Р Президентінің «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» халыққа жолдауының маңызын түсіндіріңіз 11 қараша 2014 жыл
«Осы уақытқа дейін Жол картасы, моноқалаларды дамыту бағдарламасы іске асырылып отыр. Осы екі бағдарлама бойынша бүгінгі күнге дейін 300 мыңға жуық азамат жұмыспен қамтылды. Ал, Жолдау бойынша, тек жол салу арқылы ғана 200 мың жұмыс орны ашылады. 200 мың адам ертең жұмыскер болса, осынша отбасының әл-ауқаты жақсарады. Сонымен қатар, халық қалаулысы өз сөзінде Елбасының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауында білім және ғылым саласына ерекше көңіл бөлінгенін атап өтті. «Бүгінгі күні әлеуметтік саладағы ең өзекті мәселелердің бірі – мектептедің жаңадан салынуы. Апаттық жағдайдағы, үш ауысымды мектептердің орнына жаңасын салу өте маңызды жұмыс. Осы уақытқа дейін 204 мектеп апаттық жағдайда үш ауысыммен жұмыс істеп келген. Депутат үш жылдық мемлекеттік бюджеттің өзінде мектептер құрылысына тек 16 млрд теңге қарастырылғанын атап өтті. «16 млрд теңге, ол дегеніміз – 16 жаңа мектеп. Қажетті көрсеткіш 200-ді құрайды. Елбасы тапсырмасы бойынша жаңа Жолдауға сәйкес, тек білім саласына 100 млрд теңге қосымша бөлінеді. Бұл деген – балалардың жағдайының жақсаруы, оқу сапасының артуы. Апаттық мектептер бала өміріне күнде қауіп төндіреді. Біз одан арыламыз. Жолдау әрбір қазақстандықтың жағдайын, тұрымысын жақсартуға, экономиканың өсуіне бағытталып отыр. Бұл ауқымды Жолдау, өйткені, онда өте үлкен жоспарлар белгіленіп, халыққа мемлекет тарапынан зор көмектер жасалмақ. Бюджеттен, Ұлттық қордан, шетелдік инвестициялардан экономиканы дамытуға, жол салуға, халықтың әлжуаз тобына, шағын және орта бизнесті қолдауға қомақты қаражат тартылмақшы. Барлығы 24 млрд доллар жұмсалады. Тарихи Жолдау, өйткені, Елбасы геосаяси жағдайға нақты баға берді, еліміздің жақын келешектегі даму бағытын айқындады. Осылайша, ел басшылығының Қазақстан тағдырына қатысты саяси жауапкершілікті алуға дайын екенін көрсетті. әлемдік экономикалық дағдарыс, алып державалардың санкциялық қақтығыстарының салдары, энергия тасымалдауларға бағаның құлдырауы, бірқатар көршілес елдердегі тұрақсыздық біздің еліміздегі ахуалға да жағымсыз әсер етеді. Өйткені, Президент атап өткендей, Қазақстан геосаяси шиеленістің эпицентріне жақын орналасқан. «Мемлекет басшысы жақын жылдардың жаһандық сынақ уақытына айналатынын, сонымен қатар, бүкіл әлем архитектурасы өзгеріске ұшырайтынын алға тартты. Бұл кезеңнен кез келген мемлекет өте алмайды. Мұндай тарихи кезеңде Елбасы Қазақстанның тағдырына, қауіпсіздігіне, халқымыздың келешегіне алаңдамай тұра алмайды. Ел Президенті халыққа «Нұрлы жол» атты жаңа және біртұтас бағдарлама ұсынды.Жаңа экономикалық саясаттың өзегі жеті бағыт бойынша инфрақұрылымдық даму жоспары болып отыр. Көлік, индустриялық, энергетикалық, әлеуметтік-тұрғын үй инфрақұрылымдарын дамыту бойынша кешенді жұмыс межеленген. Сондай-ақ, шағын және орта бизнеске қолдау көрсету, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жылу мен сумен жабдықтау жүйесін жаңғырту да назардан тыс қалмайды. «Елбасы айқындаған осы жеті бағыт бойынша бүгіннен бастап Үкіметпен қоян-қолтық жұмыс жасап, жоспардың заңнамалық қамтылуына барлық жағдайды жасауымыз қажет. Бұл біздің міндет және жауапкершілік. Қазақстандықтар «Нұрлы жол» атты жаңа экономикалық бағдарламаны жан-жақты қолдайды деп сенемін. Президенттің бір жылда екі рет өткізген Жолдауына таң қалып жатқандар көп. 2012 жылы да осылай бір жылда екі рет Жолдау арнаған болатын. Биыл да солай, есесіне 2013 жылы Жолдау болған жоқ. Мемлекет басшысы кеше «Нұрлы жол – болашаққа бағыт» келер жылға деп атап өтті. Әдеттегідей мұқият тыңдадық. Бұл жолы жалпылама емес, нақты басымдық беретін дүниеге ерекше тоқталды. Ол – жолдар мәселесі. Логистика – дамудың кепілі. Мысалы қытайтанушы бір ағамыз Дэн Сяопиннің билікке келген соң ең алдымен осы жол мәселесіне ерекше көңіл бөлгенін айтады. Нәтижесінде қазір Қытай үлкен динамикамен дамыды. Логистиканың екі басты ерекшелігі бар. Біріншіден, ол – экономикалық табыстарға жол ашады. Кеше ғана ашылған Жезғазған – Бейнеу теміржолының бойында елді мекендер пайда бола бастағанын Президенттің өзі айтты. Демек бұрын елсіз жатқан жерге қан жүгірді. Сауда жасалады, алыс-беріс жүреді. Екіншіден, ішкі туризмнің дамуына жол ашады. Алматыда мен 10 жыл тұрып, керемет табиғаты бар Көлсайға бір-ақ рет барып, қайтадан аяқ аттап баспайтындай боп қайттым. Себебі жолы сын көтермейді. Суретін О.Бөкей салып беріп кеткен Катон-Қарағай деген сұлу жер бар. Бірақ жолы сұмдық. Әсіресе Алматыдан Өскеменге баратын жол. Бұл енді бірді-екілі мысал ғана. Үшіншіден, елдің ішкі бірлігін арттыруға да тікелей болмаса да септігі тиеді. Жас отбасылардың баспаналы болуына жәрдем ететін бағдарлама қабылдауды тапсырғанын да айтуымыз керек. Бұған дейін де жас отбасыларды баспанамен қамтуға қатысты бірнеше Үкіметтің бағдарламасы осындай Елбасының Жолдауларында айтылған. Әйтсе де баспана мәселесі толық шешімін тапқан жоқ. Кезекті бағдарлама жан-жақты зерттеліп барып жасалғаны дұрыс. Қазір жастардың жаппай қалаға ағылуына орай баспана мәселесі де қатар жүзеге асуы тиіс. Ал, нәтижесін алдағы жылдары көретін боламыз.