Төлем карточкаларымен есеп айырысу

Төлсм карточкаларымен есеп айырысулар компьютер торабының, ақпараттарды автоматты түрде әңдеу құралдарын қолданатын байланыс жүйелері арқылы жүзеге асыратын банктер және олардың клиенттсрі, сатушылар мсн сатып алушылар арасындағы төлемдер жиынтығы.

Төлем карточкалары - пластикалык карточка формасында болады. Олар екі типте болады: кредиттікжәне дебеттік. Халықаралық төлем ұйымдарының кредиттік карточкаларының дебеттіктен айырмашылығы операция жүргізу технологиясына байланысты. Дебеттік карточкаларымен операция барлық уақытта авторландыруға жатқызылады, кредиттік карточкалармен операциялар анықталған шарттарда жатқызылмайды. Осындай ерекшеліктеріне байланысты дебеттік карточкаларды эмитенттер банктік шотта бар қаржы қалдығы көлемінде операцияларды жүзеге асыруға қолданылады, ал несиелік карточкалар бойынша шоттағы бар қаржы көлемінде операция жүргізуге, сондай-ақ несие ұсынуға болады, әдетте тәжірибеде бұл қарызшыға несиелік желі ашу жолымен жүзеге асырылады.

Банкомат - банктік карточка көмегімен және ондағы сақталған қаражат көлемінде, оның иесінс қолма-қол ақшаны алуға мүмкіндік беретін автоматандырылған құрылым.

Банкоматтан карточка көмегімсн ақша алу үшін әрбір карточка иесіне арнай ПИН-код тағайындалып атаулы карточка беріледі.

ПИН-код-(ағыл.Personal Identification Number-жеке идентификаңиялық номер) - банктік картаның иесіне банкомат немесс Роs-терминалдар арқылы қызмет көрсетуге мүмкіндік беретін жеке идентификациялық номері.

Қағаз ақша ғасыры тәмамдалып келеді. Адамдардың көпшілігі қазіргі таңда қолма-қол ақшадан бас тартып, төлем карточкаларын таңдауға көшкен. Осы бір кесек пластик артықшылығының орасан зорлығы сонша оны сипаттап беруге сайттағы орын жетпес. Карточка – әмбебап төлем құралы, оны Сіз жер шарының кез келген түпкірінде пайдалана алсыз (әрине, банк бар жерлерде). Бұл Сіздің банктік карточкалық шотыңызды басқаруға қол жеткізетін кілт. Төлем карточкасының көмегімен үйден шықпай-ақ тауарлар мен қызметтерді төлеуге болады немесе қолма-қол ақша алуға болады. Карточка белгілі бір мерзімге шығарылады. Бұл мерзім карточканың өзінде көрсетіледі. Өз карточкаңыздың жарамдылық мерзімін тексеруге ұмытпаңыз, өйткені жарамдылық мерзімі аяқталғаннан кейін карточканы қайта шығару керек.

Төлем карточкалары негізгі 2 санатқа бөлінеді:

Негізгі карточка – Сіздің карточкалық шот бойынша ресімделген төлем карточкаңыз.

Төлем карточкасын ашу үшін:

Халық банк бөлімшесіне жолығу;

- Төл құжат және СТН (түпнұсқа мен копия);

- Қажетті бланкілерді толтырып, қол қою (өтініш және келісім шарт);

- Банк тарифтеріне сәйкес карточканы бірінші жыл қолданғаны үшін Банк сыйақысын төлеу;

Банк өнімдерінің ерекшелегіне байланысты қосымша құжаттарды ұсыну

Қосымша карточка – Сіздің немесе Сіз сенім білдірген тұлғаның, мысалы жұбайыңыздың немесе балаларыңыздың атына негізгі карточканың карточкалық шоты бойынша ресімделген төлем карточкасы. Сіз белгілі бір уақыт кезеңі ішінде қосымша карточка бойынша қол жетімді ең жоғарғы сомаға (лмит) және карточкалық операцияларға шектеу белгілеуге құқылысыз.

Қосымша төлем карточканы ашу үшін:

- Негізгі карочканы ұстаушы мен қосымша карточканы шығаруға арыз беруші Халық банкінің бөлімшесіне жолығу керек;

- Негізгі карточканы ұстушының төл құжаты және қосымша карточканы ашатындардың төл құжаты мен СТН (түпнұсқа мен копия);

- Өтінішті толтырып, қол кою қажет;

- Банк тарифтеріне сәйкес карточканы бірінші жыл қолданғаны үшін Банк сыйақысын төлеу;

Қазақстан Халық банкі VISA International және MasterCard International төлем жүйелерінің карточкаларын шығарады және төлем карточкаларының қазақстандық рыногында тұрақты көшбасшы болып келеді.

2009 жылғы 1-маусымдағы жағдайы бойынша Халық банкінің 2,7млн.-нан артық карточкалары айналымда жүр. Бұл Қазақстандағы төлем карточкаларын пайдаланушылардың шамамен 40%. Халық Банкінің төлем карточкаларына қызмет көрсету жүйесі 1690 банкоматтан, 600 киоскіден (карточкалық терминалдардан), 2800 РОS-терминалдар мен импринтерлерден тұрады.

Наши рекомендации