Дәріс бойынша әдістемелік нұсқаулар. Дәріс тақырыбын қарастырғанда ондағы негізгі түсініктерге көңіл бөліп
Дәріс тақырыбын қарастырғанда ондағы негізгі түсініктерге көңіл бөліп, олардың мәнін түсінуге тырысу қажет.
Тақырып. Әлеуметтік қамтамасыз ету мен әлеуметтік көмекке арналған бюджет шығыстарын қалыптастыру
Мақсаты:Зейнетақы төлеу аумағындағы бюджеттің рөлі мен мемлекеттің саясатын анықтау, мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры жайлы және оның атқаратын жұлмыстары жайлы толық ақпаратты түсініп білу.
Негізгі түсініктер: Зейнетақы төлемдер жөніндегі орталық,арнайы мемлекеттік жәрдемақылар, мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры.
Қарастырылатын сұрақтар:
1. Зейнетақы төлеу аумағындағы бюджеттің рөлі мен мемлекеттің саясаты. Зейнетақымен қамтамасыз етудегі бюджет шығыстарын қалыптастыру.
2. Қазақстан Республикасыныц азаматтарын элеуметтік қорғау. Мемлекеттік элеуметтік жэрдемақылар. Мемлекеттік арнайы жэрдемақылар. Арнайы мемлекеттік жәрдемақылар.
3. Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры.
4. Әлеуметтік қамтамасыз ету мекемелерінің шығындары және олардың кызметкерлерінің еңбекақы төлеу ерекшеліктері.
Зейнетақы төлеу аумағындағы бюджеттің рөлі мен мемлекеттің саясаты. Зейнетақымен қамтамасыз етудегі бюджет шығыстарын қалыптастыру
Қазақстан Республикасында экономикалық реформалар басы-нан бастап әлеуметтілік бағдардағы реттеленетін Ұлттық нарық жүйесін құруға бағытгалған. Экономика дамуының әлеуметтік бағьтттылығының бір көрінісі болып елдің қаржы ресурстарын орталықтандыру мен қайта бөлісі табылады. Осының салдарынан мемлекет, әр түрлі механизмдерді пайдалана отырып, нақты мұқтажды азаматтарға жәрдемақы төлеу арқылы адрестік әлеуметті көмек көрсетеді. Мысалы, 2005 жылы әлеуметтік қамтамасыз ету бағдарламаларды қаржыландыруға арналған республикалық бюджеттің шығындар көлемі ішкі жалпы өнім құнына шаққандағы деңгейі 4,4%-ға жетгі.
Мемлекетгің әлеуметтік саясатының мазмұнын оның әлеуметтік көмек көрсету мен әлеуметтік қамтамасыз ету жөніндегі барлық іс-әрекет қосындысы қалыптастырады. Әлеуметтік сая-саттың маңызы мемлекеттің нақты әлеуметтілік функцияларын іске асыруда көріністі болады.
Әлеуметтік экономиканы мемлекеттің барлық экономикасының дамуынан бөлек қарастыруға мүмкін емес, себебі әлеуметтік саланың іс-әрекетте болуының басты шарты - ол бұл саланы қаржылық қамтамасыз ету. Әлеуметгік саланы қаржыландыруды нарықтық экономикадағы мемлекеттің рөлі жөніндегі мәселелермен бірге қарастыру қажет, себебі экономикалық реформаларда мемлекет пен нарықтың әсер салаларын шектеудің өте маңызды мәні бар. Мемлекеттік араласу ауқымдары нақты елге тән ерекшеліктер, дәстүрлер және әлем экономикасының бүгінгі дамуымен анықталады.
Шаруашылыкты жүргізудің нарықтық механизімінің объективтік кемшіліктерін жеңу үшін қажетті экономиканы мемлекеттік реттеу формалары мен мемлекеттің араласу ауқымдары түрлі болуы мүмкін.
Біріншіден, ол мемлекетгік реттеудің тек қорғау функциясын атқару ретінде болатын, ал қайта бөлу іс-әрекеті жалпы минималды шығындарды қаржыландырумен шектелетін мемлекеттің араласуының минималды формасы. Мұндай әдістеме мемлекеттік қаржылық реттеудің механизмдерін пайдаланудың шекарасын шектейді, сондықтан әлеуметтік саланың көптеген мәселелері мемлекет көмегімен шешілуі мүмкін емес.
Екіншіден, ол мемлекетгік реттеудің нарықтық механизмге кірісуі, демек, соған бағынатын мемлекеттің араласуының тікелей емес формасы. Бұл арада мемлекеттің белгілі және күмән емес функцияларын бөліп айтуға болады, олар құқықтық базаны қамтамасыз ету, бәсекелестікті қорғау, кірістерді қайта бөлу, ресурстарды бөлуді корректілеу, экономиканы тұрақтану мен экономикалық өсуді ынталандыру. Демек, мемлекет өзіне экономикалық және әлеуметтік салалар арасындағы қарама-қарсылықты реттеу міндеттемелерін жүктеген. Біздің республикада экономиканы мемлекеттік реттеудің осы формасы іске асырылуда.
Үшіпшіден, ол мемлекеттік реттеудің нарықты өзіне бағындырған, орталықтандырылған жоспарлау арқылы экономикаға шексіз әсерін тигізетін мемлекеттің араласуының тікелей формасы.
Мемлекеттік араласудың барлақ формалары басқа іс-әрекет тұрлерімен қоса бөліп және кайта бөліп түратын іс-әрекет түрі арқылы іске асырылады. Ал бұл іс-әрекет көбінесе мемлекеттік бюджет аркылы көріністе болғандықтан мемлекеттің әлеуметтік саясаты іске асыру негізі бюджет болады. Сондықтан, мемлекеттің өз әлеуметтік функцияларын қамтамасыз ету шығындары республикалық және жергілікті бюджет құралдары арқылы әрекеттенеді.
Демек, халыққа көрсететін әлеуметтік қызметтер деңгейі бюджеттің қалыптасуы мен аткаруына байланысты, ал өз алды-на әлеуметтік салаға жұмсалатын бюджеттік құралдар деңгейі, олардың алға қойылған мақсаттарды тиімді атқару кабілеттілігі маңыздылың шамада мемлекеітің бюджеттік саясатының жалпы принциптеріне әсерлі.
Қазақстан Республикасында қазіргі шарттарға сәйкес әлеуметтік саланың әр түрлі институттары жұмыс атқаруда. Олардың барлығы халыкка әлеуметтік қызмет көрсететін жүйені құрады. Бұл институттар өз іс-әрекеттерінде мүгедектерге, кәрлігі жеткендерге, көп балалы және толық емес жанұяларға, сондай-ақ басқа да мұқтаж азаматтар категорияларына әр түрлі әлеуметтік қызмет көрсетеді. Бұлардың іс-әрекеттері тиісті заңнамалық және нормативтік актілер ережелеріне негізделеді.
Қазақстан Республикасы азаматтарының зейнеақылық қамтамасыз етуге құқықтары бар. Бұл аумақтағы мемлекеттщ саясаты ҚР Конституциясына негізделеді және «Зейнеттік камтамасыз ету жөнінде» атты Занмен реттеледі. Осы Заңға сәйкестік 1998 жылдан бастап Қазақстанда зейнеттік камтамасыз етудің сол уакытка дейін әрекетте болған ынтымақтық жүйенің орнына жинақтаушы жүйесі шгізілді. Бұл Заңмен тағы бір тағайындалған шарт - ол 1998 жылдың сәуір айының 1 жүлдызына дейін зейнетке шыкқан азаматтарға мемлекет зейнеттік камтамасыз етуді кепіл етеді. Бюджет құралдары арқылы зейнеттік қамтамасыз етуге құқықтары бар азаматтарға зейнетакы республикалық бюджет құралдарынан төленеді.
Зейнетақы төлемдері жөніндегі уәкілетті орган ретінде мемлекеттік кәсіпорын формасында құрылған Зейнетақы төлемдер жөніндегі орталық болады. Бұл Орталык келесі функцияларды орындайды:
• зейнетақымен камтамасыз етуге құқықтары бар азаматтарға республикалық бюджет құралдары арқылы зейнетақы төлеу;
• азаматтарға әлеуметтік жеке кодтар иелену;
• міндетті зейнетақылық жарналардың кейіптеулік есебі;
• міндетті зейнетақылык жарналарды агенттерден жиынтық зейнеттік корларға аудару;
• мемлекет алдында салықтық міндеттемелер аткаруға бақылауды қамтамасыз ететін орталық атқарушы органға агенттердің тізілімдемелері мен төлемді құжаттарын үсыну.
Осы Орталық жаңа зейнетгік жүйе енгізу барысында зейнетақылық төлемдерді категориялар бойынша келесі тәртіппен тағайындады:
а) 1998 ж. 1 қаңтарға дейін зейнетақы алатын азаматтарға;
ә) зейнеттік жасқа жеткен азаматтарға:
• 1998 ж. 1 қаңтардан бастап 61 жасқа толған ер адамдарға, 56 жасқа толған әйелдерге;
• 1998 ж. 1 шілдеден бастап 61,5 жасқа толған ер адамдарға, 56,5 жасқа толған әйелдерге;
• 2013 ж. 1 шілдеден бастап 62 жасқа толған ер адамдарға, 57 жасқа толған әйелдерге;
• 2012 ж. 1 шілдеден бастап 62,5 жасқа толған ер адамдарға, 57,5 жасқа толған әйелдерге;
• 2013 ж. 1 шілдеден бастап 63 жасқа толған ер адамдарға, 58 жасқа толған әйелдерге.
Орталық азаматтардың жас шамасына байланысты зейнетакылық төлемдерді ер адамдардың еңбек стажы 25 жылдан және әйел-дердің еңбек стажы 20 жылдан кем болмаған шартта оларға толык көлемінде зейнетақы тағайындайды, ал толық емес көлеміндегі зейнеттік төлемдер нормативтік актілерде белгілеген тәртіппен есептеледі. Зейнетакылық төлемдер өмір бойы төленеді. Егерде зейнетақы алушы қайтыс болса, онда оның жанүясына орталықтан мезгілді 15 айлық есептемелік көрсеткіш мөлшерінде төлем беріледі.
Орталықтан төленетін зейнетақылық төлемдер әрбіреу үш жыл қатарының орташа айлық табысының 60 пайыз мөлшерінде есептеледі. Бұл арада табыс құрамына еңбекакының барлық түрлері мен Үкімет белгілеген басқа да табыстар кіреді. Осы табыстың көлемі тиісті жылға республикалык бюджет жөніндегі Заңмен белгіленген 15 айлық есептемелік көрсеткіштен аспауы тиіс. 1998 ж. 1 қаңтарға дейінгі мерзім үшін орташа айлық табыс мөлшері халықты әлеуметгік қорғау аумашндағы орталық атқарушы орган анықтаған тәртіппен жиынтық зейнетақы корға міндетті зейнетақылың төлемдер жасалған табысқа сәйкес белгіленеді. Осылай есептелген зейнетақылық төлемдердің максималды мөлшері 25 айлық есептемелік көрсеткіштін 75 пайызынан аспауға тиіс.
Азақстаи Республикасыныц азаматтарын элеуметтік қорғау. Мемлекеттік элеуметтік жэрдемақылар. Мемлекеттік арнайы жэрдемақылар. Арнайы мемлекеттік жәрдемақылар.
Халыкты әлеуметтік қорғау жүйесінде жәрдемақылар ма-ңызды орын алады. Республика азаматтары мугедектікке байланысты, асыраушы адамнан аирылын қалу орайда және жас шамасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы, сондай-ақ мемлекеттік адрестік әлеуметтік жәрдем алуға құқықтары бар. Жәрдемақы төлемдері республикалық бюджет құралдары арқылы іске асырылады, тек қана мемлекеттік адрестік әлеуметтік жәрдем төлемдері жергілікті бюджеттер құралдарынан төленеді.
Республикалық маңызы бар қалалар, астана және аудан бюджеттер құралдары арқылы әлеуметтік жәрдем мен әлеуметтік қамтамасыз ету көрсетіледі, яғни келесілер:
• баспаналық жәрдем көрсету жөніндегі төлемдер;
• мүктаж азаматтарға үйлерінде әлеуметтік жәрдем;
• анықталған мекен-жайы жоқ түлғаларды әлеуметтік икемделу;
• ата-анасыз қалған балалар мен жетімдерге, мүгедектер мен қарияларды әлеуметтік қамтамасыз ету;
• халықты еңбекпен қамтамасыз ету;
• жергілікті өкілдік органдарының шешімі бойынша азаматтардың жеке категорияларына әлеуметтік жәрдем жасау.
Облыстық бюджет құралдары арқылы ата-анасыз қалған балалар мен жетімдерге, мүгедектер мен қарияларға әлеуметтік қамтамасыз ету жөніндегі төлемдер іске асырылады.
Жәрдемақы тағайындау жөніндегі белгіленген құжаттар қосымша өтініш жәрдемақыға құқы бар тұлғаның тұрған жеріндегі жергілікті халықты әлеуметтік қорғау органына ұсынылады. Жас шамасы бойынша жәрдемақы өтініш берген күннен бастап тағайындалады. Асырушы адамнан айрылып қалуына байланысты жәрдемақы. Осы жәрдемақыны алуға марқұмның асырауында болған жанұясының мүгедек мүшелерінің құқы бар.
Мүгедектік бойынша жәрдемақы тұлғаның мүгедектігі жұмыс істегеніне немесе істемегеніне, жұмыс уақытында немесе жұмыстан кейін болғанына қарамастан мүгедектік анықталған күннен бастап тағайындалады. Бұл жәрдемақыға құқықтары барлар келесі мүгедектер:
• жедел қызметтегі әскери қызметкерлер санынан;
• ішкі істер органдарының басқарушы және қатардағы әскери қызметкерлер санынан;
• жарақаттан кейін мүгедек болған әскери қызметкерлер санынан;
• төтенше экологиялық жағдайдан кейінгі мүгедектер.
Жоғарыда келтірілген барлық мүгедектерге айлық жәрдемақы мөлшері олардың мүгедектік топтарына сәйкес айлық есептемелік көрсеткіш негізінде белгіленген саны арқылы тағайындалады. Мүгедектік бойынша жәрдемақы жүмыс істеушілерге толық көле-мінде төленеді. Егерде Мемлекеттік орталық және жинақтаушы зейнетақы қор арқылы төленетін барлық жәрдемақы көлемі мүгедектік бойынша төленетін айлық жәрдемақы келемінен аз болса, онда мүгедектік бойынша жәрдемақы зейнетақылық төлемдерге тиісті қосымша ретінде беріледі. 2 Мемлекеттік арнайы жәрдемақы - ол азаматтарды әлеуметтік қорғауға бағытталған ақшалай төлемдер. Осы жәрдемақы жөніндегі арнайы Заңға сәйкес ай сайын республикалық бюджет құралдары арқылы және алатын еңбекақыға тәуелсіз төленеді. Бұл жәрдемакы алу құқық 1998 ж. 1 қаңтарға дейін зейнетке шыққан азаматтарға берілмейді. Жәрдемақы мөлшері 8 айлық есептемелік көрсеткіш көлемінде тағайындалады және зейнетақы төлем жөніндегі Мемлекеттік орталықпен төленеді. Ь Арнайы мемлекеттік жәрдемақы - ол әлеуметтік қорғауға мұқтаж азаматтарға басқа жәрдемакы түрлерінен тәуелсіз берілетін ақшалай төлемдер. Бұл жәрдемақы мемлекеттік әлеуметтік қамтамасыз ету жүйеге кіреді және оны алуға құкы бар азаматтарға өз алды ай сайын төленетін ақша. Арнайы мемлекеттік жәрдемакы алу құқығы заңыамалық және нормативтік актілермен белгіленген азаматтарда бар. Жәрдемақының мөлшері айлық есептемелік көрсеткіш негізінде белгіленген саны арқылы тағайындалады.
Арнайы мемлекеттік жәрдемақыны алуға құкы бар тұлға өзітұрған жеріндегі жергілікті уәкілетті органға белгіленген қажетті құжаттар қосымша өтініш ұсынады. Жәрдемақыны тағайындау мен төлеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. Оны төлеу жәрдемақы алу құқы пайда болған уақыттан бастап ай сайын және жәрдемақы беру шарттары сақтау мерзімі бойынша төленеді.
2005 жылдан бастап «Міндетті әлеуметтік сактық жөнінде» атты Қазақстан Республикасының Заңы қолданады. Бұл Заңда азаматтарды әлеуметтік қорғаудың бір формасы ретінде міндетті әлеуметтік сақтықтың кұқықтық, экономикалық және ұйымдык негіздері белгіленді және ол мемлекет, жұмыс беруші мен жұмыскер араларындағы әлеуметтік қамтамасыз ету жөніндегі жауапкершілікті бөлу жүйесін құрудың нормативтік базасы ретінде іске асырылады.