Жобаланатын престің түпнұсқасының (прототип) қысқаша сипаттамасы

АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М.Х.ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Аяқ киім өндірісінің жабдықтары» пәні бойынша тәжірибелік жұмыстарын орындауға арналған

ДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ

Тараз қаласы

Кіріспе

Қазіргі кездегі өнеркәсіпте машина жасау саласының жетекші ролі бар, себебі экономиканың өзге салалары машина жасау негізінде дамиды. Машина жасау мен булардың техникалық тұрғыдағы жетілу дәрежесі өнеркәсіп дамуының негізгі көрсеткіші болып табылады.

Жеңіл өнеркәсіп тауарларының шығару, олардың сапасын жақсарту, ассортиментін үздіксіз жаңалау мақсаттары технологиялық процесстер мен машиналарды жетілдіру, өндіріске жаңа процестер мен машиналар енгізу, процестерді механизациялау мен автоматтандыру арқылы орындалады.

Машина жасау саласы өндіріске енгізу кезінде еңбек өнімділігін арттыратын, бұйымның сапасын жақсартатын, технологиялық процесті орындау құнын кемітетін машина, автоматтар және автоматты жүйелерді шығаруы керек. Машиналардың беріктігі мен сенімділігі арту керек, еңбекті және оршаған ортаны қорғау құралдары жетілген болу керек.

Жеңіл өнеркәсіпте қолданылатын машиналар екі топқа бөліеді:

1. былғары, ұлпан және жасанды тері өңдейтін өндірістерінің машиналары;

2. аяқ киім, тігін және галантерея өндірістерінің машиналары.

Бірінші топ машиналары көбінесе химия-технологиялық процестерін, екінші топ машиналары – механика-технологиялық процестерін орындайды.

Бұл құралды екінші топқа жататын машиналарын жобалау және есептеу мәселелері көрсетілген.

Машиналардың кинематикалық және динамикалық параметрлері, құрылыс және технологиялық сипаттамасы, жетек түрлері, габарит өлшемдері, іс тәртібі әр түрлі.

Құрылымы бойынша машиналар бірпозициялы агрегатталмаған (РЛ-4, ПВГ-8-2-0, ОМ-5) және көппозициялы агрегатталғандарға (ЗИК-3-0, ЗПК-4-0, АГВ-6) жатады. Автоматтандыру нәтижесі бойынша машиналар автоматтандырылмаған, жартылай автоматтар (ЗНК-3-0, ЗПК-4-0, ПГВ-3Н-0) және автоматтар болып бөлінеді. Қызметі бойынша машиналар бөлшектерді пішуге және кесу арқылы өңдеуге, бұйымдардың бөлшектері мен тораптарын қалыптауға, оларды құрастыруға және бұйымдарды өңдеуге арналған болып бөлінеді.

Төменде осы машиналардың негізгі түрлерін жобалау мен есептеу әдістері қарастырылған.

1.ПВГ-18 ТИПТІ АЯҚ КИІМНІҢ ТӨМЕНГІ ЖАҚ

БӨЛШЕКТЕРІН ШАБУҒА АРНАЛҒАН ПРЕСТЕРДІ ЖОБАЛАУ

Престің қызметі

Пресс былғарыдан және басқа материалдан жасалған аяқ киімнің төменгі жақ бөлшектерін өтпес кескіштермен металл плитада, өткір кескіштермен металл емес плиталарда немесе қалыптарда (колодаларда) шабу үшін арналған.

Олдану аймағы

Пресс аяқ киім өнеркәсібінде аяқ киімнің төменгі жақ бөлшектерін және былғарыдан жасалған былғары галантерея бұйымдарын шабу үшін қолданады.

Жобаланатын престің түпнұсқасының (прототип) қысқаша сипаттамасы

Пресс траверса типті құрылғы түрінде болады

және келесі бөлшектерден тұрады: табан (станина), соққыш механизмі, соққышты биікте және оның шекті жағдайларын (жоғарғы және төменгі) реттеу механизмі, гидрожетек және жұмысшының қолын қорғау құрылғысы. Гидрожүйені қосу «Гидронасос» түйінін басу арқылы жүзеге асырылады. Аяқ педалін басу арқылы престі жұмыс жағдайына қосады.

Престегі жұмыс келесі түрде өтеді. Жұмысшы төменгі столда орналастырылған қалыпқа немесе плитаға материалды орналастырады және материалдың белгіленген орнына кескішті қояды. Содан кейін кескішті бір қолымен ұстап тұрып, педальды басады және престі қосады. Бұл кезде траверса төмен түсіп, кескішті материалға қысып шаббуды орындайды.

Кескіш материалды кескен кезде, траверса автоматты түрде өзінің жоғарғы жағдайына көтеріледі де тоқтайды. Келесі шабуды орындау үшін алдымен аяқты педальдан алу керек, содан кейін көрсетілген барлық циклды қайтадан қайталау керек.

Престің табаны жинақ конструкциясы түрінде болады(сурет1.1). Екі бағыттаушы (оң 25 және сол 6) өзара төменгі траверса (5) арқылы қатты байланысқан. Бұл траверсада металдан жасалған шабу плитасы (7) орналастырылған. Төменгі траверса оң (28) және сол (32) шойын тіректерге орнатылған. Тіректер қалқаға (рамаға) (29) бекітілген.

Жоғарғы траверса (18) сырттар (корпустар) (11 және 20) арқылы екі ішкі қуыс скалкаларына (10 және 21) бекітіледі. Скалкалар пресс станинасының бағыттаушыларында (6 және 25) орналастырылған. Станинаның әр бағыттаушысының төменгі жағынан трапециялық бұрамасы бар фланецтер (1) бекітіледі. Фланецтерге штоктар (4) бұралып кигізілген. Штоктарға престің жұмысы кезінде қозғалысқа келмейтін поршеньдер (3) бекітілген. Жұмысшы цилиндрлер болып скалкалардың (10 және 21) төменгі бөліктері келеді. Скалкалардың төменгі бөліктеріне қақпақтар (2) бұрама арқылы бекітіледі. Қақпақ (2) пен поршень (3) арасындағы кеңістік жұмысшы қуыс болып саналады.

Тартқыштарға (9) жоғарғы траверсаны (18) бастапқы жағдайына келтіретін серіппелер (8) кигізілген. Тартқыштар (9) скалкалар (10 және 21) ішінен өтеді және штоктарды (4) червякті дөңгелектермен (12) біріктіреді.

Жоғарғы траверсаның ішінде жетекші механизм орналасқан. Бұл механизм траверсаны (18) биіктікке орналастыру үшін арналған. Жетек келесі бөлшектерден тұрады: электроқозғалтқыш (17), екі тісті дөңгелек (15 және 16), білікшелер (14 және 19), үш муфта (13).

Гидравликалық жетек электроқозғалтқыш (14) арқылы қозғалысқа келетін насостан 1 (сурет 1.2), золотникпен бірге орындалған гидродозатор-жеделдеткіштен (9) электромагнитпен (5) басқарылатын золотниктен (6), сақтық клапанынан (20), қысым золотнигінен (9), май беріп тұратын подпитка клапанынан (21), екі кері клапанынан (22), құбыр қуыстарынан және май багынан тұрады.

Сур.1.1. ПВГ-18 пресінің нобайы (алдыңғы жағынан көрініс)

Наши рекомендации