Жобаланатын престі есептеуге Әдістемелік нҰсҚаулар.
Жобаланатын престі есептеу алдында вариант бойынша 1.1 – кестеден
керекті мәліметтерді таңдап алу керек.
кесте 1.1.
Вариант | Материал | Шабу кезіндегі меншікті қысым Н/м (кГ/мм) |
Бұрама бекіту әдісі үшін арналған былғары | (14÷16)*104 (14-16) | |
Пластбылғары | (6÷7)*104 (6-7) | |
Резеңке | (4÷5)*104 (4-5) | |
Картон | (5÷7)*104 (5-7) | |
Аяқ-киімдік нитрожасанды былғары | (7÷8)*104 (7-8) |
Р күшімен кескіш материалға кіру кезінде, ол мыжылу кедергісін Q, кескіштің жүзіне тік түсетін N1 мен N2 күштерін, материал кескіш жүзі аралығында пайда болатын F1 мен F2 үйкеліс күштерін төзіп өтеді (сур.1.3а).
Кескішке түсетін күштерді вертикальді өске түсірсек, материалды кесу үшін қажетті күшті табамыз:
P=Q + N1 (sinα + μ1 cosα) + N2μ2 (1.1)
мұндағы:
μ1 μ2 – материал мен кескіш жүзі аралығындағы үйкеліс коэффициенттері.
Сур.1.3а. Кескішке түсетін Сур.1.3ә. Кесу кезінде
Күштердің нобайы күштің өзгеру диаграммасы
Кескішке әсер ететін күштер оның материалға кіруіне сәйкес өзгеріп отырады. И.И. Капустиннің берілгендері бойынша күштің тез өсуі кескіштің материалға кіруі кезінде болады. Бұл тереңдік материал қалыңдығы жартысына тең болуы мүмкін. Күштің ең үлкен шамасы С нүктесінде болады (1.3ә-сурет). Бөлшектерді шабу күшінің шамасы Р немесе преске түсетін ссалмақ, кескіштің ұшының формасына, кесу шетінің жағдайына, кесілу кезіндегі кескіштің қозғалыс жылдамдығына және кесілетін материалдың механикалық қасиеттеріне байланысты болады.
Кесілу күші келесі формуламен анықталады:
P = ρ*l*Kβ*KЗ*KV; (1.2)
Мұндағы: Р – меншікті ұзындығының бірлігіне сәйкес келетін меншікті күш;
l – кескі периметрі;
Kβ - кесу күшіне кескіштің өткірлеу бұрышының әсерін коэффициент;
KЗ – кесу күшіне кескіштің кесу шетінің мұқалуның әсерін ескеретін коэффициент;
KV – кесу күшіне кескіштің қозғалыс жылдамдығының әсерін ескеретін коэффициент.
Шабу пресі q темпімен үзіліссіз жұмыс істеу кезінде, соққыштың жұмыс жүрісінің саны n-ге тең болған кезде кезде, циклдан тыс және циклды шығындарды есептемегенде, оның технологиялық өнімділігі келесі формулаға тең:
(1.3)
яғни престе уақыт бірлігіне екі есе жүру жолының санына тең бөлшектер санын шабуға болады.
Траверсаны есептегенде күш көрсетілген нобайы бойынша түседі деп санау керек.
Онда
Егер тіректен кез келген у ара қашықтықтағы қиманы алып қарасақ, онда
(1.4)
Мұндағы: RA – тіректің реакциясы;
W – траверса қимасының кедергі моменті;
в – траверса ені;
һ – траверса биіктігі;
σ – траверсада пайда болатын кернеу.
Осыдан травесаның биіктігін анықтауға болады:
(1.5)
Немесе
(1.6)
Сондықтан траверсаның формасы екі жақты парабола түрінде болады, ал қимасы қорапты – іші қуыс болып келеді.
Травеса мен скалкалкаларды бекіту болттардың көмегімен жүзеге асырылады. Болттар мынау шартқа сәйкес үзілуге есептеледі:
(1.7)
Мұндағы: К – алдын ала тарту коэффиценті, К=2,5 ;
RB – тіректегі реакция;
F – болттың көлденең қимасының ауданы
Z – болттар саны
Скалканы есептеу ПВГ – 8 пресінің скалкасын есептеумен сәйкес болады. Шабу пресінің гидравликалық жетегінің электроқозғалтқышының қуаты насос қуатымен анықталады. Насос қуатының өнімділігіне немесе сұйық қысымына байланысты болады. Насостың электроқозғалтқышының қуатын келесі формуламен анықтауға болады.
P · Q
N = ——
n
мұндағы P – жұмысшы қысым Н / м² ;
Q – сұйықтың шығыны м³ / с ;
n – жетектің пайдалы әсер коэфиценті ;
Әдебиеттер
1. ЕСКД. Оновные положения. ГОСТ 2. 103-68.
2. Колясин В.П. Оборудование обувного производства. -М. Легкая индустрия. 1973. с. 124-133.
3. Сивченко Н.А., Ценова Л.В. Вырубочные пресса обувного производства.- К. Выша школа. 1975. с. 34-17
4. Колосков В.Н., Колясин Б.П. Оборудование и механизация обувного производства.-М. Легкая индустрия. 1979. с. 43- 57
5. Фукин В.А., Калита А.Н. Техногия изделий из кожи.-М. Легпромбытиздат. 1988.
6. Рыбалов Т.М. Оборудование обувного производства. –М. Легпромбытиздат, ЕСКД, с.112-130.
2. Бөлшектерді екіге тілу және қалыңдығы бойынша тегістеуге арналған ДН – типті машинаны жобалау
2.1. Машина қызметі
Машина аяқ киімнің былғары және резеңкеден жасалған бөлшектерін екіге тілуге және қалыңдығы бойынша тегістеуге арналған.
Олдану аймағы
Машина аяқ киімнің былғары, сондай-ақ жасанды материалдардан төменгі бөлшектерін екіге тіліп, қалыңдығы бойынша тегістеуге қолданылады. Бөлшектердің өлшемдеріне қарамастан машина барлық төменгі бөлшектерді өңдеу үшін қолданылады. Ол аяқ киім фабрикасындағы дайындау цехтарында орнатылады.