М-балшық қалыптарында құймалар жасау
Құм-балшық қалыпта құйма алу үшін негізгі жабдықтар болып құйма үлгісі мен өзекше жәшігі саналады.
Ү л г і - оның көмегімен құйма қалыбында болашақ құйманың сыртқы нобайы, құю жүйесі элементтері-нің арналары мен өзекшені бекіту үшін белгінің көшірмесін салатын тетік.
Ө з е к ш е ж ә ш і г і өзекшелер жасау үшін жұмсалады. Өзекшелер қалыпқа құйманың сыртқы күрделі беттерінің де, ішкі беттерінің де пайда болуы үшін қойылады. Өзекшелердің өлшемдері қорытпаның шөгуін есепке алу арқылы орындалады.
Қ ұ ю ж ұ й е с і э л е м е н т т е р і н і ң үлгілері сұйық металды қалып қуысына жеткізу және құйманы оның кристалдану процесінде қоректендіру үшін қажет қалыптағы арналардың пайда болуын қамтамасыз етеді.
Үлгілер м а т е р и а л ы б о й ы н ш а ағаштан, металдан, гипстен, цементтен, темір бетоннан, пластмассадан және құрастырылған (ағаш пен темір немесе пластмасс) болып бөлінеді.
Үлгілер к о н с т р у к ц и я с ы б о й ы н ш а ажырайтын, ажыратылмайтын, алынатын бөліктерімен және арнайы болып келеді.
О п о к а л а р. Опока деп, қалыптық қоспаны ұстап тұруға, құйма қалыбын құруға, оны жасағанда және тасымалдағанда, сол сияқты кейіннен құйғанда, құйманы суытқанда қолданатын металл раманы айтамыз. Әдетте опокалар болаттан, шойыннан және алюминий қорытпа-ларынан құйылады.
Қ а л ы п п е н ө з е к ш е ж а с а й т ы н қ о с п а л а р құю қалыптары мен өзекшелер жасау үшін берілген қалыптық материалдар мен пайдаланылған (бұрын қолданылған) қоспалардан тұрады. Негізгі берілген қалыптық материалдар кварц құмы мен байланыстырушы балшықтан тұрады. Бұл қоспалардың беріктігі үлкен емес, сондықтан құю қалыптары сұйық металдың қалыпқа түсіретін жоғарғы қысымын ескерумен қалың қабырғалы болып жасалады. Механикалық, технология-лық және басқадай қасиеттерін жақсарту үшін қалыптар мен өзекшелер қоспаларына қосымша қалыптық материалдар енгізіледі: байланыстырушы (шайырлар, сұйық шыны), қоспа жабыстырмайтын (тозаңды кварц, таскөмір тозаңы).
Ө з е к ш е л е р қ о с п а с ы қалыптыққа қарағанда едәуір көп қызулық және механикалық әсерге ұшырайды, өйткені өзекше тәжірибе жүзінде барлық жағынан сұйық металмен қоршалған.
Негізгі құрамы кварц құмы болып келетін өзекшелік қоспалар жасалыну тәсілі бойынша былайша бөлінеді: жылытып кептіргенде немесе қыздырылатын тетікте қатаятын; сұйықтай өз бетімен қатаятын; сұйықшынылы және суықтай қатаятын қоспалар.
Көп еңбекті және технологиялық процестің жауапты операцияларын қажетсінетін дайындамалар жасау қолмен немесе машинамен қалыптау болып саналады.
Қолмен қалыптау арқылы шойын төлкесін алу үшін құйма қалыбын жасауды қарастырамыз (3 -сурет).
Опока қоятын плитаға (6) ажырағыш үлгінің бір жартысын (4), сол сияқты төменгі металл рама-опоканы (3) орналастырады. Үлгі мен плитаның опока орналасқан беттерін құрғақ құммен себеді. Сонан соң опоканы қалыптық қоспамен толтырады және тығыздайды. Алынған төменгі жарты қалыпты 1800 бұрады да қайтадан опока қоятын плитаға орналастырады. Ағаш немесе металл тиектермен жоғарғы жартысы (10) төменгі жартысының үстіне орнатылады, ал жоғарғы опока (8)-төменгі опокаға. Опокалардың қажетті беттесуі дәл келтіруші істіктерді (7) қондырумен орындалады. Үлгінің беті және төменгі жарты қалыптың ажырау жазықтығы бойынша қалыптық қоспаны бөлгіш құммен себеді.
а-төменгі опоканы қалыптау; б-жоғарғы опоканы қалыптау; в-өзекшені орналастыру; г-дайын қалып.
3-сурет-Ажырайтын үлгі бойынша құю қалыбын жасау желісі
Құю жүйелерінің үлгілерін 11 және 12 жоғарғы опокаға қойғаннан соң қалыптық қоспаны толтырады да нығыздайды. Құю жүйелерінің үлгілері мен дәл келтіруші штырьларды шығарғаннан кейін жоғарғы жарты қалыпты (9) алады, оны 1800 бұрай отырып плитаға немесе тегіс бетке қояды. Жоғарғы және төменгі жарты үлгі-лерді жарты қалыптардан шығарады. Содан кейін құю қалыпты құрастыруға кіріседі. Алғашқыда төменгі жарты қалыпқа өзекше (1) өзекше белгісімен қалыптың арнайы ұясына орнатыладьі. Одан соң дәл келтіруші істіктерді пайдаланумен жоғарғы және төменгі жарты қалыптарды қапсырмамен (13) бекітеді. Бұл жоғарғы жарты қалыптық қуысқа (2) құйылған металдың қалып қабырғасына қысымының әсерінен көтерілуін және пайда болған саңылауға металдың кетуін болдырмайды. Қашан металл қатаяды және суынғаннан кейін құю қалыбын қиратады.
Құю қалыптарын жасау үшін машиналарды пайдалану еңбек өнімділігін шұғыл көбейтеді, құймалардың дәлдігін жоғарылатады, өзіндік құнын төмендетеді және құйманың сапасын жақсартады. Сонымен қатар, машиналарды пайдалану құю қалыптарын жасау процесін автоматтандыру мен механикаландыруға мүмкіндік береді.
Қалыптау машиналары қоспаларды тығыздау операцияларын және құю қалыптарынан үлгілерді шығаруды орындайды. Қалыптарды тығыздау тәсілі бойынша машиналар престеуші және құм лақтырғышка бөлінеді.
Уақытындағы құю өндірісінде престеуші, вибро-пресстеуші, сілкіндіруші және құм лақтырғышка машиналарының негізінде бір реттік құм-балшық қалыптарда құймалар өндірудің көптеген механикаландырылған және автоматтандырылған қалыптаушы-құрастырушы-құюшы-шығарушы желілері жасалады.
Құю қалыптарын құрастыруға өзекшелерді орналастыру, қалыптың негізгі қуыстары мөлшерінің ауытқуларын бақылау, төменгі жарты қалыпты жоғарғысымен жабу, құю алдында жарты қалыптарды бекіту жатады.
Қалыптарды балқытылған металмен құю отқа төзімді материалмен астарланған конус тәріздес, барабан тәріздес және басқадай шөміштермен орындалады.
Құю қалыптарынан құймаларды шығаруды тербелетін торларда жүргізеді, және тазалаушы барабандарда немесе камералы не барабан типті бытыра атқылаушы құрылғыларда тазартады. Бытыра атқылаушы құрылғыларда тазартқанда 70 м/с жылдамдықпен бытыра атқылаушы дөңгелекпен лақтырылған металл бытырасының ағынының соққылау әсеріне ұшырайды. Дайындамаларды қоректендірушілердің қалдықтарынан, қабыршақтар мен шығыңқы бөлік-терді өңдеу мен тазарту ажарлаушы дөңгелектермен немесе кесу престерінде жүргізеді.