Бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау саласындағы құзыреті

1.Қазақстан Республикасының Үкiметi:

Кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау саласында:

1) кәсiпкерлiктi қолдау мен дамыту саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлейдi;

2) кәсiпкерлiктi қолдаудың негізгі бағыттарын қалыптастырады;

3) кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау көрсету тәртібін айқындайды;

4) Үкiмет жанынан кәсiпкерлiк мәселелерi жөнiндегi консультативтiк-кеңесшi органдар құрады және таратады;

5) орталық мемлекеттiк, жергілікті өкілді және атқарушы органдар әзiрлейтiн, кәсiпкерлiктiң мүдделерiн қозғайтын нормативтiк құқықтық актiлердiң, халықаралық шарттардың мәтіндерін және Қазақстан Республикасының өзге де міндеттерінің жобаларын сарапшылық кеңестердiң қарауын ұйымдастырады;

6) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнен сатып алынатын тауарлардың (жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң) номенклатурасын және олардың көлемiн (проценттiк көрiнiстегi) бекiтедi;

7) өндірістік қызметті ұйымдастыру және халыққа қызметтер көрсету саласын дамыту үшiн меншікке кейіннен өтеусіз бере отырып, мемлекеттік меншіктің пайдаланылмайтын объектілерін және олардың алып жатқан жер учаскелерін шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне мүліктік жалға (жалдауға) немесе сенiмгерлiк басқаруға беру қағидаларын бекітеді;

8) бәсекеге қабiлеттi салаларды құру мен жетiлдiрудi, кәсiпкерлiк субъектiлерiн дамытуды және олар шығаратын өнiмнiң сапасын арттыруды ынталандыратын мемлекеттiк саясатты айқындайды және iске асырады;

9) бәсекелестiктiң дамуына және инновацияларға, материалдық активтерге, сондай-ақ ұзақ мерзiмдi инвестицияларға инвестициялар салуды ынталандыруға септiгiн тигiзетiн нормативтiк құқықтық актiлер әзiрлейдi;

10) экономиканың жекелеген секторларында кластерлер құруды ынталандырады;

11) кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң дамуы үшiн кедергiлердi жою мақсатында экономика салаларының жұмыс істеуіне талдау жүргiзедi;

12) Қазақстан Республикасының экономикасына инвестицияларды ұлғайту және инновациялар ендiрудi жеделдету мақсатында ұлттық даму институттарын құрады;

13) жекелеген салаларда кәсiпкерлiк субъектiлерi арасындағы бәсекелестiктi дамыту үшiн жағдайлар жасай отырып, осы салаларды кедендік-тарифтiк және тарифтiк емес әдiстермен уақытша қорғауды жүзеге асырады;

14) ұлттық экспорттаушыларға қатысты басқа елдер орнатқан кедергiлердi жоюға шаралар қабылдайды;

15) кәсiпкерлiк субъектiлерiн келiсiмдi бiрлескен экспорттық саясатты жүргiзуге ынталандырады;

16) кәсiпкерлiк субъектiлерiне iшкi және сыртқы нарықтардың жай-күйi туралы экономикалық ақпарат берудi ұйымдастырады;

17) сапа менеджментiнiң жүйесiн ендiрудi ынталандыру жолымен ұлттық өнiмнiң бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыруға жағдайлар жасайды;

18) ұлттық экспорттаушылардың басқа елдердiң аумағындағы мүдделерiн қолдау жолымен сыртқы сұранысқа жағдай жасайды;

19) Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен және кәсiпкерлiк субъектiлерi мен жұмыс берушiлердің бiрлестiктерiмен өзара іс-қимыл жасайды;

20) саланың немесе кластерлердiң проблемаларын шешу үшiн ғылыми-зерттеу ұйымдарын құрады, iргелi және қолданбалы ғылыми-зерттеулердi қаржыландырады;

21) халықтың әлеуметтiк қорғалмаған жiгiн жеке кәсiпкерлiкке тарту жөнiнде шаралар әзiрлейдi;

22) кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу және пайдалану қағидаларын бекітеді;

23) жұмыскерлердің жылдық орташа санын және жылдық орташа табысты есептеу қағидаларын бекітеді;

24) кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеуден өткізу қағидаларын бекітеді;

25) кәсіпкерлік мәселелері бойынша сарапшы кеңес туралы үлгілік ережелерді бекітеді.

Индустриялық-инновациялық қызметті қолдау саласында:

1) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастырады;

2) Қазақстан Республикасының Президентіне экономиканың басым секторларын айқындау бойынша ұсыныстар енгізеді;

3) ғылыми-технологиялық дамудың салааралық жоспарын бекітеді;

4) ұлттық даму институттарының және индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын іске асыруға уәкілетті, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей не жанама түрде мемлекетке тиесілі өзге де заңды тұлғалардың тізбесін бекітеді;

5) жергілікті қамту бойынша сараптама жүргізу қағидаларын бекітеді;

6) республикалық индустрияландыру картасын бекітеді;

7) басым тауарлар мен қызметтердің бірыңғай картасын бекітеді;

8) жоғары технологиялық өнімдер өндіру жөніндегі қызмет түрлерінің тізбесін бекітеді;

9) инновациялық гранттар берудің басым бағыттарын айқындайды;

10) отандық өңделген тауарларды, қызметтерді сыртқы нарықтарға жылжыту бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларын бекітеді;

11) Қазақстан Республикасы Үкіметі жанынан Үдемелі индустриялық-инновациялық даму жөніндегі үйлестіру кеңесін (бұдан әрі – Үйлестіру кеңесі) құрады және оның ережесі мен құрамын бекітеді;

12) Қазақстан Республикасы Үкіметі жанынан Технологиялық саясат жөніндегі кеңесті құрады және оның ережесі мен құрамын бекітеді;

13) салалық конструкторлық бюролардың жұмыс істеуі қағидаларын бекітеді;

14) жобаларды республикалық және өңірлік индустрияландыру карталарына енгізу тәртібін айқындайды;

15) сыртқы нарықтарға жылжыту бойынша шығындары ішінара өтелетін отандық өңделген тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекітеді;

16) технологияларды сатып алуға, өнеркәсіптік зерттеулер жүргізуге, бастапқы даму кезеңінде жоғары технологиялық өнім өндіру жөніндегі қызметті қолдауға, шет елдерде және (немесе) өңірлік патенттік ұйымдарда патенттеуге инновациялық гранттар беру қағидаларын бекітеді;

17) технологияларды коммерцияландыруға арналған инновациялық гранттар беру қағидаларын бекітеді;

18) шет елде инженерлік-техникалық персоналдың біліктілігін арттыруға, жоғары білікті шетелдік мамандарды тартуға, консалтингтік, жобалық және инжинирингтік ұйымдарды тартуға, басқарушылық және өндірістік технологияларды енгізуге инновациялық гранттар беру қағидаларын бекітеді;

19) инновациялық гранттар беру кезінде технологиялық даму саласындағы ұлттық даму институтының қызметтеріне ақы төлеу тәртібін айқындайды;

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі оған Қазақстан Республикасының Конституциясында, осы Кодексте, Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде жүктелген өзге де функцияларды орындайды.

Наши рекомендации