СӨЖ, ОСӨЖ сабақтарына арналған әдістемелік нұсқаулар мен жалпы мақсаты
Кредиттік оқыту жүйесі студенттердің өзіндік жұмысы оқытушылармен дәрісханада және дәрісханадан тыс орындалуын қарастырады. Ол:
- дәрісханада алған білімін кеңейтуге, бекітуге, тереңдетуге;
- білім жаңалықтарын белсенді пайдалануға;
- қойылған проблемаларды шешу үшін шығармашылықты дамытуға;
- студенттердің дара білімінің көрінуіне;
- студенттің практикалық дағдыларды ситуациялық міндеттерді шешуде қалыптастыруына мүмкіндік туғызады.
Өздік жұмыстарды арнайы әдебиеттермен, сөздікпен, кезеңдік басылымдармен, интернетпен жұмыс істеу сияқты қойылатын міндеттерді шешудегі сапалар мен дағдыларды, ұйымшылдықты, тәртіптілікті, ынталылықты, белсенділікті дамытады. Өздік жұмыстарының төмендегі түрлерін кеңірек қолдануға болады:
- тәжірибелік, зертханалық сабақтарға әзірлік;
- коллоквиумға, сұрақтарға әзірлік;
- тестке, дәрісханадағы бақылау жұмысына әзірлік;
- үй тапсырмаларын және бақылау жұмыстарын орындау;
- реферат, баяндама, ЭССЕ жазу;
- іскерлік ойынға әзірлік;
- курстық жұмыс;
- кейстармен жұмыс;
- интернеттегі жұмыс;
- статьяларды аннотациялау;
- тәжірибе туралы есеп жазу;
- бітіру, диплом жұмыстары.
1. Эссе –белгілі бір тақырып бойынша еркін түрдегі пікір келтіру. Негізгі мақсаты - өзінің көзқарасын аргументтер келтіріп, дәлелдей білу. Эссенің құрылымы, әдетте, кіріспеден, негізгі бөліктен және қорытындыдан тұрады. Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, тақырыпқа байланысты пікірлердің айырмашылықтары қарастырылады. Негізгі бөлімде автор аргументтер келтіріп, өз пікірін (пайымдауын) білдіруге пайдаланылатын негізгі ұғымдарға анықтама береді; кейбір жағдайда қарама – қайшы келетін пайымдаулар да келтірілуі мүмкін (мұнда, басқалардың пікірі неге әлсіз, автордың пікірі неге өз күшінде қалатындығына дәлел болуы керек). Қорытындыда резюме (пікір) ретінде бір – екі сөйлем келтіріледі
2. Аннотация –қандай да бірмақалаға (сынап –мінеу, түсіндіру) талдау жасау.Жұмыс мерзімді басылымдарға шолу жасаумен түсіндіріледі. Түсіндіру немесе талдау (комментарий) аталған мақаланың таңдалуына негіздеме жасаудан және сіздің пікіріңізден (мақала авторының пікірімен келісесіз бе, жоқ па) тұрады. Мақаланы пайдалана отырып, автордың аты – жөнін, алыну көзі мен айы – күнін көрсетуді ұмытпаңыз. Алыну көзіне деген міндетті талап – басылым ресми түрде болуы шарт. Тапсырма көлемі: А 4 беті- бір жағында жапсырылған мақала, екінші жағында сіздің аннотацияңыз (ең аз дегенде 5 сөйлем).
3. Шағын топтардағы жұмыс.Шағын топтардағы жұмыстың ерекшелігі (4-6 адам) жалпыға ортақ максималды тиімділікке жету үшін топтардың мүшелерінің арасында міндеттемені нақты түрде олардың мүмкіндіктері мен ерекшеліктерін ескере отырып бөліп беру маңызды мәселе болып табылады.
Презентация –бұл ауқымды да көлемді жұмысты қысқа да түсінікті түрде және қызықты етіп көрсету. Жақсы презентация жасау үшін нақты бір тақырыпты таңдап алу керек, оны өңдеп (немесе түрлі көздерден бір құрылымдағы компазиция жасау, яғни бір жүйеге келтіру) және ауызша нысанда көпшілік алдына шығару керек. Презентацияның сценариі ретінде барлық көздерден алынатын ақпараттарды пайдалану қажет; олардың негізінде жинақталған материалдар жазбаша түрде форматқа түсірілуі керек (түрлі кестелер ретінде, қабылдауға ыңғайлы сызба түрінде болуы мүмкін). Жұмыстың соңғы нәтижесі ауызша айтып берумен қорытындыланады.
Тапсырма көлемі: жазбаша – сценарий А4 бетке, кем дегенде 3 беттен тұруы тиіс: ауызша 7 минуттан аспауы керек. Сценарийде ақпарат көздерін жазуды ұмытпау қажет және шағын топтың мүшелері мен олардың арасында бөлінген міндеттерді қосып жазу керек.
4. Ситуациялық есептер құрастыру – белгілі бір салықтың түрі бойынша (бар ставка мен жеңілдіктердің түрлері пайдалана отырып) белгілі бір жағдайларға байланысты есеп құрастыру.
Тапсырма көлемі: жазбаша А4 бетке, көлемі берілген тапсырмаға байланысты, сонымен бірге, ақпарат көздерін жазуды ұмытпау қажет және шағын топтың мүшелері мен олардың арасында бөлінген міндеттерді қосып жазу керек.
5. Блок – сызба құрастыру –нақты бір салықтың түрі бойынша графикалық сызба түрінде қысқаша ақпарат беруді білдіреді.
Тапсырма көлемі: жазбаша А4 бетке, көлемі 2 беттен кем болмауы тиіс, сонымен бірге, ақпарат көздерін жазуды ұмытпау қажет.
6. Экономикалық талдау жасау –Тапсырманы орындау аналитикалық кесте тұрғызу, график, диаграммалар жасауға негізделеді. Және олар республикада болып жатқан басқа да экономикалық жағдайлармен байланыстырыла отырып талданады.
Тапсырма көлемі: жазбаша А4 бетке, көлемі шамамен 2-4 беттен тұрады, сонымен бірге, ақпарат көздерін жазуды ұмытпау қажет.