Ші тақырып. Лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану

Дәріс жоспары:

Ызмет бабындағы билікті немесе лауазымды өкілеттікті асыра пайдалану белгілері.

Р ҚК 361-бап Лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану (егер мұның өзі азаматтардың немесе ұйымдардың мүліктік құқықтары мен заңды мүдделеріне, сондай –ақ қоғамның немесе мемлекеттің заң мен қорғалатың мүдделеріне елеулі түрде нұқсан келтіретін болса).

Негізгі ұғымдар: жемқорлық

1.Мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамның не оған теңестірілген адамның өздерінің қызметтiк өкiлеттiктерiн өзi немесе басқа адамдар немесе ұйымдар үшін пайда мен артықшылықтар алу не басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтiру мақсатында қызмет мүдделерiне қайшы пайдалануы, eгep бұл азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiне не қоғамның немесе мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiне елеулі зиян келтіруге әкеп соқса, –
мүлкі тәркіленіп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Лауазымды адам жасаған дәл сол іс-әрекет –
мүлкі тәркіленіп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, төрт мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, жауапты мемлекеттiк лауазымды атқаратын адам жасаған іс-әрекет –
мүлкі тәркіленіп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, алты мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген, ауыр зардаптарға әкеп соққан не қылмыстық топтың мүддесіне орай жасалған іс-әрекеттер –
мүлкі тәркіленіп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, төрт жылдан сегіз жылға дейінгі мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Билiктi не лауазымдық өкiлеттiктi асыра пайдалану, яғни мемлекеттiк қызметтер атқаруға уәкiлеттi адамның не оған теңестiрiлген адамның өзiнiң құқықтары мен өкiлеттiгi шегiнен көрiнеу асып кететiн және азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн не қоғамның немесе мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiн елеулi түрде бұзуға әкеп соғатын әрекеттер жасауы - екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға, не төрт айдан алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Лауазымды адам жасаған нақ сол әрекет, - үш жүзден жетi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның үш айдан жетi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, не бес жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға, не бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Жауапты мемлекеттiк лауазым атқаратын адам жасаған нақ сол әрекет, - бес жүзден бiр мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бес айдан он айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға не бес жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып немесе онсыз сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

4. Осы баптың бiрiншi, екiншi немесе үшiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттер не ауыр зардаптарға әкеп соқтырған әрекеттер: а) күш қолдану немесе оны қолданамын деп қорқыту арқылы; б) қаруды немесе арнайы құралдарды қолдану арқылы; в) өзi немесе басқа адамдар немесе ұйымдар үшiн пайда мен артықшылық алу не басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтiру мақсатында жасалса, - мүлкi тәркiленiп, жетi жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып, он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 309-бап. Лауазымды адамның өкiлеттiгiн иемдену.Лауазымды адам болып табылмайтын мемлекеттiк қызметшiнiң лауазымды адамның өкiлеттiгiн иемденуi және соған байланысты оның жасаған әрекетi азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн елеулi түрде бұзуға әкеп соқса, - елуден жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бiр айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, не жүз жиырма сағаттан жүз сексен сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не үш айға дейiнгi мерзiмге қамауға жазаланады.

Ші дәріс.

Наши рекомендации