
2.Қой шаруашылығы?
3.Шошқа, құс шаруашылығы?
4.Арнаулы мал шаруашылық салалары?
5. Түйе шаруашылығы?
Қорытындылау.
ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Әңгіме-дәріс.
Жаңа сабақ әңгіме-дәріс беруден басталады.
2. Кестемен жұмыс.
Кесте арқылы Қазақстанның. көлік салаларының ерекшеліктерін түсіндіру.
Алғашқы көліктер бейнеленген жапон суреті.
Қазіргі заман көліктері
Археологиялық деректемелер неолит заманынан бастап көліктің шаруашылық салаларына ене бастағанын байқатады. Көне обалардан табылған әбзел қалдықтары малдың көлік ретінде ежелден-ақ пайдаланылғанын көрсетеді. Ежелгі заманнан келе жатқан көлікке негізінен жегін малы мен мініс малы: түйе, жылқы, құлан, қашыр, есек, сиыр, бұғы, ит, т.б. жатады. Әрбір көлік малының тұрмыстық-шаруашылық жұмыстарда қолданылуы оның табиғи ерекшеліктеріне байланысты болды. Мініс малы көне замандардан бері шөл далалы, орманды, батпақты, таулы-қыратты жерлерде негізгі көлікке айналды. Жегін малы арба, күйме, шана сияқты көлік құралдарына жегіліп, жолаушы, жүк тасымалдауға, көшіп-қонуға пайдаланылды. Мұндай көлік түрлерінің біразы ежелгі Мысырда, Вавилонда, т.б. жерлерде біздің заманымыздан бұрынғы 3-мыңжылдықта қолданылғанын тарихи-археологиялық деректер дәлелдейді. Әскери арбалар шығыстағы ежелгі мемлекеттерде соғыс кезінде кеңінен пайдаланылды. Әскери және жүк арбалардың тасқа қашап салынған суреттері Қаратау өңірінен де табылды. Қазақстан жеріндегі жергілікті халықтың ежелгі тұрмысын көрсететінпетроглифтерде немесе басқа да археологиялық бұйымдарда, ескерткіштерде көлікке қатысты деректер көптеп кездеседі. Әсіресе көшпелі қазақтардың тұрмыс-тіршілігінде жылқы мен түйенің орны ерекше болған. Түйе шөлге және ұзақ жүріске шыдамды болғандықтан, ежелгі және орта ғасырларда Ұлы Жібек жолы бойындағы сауда керуендерінде, сондай-ақ мал қамымен көктеуге, жайлауға, күздеуге, қыстауға көшіп-қону кезінде негізгі көлік ретінде пайдаланылған. Жылқы да көшпенді халықтың тұрмыс-салтына аса қолайлы көлік болды. Қазақтар “ат – ердің қанаты” деп есептеген. Бағзы бір замандарда “аттың жалында, түйенің қомында” жүрген кездер де болған. Адамзат қоғамының дамуы барысында ғасырлар қойнауынан келе жатқан дәстүрлі көлік түрі мен құрамы да өзгеріске ұшырап отырды. Ғылыми-техникалық жетістіктерге орай көлік малын бірте-бірте автомобиль,пойыз, ұшақтар ығыстыра бастады. Сөйтіп, техникалық көлік түрлері қоғамдық даму сатыларын айқындайтын көрсеткіштердің біріне айналды. Қазіргі кезде де мініс малы – автомобиль, трактор бара алмайтын жерлерде көлік ретінде пайдаланылады.