Төлем тапсырмасымен есеп айырысу

Төлем құжаты ақша жөнелтушінің қызмет көрсетуші банкке, тапсырмада көрсетілген соманы, оның ақшасын бенефициар есебінде аудару туралы берген тапсырмасы. Аударымды жүзеге асырушы жөнелтуші өзіне қызмет көрсетуші бекітілген үлгідегі төлем тапсырмасын ұсынады. Төлем құжатында міндетті түрде келесі деректемелер (реквизиттер) көрсетілуі тиіс:

- құжаттың аты;

- оны жазу күні, айы, жылы, құжат нөмірі. Күн –санмен, ай – сөзбен, жыл – санмен көрсетіледі;

- ақша жөнелтуші заңды тұлғаның ұйымдастыру-құқылық нысанын қоса, толық атауы, дербес сәйкестендірілген коды;

- ақша жөнелтуші банктің ұйымдастыру-құқылық нысанын қоса, толық атауы, дербес сйкестендірілген коды;

- төлем мәні, сондай-ақ Қазақтсан Республикасы Ұлттық банктің нормативтік-құқықтық актілерімен бекітілген кодтық белгіленуі;

- бенефициар-банктің ұйымдық-құқықтық нысаны көрсетілген толық атауы, оның банктік сәйкестендіру коды.

- төлем мақсаты сол сияқты Қазақстан Республикасы Ұлттық банктің нормативтік құқықтық актілерімен белгіленген кодық белгіленуі;

- санмен және сөзбен көрсетілетін төлем сомасы;

- салық төлеуші бенефициар мен ақша жөнелтушінің тіркеу нөмірі.

«Төлем мақсаты» бөлігінде ақша жөнелтуші аударым жүзеге асырылатын құжат атын, нөмірін және күнін, солндай-ақ «Код-төлем мақсаты» бөлігінде –төлемнің кодтық белгіденуін көрсетуге міндетті.

Ақша аударымы резидент емес бенефициар есебіне жүргізілсе (ақша жөнелтуші банк болған жағдайдан тыс), өзіне қызмет көрсетуші банкке бекітілген үлгіден шетел валютасында ақша аударымына өтінішті ұсынады. Мұндай өтініш ақша жөнелтушінің банкке ақша аударымы туралы берген төлем құжаты болып табылады. Бұл өтініш Қазақстан Республикасының заңдылығына сәйкес , төлем тапсырмасы мен аударымға өтініштен тыс төлем негізін дәлелдейтін басқа да құжаттарды талап етуге құқылы.

Жөнелтушінің төлем құжатын орындаудағы банк міндеттемесі төлем құжатының акцепті деп аталады. Акцепт кезінде алушы банкке жөнелтушінің банктік шотынан төлем тапсырмасында көрсетілген мөлшерде, сондай-ақ оны орындаумен байланыстарды шығындар үшін ақша алу құқы беріледі. Қажетті ақша сомасымен қамтамасыз ету ақша жөнелтуші қаржысының есебінен немесе келісімде көрсетілсе, алушы-банк заемы есебінен жүргізіледі.

Төлем құжатын алушы-банк келесі жағжайларда акцептейді:

- алушы-банк акцепт туралы жөнелтушіге хабар жіберсе немесе төлем тапсырмасын төлеу туралы хабарлау жолдасы;

- алушы-банк жөнелтушінің төлем тапсырмасы негізінде ақшаны шоттан алса (банктік шотты дебеттейді);

- төлем тапсырмасын алғаннан кейінгі үш жұмыс күні ішінде алушы банк акцепт туралы немесе акцептен бас тарту туралы хабарлама алмаса;

- Қазақсатан Республикасының заңдылығымен немесе алушы-банк пен жөнелтуші арасындағы келісімде көрсетілген жағдайларда.

Бенефициар банкте келесі жағдайлардың бірі орын алса, төлем құжаттары акцептелген болып саналады:

- бенефициар банк акцепт туралы хабарламаны жөнелтушіге хабарласа;

- бенефициар банк бір кезекте алушы-банк болып саналып, жөнелтушінің төлем тапсырмасы негізінде ақшаны алса (банктін шоты дебеттелсе);

- бенефициар банк бенефициардың банктік шотын несиелендіру арқылы бенефициарға ақша аударымын жасаса;

- бенефициар банктің үш жұмыс күні ішінде жөнелтуші акцепт туралы немесе акцептен бас туралы хабарлауын алмаса;

- Қазақстан Республикасы заңдылығымен немесе бенефициар және бенефициар банк арасындағы келісімде қарастырылған басқа да жағдайларда.

Алушы-банк келесі жағдайларда төлем құжатының акцептерден бас тартуы мүмкін:

- Егер жөнелуші аударым үшін қажетті ақша сомасын қамтамасыз ете алмаса;

- Егер төлем тапсырмасында жалған белгілер болса, ол жөнелтуші және алушы-банк арасындағы келісімде белгіленбеген төлемдерден қоғау әрекетін бұзып жолданса;

- ҚР аумағында қолма-қол емес төлем және ақша аударынмдарын жүзеге асырудың төлем құжаттарын қолдану ережелері және біздің Республиканың бекітілген төлем тапсырмасын құру және ұсыну талаптары, жөнелтуші мен алушы-банк арасындағы келісімшарттарды жөнелтуші орындамаған жағдайда;

- ҚР заңдылығы және келісім талаптары орындалмаған жағдайда.

Төлем құжатын бюджет және басқа да Ұлттық банктің нормативтік құжаттарымен заңдылығында қарастырылған мақсатқа ұсынғанда, қаржы жетіспесе төлем ордері қолданылады (ҚР Ұлттық банк басқармасының 2000 жыл 25 қарашадағы № 133 қаулысымен бекітілген, клиентпен оған қызмет көрсетуші банк арасында қолма-қол емес төлемдерді жүзеге асыру Ережесіне сәйкес).

Наши рекомендации