Бап. Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк жүйесiн мемлекеттiк емес реттеу

1. Консультациялық орган консультациялық-кеңесшi орган нысанында құрылады, оның құрамын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен келiсiм бойынша уәкiлеттi орган бекiтедi және ол өзi туралы ереже негiзiнде жұмыс iстейдi.

2. Консультациялық органның құрамына мемлекеттiк органдардың, коммерциялық емес ұйымдардың, жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң, мемлекеттiң қатысу үлесi бар ұйымдардың, мемлекеттiк кәсiпорындардың өкiлдерi кiредi.

3. Консультациялық орган:

1) уәкiлеттi органға Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк мәселелерi жөнiндегi заңнамасын жетiлдiру туралы ұсыныстар енгiзуге;

2) уәкiлеттi органға қаржылық есептiлiк стандарттарын қолдану жөнiндегi әдiстемелiк ұсынымдарды қайта қарау мен әзiрлеу жөнiнде ұсыныстар енгiзуге;

3) ұлттық стандарттарды және олардың әдiстемелiк ұсынымдарын әзiрлеуге қатысуға;

4) бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк саласындағы халықаралық ұйымдармен өзара iс-қимыл жасауды жүзеге асыруға құқылы.

4.Консультациялық орган:

1) Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасында халықаралық стандарттар, шағын және орта бизнеске арналған халықаралық стандарт талаптарына қайшылықтардың бар-жоғына талдау жүргiзуге және уәкiлеттi органға тиiстi ұсыныстар енгiзуге;

2) бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн әзiрлеуге қатысуға мiндеттi.

5. Кәсiби ұйым мынадай рұқсат беру талаптарына сай келуге тиiс:

1) кәсіби ұйымның құрамында кемінде үш жүз кәсіби бухгалтердің болуы;

2) халықаралық практикаға сәйкес келетiн және оның барлық мүшелерiне мiндеттi болып табылатын, ұйымның жарғысына сәйкес бекiтiлген Кәсiби бухгалтерлердiң әдеп кодексiнiң болуы;

3) өз мүшелерiнiң бiлiктiлiгiн арттыру жүйесiнiң болуы;

4) аккредиттеу ережелерiне сәйкестiк.

6. Кәсiби ұйымның құрылымы мен жұмыс органдары оның жарғысымен анықталады және аккредиттеу ережелерiне сәйкес болуға тиiс.

7. Кәсiби ұйымның басшысы төрт жылдан аспайтын мерзiмге сайланады және қатарынан екi мерзiмге қайта сайлана алмайды.

8.Кәсiби ұйым:

1) өз мүшелерiне қатысты өзiнiң жарғысында көзделген және осы Заңға қайшы келмейтiн функцияларды жүзеге асыруға;

2) ұлттық стандарттарды және олардың әдiстемелiк ұсынымдарын әзiрлеуге қатысуға;

3) бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн әзiрлеуге қатысуға;

4) бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк саласындағы оң жұмыс тәжiрибесiн талдауға, жинақтауға және таратуға;

) сертификаттау жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу жөніндегі материалдарды қарауға қатысуға құқылы.

9.Кәсiби ұйым:

1) Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасын сақтауға;

) консультациялық органның құрамына аккредиттеу ережелерiнде белгiленген мөлшерде кәсiби ұйымның мүшелерiн жiберуге және олардың толымды жұмысын қамтамасыз етуге;

3) уәкiлеттi органға белгiлеген тәртiппен оған өзiнiң қызметi туралы есептiлiктi ұсынуға;

4) халықаралық және ұлттық стандарттарды қолдану жөнiндегi сауалдарды қарауға;

5) сертификаттау бойынша бір немесе бірнеше ұйыммен өзара іс-қимыл туралы келісім жасасуға;

6) өздерінің мүшелері болып табылатын, бухгалтерлік есеп саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын бухгалтерлік ұйымдар мен кәсіби бухгалтерлердің «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңын сақтауын талап етуге;

7) қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға өздерінің мүшелері болып табылатын, бухгалтерлік есеп саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын бухгалтерлiк ұйымдар мен кәсіби бухгалтерлердің «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңын бұзғаны туралы мәліметтерді хабарлауға міндетті.

10 .Сертификаттау жөнiндегi ұйым:

1) Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасын сақтауға;

2) уәкiлеттi органға белгiленген тәртiппен өз қызметi туралы есептiлiктi ұсынуға;

3) бұзушылықтар мен кемшіліктерді толық жою бойынша қабылданған шаралар туралы ақпарат ұсынуға міндетті.

Ескерту. 21-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.06.2014 № 206-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Наши рекомендации