Бюджеттің салықтық жэне салықтық емес түсімдерінің сипаттамасы, рөлі мен мәні
Анықтама бойынша салықтық түсімдер деп «ҚР бюджетке салықтар және баска да міндетті төлемдер женіндегі» ҚР Заңы-мен (Салық кодексімен) тағайындалған бюджетке төлейтін салықтар мен басқа да төлемдер айтылады. Сондықтан, салықтық түсімдердің экономикалық мазмұнын солардың негізіндегі салық-тар құрайды. Олар кірістердің материалдык көзі - Ұлттык табысты қайта бөлісуге қатынасатын болғапдықтан ендірістік қатынастардың арнайы формасын құрайды. Осыған байланысты салыктық түсімдер тұрақты ішкі белгілерімен, заңнамалықты даму мен ере-кше формаларымен сипатталады. Олар нақты әрекеттегі ақшалай қатынастармен дәлелденеді және қаржы қатынастарының бөлігі ретінде үнемі қозғалыста болады.
ҚР-ның Бюджеттік кодексіне сәйкес барлық бюджет түрлерінің құрамына келесі салықтар кіреді:
1.Корпоративтік табыстық салық.
2.Жекеленген табыстық салық.
3.Қосымша күнға салық.
4.Акциздер.
5.Үстеме пайдаға салық.
6.Экспорттайтыы шикі мүнайға салық.
7.Бонустар.
8..Роялти.
9.Әлеуметтік салық.
10.Жер салығы.
11.Бірыңғай жер салығы.
12.Транспорттық құралдарға салық.
13.Мүлікке салық.
14.ҚР-ның өнім бөлігі бойынша үлесі.
Салықтық түсімдерге Бюджеттік кодексімен бюджеттердің түрлері мен деңгейлері бойынша тағайындалған басқа да әр түрлі алымдар, ақылар мен баждар жатады.
Бюджеттік кодексте салықтык түсімдердің нақты түрлері бюд-жет жүйесінің тиісті деңгейлері бойынша бекітілген. Республика-лық бюджет бойынша өте маңызды фискалды және экономикалық мәні бар салықтық түсімдер бекітіледі. Бұл мемлекеттік мүддеде салықтардың қаржылық категория ретіндегі функцияларын пайдалану кажеттілікпен дәлелденеді, себебі салықтардың фискалдық функциясы мемлекетке экономикалық қатынастарды реттеуге объективтік шарттар туғызады. Мысалы, мемлекет салықтардың экономикалық (реттеуші) функциясы арқылы ел экономикасында болып жатқан процестерге, қайта өндіріске, капитал қорландыруға, тұрғындардың төлемқабілеттілік сұранысына маңызды әсер етеді.
Салыктарды және олардың функцияларын экономикалық процестерге әсер ету үшін пайдалану мемлекеттің салықтык саясаттының негізін құрайды. Бұл саясатты іске асыру салық салудың ұйымдастырушы-құқықтык нормалары мен басқару әдістерінің жиынтығынан қалыптасатын салықтык механшм арқылы жүргізіледі. Салыктық механизм заңнамалы турде Салық кодексінде бекітіледі. Қоғам өмірі мен мемлекеттің іс-әрекеттінде салықтардың рөлі осы салықтык; саясат пен салыктық механизм арқылы көрінеді. Мемлекеттің экономикалық саясатына байланысты салықтык түсімдердің рөлі мен мәні, механизмі өзгереді, оларды жаңарту мен жетілдіруі болады.
Салықтық емес түсімдер маңында бюджетке Салық кодексінде карастырылғандардан басқа Бюджет кодексінде тағайындалған міндетті және қайтарылмайтын төлемдер жатады. Салықтык түсімдерге қарағанда салықтык емес түсімдердің мығым тағайындалған мөлшерлемелері жоқ, басқаша айтқаида, олар фискалды-тұрақты сипатта емес, сондықтан мұндай түсімдер мөлшерін откен жыл деңгейінде жоспарланады. Салыктық емес түсімдер тізімі бюджеттер түрлері мен деңгейлері бойынша занды және жеке түлғаларға белек міндетті төлемдер форма ретінде Бюджет кодексімен тағайындалады.
Салыктық емес түсімдер жіктеледі: а) аумақтық белгілері бойынша; ә) қалыптастыру мен төлету белгілері бойынша; б) төлемдер төлету үшін нақты негіздері бойынша. Бірінші белгілері бойынша белгілі деңгейдегі бюджетке түсетін, яғни республикалық, облыс немесе аудан бюджеттері кірістеріне, салықтық емес түсімдер айырылады. Екінші белгілері бойынша міндетті жәие өз еркілік төлемдерге бөлінеді. Үшінші белгілері бойынша салықтық емес түсімдер төлемді қалыптастыратын негізге байланысты нақты түрлерге бөлінеді, мысалы, бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің тауар сатудан түсетіндері,
Мемлекеттік бюдокет кірістерінің құрамында салықтык және салықтық емес түсімдердің рөлі мен мәні өте зор, себебі барлық кірістер ішінде 80-90 пайызы осы түсімдер үлесіне жатады және жалпы ішкі өнім көлемінің 25 пайызын құрайды, ал салықтық түсімдердің жыл сайынғы өсуі орта есеппен 12-13 пайызға жетеді.