Мемлекеттік бағалы қағаздар
Осы секторда, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі және Ұлттық Банкі, сондай-ақ биліктің жергілікті атқарушы органдары шығарған, облигациялары айналады. Барлық муниципалдық облигациялар мен Қаржы министрлігінің облигациялары KASE сауда-саттық жүйесінде орналастырылады. Ұлттық Банк өз ноталарын дербес түрде орналастырады.
Соңғы жылдары кемінде 200 атаудағы мемлекеттік бағалы қағаздарыKASE айналымында тұрақты болып, олардың жалпы құны 1,7 млрд. АҚШ долларын құрайды.
Лестік бағалы қағаздар
Бүгінгі таңда осы секторда 70-тен астам эмитенттердің қаржы құралдары, негізінен қазақстандық және шетелдік компаниялардың акциялары, саудаланады. Акциялар нарығының жалпы капитализациясы 30 млрд. АҚШ құрайды. Акциялар нарығының салалық құрылымы негізінен өндіруші, энергетикалық және қаржы секторларының үлесінде.
Корпоративтік борыштық бағалы қағаздар
KASE ресми тізіміне, қазақстандық және шетелдік заңнамаға сәйкес, 70-тен астам қазақстандық және шетелдік компаниялар шығарған, 240 атауға жуық корпоративтік облигацилар енгізілген. Сауда-саттыққа шығарылған борыштың жалпы құны шамамен 300 млн АҚШ долларын құрайды. Ресми тізімде банктердің облигациялары басымырақ. Басқа секторлардағы компаниялардың үлесі болар-болмас.
Бағалы қағаздар нарығындағы есеп айырысулар
Бағалы қағаздардың биржалық сауда-саттығы бойынша барлық есеп айырысуларды "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" (ОД) мәміле жасалғна күні (толық алдын ала төлеммен Т+0 сызбасы бойынша) "мәміледен кейін мәміле" тәртіптемесінде жүзеге асырады (ЦД). Бұл ретте, DVP принципі қолданылып, ал әр мәміленің жасалу сәтіне осы мәміленің объекті болып табылатын ақша мен бағалы қағаздар, ОД шоттарында болуы тиіс.
Қор нарығының есептесу инфрақұрылымының тиімділігін арттыру мақсатында және Қазақстан қор биржасына шетелдік инвесторларды тарту үшін KASE бірнеше бағыттарда жұмыс жүргізеді. Солардың арасында бағалы қағаздар нарығында көптарапты нетто-крлирингін және мәмілелердің жартылай қамтылуымен Т+n (0<n<4) сызбасы бойынша есептесу және тәуекел-менеджменттің замани жүйесін енгізу жұмысы болып табылады. Аталмыш жүйе сауда-саттыққа қатысушылардың маржалық жарналарын, сондай-ақ арнайы клирингілік (кепілдік және сақтық) қорларын пайдалануға негізделеді.
Репо операцияларының нарығы
KASE ең ірі нарықтарының бірі – репо операциялары нарығының үлесіне әдеттегідей биржалық сауда-саттықтың жартысына жуығы тиесілі. Ол екі секторға: "тікелей" репо нарығы, мұнда операциялар тікелей (келісім-шарттық) әдіспен жүзеге асырылады, және "автоматты" репо нарығы болып бөлінеді. Соңғысында үздіксіз қарсылама аукцион әдісімен жүргізілетін анонимді сауда-саттық тұспалданады, мұнда аукционға қазақстандық теңгемен ақша шығарылып, оның бағасы ретінде репо мөлшерлемесі белгіленеді. Репо операцияларының мерзімдері стандартты болып табылады.
Репо операциясының заты ретінде биржада мемлекеттік және корпоративтік бағалы қағаздар бола алады.
"Автоматты" репо нарығындағы тәуекел-менеджменті жүйесі репо операцияларының мерзімін отыз күнмен шектеу және репо затының бағасын нарықтық бағаға байланыстыруға негізделеді. Жабылу мәмілесі бойынша дефолт жағдайында репо заты операцияның ақша берген тарапында қалады. Мерзімі 90 күнмен шектелген, "тікелей" репо операциясының нарығында, 2010 жылдан бастап міндеттемелер мен өтемақылық төлемдердің тұрақты нарықтық қайта бағалау ("mark-to-market") жүйесі қолданылады.
Репо операциялары нарығындағы барлық есеп айырысулар ОД арқылы, бағалы қағаздардың сауда-саттығындағы есептесу сызбасына ұқсас сызба бойынша жүзеге асырылады.
Деривативтер нарығы
2010 жылы KASE, халықаралық стандарттарына сай, замани тәуекел-менеджмент жүйесімен деривативтер нарығын қайта іске қосуды жүзеге асырды. Осы секторда АҚШ долларының теңгеге бағамына және KASE Индексіне алты айлық фьючерстерімен сауда-саттықтар ашылған. Биржа әрбір жасалған мәміле бойынша орталық контрагент рөлін атқарады және, кепілдік және сақтық қорларының сомалары шегінде, мәмілелердің сөзсіз орындалуын қамтамасыз етеді. Тәуекелдерді неғұрлым азайту мақсатында, жайғасым ашу және келісімшарт бағасының өзгеру шектелімдерін орнатылады.
2012 жылдың 01 ақпанына бастап Биржада жаңа құрылымдық бөлімшесі – Клирингілік палата қызмет ете бастады. Сауда-саттық күнінің нәтижесі бойынша көптарапты неттингті қолданумен клиринг жүргізіліп, клирингілік қатысушылардың нетто-міндеттемелері/нетто-талаптары туралы есеп құрастырылады.