Бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті

Бап. Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасы

1. Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.

Бап. Осы Заңның қолданылатын саласы

1. Осы Заң Қазақстан Республикасында өндірілетін және Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін (импортталатын) тамақ өнімдеріне, сондай-ақ тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою процестеріне (сатыларына) қолданылады.

2. Осы Заңның күші жеке тұтынуға арналған, үйде дайындалатын тамақ өнімдеріне қолданылмайды.

2-тарау. ТАМАҚ ӨНІМДЕРІНІҢ ҚАУІПСІЗДІГІ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ

Бап. Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік реттеудің мақсаттары мен принциптері

1. Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік реттеудің мақсаттары:

1) мыналарды:
адам өмірі мен денсаулығына және қоршаған ортаға тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін;
тұтынушылардың заңды мүдделерін қорғауды;
экологиялық қауіпсіздікті;
ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

2) кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу;

3) адам өмірі мен денсаулығын, тұтынушылардың заңды мүдделерін қорғау үшін Қазақстан Республикасының заңнамасын халықаралық нормалармен және ережелермен үйлестіру;

4) отандық өнімдердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру;

5) халықаралық сауданың дамуы үшін жағдайлар жасау болып табылады.

2. Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік реттеу:

1) адам өмірі мен денсаулығы және қоршаған ортаны қорғау үшін тамақ өнімдері қауіпсіздігінің басымдығы;

2) адам денсаулығына және қоршаған ортаға ықтимал зиянды әсердің алдын алу;

3) мемлекет жүзеге асыратын шаралардың ашықтығы;

4) ақпараттың жариялылығы, қолжетімділігі, дұрыстығы;

5) қатерлерді бағалаудың ғылыми негізділігі;

6) тамақ өнімдерін әзірлеудің (жасаудың), өндірудің (дайындаудың), айналымының, кәдеге жаратудың және жоюдың барлық процестерінде (сатыларында) тамақ өнімдерінің қадағалануы;

7) тамақ өнімдерін әзірлеудің (жасаудың), өндірудің (дайындаудың), айналымының, кәдеге жаратудың және жоюдың барлық процестерінде (сатыларында) тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі субъектілердің жауапкершілігі принциптері негізінде жүзеге асырылады.

бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті

Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыретіне мыналар жатады:

1) тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласында мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеу;

2) уәкілетті органдардың қызметін салааралық үйлестіру;

3) бекіту жөніндегі құзыреті осы Заңның 6-бабында көзделген нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді бекіту;

4) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
5) мыналарды:
адам өмірі мен денсаулығына және жануарларға, қоршаған ортаға қауіп төндіретін тамақ өнімдерін кәдеге жарату және жою;
мемлекеттік тіркеуге жататын тамақ өнімдерін әкелу (импорттау);
Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасында белгіленген талаптарға тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою процестерінің (сатыларының) сәйкестігін, әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою кезінде пайдаланылатын машиналар мен жабдықтардың, материалдар мен бұйымдардың сәйкестігін уәкілетті органдардың келісуі;
санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын тамақ өнімдерін байыту (фортификациялау);
өндіріс объектілеріне есептік нөмірлер беру;
Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарға тамақ өнімдерінің сәйкестігін растау;
Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасында белгіленген талаптарға тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою процестеріндегі (сатыларындағы) олардың сәйкестігін, тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою процестерінің (сатыларының) сәйкестігін бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
генетикалық түрлендірілген объектілердің айналымы;
генетикалық түрлендірілген объектілердің қауіпсіздігін ғылыми негізде растау жөніндегі жұмыстарды жүргізу тәртібін бекіту;
6) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындау.
Ескерту. 5-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.01.12 N 540-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Наши рекомендации