Мұнай процестеріндегі қауіпті жіктеу
Мұнай өндірісі қауіпті өндіріс категориясына жатады. Себебі: бақытсыз жағдайларға, өлімге әкеп соғатын аурулардың және қоршаған ортаны ластаудың көзі болғандықтан әрқашан мемлекеттік бақылауда болады.
Мұнай өңдеу процесіндегі негізгі қауіпті және зиянды факторларды жіктеу:
− улы заттардың бөлінуі;
− жарылыстар мен өрттер;
− шу;
− діріл;
− щаңмен ластану;
− дене жарақаттарын алу қаупі;
− Улану қаупі.
Жұмыс аймағы ауасының 1500 мг/ концентрациясының 50% ластану тыныс алу функциясын күрт нашарлатады, ал 2800-9800 мг/ концентрацияда адамдарда өкпе ісіну нәтижесінде газ алмасу процесі бұзылады, көздің кілегей қабықшасын тітіркендіреді. Мұнайдың құрамында улы заттардың болуы қандағы өзгерістермен бірге тыныс алу, жүйке, ас қорыту және иммунді жүйенің бұзылу қауіпін тудырады. Адам денсаулығы үшін әсіресе көміртегі және азот, сонымен қатар ароматты көмірсутектер аса қауіпті тотықтар болып табылады. Олар мидың белсенді орталық функциясының тежелу құбылысын тудырады, карбоно-гемоглобин пайда болады,нәтижесінде оттегінің ұлпаға тасымалы бұзылады, бұл өлімге апаруы мүмкін. Мұндай улану мұнайшылар, бұрғылаушылар, машинистер, лобараттар және автокөлік жөндеу қызметінің жұмыскерлері техника қауіпсіздігі ережелері бұзылғанда ұшырауы мүмкін. Зиянды әрекеттерді болдырмау үшін ұңғымаларды игеру, жөндеу,мұнай цистерналарын тазарту және өзге де өндірістік процестерде кешенді шараларды жүзеге асыру қажеттілігі туады.
Жарылыстар мен өрт қаупі. Ең күрделі өрттер – өртке қауіпті, жарылыс қауіпті, улы заттар жиналған объектілерде болады. Өндірістегі өрттердің негізгі себептеріне құрал-жабдықтардың технологиялық жұмыс тәртібінің бұзылуы, электр жабдықтарының ақаулылығы, жабдықтардың жөндеу жұмыстарына нашар дайындылығы, әртүрлі материалдардың өздігінен жануы және басқада себептерден туындайды. Жарылыс кезінде өртті болдырмау үшін жарылысқа қауіпті ортаның пайда болуына мүмкіндік бермей, оталдыру көзінің пайда болуына кедергі жасау керек. Мұнай өндірісіндегі өртті сөндіру ерекшеліктері өрттің пайда болу және ұлғаю шарттарына тәуелді болады. Қалыңдығы 1 м және оданда көп болатын жанғыш сұйықта ыстық қабат түзіледі. Жанып жатқан мұнай және мұнай өнімдерін сөндіру үшін жанғыш сұйықтың бетіне берілетін орта және төменгі еселі көбік қолданылады.
Өрттен қорғайтын техникалық шараларына кіреді:
− өмірге қажетті жүйелерді (жылу, жарықтандыру, вентиляция жүйелерін) орнатқан кездерде өрт қауіпсіздігі нормаларын сақтау;
− құрал-жабдықтар жұмысының тәртібі мен технологиялық процестердің парамертлерін сақтау;
− өрт қауіпсіздігі бойынша оқу өткізу, өрт қауіпсіздігі шараларының сақталуын тексеру.
Шу қаупі. Шу – үлкен мәні бар факторға айналып отыр. Зертханадағы шу көзіне – қондырғылардан шығатын дыбыстар жатады. 30 децибелге дейінгі әлсіз шулар: жапырақтың сыбдыры, баяу естілетін музыка адамға жайлы естілді, ал 20—120 децибелдегі шулар (жүк машинасының, реактивтік самолеттің, пневматикалық балғаның, дискотекадағы музыканың дыбысы) нерв жүйесін тітіркендіріп, адамның денсаулығына айтарлықтай зиян етеді. 60-70 децибелден басталатын шулар адамның есту қабілетін әлсіретеді, мұндай жағдай балаларда 45 децибелден кейін-ақ басталады. 80 децибелдік шу адамның ойлау қабілетін нашарлатады, артерия қысымының тербеліс өрісін арттырады, айналадағы өрістерді қабылдау қабілетін әлсіретеді. Шудың ұзақ уақыт әсер етуі вегетативтік нерв жүйесін шайқалтып, қан айналымын бұзады, гипертонияға әкеп соқтырады. 90 децибелдік шу адамды мүлде саңырау етеді. Жалпы алғанда, шу адамның дене және рухани денсаулығына қатер төндіреді. Біздін зертханадағы шушың мөлшері 40 децибелден аспайды.
Діріл қаупі. Діріл қатты денедегі механикалық тербелістерді білдіреді. Оны: ауытқу жиілігі және амплитудасымен, жылдамдық және үдемесімен сипатталынады. Әсіресе адам денесінің немесе жеке органдарға зиян келтіреді. Адам денесі үшін 6-9 Гц, басы 6 Гц, асқазаны 8 Гц, басқа органдары үшін – 25 Гц шектерінде дірілдер зиян болады. Көру қабілеті 60 және 90 Гц жиіліктік арасында бұзылады, ол көз қарашығының резонансына сәйкес келеді. 35-250 Гц жиіліктер ауқымы дірілдейтін аурудың дамуына ең шекті мәні болып табылады. Дірілдің әсері болған кезде адам ағзасына орта жүйке жүйеснің талдауыштары, тері және басқа аппараттар қабылдайды. Дірілдің ұзақ әсер етуі кәсіби ауруға әкеледі. Біздің зерханада жетілдірілген қондырғыларды пайдаланады. ПКУ-1 мен АРН-ЛАБ-03 қондырғыларында шу мен діріл естілмейді. Процесс қондырғының ішінде орындалады.
Шаңмен ластану. Зертханада мұнай-битумды жыныстармен процестер жүргізіледі. Бұнда мұнай қатты және тау жыныстарымен араласқан күйде болады. Біз тәжірбиемізде алдымен мұнайды тазалап, үгіту керек болды. Бұл кезде аз мөлшерше щаң бөлінеді. Көзге көрінбегенімен, адам өміріне зияндылығы болғандықтан жұмысшыларды кәсіби ауру түріне шалдықтырары мүмкін. Шаңның әсері 3 түрлі кәсіптік аурулардың тууына әкеп соғады: а) өкпе аурулары – пневмоканиоз; б) дерматит – тері аурулары; в) конъюктивит – көз қабықшасының зақымдануы.
Шаң ауруларының профилактикалық шаралары:
а)шаңның пайда болуымен күрес;
б)шаң сүзгіш құрылғылары;
в) биологиялық профилактика (ультракүлгін шағылысу);
г) жеке қорғаныс тәсілі (респиратор, арнайы киім, шаңға қарсы көзілдірік).
Ал, зертхана жағдайында маска мен қолған киіліп жасалынуы керек.
Дене жарақаттарын алу қаупі. Тікелей жарақат алуға себеп болып, зеттеу кезіндегі сынулар табылады. Сыну- адамның тікелей жанасуының салдарынан, және де приборлардағы жоғары температура салдарынан болуы мүмкін. Бұл өз кезегінде қан кету, күйдіру қаупін төндіреді. Химия процестер әртүрлі болғандықтан, ондағы болған өндірістегі жарақаттану әртүрлі сипатта болады.
Жарақаттардың түрлері:
1Терінің бүтіндігінің бұзулуы бойынша жарақаттар бөлінеді: ашық және жабық жарақаттар. Ашық жарақатқа ұлпа мен ағзалардың анатомиялық тұтастығының бұзылуы жатады: жара, сынық, күйік, буынның таюы. Жабық жарақатқа — терінің сыдырылуы, сіңірдің созылуы, бұлшық еттің жаншылуы, аяқ — қолдың буыннан шығуы, сүйектің жабық сынуы.
2 Жедел және созылмалы жарақаттар. Жедел дегеніміз ағза ұлпасында бір сәтте қатты әсер ету нәтижесінде пайда болған зақымдану. Созылмалы дегеніміз аз күштің көп мәрте және тұрақты әсерінен пайда болған зақымдану.
3 Тікелей және тікелей емес жарақаттар. Тікелей жарақаттар соққы тіген жерде пайда болады. Тікелей емес ағзаның басқа жерінде пайда болған жарақақаттар. [5]