Л.Н. Гумилевтің түркі көшпелі өркениетінің ерекшеліктері
Мен еуразияшылдық идеясын дамытудағы рөлі
Мақсаты:Л.Н.Гумилевтің өмір жолы мен ғылыми-шығармашылық қызметін, атап айтқанда, оның еңбектеріндегі түркі тарихының мәселелерін, пассионарлық теорияның тарихи маңыздылығы мен еуразияшылдық идеясына қатысты қызметін қарастыру.
Л. Н. Гумилев еңбектеріндегі түркі халқы тарихының зерттелуі.
Л. Н. Гумилевтің еуразияшылдық идеясын қалыптастыруға
Осқан үлесі.
Негізгі түсініктер: Этногенез, пассионарлық теория, көшпелі өркениет
Әдебиеттер тізімі:
Гумилева Н. Лев Николаевич Гумилев и идеи евразийства //
Евразийский университет и евразийское сообщество: взгляд на начало
XXI века. Астана, 2002.
Гумилев Л.Н. Древние тюрки. Москва, 1967.
Гумилев Л.Н. Хунны в Китае. Москва,1974.
Гумилев Л.Н. Ритмы Евразии, Москва, 2007.
Коркмазов А. Ю. Идея пассионарности в творческой деятельности Л. Н. Гумилева// Сборник научных трудов. Серия «Гуманитарные науки», вып. №10// СевКавГТУ, Ставрополь, 2003.- 1-10 сс.
1.Лев Николаевич Гумилев (1912 -1992 жж.) – ХХ ғасырдың көрнекті ғалымы. Оның Еуразия тарихы, түркі және славян, Азия және Еуропа халықтарының тарихы жөніндегі еңбектері зерттеу нысанасы- Еуразия аймағы мемлекеттерінің, халықтарының, мәдениеті мен тілінің тарихы болып табылатын шын мәніндегі «еуразиятану» ғылымындағы пәнаралық бағытты дамытты. Бұл жағынан алғанда, Л. Н. Гумилев тек еуразияшыл ғана емес, сонымен қатар, ең алдымен, түркология мен славистиканы жақындастырған шығыстану мен ресейтанудың арасындағы ғылыми шыңды бағындырған еуразиятанушы-зерттеуші.
Л. Н. Гумилев бар ғұмырын Батыс пен Шығыстың өздеріне тән әр түрлі мәдениеттерінің бір-бірімен байланысы, сонымен қатар ерте орта ғасырлардағы халықтардың тарихын тереңнен зерттеп-зерделеуге арнаған болатын.
Ол «Политическая история первого тюркского каганата (546-656)» атты кандидаттық диссертация қорғағаны мәлім. Тұтқында жүргенде «Хунну» (1960) кітабын жазып, ол кітап кейіннен «Степная трилогия» кітабының бір бөлігі болды. Сондай-ақ, оның «Древние тюрки» (1967), «Поиски вымышленного царства» (1970) атты еңбектері бар. Алғашқы екі кітабында Л. Н. Гумилев Ұлы дала этносының тарихын суреттесе, «Поиски вымышленного царства» бөлігінде еуропалықтардың Еуразия даласының тұрғындарына алдын-ала жоспар бойынша жасалған қарым-қатынастарының қалай туындағаны көрсетілген.
60-70 жылдарда Л.Н. Гумилевтің ғылыми еңбектерінің тарихи құрылымы жалпылама түрде қабылданған кеңестік тарихи ғылымнан түбегейлі айрықша болды, сондықтан да оның жұмыстары теріс бағаланды.
Л.Н. Гумилевтің зерттеу әдістері толық көлемде «Этногенез и биосфера Земли» (1989) атты зерттеу жұмысында толық айқындалған. Оның тарих ғылымына қосқан негізгі үлесі «Древняя Русь и Великая степь» (1989) деген еңбегі болды. Онда IX-XII ғасырлардағы Еуразия этностарының бір-біріне өзара әсерлері қарастырылған. Автордың айтуы бойынша, тарих ұзақ уақыт бойы еуроорталықтандырушылық ұстаныммен бағаланды. Л.Н. Гумилев тарихтың міндеті цивилизацияның («суперэтностармен») ауысуына қатысты, тарихи процестердің мәніне байланысты этностардың дамуын оқып үйрену деп санады.
Л.Н.Гумилевтің көне түріктер тарихына арналған кандидаттық және докторлық диссертациялар негізге алсақ, ол – тарихшы‑шығыстанушы. Сонымен қатар Лев Николаевичті түрколог ретінде тануға болады, алайда бұл мамандық түркі халықтарының тілі мен әдебиетін зерттейтін филологиялық, лингвистикалық бағыт болып табылады, ал бұл Л.Н.Гумилевтің ғылыми қызығушылығымен мүлдем сәйкеспейді. Оның шығармашылығын жинақтай келгенде, біз оның белгілі бір шығыс тілінің, аймағының немесе кезеңінің шеңберіне сыймайтын – шын мәніндегі еуразиялық масштабтағы ғалым екендігін мойындауымыз керек.
Л.Н.Гумилев – энкциклопедист, жалпы тарихтың білгірі. Ғұндар мен көне түріктерді оқу арқылы ол уақыт өлшемі бойынша кейінгі орта ғасырды зерттеді. 1930 жылдар мен 1990 жылдардың басына дейінгі аралықтағы оның ғылыми зерттеулерінің пәні тек бір ғана этникалық топ емес, тұтас Еуразия халықтары болды.
Л.Н. Гумилев Еуразияның дала халықтарының алдымен саяси, одан кейін этникалық тарихын зерттеу арқылы дәстүрлі филологиялық немесе әлеуметтік‑экономикалық шығыстану ғылымының шеңберінен шығып кетті. Ол кез келген ғалымның бағына бұйырмайтын аймақтық (еуразиялық) тарих деңгейіне, содан барып әлем тарихының концептуалды деңгейіне көтерілді.
Л.Н.Гумилевтің тарихшы ретіндегі тағы бір ерекшелігі оның бір жағынан ғұндардың, түркілердің, хазар мен монғолдардың тарихын зерттеуімен қатар, екінші жағынан өзінің жеке этнология нұсқасын, оның ішінде этногенез теориясын жасауы.
Л.Н.Гумилев мұрасы – 1960-1980 жылдары өзінің еуразияшылдығын жарнамаламаған, бірақ еуразияшылық идеясының ғылыми негіздемесіне қомақты үлес қосқан еуразияшыл-ғалым.
Жалпы алғанда, оның мұрасы қоғамдық-саяси ойлаудың тиімді бағыты ретінде терең негізделген еуразиятанушылық болып табылады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Еуразия университетіне 1994 жылы Лев Николаевич Гумилевтің атын берді.
Мемлекет басшысы – Қазақстанның ұлттық өрлеуінің және еуразия идеясының қолдаушысы. Қазақстан үшін Елбасының Еуразия халықтарының бірлігі контексіндегі түркілер мен славяндардың өзара қарым-қатынасы мәселесі бойынша, түркі-монғол әлемінің тарихын тану бойынша жұмыс істегені аса маңызды болып табылды.
2.Л.Н.Гумилев- Ұлы дала мен көшпелілер әлемінің тарихын зерделеген, белгілі еуразияшыл ғалым. Оның Еуразиялық шығыстанушылығы 30-50-жылдары ресейлік миграциядан шыққан еуразияшылдар қызметімен қатар, бірақ олардан тәуелсіз түрде дамыды. Біз Л.Н.Гумилевтің шығармашылығының мәнін 20-30-жылдардағы еуразияшылдардың мұрасынан жеке қарағыстыруға болмайды.
Еуразияшылдар мен Л.Н.Гумилевтің мағыналы байланысының ақиқат растамасы еуразияшылдықтың негізін қалаушылардың бірі ретінде Л.Н.Гумилевтің шығармашылығындағы еуразияшыл дәстүрді қолдап, оны осы жолға салған П.Н.Савицкиймен жазысқан хаттары мен гумилевтік тарихи жұмыстардың рухы болып табылады. 1958 жылы П.С.Савицкий Прагадан Л.Н. Гумилевқа былай хат жазады: «Древние кочевники являются для нас великим примером того, как нужно сражаться и побеждать, защищать себя, сохранять свой быт, свой жизненный уклад, свою самобытность». Ары қарай: «До самого основания обломить Западу рог его высокомерия – вот задача нашего времени. Наука о кочевниках может и должна этому служить...». Мұны П.С.Савицкий жеке хатында айтады, сол себепті ғылыми және адами жариялылық сезіледі.
Сонымен бірге Л.Н. Гумилевтің ғылымдағы ірі жетістігі, бұл оның пассионарлық идеяся мен этногенез теориясының негізін салуы. Ол «этносты табиғат пен әлеуметтік ортаның ықпалдасуынан пайда болған ерекше құбылыс»- деген тұжырым жасаған болатын. Л. Н. Гумилевтің пайымдауынша ғарыш Жерге ауық-ауық энергия тасқынын жіберіп отырады. Пассионарлықтың осылайша ағылуы ұлттар (этностар) мен өркениетті (супер этностарды) туғызады.
Л. Н. Гумилев өзінің бүкіл өмірін Еуразия халықтарының этникалық тарихын зерттеуге арнаған ғалым. Сондай-ақ, бұл оның ғылымға сіңірген негізгі қызметі болып қалады. 1992 жылы берген соңғы сұхбатында Л.Н. Гумилев өзінің ғылыми биографиясының қорытындысын былай шығарды: «Смысл моей жизни отчасти был в том, чтобы восславить и воздать должное кочевым народам Евразии, которых я искренне полюбил». Л. Н. Гумилевтің мұрасы саяси, халықаралық мәндегі көкейкесті мәселе, себебі ол- жаһандану мен аймақтық интеграциялану негізіндегі мемлекетаралық және этносаралық қарым-қатынас тұжырымдамасы ретінде еуразияшылдықтың ғылыми-тарихи негіздемесі. Осы орайда Л. Н. Гумилевтің еуразияшылдығы мен Қазақстан Республикасының Президенті- Н. Ә. Назарбаевтың еуразияшылдық идеясы өзара үндес болып келеді.
Дәріс 8.